© Copyright 2015, 2016 HP Development
Company, L.P.
Microsoft – тіркелген сауда белгісі немесе
АҚШ-тағы және/немесе басқа елдердегі
Microsoft корпорациясының сауда белгісі.
Plug and Display
™
DisplayLink™ – бағдарламалық құралдарды
жасаушы ресми серіктес.
Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз
өзгертіледі. HP өнімдері мен қызметтеріне
кепілдік осындай өнімдермен және
қызметтермен бірге берілетін тікелей
кепілдік мәлімдемелерінде ғана беріледі.
Осы құжаттағы ақпарат қосымша кепілдік
деп түсінілмеуі тиіс. HP компаниясы осы
құжаттағы техникалық немесе редакторлық
қателер немесе қамтылмай қалған
мәліметтер үшін жауапты емес.
Екінші басылым: қаңтар, 2016 ж.
Бірінші басылым: желтоқсан, 2015 ж.
Құжат бөлігінің нөмірі: 845650-DF2
Maзмұны
1 Алғашқы жұмыс .......................................................................................................................................... 1
Бөліктердің орнын анықтау ............................................................................................................................... 1
Жоғарғы бөліктері ............................................................................................................................. 1
Оң жақтағы бөліктер ......................................................................................................................... 1
Алдыңғы жағындағы бөліктер ........................................................................................................ 2
Артқы жағындағы бөліктер ............................................................................................................. 4
USB қондыру станциясының параметрлерін орнату ....................................................................................... 5
1-қадам: Ауыспалы ток қуатына жалғау ........................................................................................ 5
2-қадам: Компьютерге қосу ............................................................................................................. 5
3-қадам: Ұйқы немесе күту күйін қоспау ........................................................................................ 5
Бағдарламалық құралдың параметрлерін орнату .......................................................................................... 6
Сыртқы мониторды теңшеу ................................................................................................................................ 7
DisplayLink желісін пайдалану ......................................................................................................... 7
Windows жүйесін пайдалану ............................................................................................................ 7
Қосымша бағдарламалық құрал мүмкіндіктерін пайдалану ....................................................... 8
Ұйқы, күту, жұмысты аяқтау және өшіріп қайта бастау ............................................................... 8
2 Қондыру станциясын пайдалану ................................................................................................................. 9
Қондыру станциясы туралы нұсқаулар ............................................................................................................ 9
Желіге қосылу ...................................................................................................................................................... 9
USB құрылғыларын қосу ..................................................................................................................................... 9
DisplayPort құрылғысына жалғау .................................................................................................................... 10
HDMI құрылғысына жалғау .............................................................................................................................. 10
Аудио құрылғыларын қосу ............................................................................................................................... 11
Аналогты аудио құрылғыларды қосу ........................................................................................... 11
Қосымша қауіпсіздік арқанын жалғау ............................................................................................................ 12
3 Қондыру станциясын ажырату .................................................................................................................. 13
4 Ақаулықтарды жою .................................................................................................................................. 14
Жиі кездесетін проблемаларды шешу ............................................................................................................ 14
Жалпы қолдану мақсаты және байланыс мәселелері ................................................................ 14
Дыбыс мәселелері ........................................................................................................................... 15
Бейне мәселелері ............................................................................................................................ 16
Қосымша ақпарат алу ....................................................................................................................................... 16
Қолдау қызметіне хабарласу ........................................................................................................................... 16
iii
5 Техникалық сипаттамасы .......................................................................................................................... 18
Тұтынылатын қуат ............................................................................................................................................. 18
Жұмыс ортасы .................................................................................................................................................... 18
Индекс .......................................................................................................................................................... 19
iv
1
Алғашқы жұмыс
Бөліктердің орнын анықтау
Осы тарауда HP USB-C Elite қондыру станциясының көзбен көрінетін аппараттық құрал мүмкіндіктері
анықталады және параметрлерді орнату жөнінде нұсқаулар беріледі.
ЕСКЕРТПЕ:
HP USB-C Elite қондыру станциясының кейбір мүмкіндіктері компьютеріңізде болмауы
мүмкін.
Жоғарғы бөліктері
Бөлік
Сипаттама
Қуат шамы
●
Қосулы: Қондыру станциясы қосулы.
●
Жыпылықтап тұрғанда: Қондыру станциясы қуатты
үнемдейтін «Күту» күйінде. Егер құрылғылар
жалғанбаса немесе барлық құрылғылар 10 минуттан
артық уақыт ішінде енжар болып қалса, қондыру
станциясының күту режимі қосылады.
Оң жақтағы бөліктер
Бөліктердің орнын анықтау
1
Бөлік
Сипаттама
(1)
USB Type-C кабелі
Қондыру станциясын ноутбукке немесе планшетке қосады.
(2)
Қауіпсіздік арқанының ұясы
Қосымша қауіпсіздік арқанын қондыру станциясына
жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ:
Қауіпсіздік арқаны сақтандырғыш құрал
ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол қондыру
станциясына күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан
қорғамайды.
Алдыңғы жағындағы бөліктер
Бөлік
Сипаттама
(1)
Аудио шығыс (құлақаспап)/aудио кіріс
(микрофон) біріккен ұясы
Токқа қосылатын қосымша стерео үндеткіштер,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспаптар, гарнитура
немесе теледидар дыбыс кабелі қосылады. Сонымен қатар,
қосымша гарнитура микрофонын қосады. Бұл ұяға бөлек
тұратын қосымша микрофондар қосылмайды.
2
1-тарау Алғашқы жұмыс
Бөлік
Сипаттама
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Жарақаттану қаупін азайту үшін,
құлақаспаптар, тығын тәріздес құлақаспап немесе
гарнитураны киер алдында, дыбыс деңгейін реттеңіз.
Қауіпсіздік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Заңдық,
қауіпсіздік және экологиялық ескертпелер нұсқаулығын
қараңыз.
Бұл нұсқаулықты пайдалану үшін
Windows 10
Пуск (Бастау) түймесін басып, Все программы (Барлық
бағдарламалар), Справка и поддержка НР (НР анықтамасы
және қолдау), одан кейін Документация НР (НР құжаттары)
тармақтарын таңдаңыз.
Windows 8
Бастау экранынан HP Support Assistant (HP қолдау
көмекшісі) бағдарламасын таңдап, Мой компьютер (Менің
компьютерім) опциясын, сосын Руководства пользователя
(Пайдаланушы нұсқаулықтары) опциясын таңдаңыз.
Windows 7
Пуск (Бастау), Все программы (Барлық бағдарламалар),
Справка и поддержка НР (НР анықтамасы және қолдау),
одан кейін Документация НР (НР құжаттары) тармақтарын
таңдаңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Құрылғы ұяға қосулы болғанда, компьютер
үндеткіштері ажыратылады.
Егер аудио сигналы қондыру станциясына автоматты түрде
қосылмаса, қондыру станциясын компьютеріңіздің
параметрлерінен әдепкі аудио құрылғысы ретінде
орнатыңыз.
(2)
USB Type-C (SuperSpeed зарядтау) порты
Type-C қосқышы арқылы кез келген USB құрылғысын
жалғайды.
ЕСКЕРТПЕ:
Бұл USB Type-C ұясы арқылы ұялы
телефондар, ноутбуктер, планшеттер және MP3
ойнатқыштары сияқты құрылғыларды зарядтауға болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Адаптерлер (бөлек сатылады) қажет болуы
мүмкін.
(3)
USB 2.0 порты
Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысын қосады.
Бөліктердің орнын анықтау
3
Артқы жағындағы бөліктер
Бөлік
Сипаттама
(1)
Қуат ағытпасы
Айнымалы ток адаптеріне қосылады.
(2)
USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін) порты
Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғысы жалғанады.
Барлық USB құрылғылары стандартты USB порттары
арқылы зарядталмайды немесе зарядтау үшін төмен ток
қолданылады. Кейбір USB құралғыларын зарядтау үшін
оларды ток беретін портқа жалғау қажет.
ЕСКЕРТПЕ:
USB зарядтау порты арқылы компьютер
өшірулі болса да, ұялы телефондардың және MP3
ойнатқыштардың кейбір үлгілерін зарядтауға болады.
(3)
USB 2.0 порттары (2)
Пернетақта, тінтуір, сыртқы диск, принтер, сканер немесе
USB хабі сияқты қосымша USB құрылғыларын қосады.
(4)
RJ-45 (желі) ұясы
Желілік кабелді қосады.
(5)
HDMI порты
Ажыратымдылығы жоғары теледидар немесе кез келген
сыйысымды сандық не аудио компоненті сияқты қосымша
видео не аудио құрылғыны, сондай-ақ жылдамдығы
жоғары HDMI құрылғысын қосады.
(6)
Қос режимді DisplayPort порты
Ажыратымдылығы жоғары монитор немесе проектор
сияқты қосымша сандық көрсету құрылғысын жалғайды.
4
1-тарау Алғашқы жұмыс
USB қондыру станциясының параметрлерін орнату
1-қадам: Ауыспалы ток қуатына жалғау
АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Электр тогының соғуы мен жабдыққа зақым келу қаупін азайту үшін:
Қуат сымын әрқашан оңай қол жеткізуге болатын жерге қосылған розеткаға қосыңыз.
Қуат сымын айнымалы ток розеткасынан суыру арқылы құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз.
Қуат сымының жерге қосу істікшесін ажыратпаңыз. Жерге қосу ашасы маңызды қауіпсіздік мүмкіндігі
болып табылады.
Қондыру станциясының барлық мүмкіндіктерінің дұрыс жұмысын қамтамасыз ету үшін, қондыру
станциясының қуат сымы арқылы қондыру станциясын айнымалы ток қуат көзіне жалғаңыз.
1.
Қуат сымының бір ұшын айнымалы ток адаптеріне (1) және екінші ұшын электр розеткасына (2)
қосыңыз.
2.
Айнымалы ток адаптерін қондыру станциясындағы қуат қосқышына (3) жалғаңыз.
2-қадам: Компьютерге қосу
Компьютерді қондыру станциясына жалғау үшін
▲
Қондыру станциясына тіркелген USB Type-C кабелін компьютердегі қондыру станциясына
жалғаңыз.
3-қадам: Ұйқы немесе күту күйін қоспау
Сыртқы мониторды пайдаланғанда, компьютерді жабу керек болуы мүмкін. Сыртқы монитор
параметрлерін реттеу туралы қосымша мәліметтерді алу үшін
Сыртқы мониторды теңшеу (7-бет)
бөлімін қараңыз.
USB қондыру станциясының параметрлерін орнату
5
Жабылған компьютерде ұйқылық немесе күту режимінің қосылмауын қамтамасыз ету үшін
1.
Басқару тақтасын ашып, Электропитание (Қуат параметрлері) бетін таңдаңыз.
2.
Действие при закрытии крышки (Қақпақты жабу кезіндегі әрекетті таңдаңыз) параметрін
таңдаңыз. Ничего (Ештеңе) параметрін таңдаңыз, одан кейін OK түймешігін басыңыз.
3.
От сети (Қосылған) астынан Ничего (Ештеңе) параметрін таңдаңыз, одан кейін Сохранение
изменений (Өзгертулерді сақтау) түймешігін басыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Қуат опциялары бетін ашу туралы нұсқауларды компьютердегі Анықтама және қолдау
бағдарламасынан қараңыз.
Бағдарламалық құралдың параметрлерін орнату
Осы бөлімде HP Elite USB-C қондыру станциясын Windows 10
®
, Windows 8 немесе Windows 7 амалдық
жүйесі бар компьтерге орнату жолы сипатталған. Бағдарламалық құрал қондыру станциясының флэш
жадына алдын ала орнатылған.
1.
Windows амалдық жүйесі бар компьютерді бастаңыз және оны Интернетке қосыңыз және
қондыру станциясы мен компьютер арасында USB кабелін жалғаңыз. Құрылғы драйверлері
автоматты түрде орнатылады.
2.
Құрылғы драйверлері автоматты түрде орнатылмаса, мына әрекеттерді орындаңыз:
●
Windows 10 амалдық жүйесінде Пуск (Бастау) түймесін басыңыз және Проводник
(Жетектеуші) бағдарламасын таңдаңыз, одан кейін Этот ПК (Осы ДК) тармағын және
Стыковочное устройство НР (НР қондыру құрылғысы) тармағын екі рет басыңыз. HP Elite
USB-C Docking Station Installer.exe файлын екі рет басыңыз.
●
Windows 8 амалдық жүйесінде Стыковочное устройство НР (НР қондыру құрылғысы)
бағдарламасын басыңыз. Немесе Этот ПК (Осы ДК) тармағын және Стыковочное устройство
НР (НР қондыру құрылғысы) тармағын басыңыз. HP Elite USB-C Docking Station Installer.exe
файлын екі рет басыңыз.
●
Windows 7 амалдық жүйесінде Пуск (Бастау) түймесін басыңыз және Компьютер тармағын
таңдаңыз. Стыковочное устройство НР (НР қондыру құрылғысы) бағдарламасын таңдаңыз,
одан кейін HP Elite USB-C Қондыру Станциясына Installer.exe файлын екі рет басыңыз.
3.
Сәлемдесу экраны ашылады. Далее (Келесі) түймешігін басыңыз.
4.
Лицензионное соглашение (Лицензиялық келісім) беті ашылғанда, оның шарттарын қабылдаңыз
және Далее (Келесі) түймешігін басыңыз.
5.
Установить (Орнату) түймешігін басыңыз.
6.
Қазір немесе кейінірек өшіріп қайта бастау опциясын таңдаңыз. Қондыру станциясы компьютер
келесі рет өшіріп қайта басталғанша жұмыс істемеуі мүмкін. Компьютерді өшіріп қайта бастау
опциясын таңдасаңыз, компьютердің дискенгізгілерінен дисктерді шығарыңыз. Готово (Дайын)
түймешігін басыңыз.
7.
Драйверлердің ең соңғы нұсқалары орнатылғанын тексеріңіз.
http://www.hp.com/support
мекенжайы бойынша өтіп, ел немесе аймақты таңдаңыз. ПО и драйверы (Бағдарламалық құрал
және драйверлер) қойыншасын таңдаңыз, қондыру құрылғысының үлгі нөмірін (қондыру
станциясының түбінде орналасқан) теріп, Поиск продукта (Өнімді табу) түймешігін басыңыз.
Қондыру станциясына арналған сілтемені басыңыз және ең жаңа драйверлерді жүктеп алыңыз.
6
1-тарау Алғашқы жұмыс
Сыртқы мониторды теңшеу
DisplayLink желісін пайдалану
Қондыру станциясына жалғанған монитор дисплейін теңшеу үшін DisplayLink мүмкіндігін
пайдаланыңыз:
1.
Тапсырмалар тақтасындағы DisplayLink белгішесін басыңыз.
2.
Сыртқы мониторды негізгі монитордың кеңейтілімі ретінде орнату үшін Расширить (Кеңейту)
параметрін басыңыз.
– немесе –
Сыртқы мониторды негізгі монитордың көшірмесі ретінде орнату үшін Зеркальный (Айна)
параметрін басыңыз.
– немесе –
Сыртқы мониторды жалғыз ғана қолданылатын дисплей ретінде орнату үшін Отключить
монитор ноутбука (Ноутбук мониторын өшіру) параметрін басыңыз.
– немесе –
Сыртқы мониторды негізгі дисплей ретінде орнату үшін Установить в качестве главного
монитора (Негізгі монитор ретінде орнату) параметрін басыңыз.
DisplayLink құралы видео сигналы үшін дисплей параметрлерін оңтайландыруға, жаңартулардың бар
екенін тексеруге және қосымша параметрлерді реттеуге мүмкіндік береді. DisplayLink опциялары
амалдық жүйеге байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Сыртқы монитор параметрлерін Windows арқылы
реттеу туралы нұсқауларды
Windows жүйесін пайдалану (7-бет)
бөлімінен қараңыз.
Windows жүйесін пайдалану
Қондыру станциясына жалғанған монитор дисплейінің параметрлерін реттеу үшін Windows жүйесін
пайдаланыңыз.
ЕСКЕРТПЕ:
Қондыру станциясын Windows 7 жүйесі бар компьютерге бірінші рет жалғаған кезде,
Windows сипаттары экраны ашылады және сыртқы дисплейдің әдепкі Айна режимі автоматты түрде
орнатылады.
1.
Егер компьютерде Windows 10 жүйесі болса, тапсырмалар тақтасының іздеу жолағына панель
управления
(басқару тақтасы) деп жазып, Панель управления (Басқару тақтасы) тармағын
таңдаңыз. Оформление и персонализация (Безендіру және даралау) пәрменін таңдаңыз.
– немесе –
Егер компьютерде Windows 8 жүйесі болса, меңзерді экранның жоғарғы оң жақ бұрышынан
төмен жылжытып, Устройства (Құрылғылар) параметрін басыңыз. Второй экран (Екінші экран)
параметрін таңдаңыз.
– немесе –
Егер компьютерде Windows 7 жүйесі болса, жұмыс үстелінде тінтуірдің оң жақ түймешігімен
басып, Разрешение экрана (Экран ажыратымдылығы) пәрменін таңдаңыз.
2.
Сыртқы мониторды Windows 10 немесе Windows 8 жүйесі орнатылған компьютерлерде негізгі
монитор ретінде орнату үшін Только второй экран (Екінші экран ғана) параметрін таңдаңыз.
Сыртқы мониторды Windows 7 жүйесі орнатылған компьютерлерде негізгі монитор ретінде
Сыртқы мониторды теңшеу
7
орнату үшін Сделать основным монитором (Бұл менің негізгі дисплейім болсын) параметрін
таңдаңыз.
– немесе –
Сыртқы мониторды Windows 10 немесе Windows 8 жүйесі орнатылған компьютерлерде негізгі
монитордың кеңейтілімі ретінде орнату үшін Расширить (Кеңейту) параметрін таңдаңыз. Сыртқы
мониторды Windows 7 жүйесі орнатылған компьютерлерде негізгі монитордың кеңейтілімі
ретінде орнату үшін Расширить эти экраны (Осы дисплейлерді кеңейту) параметрін таңдаңыз.
– немесе –
Сыртқы мониторды Windows 10 немесе Windows 8 жүйесі орнатылған компьютерлерде негізгі
монитордың көшірмесі ретінде орнату үшін Дублировать (Қайталау) параметрін таңдаңыз.
Сыртқы мониторды Windows 7 жүйесі орнатылған компьютерлерде негізгі монитордың көшірмесі
ретінде орнату үшін Дублировать эти экраны (Осы дисплейлерді қайталау) параметрін
таңдаңыз.
Сондай-ақ, дисплей параметрлерін
Windows
+
p
пернелерін басу арқылы ашуға болады.
Қосымша бағдарламалық құрал мүмкіндіктерін пайдалану
DisplayLink бағдарламалық құралы қондыру станциясына жалғанған мониторлардың параметрлерін
реттеу үшін қосымша мүмкіндіктерін ұсынады:
●
Экран ажыратымдылығы мүмкіндігі сыртқы монитордың ажыратымдылығын өзгертеді.
●
Экранды бұру мүмкіндігі сыртқы монитордың экранын 90, 180 немесе 270 градусқа
айналдырады.
●
Өшірулі мүмкіндігі сыртқы мониторды өшіреді.
●
Кеңейтілген мүмкіндігі Windows сипаттары терезесін ашады.
Ұйқы, күту, жұмысты аяқтау және өшіріп қайта бастау
Егер компьютерде ұйқылық режим немесе күту күйі іске қосылса, монитор өшеді. Компьютер ұйқылық
режимнен немесе күту күйінен шықса, жалғанған монитордың бұрынғы монитор параметрлері
оралады.
Егер компьютерді өшіріп қайта бастасаңыз немесе оның жұмысын аяқтап, оны қайта қоссаңыз,
жалғанған монитордың бұрынғы монитор параметрлері оралады.
8
1-тарау Алғашқы жұмыс
2
Қондыру станциясын пайдалану
Қондыру станциясы туралы нұсқаулар
●
Амалдық жүйелер – оңтайлы өнімділік үшін қондыру станциясын Windows 10, Windows 8 немесе
Windows 7 амалдық жүйесі орнатылған компьютермен бірге пайдаланыңыз. USB Type-C порттары
ғана бар компьютерлерге қолдау көрсетіледі.
●
Қуат – қондыру станциясының мүмкіндіктерін қолдану үшін қондыру станциясы айнымалы ток
қуат көзіне жалғануы тиіс.
●
Жалғау және ажырату – компьютер қосулы немесе өшірулі күйде болғанына қарамастан
қондыру станциясын қосуға немесе ажыратуға болады. (Ақпаратты
2-қадам: Компьютерге қосу
(5-бет)
және
Қондыру станциясын ажырату (13-бет)
бөлімдерінен қараңыз).
●
Сыртқы құрылғылар – қондыру станциясы компьютерге қосылған кезде, сыртқы
құрылғыларды қондыру станциясындағы ұяларға немесе компьютердегі порттарға жалғауға
болады.
Желіге қосылу
Компьютерді желіге қондыру станциясы арқылы қосуға болады. Оған Ethernet кабелі (бөлек
сатылады) қажет.
1.
Қондыру станциясын компьютерге қосыңыз.
2.
Ethernet кабелінің бір ұшын қондыру станциясындағы RJ-45 (желі) ұясына жалғаңыз және екінші
ұшын қабырғадағы RJ-45 ұясы немесе жол жоспарлағышқа жалғаңыз.
USB құрылғыларын қосу
Қондыру станциясының бес USB порты бар: артқы панельде бір USB 3.0 және екі USB 2.0 порты бар,
сондай-ақ алдыңғы панельде бір USB Type-C порты және бір USB 2.0 порты бар. USB порттары арқылы
пернетақта және тінтуір сияқты қосымша сыртқы USB құрылғыларын қосыңыз.
Қондыру станциясы туралы нұсқаулар
9
ЕСКЕРТПЕ:
Сыртқы құрылғы қондыру станциясының қуат талаптарымен сыйысымды екенін
тексеріңіз. Сыйысымды емес құрылғы өнім жалғанған порттың өшірілуіне себеп болуы мүмкін. Портты
бастапқы қалпына келтіру туралы ақпаратты
Ақаулықтарды жою (14-бет)
бөлімінен қараңыз.
DisplayPort құрылғысына жалғау
Қондыру станциясын монитор немесе проектор сияқты сыртқы құрылғыға DisplayPort арқылы қосуға
болады. Бейне сигналын беру үшін қондыру станциясы HDMI портына және DisplayPort ұясына бір
мезгілде қосылуы мүмкін, бірақ экран ажыратымдылығы 2560 x 1600 мәнге тең немесе одан да төмен
болуы тиіс. Экран ажыратымдылығы 2560 x 1600 мәнінен астам болса, тек бір дисплей режимін
қолдануға болады.
HDMI құрылғысына жалғау
Қондыру станциясын ажыратымдылығы жоғары теледидар сияқты сыртқы бейне немесе аудио
құрылғыға не кез келген сандық аудио бөліктерге HDMI порты арқылы қосуға болады. Бейне сигналын
беру үшін қондыру станциясы HDMI портына және DisplayPort ұясына бір мезгілде қосылуы мүмкін,
бірақ экран ажыратымдылығы 2560 x 1600 мәнге тең немесе одан да төмен болуы тиіс. Экран
ажыратымдылығы 2560 x 1600 мәнінен астам болса, тек бір дисплей режимін қолдануға болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Бейне сигналдарын HDMI порты арқылы жіберу үшін, (бөлек сатылады) HDMI кабелі керек
болады.
10
2-тарау Қондыру станциясын пайдалану
Аудио құрылғыларын қосу
Құлақаспаптарды немесе үндеткіштерді қондыру станциясындағы аудио шығыс (құлақаспап)/аудио
кіріс (микрофон) біріккен ұясына тікелей қосуға болады. Аналогты аудио құрылғыларды да қосуға
болады.
ЕСКЕРТПЕ:
Егер аудио сигналы қондыру станциясына автоматты түрде қосылмаса, қондыру
станциясын компьютеріңіздің параметрлерінен әдепкі аудио құрылғысы ретінде орнатыңыз.
Аналогты аудио құрылғыларды қосу
Аналогты аудио құрылғыны қосу үшін
1.
У пішімді аудио кабелінің (бөлек сатылады) бір ұшын қондыру станциясындағы аудио шығыс
(құлақаспап)/аудио кіріс (микрофон) біріккен ұясына жалғаңыз.
2.
Екінші ұшын теледидардың немесе стерео құрылғысының қызыл және ақ түсті аудио кіріс
ұяларына жалғаңыз. Ұялардың атаулары мен олардың орналасқан жерлерін теледидардың
немесе стерео құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз.
Аудио құрылғыларын қосу
11
Қосымша қауіпсіздік арқанын жалғау
ЕСКЕРТПЕ:
Қауіпсіздік арқаны сақтандырғыш құрал ретінде әрекет ету үшін жасалған, бірақ ол
қондыру станциясына күтімсіз қараудан немесе оны ұрланудан қорғамайды.
Қосымша қауіпсіздік арқанын орнату
1.
Қауіпсіздік арқанын қорғалатын затқа ораңыз.
2.
Кілтті арқан құлпына (1) салыңыз.
3.
Қауіпсіздік арқан құлпын қондыру станциясындағы қауіпсіздік арқанының ұясына (2) салыңыз
да, сосын кілтті бұрыңыз.
4.
Кілтті шығарыңыз.
12
2-тарау Қондыру станциясын пайдалану
3
Қондыру станциясын ажырату
Қондыру станциясын компьютерден ажырату үшін мына қадамдарды орындаңыз:
1.
Хабарландыру аймағындағы тапсырмалар тақтасының оң жақ шетінде орналасқан Безопасное
извлечение устройства (Құралды қауіпсіз шығарып алу) белгішесін басыңыз.
2.
Безопасное извлечение стыковочного USB устройства (USB қондыру станциясын қауіпсіз
шығарып алу) пәрменін таңдаңыз. Оборудование может быть извлечено (Аппараттық құралды
қауіптенбей алып шығуға болады) хабары экранға шығады.
3.
Жалғанған USB Type-C кабелін компьютерден ажыратыңыз.
13
4
Ақаулықтарды жою
Жиі кездесетін проблемаларды шешу
Келесі кестелерде мүмкін ақаулар тізімі және оларды шешу әдістері көрсетілген.
Жалпы қолдану мақсаты және байланыс мәселелері
Ақаулық
Ықтимал себеп
Шешімі
Қуат шамы жанбайды.
Қондыру станциясы айнымалы ток қуат
көзіне қосылмаған.
Қуат сымын қондыру станциясына және
электр розеткасына жалғаңыз.
Қондыру станциясының порттары
немесе ұялары жұмыс істемей тұр.
Қондыру станциясы айнымалы ток қуат
көзіне қосылмаған.
Қуат сымын қондыру станциясына және
электр розеткасына жалғаңыз.
Қондыру станциясы компьютерге дұрыс
қосылмаған.
USB кабелін компьютерден ажыратып,
оны компьютерге қайта қосыңыз.
Қондыру станциясының USB порты
ажыратылған.
Портына жалғанған USB құрылғысы
қондыру станциясының қуат
талаптарымен сыйысымды емес және
тым көп қуат қолдануда.
Порттың параметрлерін бастапқы
қалпына келтіріңіз:
1.
Порттың жұмысын тоқтатқан
құрылғыны ажыратыңыз.
2.
Қондыру станциясынан қуат
сымын ажыратып, қайта қосыңыз.
– немесе –
Қондыру станциясын
компьютерден ажыратып,
компьютерге қайта қосыңыз.
Қондыру станциясы компьютерге
қосылған кезде, WLAN және LAN
байланыстарының екеуі қосулы.
WLAN байланысынан LAN байланысына
ауысуға қолдау көрсетілмейді.
WLAN байланысын өшіру үшін
Windows 10 жүйесін пайдаланып
жатсаңыз:
1.
Пуск (Бастау) түймесін тінтуірдің оң
жағымен басып, Сетевые
подключения (Желілік
қосылымдар) опциясын таңдаңыз.
2.
Wi-Fi параметрін тінтуірдің оң
жағымен басып одан кейін
Отключить (Ажырату) опциясын
таңдаңыз.
Windows 8 жүйесін пайдаланып
жатсаңыз:
1.
Меңзерді экранның жоғарғы оң
жақ бұрышынан төмен
жылжытып, Параметры
(Параметрлер) опциясын, одан
кейін Изменение параметров
компьютера (Компьютер
параметрлерін өзгерту) опциясын
таңдаңыз.
14
4-тарау Ақаулықтарды жою
2.
Беспроводное (Сымсыз)
параметрін таңдаңыз және сымсыз
құрылғыңыз Выключен (Өшірулі)
мәніне орнатылғанына көз
жеткізіңіз.
Windows 7 жүйесін пайдаланып
жатсаңыз:
●
Пуск (Бастау), Панель управления
(Басқару тақтасы), Оборудование и
звук (Аппараттық құрал және
дыбыс), одан кейін Центр
мобильности Windows (Windows
Ұтқырлық орталығы) тармақтарын
таңдаңыз. Отключить
беспроводную связь (Сымсыз
байланысты өшіру) пәрменін
таңдаңыз.
– немесе –
●
Хабарландыру аймағындағы
Отображать скрытые значки
(Жасырын белгішелерді көрсету)
көрсеткісін басып, HP Connection
Manager белгішесін басыңыз.
HP Connection Manager терезесінде
оны өшіру үшін Питание WLAN
(WLAN қуаты) белгішесін басыңыз.
Windows 10 немесе Windows 8 жүйесінің
Удалить (Жою) утилитасы арқылы
немесе Windows 7 жүйесінің Удаление
программы (Бағдарламаны жою)
арқылы DisplayLink басты
бағдарламалық құралы жойылмады.
DisplayLink Core Software (DisplayLink
басты бағдарламалық құралын)
жойыңыз. Бұл DisplayLink
бағдарламасын автоматты түрде
ажыратады.
Windows 10 немесе Windows 8 жүйесінде
Удалить (Жою) утилитасын
қолданыңыз. Windows 7 немесе Vista
жүйесінде Удаление программы
(Бағдарламаны жою) бағдарламасын
қолданыңыз.
Дыбыс мәселелері
Ақаулық
Ықтимал себеп
Шешімі
Аудио ойнатылмайды.
Драйверлер орнатылмаған.
Драйверлерді орнатыңыз.
Бағдарламалық құралдың
параметрлерін орнату (6-бет)
бөлімін
қараңыз.
Қондыру станциясына қосылған
құлақаспаптар немесе басқа аудио
құрылғысы дыбыс шығармайды.
Аудио құрылғысы қондыру
станциясындағы құлақаспаптар ұясына
қосылған, бірақ қондыру станциясы
әдепкі аудио құрылғысы емес.
Компьютер параметрлерінен қондыру
станциясын әдепкі аудио құрылғысы
ретінде орнатыңыз немесе аудио
құрылғысын компьютерге қосыңыз.
Қондыру станциясына қосылған
микрофон жұмыс істемейді.
Микрофон қондыру станциясына
қосылған, бірақ қондыру станциясы
әдепкі аудио құрылғысы емес.
Компьютер параметрлерінен қондыру
станциясын әдепкі аудио құрылғысы
Жиі кездесетін проблемаларды шешу
15
Ақаулық
Ықтимал себеп
Шешімі
ретінде орнатыңыз немесе микрофонды
компьютерге қосыңыз.
Қосылған үйдегі ойын-сауық жүйесі
дыбыс шығармайды.
Аудио сигнал дұрыс қосылмаған.
Қондыру станциясының үйдегі ойын-
сауық жүйесіне дұрыс қосылғанын
тексеріңіз.
Бейне мәселелері
Ақаулық
Ықтимал себеп
Шешімі
Сурет экранда көрсетілмейді.
Драйверлер орнатылмаған.
Драйверлерді орнатыңыз.
Бағдарламалық құралдың
параметрлерін орнату (6-бет)
бөлімін
қараңыз.
Кәріптер және басқа таңбалар сыртқы
монитор экранында үлкен болып
көрсетіледі.
Сыртқы монитордың экран
ажыратымдылығы 2560 x 1600 ең
жоғары шектеу мәнінен асады.
Экран ажыратымдылығын ең жоғары
шектеу мәніне тең немесе одан төмен
орнатыңыз.
Графикалық бағдарлама сыртқы
мониторды анықтамайды.
Кейбір графикалық бағдарламалар
қондыру станциясына жалғанған
сыртқы мониторларды анықтамайды.
DisplayLink бағдарламалық құралын
қолдану арқылы сыртқы монитордың
параметрлерін реттеңіз.
Сыртқы
мониторды теңшеу (7-бет)
бөлімін
қараңыз.
Кейбір Intel графикалық
бағдарламаларын қолдану кезінде
сыртқы мониторды негізгі монитор
ретінде орнатуға болмайды.
Ескі Intel графикалық бағдарламалары
сыртқы мониторды негізгі монитор
ретінде орнату опциясына қолдау
көрсетпейді.
Intel драйверлерінің соңғы нұсқаларын
http://www.hp.com/support
мекенжайынан жүктеп алыңыз.
Компьютер мониторы жұмыс істемейді.
Сыртқы монитор қондыру станциясынан
қондыру станциясы компьютерден
ажыратылғаннан бұрын ажыратылды.
Қондыру станциясын компьютерден,
одан кейін сыртқы мониторды қондыру
станциясынан ажыратыңыз.
Blu-ray дискісін немесе басқа қорғалған
мазмұнды ойнату кезінде сыртқы
мониторға қосылған бейне құрылғы
экраны қара түсті болып көрінеді.
Қондыру станциясы оның сыртқы
монитор портына қосылған сыртқы
дисплей құрылғысында Blu-ray дискісін
немесе басқа қорғалған мазмұнды
көрсетуді қолдамайды.
Компьютердің дисплейін пайдаланыңыз
немесе компьютерге сыртқы дисплей
құрылғысын қосыңыз.
Қосымша ақпарат алу
●
Қондыру станциясы, сондай-ақ мемлекеттік агенттік туралы толық ақпаратты және қондыру
станциясын пайдалану жөнінде қауіпсіздік мәліметтерді анықтама және қолдау
бағдарламасынан қараңыз.
●
HP веб-торабында (
http://www.hp.com
) өнім туралы жаңалықтар және бағдарламалық құрал
жаңартулары қамтамасыз етіледі.
Қолдау қызметіне хабарласу
Егер осы тарауда берілген кеңестер ақауларды жоюға көмектеспесе, сізге қолдау қызметімен
хабарласу қажет болуы мүмкін.
16
4-тарау Ақаулықтарды жою
Ақаулықты барынша тез арада шешу үшін қолдау қызметімен хабарласқан кезде келесі ақпаратты
қол жетерлік жерде ұстаңыз:
ЕСКЕРТПЕ:
Қондыру станциясының сериялық нөмірін және басқа ақпаратты қондыру станциясының
астында орналасқан қызмет көрсету жапсырмасында табуға болады.
●
Компьютер мен қондыру станциясының модель атауы және нөмірі
●
Компьютер мен қондыру станциясының сериялық нөмірлері
●
Компьютер мен қондыру станциясының сатып алынған күндері
●
Ақаулық туындаған кездегі күй
●
Шығарылған қате жөніндегі хабар
●
Қолданылып жатқан аппараттық құрал және бағдарламалық құрал
●
Компьютер мен қондыру станциясына қосылған бөліктердің өндіруші атауы және үлгісі
HP компьютері арқылы қолдау қызметіне хабарласу үшін, Пуск (Бастау) түймешігін басыңыз, содан
кейін Справка и поддержка (Анықтама және қолдау) тармағын таңдаңыз. Қолдау қызметінің
маманымен сөйлесу сеансын бастау үшін Обратиться в службу поддержки (Қолдау қызметіне
хабарласу) опциясын таңдаңыз.
АҚШ-та қолдау алу үшін,
http://www.hp.com/go/contactHP
мекенжайы бойынша веб-торапты қараңыз.
Дүние жүзі бойынша қолдау алу үшін,
http://welcome.hp.com/country/us/en/wwcontact_us.html
веб-
торабын қараңыз.
Төмендегі қолдау көрсету түрлерінің бірін таңдаңыз:
●
HP маманымен желіде хабар алмасу.
ЕСКЕРТПЕ:
Белгілі бір тілде сөйлесу мүмкін болмаса, ағылшын тілін пайдалануға болады.
●
НР қолдау орталығының ғаламдық телефон нөмірлерін табу.
●
HP қызмет көрсету орталығының мекенжайын табасыз.
Қолдау қызметіне хабарласу
17
5
Техникалық сипаттамасы
Тұтынылатын қуат
Егер сіз қондыру құрылғысын халықаралық сапарға алып шығуды жоспарласаңыз, осы бөлімде
берілген қуат туралы ақпарат пайдалы болуы мүмкін.
Қондыру құрылғысы айнымалы немесе тұрақты ток көзінен келетін тұрақты ток арқылы жұмыс
істейді. Айнымалы ток көзі 100–240 В, 50–60 Гц шамасында болуы керек. Қондыру құрылғысы бөлек
тұрақты ток көзінен жұмыс жасаса да, ол тек НР компаниясы берген және осы қондыру құрылғысына
қолдану үшін ұсынған айнымалы ток адаптері немесе тұрақты ток көзіне қосылуы керек.
Қондыру құрылғысы төмендегі техникалық параметрлерге жауап беретін тұрақты ток қуат көзі
арқылы жұмыс істейді
Тұтынылатын қуат
Мөлшер
Жұмыс кернеуі және тогы
3,33 А - 65 Вт қуатында тұрақты ток – 19,5 В
ЕСКЕРТПЕ:
Бұл құрылғы Норвегиядағы фазааралық кернеуінің орташа квадраттық мәні 240 В-тан
аспайтын ақпараттық технологиялар электр жүйелеріне арналған.
ЕСКЕРТПЕ:
Қондыру құрылғысының жұмыс кернеуі мен тогы туралы ақпаратты техникалық
деректер жапсырмасынан табуға болады.
Жұмыс ортасы
Фактор
Метрикалық өлшемдер жүйесі
АҚШ-та пайдаланылатын өлшемдер
жүйесі
Температура
Пайдалануға болатын (оптикалық
дискіге жазу кезінде)
0°C – 40°C
32°F – 104°F
Жұмыссыз режимде
-40°C – 70°C
-40°F – 158°F
Салыстырмалы ылғалдылық (конденсацияланбайтын)
Пайдалануға болатын
5 - 95%
5 - 95%
Жұмыссыз режимде
5% – 90%
5% – 90%
Ең жоғары биіктік (герметизацияланбаған)
Пайдалануға болатын
-15 м мен 3048 м арасында
-50 фут пен 10000 фут арасында
Жұмыссыз режимде
-15 м мен 9144 м арасында
-50 фут пен 30000 фут арасында
18
5-тарау Техникалық сипаттамасы
Индекс
А
ағытпа, қуат 4
Ақаулықтарды жою 14
аналогты аудио 11
Анықтама және қолдау
орталығы 16
аудио, жалғау 11
аудио шығыс (құлақаспап)/aудио
кіріс (микрофон) біріккен ұясы
11
аудио шығыс (құлақаспап)/aудио
кіріс (микрофон) комбо ұясы,
анықтау 2
Д
дыбыс қосылымы, аналогты 11
Ж
желі (RJ-45) ұясы 9
желі ұясы, анықтау 4
жұмыс ортасы 18
К
кабель, анықтау 2
компьютер
қосылу 5
ұйықтау 5
Қ
қауіпсіздік арқанының ұясы 12
қауіпсіздік арқанының ұясы,
анықтау 2
қолдау, хабарласу 16
қолдау көрсетілетін амалдық
жүйелер 9
қосқыштар
қуат 5
Қос режимді DisplayPort порты
анықтау 4
қуат
қондыру станциясына,
жалғау 5
нұсқаулар 9
қуат ағытпасы, анықтау 4
қуат қосқышы 5
қуат шамы, анықтау 1
құлып, қауіпсіздік арқаны 12
П
порттар
HDMI 4
USB 3, 4, 9
USB 3.0 зарядтау (қуат
берілетін) 4
USB Type-C 3
Қос режимді DisplayPort
порты 4
С
сыртқы құрылғылар 9
Т
тұтынылатын қуат 18
Ұ
ұялар
RJ-45 (желі) 4, 9
аудио шығыс (құлақаспап)/
aудио кіріс (микрофон)
біріккен ұясы 11
аудио-шығыс (құлақаспап)/
aудио кіріс (микрофон)
комбо 2
желі 4
ұяшықтар
қауіпсіздік арқаны 2, 12
Ш
шамдар, қуат 1
D
DisplayPort құрылғысы, жалғау
10
H
HDMI құрылғысы, қосу 10
HDMI порты, анықтау 4
R
RJ-45 (желі) ұясы 9
RJ-45 (желі) ұясы, анықтау 4
RJ-45 (желі) шамдары, анықтау 4
U
USB 3.0 зарядтау (қуат берілетін),
анықтау 4
USB Type-C порты, анықтау 3
USB арқаны, жалғау 12
USB құрылғылары, қосу 9
USB порттары, анықтау 3, 4
Индекс
19
Document Outline - Алғашқы жұмыс
- Бөліктердің орнын анықтау
- Жоғарғы бөліктері
- Оң жақтағы бөліктер
- Алдыңғы жағындағы бөліктер
- Артқы жағындағы бөліктер
- USB қондыру станциясының параметрлерін орнату
- 1-қадам: Ауыспалы ток қуатына жалғау
- 2-қадам: Компьютерге қосу
- 3-қадам: Ұйқы немесе күту күйін қоспау
- Бағдарламалық құралдың параметрлерін орнату
- Сыртқы мониторды теңшеу
- DisplayLink желісін пайдалану
- Windows жүйесін пайдалану
- Қосымша бағдарламалық құрал мүмкіндіктерін пайдалану
- Ұйқы, күту, жұмысты аяқтау және өшіріп қайта бастау
- Қондыру станциясын пайдалану
- Қондыру станциясы туралы нұсқаулар
- Желіге қосылу
- USB құрылғыларын қосу
- DisplayPort құрылғысына жалғау
- HDMI құрылғысына жалғау
- Аудио құрылғыларын қосу
- Аналогты аудио құрылғыларды қосу
- Қосымша қауіпсіздік арқанын жалғау
- Қондыру станциясын ажырату
- Ақаулықтарды жою
- Жиі кездесетін проблемаларды шешу
- Жалпы қолдану мақсаты және байланыс мәселелері
- Дыбыс мәселелері
- Бейне мәселелері
- Қосымша ақпарат алу
- Қолдау қызметіне хабарласу
- Техникалық сипаттамасы
- Тұтынылатын қуат
- Жұмыс ортасы
- Индекс
Достарыңызбен бөлісу: |