2. «Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық радиобайланысты радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 345 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеу күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
5) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір өткен соң қолданысқа енгізіледі.
ҰРТҚжБҚП - ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарын пайдалану;
ҰжБРТҚ– ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету;
SITA – халықаралық авиациялық электр байланысы қоғамының деректерін тарату желісі;
І санатты ILS - әуе кемесін әрекет аймағынан бастап радиомая курсымен берілген курс сызығы глиссаданы ҰҚЖ табалдырығы арқылы өтететін көлденең жазықтықтың үстінде 60 м немесе одан кем биіктікте кесіп өтетін нүктеге дейін басқаруды қамтамасыз ететін жүйе.
ІІ санатты ILS – әуе кемесін әрекет аймағынан бастап курс сызығы глиссаданы ҰҚЖ табалдырығының деңгейінде жатқан көлденең жазықтықтың үстінде 15 м немесе одан кем биіктікте кесіп өтетін нүктеге дейін басқаруды қамтамасыз ететін жүйе.
III санатты ILS - әуе кемесін әрекет аймағынан бастап ҰҚЖ бетіне дейін және соның бойымен алып өтуді (қажет болса, қосымша жабдықтың көмегімен) қамтамасыз ететін жүйе;
NОТАМ – электр байланысы құралдарымен таралатын және кез келген азронавигациялық жабдықты іске қосу, оның жай-күйі немесе өзгерту, қызмет көрсету және ережелер немесе қауіп-қатер туралы ақпаратты, ұшулардың орындалуымен байланысты персонал үшін маңызы аса зор уақтылы алдын алу туралы ақпаратты қамтитын хабарлама;
|
SNОWТАМ - NОТАМ SNОWТАМ - қар, мұз, еріген қардан болған батпақ немесе тоқтам су, әуеайлақтың жұмыс алаңындағы батпақ пен мұз сияқты қауіпті жағдайлардың орын алғаны немесе оларды жою туралы хабарлайтын, белгіленген пішімдегі арнайы сериядағы NОТАМ.;
абонент (желі қолданушы) ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз етуді пайдалану және байланыс – берілген индексі бар және өз қызметінде электр байланыс желісін қолданушы ұйым, қызмет немесе лауазымды тұлға;
|
|
абсолюттiк биiктiк—теңіздің орташа (MSL) деңгейінен нүкте ретінде қабылданған нүкте немесе нысан деңгейіне дейінгі тік сызық бойынша қашықтық.
|
|
авариялық жағдай – әртүрлі жағдайлар кезіндегі айқынсыздық кезеңін, алаңдаушылық кезеңін немесе апат кезеңін білдіретін жалпы термин;
|
|
авариялық хабардар ету қызметі - іздестіру және құтқару қызметінің көмегіне зәру әуе кемелері туралы тиісті ұйымдарды хабардар ету үшін ұсынылатын қызмет көрсету, және осындай ұйымдарға қажетті көмек көрсету;
|
|
авиациялық әуе электр байланысы – борттық және авиациялық тіркелген станциялар немесе борттық станциялар арасындағы электр байланысы;
|
|
авиациялық тіркелген электр байланысы – ең бастысы аэронавигацияның қауіпсіздігін, сол сияқты әуе хабарламаларының тұрақтылығын, тиімділігін және үнемділігін қамтамасыз етуге арналған белгілі тіркелген тармақтар арасындағы электр байланысы;
|
|
авиациялық радиобайланыс - ең бастысы аэронавигацияның қауіпсіздігін, сол сияқты әуе хабарламаларының тұрақтылығын, тиімділігін қамтамасыз етуге арналған белгілі тіркелген тармақтар арасындағы авиациялық әуе электр байланысы мен радиобайланысы;
|
|
авиациялық станция (белгісі ИКАО - RR S1.81) – авиациялық жылжымалы қызметтің жерүсті станциясы. Кейбір жағдайларда авиациялық станция теңіз кемесінің бортына немесе теңіз платформасына орнатылуы мүмкін;
|
|
авиациялық тіркелген станция - авиациялық тіркелген қызмет көрсету станциясы;
|
|
авиациялық электр байланысы – кез келген авиациялық мақсатқа арналған электр байланысы;
адами фактордың аспектілері - жоспарлау, сертификаттау, кадрларды даярлау, техникалық қызмет көрсету және авиациядағы пайдалану қызметтері процестеріне қолданылатын және адамның мүмкіндіктерін тиісті түрде есептеу арқылы адам мен жүйенің басқа компоненттері арасындағы қауіпсіз қарым-қатынасты қамтамасыз етуге бағытталған қағидаттар;
автоматты радиопеленгатор – әуеайлақ (тікұшақәуеайлағы) ауданында әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз етуге арналған ӨЖЖ ауқымының әуе электр байланысы арналары арқылы радиосигналдарды сәулелендіретін әуе кемелерінің пеленгі (азимут) ӘҚҚ диспетчерлік пункттерінің индикаторларында көрінуін және автоматты өлшенуін қамтамасыз ететін жабдық;
|
|
әуеайлақ - әуе кемелерінің келуі, кетуі және осы бет бойынша қозғалуы үшін толық немесе ішінара арналған жердің немесе су бетінің белгілі учаскесі (ғимараттарды, құрылыстар мен жабдықты қоса алғанда);
әуеайлақтың жұмыс алаңы - әуеайлақтың маневрлеу алаңы мен перроннан (перрондардан) тұратын әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына және бұрылуына арналған әуеайлақ бір бөлігі ;
маневрлеу алаңы - перронды қоспағанда, әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне, қонуына және бұрылуына арналған әуеайлақ бөлігі;
|
|
аэронавигациялық ақпарат – әуе кемелрінің ұшуын қамтамасыз ету, әуе қозғалысына қызмет көрсету және әуе қозғалысын басқару мақсаттары үшін деректерді жинау, талдау және өңдеу нәтижесінде алынған ақпарат;
|
|
тоқтаусыз жұмыс істеу – біршама уақыт немесе кейбір жұмыс көлемі ішінде жұмысқа жарамдылығын үздіксіз сақтау бұйымының қасиеті;
|
|
бұйымның техникалық күйінің түрі – бұйым сапасының техникалық құжаттамада осы бұйымға белгіленген техникалық талапқа сәйкестігін немесе сәйкес келмейтіндігін сипаттайтын техникалық күй. Техникалық күйдің түрлері: түзулік және түзу еместік, жұмысқа жарамдылық және жұмысқа жарамсыздық;
|
|
кенеттен істен шығу – бұйымның бір немесе бірнеше белгіленген параметрлері мәндерінің секіртпелі түрде өзгеруімен сипатталатын істен шығу;
|
|
әуе кемесі (ӘК) –осы ұшу жағдайында қозғалыссыз қалатын, ұшулардың көтергiш күшi үстiңгi беттердегi негiзiнен аэродинамикалық реакциялардың есебiнен жасалатын қуат қондырғысымен қозғалысқа келтiретiн ауадан гөрi ауыр әуе кемесi;
|
|
өтуді кешіктіру уақыты – тиісті пакеттің алынғанын және мүмкін пайдаланғанын немесе одан әрі берілгенін растайтын, қабылдайтын соңғы станцияда индикациялаған сәтке дейін қалыптасқан деректер пакетін беруді сұрау сәтінен бастап пакет деректерін беру жүйесіндегі жалпы уақыт;
|
|
қайталама радиолокатор – радиолокациялық станциямен берілген радиосигнал жауап радиосигналын басқа станцияға беруді тудыратын радиолокациялық жүйе;
|
|
жетекті радиостанцияға шығу- жылжитын немесе жылжымайтын болуы мүмкін, электр магниттік толқындар шығаратын, басқа радиостанцияның бағытына үздіксіз ауысатын, радиопеленгаторлық жабдығы бар жылжымалы радиостанцияны қолданған кездегі әдіс;
ғаламдық навигациялық спутниктік жүйе (GNSS) – жоспарланған операция үшін талап етілген навигациялық сипаттамаларды қолдау мақсатында қажеттілігіне қарай толықтырылған, бақылаудың тұтастық жүйесі мен борттық қабылдағыштар, ғарыштың бір немесе бірнеше шоқжұлдызы кіретін, орналасқан орны мен уақытын анықтаудың ғаламдық жүйесі;
|
|
ғаламдық навигациялық спутниктік жүйе (ГЛОНАСС) - Ресей Федерациясы пайдаланатын, спутниктік навигациялық жүйе.
тұрған жердің орнын анықтаудың ғаламдық жүйесі (GPS) – Америка Құрама Штаттары пайдаланатын спутниктік ғарыштық жүйе;
|
|
"ауа – жер" екі жақты байланыс- жер бетінде әуе кемелері, станциялар немесе пункттер арасындағы екі жақты байланыс;
|
|
екі арналы симплексті байланыс - екі жиілік арнасы (әр бағытта біреуден) жүзеге асырылатын симплексті байланыс;
|
|
автоматты қонудың екі істен шығу жүйесі – егер қонуға кіру жағдайында теңелу және қону автоматты жүйенің қалған бөлігінің көмегімен орындалатын болса, автоматты қону жүйесі екі істен шығу болып табылады;
|
|
орталықсыздандырылған электрмен жабдықтау (электр энергияның автономдық қоректендіру көздерінен электрмен жабдықтау) – энергетикалық жүйемен электр байланысы жоқ, немесе қатар немесе бір мезгілде жұмыс істеу қарастырылмайтын, байланысы бар электрмен жабдықтау жүйесі;
|
|
ВОРЛ дискреттік коды - соңғы екі цифры "00" болмайтын ВОРЛ төрт таңбалы коды;
|
|
доплерлік ығысу – хабар таратудың немесе қабылдағыштың бір-біріне қатысты кез келген қозғалысының нәтижесінде қабылдағыштағы жиіліктің ығысуы;
|
|
параметрді іске қосу (жоғарғы, төменгі) (бұдан әрі – пайдалануға рұқсат) – параметрдің жоғары шекті рұқсат берілген және номиналды мәні арасындағы айырма;
|
|
резервке ауыстырып қосудың (өту) рұқсат берілген уақыты - ҰРТҚ және байланыс құралдарын жұмысқа толық қосу есебінен ҰРТҚ және байланыс құралдарын жабдықтың резервтегі жиынтығына немесе жартылай жиынтығына ауыстырып қосу өтетін, бұйымның пайдалану құжаттамасымен анықталған уақыт;
|
|
Басқа ведомства – өз құзыреті шегінде азаматтық авиацияда әуе қозғалысын, ұшуларды және электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырмайтын мекеме;
|
|
Дуплексті байланыс – екі станция арасындағы электр байланысы бір мезгілде екі бағыттада жүзеге асуы мүмкін әдіс;
|
|
Бұйым (құрал) – ҰРТҚ және байланыстың белгілі бір функциясын орындауға арналған өнім бірлігі;
ИКАО (ICAO) – қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында азаматтық авиацияның халықаралық нормаларын белгілейтін және оның дамуына бағыт-бағдар беретін азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы;
Тұрған орнының индексі –тіркелген авиациялық станцияның тұрған орнын белгілеу үшін берілген және ИКАО ережелеріне сәйкес құрастырылған төрт әріпті коды бар топ;
|
|
Әуе жағдайының индикаторы – әуе кемелерінің тұрған орны мен қозғалысы, сол сияқты басқа қажетті ақпарат көрінетін, электронды индикатор;
|
|
Тұрған орнының индикациясы – әуе кемесінің, әуеайлақтық көлік құралының немесе басқа нысанның әуе жағдайының индикаторында символикалық емес немесе символикалық нысанда көзбен шолып көрінуі;
Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және электр байланысын пайдалану қызметінің (бөлімше) инженер-техник қызметкерлері – ҰРТҚ және электр байланысын пайдалану бойынша тиісті кәсіби дайындығы бар және дербес жұмысқа жіберілген мамандар;
|
|
AIRMET ақпараты- метеорологиялық бақылау органы шығаратын кіші биіктікте ұшу қауіпсіздігіне ықпал ете алатын ұшу бағдары бойынша және ақпаратының тиісті ауданында немесе оның қосымша ауданында кіші биіктікте ұшулар үшін жасалған болжамға енгізілмеген ауа райының күтудегі немесе нақты белгіленген құбылыстарының пайда болуы туралы ақпарат;
|
|
Жарамды жай-күй (жарамдылық) - бұйымның нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келген кездегі жай-күйі;
|
|
Электр энергиямен қоректендіру көзі – тұтынушыны немесе тұтынушының тобын электр энергиямен қоректендіруді жүзеге асыратын электр қондырғы;
|
|
Авиациялық электр байланысы арнасы (тарату арнасы) - екi электрбайланыс станциясының арасындағы бiрден-бiр тiкелей байланыс құралы болып табылатын техникалық құрылғылар және электрдабылдар мен радиодабылдардың таралу өрiстерiнiң жиынтығы;
|
|
ҰРТҚ және байланыс кешені – құралдардың, және/немесе әуе қозғалысына қызмет көрсету жүйесінде белгілі бір қызметті, сол сияқты ұйымның өндірістік қызметін қамтамасыз етуге арналған ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы нысандарын, қосалқы және технологиялық жабдықтардың (автономдық электрмен қоректену, байланыс, басқару желісі құралы) жиынтығы ;
|
|
Ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және/немесе авиациялық электр байланысы нысаны – РТЖБП қызметінің инженер-техник қызметкерлері қызмет көрсететін және берілген қызметті әуе қозғалысын ұйымдастыру жүйесінде қамтамасыз етуге арналған, жергілікті жерде стационарлы немесе мобильді нұсқада жергілікті түрде орналасқан, ҰРТҚ және байланыс бұйымдарының, қосалқы және технологиялық (автономдық электрмен қоректену, байланыс, басқару желісі құралы және т.б.) жабдықтардың жиынтығы;
|
|
Конусты маркерлік радиомаяк – сәулеленудің тігінен конус тәрізді диаграммасымен маркерлік радиомаяк түрі;
|
|
Резервтің еселігі - нысанның резервтік элементтер санының қысқартылмаған бөлшекпен көрсетілген, олар резервтейтін нысанның негізгі элементтер санына қатысы;
|
|
ILS қауіпті аймағы- ILS қолдану арқылы кез келген ұшуларды орындаған кезде әуе кемелерін қоса алғанда, көлік құралы болмауы тиіс, курстық және глиссадалық хабар таратқыштардың антеннасымен қатар белгілі бір өлшем аймағы
|
|
Бағыт – әдетте бұрыш градустарымен бейнеленетін әуе кемесінің солтүстік бағыттан (шынайы, магнитті, компастық немесе шартты меридиандар) есептелетін бойлық осі бар бағыт;
|
|
Электр тарату желісі – электр станциясы немесе қосалқы станция аумағынан тыс шығатын және электр энергиясын қашықтыққа беруге арналған электр желісі;
|
|
Жүктемеленген резерв – негізгі элемент режиміндегі бір немесе бірнеше резервтік элементтерден тұратын резерв;
|
|
Сенімділік – бұйымның берілген режим мен пайдалану талабында талап етілген қызметті, техникалық қызмет көрсетуді, жөндеу, сақтау және тасымалдауды орындауға қабілетті уақытқа тәуелді қасиеті;
|
|
Жер үстіндегі радиосәулелену құралы – радиожиілікті беруге арналған және қосымша жабдықты қоса алғанда, бір немесе бірнеше тарату құрылғыларынан немесе комбинациялардан тұратын жер үстіндегі радиотехникалық құрал;
Функционалдық толықтырудың жер үстіндегі өңірлік жүйесі (GRAS) – тұтынушы өңірлерді қамтитын жер үстіндегі хабар тартқыштар тобының біреуінен тікелей қосымша ақпарат қабылдайтын GNSS функционалдық толықтыру жүйесі;
Функционалдық толықтырудың жер үстіндегі жүйесі (GBAS) - тұтынушы қосымша ақпаратты тікелей жер үстіндегі хабар тартқыштардан қабылдайтын GBAS функционалдық толықтыру жүйесі;
|
|
Атқарым – бұйымның ұшу сағатымен, қонулар санымен, цикл, іске қосылу санымен, яғни ресурс шығысымен өлшенетін жұмыстың ұзақтығы немесе көлемі;
|
|
Байланыстың бұзылуы – пайдалану үшін мәні бар, уақыт кезеңінде байланыстың болмауы;
|
|
Электр энергиясының тәуелсіз қоректену көзі - басқа немесе өзге қоректену көздерінде кернеу жоғалса да, өзінің кернеуін сақтап тұратын электр энергиясын қоректендіру көзі;
|
|
Жарамсыз күй (жарамсыздық) - бұйымның нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың ең болмағанда бір талабына сәйкес келмейтін жай-күйі;
|
|
Жүктемеленбеген резерв – негізгі элементтің қызметін орындауды бастағанға дейін жүктемеленбеген режимдегі бір немесе бірнеше резервтік элементтерден тұратын резерв;
|
|
Жұмысқа жарамсыздық күй (жұмысқа жарамсыздық) – берілген функцияны орындау қабілеттілігін сипаттайтын, ең болмағанда бір параметрінің мәні бұйымның нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың талабына сәйкес келмейтін жай-күйі;
|
|
Шолу радиолокаторы – әуе кемесінің қашықтық және азимут бойынша тұрған орнын анықтау үшін қолданылатын радиолокациялық жабдық;
|
|
Жеңілдетілген резерв – негізгі элементке қарағанда ең аз жүктемеленген режимде тұрған бір немесе бірнеше резервтік элементтерді қамтитын резерв;
|
|
Қайта жіберу – қабылдаудың дұрыстығын растау мақсатында қабылдаушы станцияның қабылданған хабарламаны немесе оның тиісті бөлігін жіберуші станцияға қайтадан жіберу рәсімі;
|
|
Әуе қозғалысына қызмет көрсету (ӘҚҚ) – тиісті жағдайларда ұшу-ақпараттық қызмет көрсетуді, апатты хабардар етуді, әуе қозғалысына кеңестік қызмет көрсетуді, әуе қозғалысына диспетчерлік қызмет көрсетуді (аудандық диспетчерлік қызмет көрсету, жақындауға диспетчерлік қызмет көрсету немесе әуеайлақтық диспетчерлік қызмет көрсету) білдіретін жалпы термин;
|
|
Жалпы резервтеу – тұтас нысан резервтелетін элемент болып табылатын, резервтеу;
|
|
ӨЖЖ - цифрлық байланыс желісі (VDL) – авиациялық жылжымалы қызметке бөлінген, жиілік жолағындағы ӨЖЖ жұмыс істейтін, авиациялық электер байланысы (ATN) желісінің жылжымалы қосалқы желісі. VDL, сондай-ақ, мысалы, цифрлық дыбыстық сигналдарды беру сияқты ATN-мен байланыспаған функцияларды қамтамасыз ете алуы мүмкін;
|
|
Бір арналы симплексті байланыс – екі бағыттағы бір жиілік арнаны қолдану арқылы симплексті байланыс;
|
|
Автоматты қонудың бір істен шығу жүйесі – егер істен шыққан жағдайда ұшақты теңгеруде, ұшу траекториясында, бұрыштық жағдайда елеулі өзгеріс болмай, бірақ қону автоматты түрде орындалмаса, автоматты қону жүйесі бір істен шығу болып табылады;;
|
|
"Жер – ауа" бір жақты байланыс – жер үстінде орналасқан станциялар немесе пункттер, және әуе кемелері арасындағы бір жақты байланыс;
|
|
Шұғыл техникалық қызмет көрсету - нысанның (авиациялық электр байланысы арнасының бұйымы) жұмысқа жарамдылығын бақылау және қолдау бойынша техникалық қызмет көрсету нұсқаулығында (тәртіптеме) белгіленген күрделі емес технологиялық операциялардың жылдам орындалуын қарастыратын мерзімді техникалық қызмет көрсету ;
|
|
Бұйымның, авиациялық электр байланысы арнасының жұмысқа жарамдылығын шұғыл бақылау - жұмыс істеу барысында бұйымның, электр байланысы арнасының жұмысқа жарамдылығына технологиялық күрделі емес тексеруді орындауды қарастыратын бақылау;
|
|
Анықтаушы параметр (белгі) – нысанның техникалық күйінің түрін анықтау үшін бақылау кезінде қолданылатын, нысанның (бұйым, электр байланыс арнасы) параметрі (белгісі);
|
|
АА ұйымы – азаматтық авиация саласында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
|
|
Негізгі жиілік – радиотелефон желісінде «ауа-жер» екі жақты байланыс үшін бірінші кезектегі жиілік ретінде әуе кемесіне берілген радиотелефон жиілігі;
|
|
Негізгі байланыс құралы – әдетте, бірінші кезекте, резервтік байланыс құралдары бар әуе кемелері мен жер үсті станциялары қолдануы тиіс байланыс құралы;
|
|
Істен шығу (байланыстың бұзылуы) – бұйымды рұқсат берілгеннен асатын уақыт ішінде белгілі бір функцияны орындауды қамтамасыз ету үшін қолданыла алмайтын жағдайға әкелген, бұйымның (электр байланыс арнасы) жұмысқа жарамдылығын бұзу жағдайы;
|
|
Бұйымның істен шығуы – бұйымның жұмысқа жарамдылығының бұзылу жағдайы;
|
|
Құрылымдық істен шығу – құрамдастырудың белгіленген ережесі мен (немесе) нормасын жасамаудың немесе бұзудың салдарынан тындаған істен шығу;
|
|
Өндірістік істен шығу – жөндеу зауытында орындалған бұйымды дайындау немесе жөндеудің белгіленген үдерісін жасамау немесе бұзу салдарынан туындаған істен шығу;
|
|
Пайдалану кезіндегі істен шығу – бұйымды пайдаланудың белгіленген ережесі және (немесе) талабын бұзу салдарынан туындаған істен шығу;
|
|
Салыстырмалы биіктік – вертикаль бойынша көрсетілген бастапқы деңгейден бастап, нүкте ретінде қабылданған деңгейге, нүктеге немесе нысанға дейінгі арақашықтық;
|
|
Шағылысқан радиосигналдарды қолданатын, радиолокациялық бақылау жүйесі;
|
|
«Блинд» арқылы тарату – екі жақты байланыс орнатылмайтын талапта бір станциядан басқа станцияға беру, бірақ бұл жағдайда шақырылатын станция хабарды қабылдау жағдайында деп болжанады;
|
|
Техникалық қызмет көрсету (жөндеу) кезеңділігі – техникалық қызмет көрсетудің (жөндеу) осы түрі және кейінгі немесе ТҚ басқа түрі арасындағы уақыт пен атқарым аралығы;
|
|
Инженер-техник қызметкер - осы қағидаға, ҚР пайдалану құжаттамасы мен нормативтік құжаттамасына сәйкес, жабдықтың пайдаланылуын қамтамасыз ететін және талап етілген біліктілік сипаттамаларын меңгерген радиотехникалық жабдықты және байланысты пайдалану қызметкері;
|
|
Жоспарлы жөндеу – нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын, жөндеу;
|
|
Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру – өлшеу құралдарының белгіленген техникалық және метеорологиялық талаптарға сәйкестігін анықтау және растау мақсатында мемлекеттік метеорологиялық қызмет немесе басқа да аккредиттелген заңды тұлғалар орындайтын, операциялар жиынтығы;
|
|
Бұзылым – жұмысқа қабілетті күйінің сақталу барысында жарамдылық күйінің бұзылуын білдіретін оқиға;
|
|
Жылжымалы жер үсті станциясы –алдын ала қарастырылмаған пункттерде қозғалыс немесе аялдамалар уақытында қолдануға арналған борттық станция болып табылмайтын, авиациялық электр байланысы қызметі станциясы ;
|
|
S режіміндегі қосалқы желі- белгіленген хаттамаларға сәйкес, қайталама шолу радиолокаторының (SSR) S режімінің қабылдау жауап бергіштері мен сұратымшыларды қолдану есебінен цифрлық деректермен алмасуды жүзеге асыру құралы ;
|
|
Сенімділікті көрсеткіш – бұйымның сенімділігін құрайтын, бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы;
|
|
Ұшу –ақпараттық қызмет көрсету (FIS) – ұшуларды тиімді және қауіпсіз орындауды қамтамасыз етуге арналған кеңес және ақпарат беру түріндегі қызмет көрсету;
Біртіндеп істен шығу - бұйымның бір немесе бірнеше берілген параметрлері мәнінің біртіндеп өзгеруін сипаттайтын істен шығу;
|
|
Үнемі резервтеу - объектінің құрылымын оның элементі істен шыққанда қайта құрусыз резервтеу;
|
|
Шамадан асу – жер үстінде немесе соған байланысты тұрған теңіздің орта деңгейінен нүктеге дейін немесе теңіз деңгейіне дейінгі тігінен қашықтығы;
|
|
Параметрдің шекті рұқсат етілетін мәні - жұмысқа қабілетті бұйымда болуы тиіс параметрдің неғұрлым көп немесе неғұрлым аз мәні.
|
|
Шекті жағдай - бұйымның одан әрі оны бағыты бойынша қолдануға болмайтын немесе қолданылуы орынсыз, не оның жарамды немесе жұмыс істеуге қабілетті жай-күйін қалпына келтіру мүмкін емес немесе орынсыз жай-күйі.
|
|
Электр энергиясын қабылдаушы (электр қабылдағыш) - электр энергиясының энергияның басқа түріне өзгеруін жүргізетін қондырғы.
|
|
Түбегейлі электр схемасы - элементтердің толық құрамы мен олардың арасындағы байланысты анықтайтын және бұйым (қондырғы) жұмысының қағидаттары туралы егжей-тегжейлі түсінік беретін схема.
|
|
Тікелей байланыс (дыбыстық, деректерді тарату) – үшінші тараптың қатысуынсыз (мысалы, әуе/жер үсті станциясының операторы) қызмет ететін тіркелген байланыс қызметінің екі нүсктесі (станциясы) арасындағы байланыс. Тікелей байланысты жүзеге асыру құралы – электр байланысы арнасы.
Қателерді тікелей түзету (FЕС) – тарату кезінде қабылдағышта пайда болатын қателерді түзетуге мүмкіндік беретін таратылатын сигналға артық ақпаратты қосу процесі.
|
|
Жұмысқа қабілетті жай-күйі (жұмысқа қабілеттілік) - бұйымның тапсырылған функциялық орындау қабілеттілігі сипатталатын барлық параметрлер мәні нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін кездегі жай-күйі.
|
|
Радиохабар тарату – аэронавигацияға қатысты және нақты станция немесе станцияларға бағытталмаған ақпаратты тарату.
|
|
ADS-B – IN радиохабар таратуды автоматты түрде тәуелді бақылау – ADS-B OUT деректер көзінен бақылау деректерін алуды қамтамасыз ететін функция.
|
|
ADS-B– OUT радиохабар таратуды автоматты түрде тәуелді бақылау – жай-күйдің (орны және жылдамдығы) векторы және борттық жүйелерден ADS-B IN мүмкіндіктері бар қабылдағыштарға жарамды форматта келіп түсетін басқа ақпараттардың мерзімді радиотаратуын қамтамасыз ететін әуе кемесі немесе көлік құралындағы функция.
|
|
Радиопеленгаторлық станция (RR S1.91) – радиопеленгацияны қолдану арқылы радиоанықтау станциясы.
|
|
Радиопеленгация (RR S1.12) – станция немесе объектіге бағытталуды анықтау мақсатында радиотолқындарды қабылдауды қолдана отырып радиоанықтау.
|
|
Радиотелефон желісі - біртектес жиілікте жұмыс істейтін және осы жиіліктерді тыңдайтын, сондай-ақ екі жақты байланыстың және «әуе-жер» трафигінің барынша сенімділігін қамтамасыз ету үшін бір-біріне нақты көмек беретін радиотелефондық авиациялық станциялар тобы.
|
|
Техникалық қызмет көрсету регламенті - радиотехникалық бұйымға техникалық қызмет көрсету мерзімділігі мен көлемін белгілейтін құжат.
|
|
Регламенттік жұмыс (операция) - техникалық қызмет көрсету регламентінде көзделген жұмыс (операция).
|
|
Резервтеу - объектінің бір немесе бірнеше элементтері істен шыққан кезде оның жұмыс істеуге қабілетті күйін сақтау мақсатында қосымша құралдарды және (немесе) мүмкіндіктерді қолдану.
|
|
Ауыстыру арқылы резервтеу – негізгі элементтің функциялары тек негізгі элемент істен шыққан кезде ғана берілетін динамикалық резервтеу.
|
|
Резервтік жиілік – радиотелефон желісіндегі «әуе - жер» екіжақты байланыс үшін екінші кезектілік жиілігі ретінде әуе кемесіне тағайындалған радиотелефон жиілігі.
|
|
Резервтік байланыс құралы – негізгі құрал сияқты дәрежесі бар және оны алмастыра алатын байланыс құралы.
|
|
Электр энергиясынан резервтік қуат алу көзі - негізгі қуат көзінің ағытылуы кезінде қосылатын электр энергиясының қуат көзі.
|
|
Резервтік элемент – негізгі элемент істен шыққан жағдайда оның функцияларын орындауға арналған объект элементі.
|
|
Әуеайлақ (тік ұшақ айлағы) ауданы – әуеайлақтың (тік ұшақ айлағының) және оған іргелес жерлердің белгіленген көлденең және тік жазықтықтағы шекарасындағы әуе кеңістігі. Әуеайлақтың (тік ұшақ айлағының) көрсетілген шекарасы азаматтық және (немесе) мемелекеттік авиация саласындағы уәкілетті органдар бекіткен әдістемеге сәйкес ӘҚҚ қызметімен белгіленеді.
|
|
Техникалық жай-күйі бойынша жөндеу - техникалық жай-күйін бақылау нормативтік-техникалық құжаттамада белгіленген мерзімділікпен орындалатын, ал жөндеудің басталуы мен көлемі бұйымның техникалық жай-күйімен анықталатын кездегі жөндеу.
|
|
Жөндеуге жарамдылық - бұйымның техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу арқылы жұмысқа қабілеттілік жағдайын қалпында ұстау және қалпына келтіру, істен шығу, бұзылу себептерінің алдын алу және анықтауға бейімделу болып табылатын қасиеті.
|
|
Аэронавигациялық ақпарат жинағы (AIP) - аэронавигация үшін маңызды ұзақ мерзімді аэронавигациялық ақпараттан тұратын мемлекет шығарған немесе санкциялаған басылым.
|
|
Желіден тыс байланыс – авиациялық жылжымалы қызмет станциясының радиотелефон желісінен тыс жүзеге асыратын радиотелефон байланысы.
|
|
Деректерді тарату желісі бойынша «диспетчер - пилот» байланысы (CPDLC) – деректерді тарату желісін қолдана отырып ӘҚҚ мақсатында диспетчер мен пилот арасындағы байланыс құралы.
|
|
Авиациялық тіркелген электр байланысы желісі (АFТN) – авиациялық тіркелген қызметтің бөлігі болып табылатын және ұқсас немесе үйлесімді байланыс сипаттамалары бар авиациялық тіркелген станциялар арасында хабарламалар және/немесе цифрлық деректермен алмасуды қарастыратын авиациялық тіркелген тізбектің әлемдік жүйесі.
|
|
Авиациялық электр байланысы желісі (АТN) – деректерді таратудың жер үсті қосалқы желісіне, «әуе - жер» деректерді тарату қосалқы желісіне және борттық жабдықтардың деректерін тарату қосалқы желісіне аэронавигация қауіпсіздігі және әуе қозғалысы қызметінің тұрақты, тиімді және үнемді қызмет етуі мақсатында цифрлық деректермен алмасуға мүмкіндік беретін жаһандық желіаралық құрылым.
Симплексті байланыс – сол сәтте екі станция арасындағы байланыс тек бір бағытта жүзеге асырылатын әдіс.
|
|
ӘҚҚ бақылау жүйесі – ADS-B жүйелері, радиолокатор немесе әуе кемесін танып айыратын кез келген салыстырмалы жер үсті жүйелері жеке танылатын жалпы термин.
|
|
ҰРТҚ және байланыс объектілерін электрмен жабдықтау жүйесі - электр энергиясы көздерінен және (немесе) түрлендіргіштерінен, электр желілерінен, тарату құрылғыларынан, параметрлерін берілген шекте ұстап тұруды қамтамасыз ететін басқару, бақылау және қорғау құрылғыларынан тұратын электр энергиясын өндірудің және (немесе) түрлендірудің, берудің және таратудың жалпы үдерісімен біріктірілген жүйе.
|
|
Арна бойынша тарату жылдамдығы – ақпараттың электр байланысы арнасы бойынша таратылу жылдамдығы.
|
|
Әуеайлақ ауданында автоматты түрде ақпарат тарату қызметі – ұшып келетін және ұшып шығатын әуе кемелері үшін тәулік бойы немесе тәуліктің белгілі уақытында автоматты түрде белгіленген ақпаратты ұсыну.
Аэронавигациялық ақпаратты басқару қызметі – нақты белгіленген әрекет ету аймағында құрылған әуе навигациясының қауіпсіздігін, тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті аэронавигациялық деректерді және аэронавигациялық ақпаратты ұсынуға жауапты қызмет.
|
|
РТЖБП қызметінің ауысымдық персоналы – РТЖБП қызметі объектілерінің кезекші ауысымдарының және инженерлік-техникалық персоналының жұмысын ұйымдастыратын, ҰРТҚ автоматтандырылған және автоматтандырылмаған объектілерін жедел бақылауды және басқаруды жүзеге асыратын, сондай-ақ РТЖБП қызметінің сабақтас қызметтермен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ауысымдық кесте бойынша жұмыс істейтін радиотехникалық жабдық пен байланысты пайдалану қызметінің жедел инженерлік-техникалық персоналы.
|
|
Желі хабарламасы – желі арқылы өтетін және осы желі белгілеген форматы бар ақпарат.
|
|
Істен шығудың орташа атқарымы – бұйым атқарымының осы атқарым ішінде оның істен шығуына қатынасы.
|
|
Өлшеу құралы – өлшем жүргізуге арналған және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал.
|
|
Жеке қорғаныс құралы - бір жұмыс істеушіні қорғауға арналған құрал.
|
|
ҰРТҚ және байланыс құралы - өндірушінің шарттарына сәйкес әзірленетін және жеткізілетін және әуе қозғалысына қызмет көрсетудің бірыңғай жүйесінде ұшуларды радиотехникалық қамтамасыз ету және (немесе) авиациялық электр байланысы жөніндегі белгілі бір міндетті және (немесе) азаматтық авиация ұйымының өндірістік қызметін қамтамасыз етуге арналған техникалық құрал (бұйым).
|
|
Қызмет ету мерзімі – бұйымды пайдаланудың басынан немесе жөндеуден кейін қалпына келтірілгеннен бастап шекті жай-күйіне дейінгі күнтізбелік ұзақтығы.
|
|
АFТN станциясы – авиациялық тіркелген электр байланысы (АFТN) желісінің бөлігі болып табылатын және мемлекеттің рұқсатымен немесе бақылауында жұмыс істейтін станция.
|
|
Бұйымның құрылымдық схемасы – бұйымның негізгі функционалдық бөліктерін, олардың міндеттері мен өзара байланысын анықтайтын сызба.
|
|
Ағымдағы жөндеу - бұйымның жұмыс істеу қабілеттігін қамтамасыз ету немесе қалпына келтіру үшін орындалатын және жекелеген бөліктерді ауыстыруды және (немесе) қалпына келтіруді қамтитын жөндеу.
|
|
Техникалық ресурс (ресурс) - белгілі бір түрді жөндеуден кейін бұйымды пайдаланудан немесе қалпына келтіруден бастап шекті жай-күйге өткенге дейінгі атқарым.
|
|
Техникалық қызмет көрсету (ТҚК) - бұйымды мақсаты бойынша пайдаланған, сақтаған және тасымалдаған кезде оның жұмыс істеу қабілеттілігін немесе жарамдылығын ұстап тұру жөніндегі операциялар кешені (немесе операция). Техникалық қызмет көрсету (жөндеу) түрі деп мынадай белгілердің біреуі: бар болу кезеңі, мерзімділігі, жұмыс көлемі, пайдалану шарттары, регламенттелуі бойынша бөлінетін қызмет көрсету (жөндеу) түсініледі.
|
|
Үздіксіз бақылаумен техникалық қызмет көрсету - нормативтік-техникалық құжаттамада көзделген және техникалық жай-күйін үздіксіз бақылау нәтижелері бойынша орындалатын техникалық қызмет көрсету.
|
|
Мерзімді бақылай отырып техникалық қызмет көрсету - техникалық жай-күйін бақылау нормативтік-техникалық құжаттамада (регламентте) белгіленген кезеңділікпен және көлеммен орындалатын, ал қалған операциялардың көлемі техникалық қызмет көрсетудің басталу сәтінен бұйымның техникалық жай-күйіне байланысты анықталатын кездегі техникалық қызмет көрсету.
|
|
Техникалық жай-күй - белгілі бір уақыт аралығында осы бұйымға техникалық құжаттамада белгіленген параметрлермен (белгілермен) сипатталатын, пайдалану процесінде өзгеріске ұшыраған бұйым қасиетінің жиынтығы.
|
|
Техникалық қызмет көрсетудің технологиялық картасы - регламенттік операцияларды орындау тәртібін, техникалық талаптарды, қолданылатын құралдарды және қажетті еңбек шығындарын қамтитын құжат.
|
|
Айырбастаудың типтік элементі – белгілі функцияларды орындау үшін қажетті және жедел ауыстыруға арналған типтік элементтер мен бөлшектерден тұратын ауыстыру элементі.
|
|
Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және азаматтық, және эксперименттік авиация қызметі саласында басшылық жасайтын орталық атқарушы орган.
|
|
Параметрдің алдын ала рұқсат етілуі - пайдалану немесе жөндеу құжаттамасына сәйкес бұйымның жұмысқа қабілеттілігін сақтау кезіндегі оның жарамдылығы бұзылған параметрі мәндерінің өзгеру ауқымы.
Жер үсті қозғалысын басқарудың жетілдірілген жүйесі – жер үсті қозғалысын басқару міндеттерін орындауға арналған құралдар, жабдықтар, тәртіптер мен ережелер жүйесі, оған әуеайлақта көрудің пайдалану шегінде талап етілетін қауіпсіздік деңгейін сақтай отырып, кез келген ауа райы жағдайында жарияланған жер үсті қозғалысының қарқындылығын қолдау мақсатында көру құралдарының (көру белгілері), көрмейтін құралдар, бақылау, реттеу, ұйымдастыру және басқару құралдарының тиісті тәсілі кіреді.
|
|
Бұйымның нысандамасы – бұйымның техникалық күйін көрсететін және оны пайдалану бойынша мәліметтерден (жұмыс істеу ұзақтығы мен жағдайы, ТҚК, жөндеу түрлері, құрамдас бөліктері мен бөлшектерін ауыстыру және пайдаланудың барлық кезеңіндегі басқа деректер) тұратын ҰРТҚ және байланыс бұйымдарының өндіруші кепілдендіретін негізгі параметрлері мен техникалық сипаттамаларын куәландыратын құжат.
|
|
АFТN байланыс орталығы – негізгі міндеті АFТN трафигін онымен байланысты басқа бірқатар АFТN станцияларынан (немесе үшін) ретрансляциялау немесе ретрансмиссиялау болып табылатын АFТN станциясы.
|
|
Орталықтандырылған электрмен жабдықтау – тұтынушыларды энергетикалық жүйеден электрмен жабдықтау.
|
|
ӘҚҚ тікелей дыбыстық байланысының тізбегі – әуе қозғалысына қызмет көрсету (ӘҚҚ) органдары арасында тікелей ақпарат алмасуға арналған авиациялық тіркелген қызмет тізбегі (АFS).
|
|
Жиілік арнасы – сәулеленудің белгілі класын таратуға жарамды жиілік спектрінің үздіксіз бөлігі.
|
|
ILS сезімтал аймағы - ILS пайдалану арқылы жүргізілетін операциялар кезінде ILS сигналының өтуі кезінде кедергілерді болдырмау мақсатында, көлік құралдарының, әуе кемелерін қоса алғанда, тұрағы және/немесе қозғалысы бақыланатын қатерлі аймақ шегіндегі аймақ.
|
|
Тиімді қабылдау жиілігі жолағының ені – қабылдағышқа барлық рұқсатты ескере отырып, қабылдау қамтамасыз етілетін қатысты тағайындалған жиіліктің жиілік ауқымы.
|
|
Кепілдік берілген электр қоректендіру қалқаншасы - электр энергиясымен қоректендірудің бір көзі істен шыққанда, кепілдік уақыт өткен соң кернеу басқа көзден қалпына келтірілетін үлестіргіш құрылғы.
|
|
Ұшуларды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету жабдықтарын пайдалану – ҰРТҚ және авиациялық электр байланысы құралдарын пайдалану (ИКАО терминологиясына сәйкес – әуе қозғалысының қауіпсзідігін қамтамасыз ету үшін электронды құралдарды пайдалану).
|
|
Пайдалану-техникалық құжаттамасы - бұйымның техникалық пайдаланылуын регламенттейтін және пайдалану шектеулерін, рәсімдерді және ұсынымдарды қамтитын құжаттама.
|
|
Пайдалану персоналы – авиациялық қызметті қамтамасыз етумен байланысты және ұшу қауіпсіздігі туралы ақпаратты ұсыну мүмкіндігі бар персонал.
|
|
Электр байланысы (ИКАО белгісі - RR S1.3) – белгілерді, дабылдарды, жазбаша мәтінді, кез келген бейнелер мен дыбыстарды сымды, радио, оптикалық немесе басқа электрмагнитті жүйелер арқылы тарату, сәулелендіру немесе қабылдау.
|
|
Схема элементі - бұйымның белгілі бір функциясын атқаратын және дербес функционалдық мақсатқа ие болған бөлшектерге (резистор, трансформатор, сорғы, жалғастырғыш) бөлінбейтін схеманың құрамдас бөлшегі.
|
|