Азаматтық авиацияда ұшуларды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»



жүктеу 3,18 Mb.
бет10/13
Дата08.01.2020
өлшемі3,18 Mb.
#26022
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

Бақылаудың басталуы

Пайдалануға беру

Пайдалану жылдары

Қызмет мерзімін ұзартудың шекті аралығы

Х шек.рұқ

(Хонның)

Бағалау сәті

 
Ендеше, Ханық ескере отырып, қызмет ету мерзімі 2021 жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Азаматтық авиацияда ұшуды және

авиациялық электробайланысты радиотехникалық қамтамасыз     ету қағидаларына 21-қосымша



Радиотехникалық жабдықтарға және электр байланысы параметрлеріне қойылатын талаптар


  1. Параграф. ILS (РМС) қағидалары бойынша жұмыс істейтін курстық радиомаяктарының параметрлеріне қойылатын талаптар

Радиобелгі

Курстық радиомаяк тасымалдау жиіліктерден ауытқуы берілген шамадан аспауы тиіс:

Біржиілікті маяктар үшін ± 0,005%;

Екіжиілікті маяктар үшін ± 0,002%.

2.Курс сызығы бойымен 90 және 150 Гц тондық жиілік сигналдарының жоғары жиілігі модуляциясының тереңдігі 20 ±2% құралуды қажет етеді.

Әрекет ету аймағы

3.Көлденең жазықтықта әрекет ету аймағы курс сызықтарынан оңға және солға кемінде 350 шамамен шектелген секторлырмен болуы қажет.

КРМ әрекет ету аймағына әуе кемесі кіруге қамтамасыз етілетін басқа да амалдарды пайдалану кезінде КРМ үшін курс сызығына қатысты көлденең жазықтыққа ± 100 дейін әрекет ету аймағына таралуы бойынша І және ІІ санаттары жіберіледі.

4.Көлденең жазықтықтағы әрекет ету аймағының қабатына 70 кем емес бұрышпен антенналық жүйеден электр орталығы аралығымен өтетін, жоғарыдан тікелей өтуге шектеулі болуы қажет. Көлденең жазықтықта КРМ әрекет ету шегін, оны зерттеу үшін минималды мүмкіндігі бойынша жүргізілуі қажет.

5.Қонуға беттеу негізгі және аралық кезеңдерінде қонуға беттеу жағынан 600 м биіктікте және ҰҚЖ шегінен жоғары кезінде немесе ең жоғарғы нүктесінен КРМ әрекет ету аймағының қашықтығы бойынша (ҰҚЖ шегінен асып кетуі көбірек алынады) мысалы, төмендегідей болуы қажет:

1) Курс сызығына қатысты ± 100 көлденең секторы шегінде 46,3 км кем емес;

2) Курс сызығына қатысты көлденең секторы шегінде ± 100 –нан ± 350 –ке дейін 31,52 кем емес. Әуе кеңістігі кезінде шектеу салдарынан қашықтығы бойынша КРМ әрекет ету аймағына кішірейтуге рұқсат беріледі.

Топоргафиялық ерекшеліктер бойынша шектеу салдарынан ± 100 секторы шамасында 33,3 км -ге дейін КРМ әрекет ету аймағы кішірейтуге рұқсат беріледі және қолдану аймағының басқа бөлігінің шектерінде 18,5 км-ге дейін кішірейтуге рұқсат беріледі. Сектор әрекеті бойынша талаптарының ± 100 әрекет ету секторымен КРМ үшін курс сызығына қатысты ± 100 -нан ± 350 ге дейін талап етілмейді.

3) РМЖ глисадтағы курс секторы шегінде КРМ-дан 18 км алып тастағанда өріс кернеулігі КРМ-ның І санаттары үшін 90 мкВ/м (-107 дБ Вт/м2) –тан кем болмауы қажет және КРМ-ның ІІ және ІІІ санаттары үшін 100 мкВ/м (-106 дБ Вт/м2) кем болмауы қажет;

4) ҰҚЖ шегінен 15 м биіктіктегі орналасқан нүктеде КРМ-нің ІІ санаттары үшін және КРМ-нің ІІІ санаттары үшін 6 м биіктікте орналасқан нүктеде өріс кернеулігі 200 мкВ/м (-100 дБ Вт/м2) кем емес шамасына дейін артады;

5) ҰҚЖ шегінен 6 м биіктікте орналасқан нүктеден ҰҚЖ осьтік сызығынан 4 м биіктікте орналасқан нүктеге дейін ҰҚЖ шегінен 300 м қашықтықта және КРМ бағытының ҰҚЖ бойына 4 м биіктіктен әрі қарай КРМ-ның ІІІ санатттарының өріс кернеулігі 100 мкВ/м (-106 дБ/м2) кем түспеуі қажет.

Ескерту: Аймақта топографиялық ерекшеліктердің болуы кезінде егер, КРМ әрекет ету аймағына сол басқа навигациялық құралдармен шолуды қамтамасыз етуі бойынша 32 км алып тастауға дейін курс сызығынан ± 100 секторынан шамамен 40 мкВ/м кем емес өріс кернеулігіне рұқсат беріледі.

Азимуттық сипаттама

6.Сектордағы МТА-ның өзгеру сипаттамасы:

1) Курс сызығынан МТА = 0,180 мен бұрыш сызығына дейін МТА біркелкілік көбею тұрақтылығы (сызықты негізінде) болуы қажет;

2) МТА= 0,180 бұрышынан МТА ± 10 градусына дейін кем дегенде 0,180 болуы қажет.

3) МТА ± 100 бұрышынан ± 350 бұрышына дейін 0,155-тен кем болмауы қажет.

Ескерту: МТА-ның өзгеруі сипаттамасының талаптарына ± 100 әрекет ету аймағымен КРМ үшін әрекет ету аймағы шегінен тысқары көрсетілмейді.

Бағыт құрылымы

7. КРМ-ның І санаттары курс сызығының бұрылуы (95% ықтимал) аумағынан аспауы тиіс:

1) әрекет ету аймағы шегінен А нүктесіне дейін - МТА 0,031;

2) А нүктесінен В нүктесіне дейін А нүктесінен МТА 0,031 шегінен В нүктесіне дейін МТА 0,015 шегіне дейін сызықтық заңы бойынша азаяды.

3) В нүктесінен С нүктесіне дейін – МТА 0,015.

8. КРМ-ның ІІ санаттары мен ІІІ санаттарына курс сызығының бұрылуы (95% ықтимал) аумағынан аспауы тиіс:

1) әрекет ету аймағы шегінен А нүктесіне дейін - МТА 0,031;

2) А нүктесінен В нүктесіне дейін А нүктесінен МТА 0,031 шегінен В нүктесіне дейін МТА 0,005 шегіне дейін сызықтық заңы бойынша азаяды.

3) В нүктесінен С нүктесіне дейін – МТА 0,005.

4) С нүктесінен тірек нүктесіне дейін – МТА 0,005;

КРМ ІІІ санаттары үшін:

5) тірек нүктесінен Д нүктесіне дейін – МТА 0,005;

6) Д нүктесінен Е нүктесіне дейін Д нүктесінен МТА 0,005 -тен Е нүктесі МТА 0,01 дейін сызықтық заңы бойынша артады.

9.Тірек нүктесінде ҰҚЖ осьтік сызығына қатысты курстың орта сызығы сол қуатталуға қатысты шамасының мәні аспауы тиіс:

1) КРМ І санаттары үшін ± 10,5 м;

2) КРМ ІІ санаттары үшін ± 7,5 м;

3) КРМ ІІІ санаттары үшін ± 3,0;

Ығысуға әсер етуі

10. Курс сызығынан ығысуға номиналды әсер етуі 0,00145 РГМ/м болуы қажет.

Курс секторының максималды бұрышы 60 -тен аспауы тиіс.

11.КРМ бұрылуға әсер етуі сол қуатталуға мүмкіндік шамасының (номиналды мәннен ауытқуы) көп болмауы:

1) КРМ І санаттары үшін ± 17%;

2) КРМ ІІІ санаттары үшін ±17%;

3) КРМ ІІІ санаттары үшін ± 10% .

Ескерту: 1. КРМ ІІ санаттары үшін номиналды мәнінен ± 10% шегінде әсер етуді сақтауды ұсынады.

2.Бұрылуға әсер етудегі номиналдылық мәніне келтірілген ҰҚЖ шегіне курстың жартылай секторы шегіне МТА/а 0,00145 шамасы алынады. КРМ І санаттары үшін шарт бойынша курс секторы 60 аспағанда МТА/м 0,00145-тен өзгергенде әсер ету жағдайына номиналды мәні рұқсат етіледі. КРМ І санаттары үшін қысқа ҰҚЖ-ға әсер ету номиналды мәніне В түктесінде келтірілген мәні қолданылады.

Тану

12. Тану сигналдары КРМ тасушы жиілігінде берілуі тиіс және курстық радиомаяк негізгі функцияларына әсет етуі қажет.



13. Тану сигналдары халықаралық Морз кодымен беріліп, және үш әріптен тұруы тиіс. Бірінші әрібі «И», екінші және үшінші әріптері - ҰҚЖ немесе ауеайлақ коды.

Бақылау


14. Автоматты бақылау жүйесі сәуле шығаруды тоқтату немесе жүргізу, 90 және150 Гц модуляциялар сигналдарын алуға және уақыт ағымында (ІІ және ІІІ санаттары үшін) аса төмен санаттарға көшуге немесе тасымалдағыш жиілікпен тану үшін құралатын жұмыстар туралы бақылау пунктіне ескертпе беруі қажет:

1) КРМ І санаттары үшін 10 с;

2) КРМ ІІ санаттары үшін 5 с;

3) КРМ ІІІ санаттары үшін 2 с.

кез келген төмендегі талаптарда пайда болған жағдайда:

1)ҰҚЖ шегінде келтірілген ҰҚЖ осьтік сызыққа қатысты орташа курс сызығына бұрылу:

КРМ І санаттары үшін ± 10,5 м;

КРМ ІІ санаттары үшін ± 7,5 м;

КРМ ІІІ санаттары үшін ± 6 м.

2) КРМ үшін сәуле шығару қуатының кемуі бір тасушымен КРМ басқа талаптарға жауап беруді жалғастыруды көздеген шарттары кезінде 50% дейін

3) КРМ ІІ және ІІІ санаттары үшін әрбір тасушылары үшін сәуле шығару қуатының кемуі екі тасушымен 80% дейін. Егер КРМ басқа талаптарға жауап беруді жалғастырған кездегі шарттарында 50% дейін қуаттың кемуіне рұқсат беріледі.

4) Бұрылуға әсер етуді өзгерту номиналды шамадан 17%-ға арттыру.

Ескерту: басқару пункттері кезінде жұмыс жабдықтары пункттерінің және әуе қозғалысын басқару пункттері түсіндіріледі.
2-Параграф. ILS (РМС) қағидалары бойынша жұмыс істейтін ГРМ параметрлеріне қойылатын талаптар
Радиобелгі

1. Глиссадалық радиомаяк тасымалдау жиілігінің ауытқуы тағайындалудан аспауы тиіс:

1) Біржиілікті маяктар үшін ± 0,005%;

2) Екіжиілікті маяктар үшін ± 0,002%.

2. Курс сызығы бойымен 90 және 150 Гц тондық жиілік сигналдарының жоғары жиілігі модуляциясының тереңдігі 40 ±2,5% құрауы қажет.

Әрекет ету аймағы

3. Көлденең жазықтықта әрекет ету аймағы 80 кем емес курс сызығына қатысты оңға және солға шектелген секторымен болуы қажет.

4. Тік жазықтықта әрекет ету аймағы көкжиекке қатысты шектеулі бұрыштармен болуы тиіс:

1) глиссадтан жоғары 1,75Θ кем емес;

2) ГРМ глиссадтан төмен 0,45Θ кем емес, немесе глиссадқа кепілді кіру үшін 0,3Θ бұрышына дейін.

5. Қонуға беттеу бағытының қашықтығы бойынша әрекет ету аймағы 18 км –ден кем болмауы қажет. Ескерту: ГРМ әрекет ету аймағы әуе кеңістігін пайдалануға шектеу іс-әрекеті салдарынан қашықтығы бойынша болуы мүмкін.

6. Әрекет ету аймағындағы өріс кернеулігі 400 мкВ/м (95 дБВт/м) кем болмауы қажет және ҰҚЖ шегі арқылы өтетін көлденең жазықтықтан ГРМ І санаттары үшін 30 м биіктікке дейін және ГРМ ІІ мен ІІІ санаттары үшін 15 м биіктікке дейін қамтамасыз етілу қажет.

Бұрышты орындарының сипаттамасы

7. Глиссадтан бұрышына 0,30Θ дейін МТА-ның өзгеруі бірқалыпты қалқу сипатында болуы қажет және МТА= 0,22 шамасына дейін артады. Егер МТА-ның үлкен 0,45Θ бұрыштары бойынша 0,22 мәніне жетсе онда оның мәні бұрышына шейін 0,45Θ немесе 0,3Θ бұрышына дейін 0,22 кем болмауы қажет.

Глиссаданың құрылымы

8. Глиссадтардың сызықтарының қисаюы тиісті аймақтарда (шамамен 0,95 ықтимал) көп болмауы тиіс:

1) ГРМ І санаттары үшін әрекет ету аймағынан С нүктесіне дейін 0,035 МТА;

2) ГРМ ІІ және ІІІ санаттары үшін әрекет ету аймағынан А нүктесіне дейін 0,035 МТА;

3) А нүктесінен В нүктесіне дейін ГРМ ІІ және ІІІ санаттары үшін А нүктесінен МТА 0,035 шамасынан В нүктесіне дейін МТА 0,023 сызықты заңы бойынша азайтылуы қажет.

4) В нүктесінен тіректі нүктелеріне дейін ГРМ ІІІ және ІІІ санаттары үшін МТА 0,023.

9. Глиссаданың көлбеу бұрышы ГРМ І және ІІ санаттары үшін ±0,075 Θ бойынша номиналды қуатталуы қажет және ГРМ ІІІ санаттары үшін ± 0,04Θ болуы қажет.

Ығысуға әсер етуі

10. ГРМ ығысу бұрышына номиналды әсер етуі ығысу бұрышы бойынша РГМ =0,0875 сәйкес болуы қажет:

1) Орташаланған глиссадан төмен:

1) ГРМ І санаттары үшін (0,12 + 0,02/ - 0,05) Θ;

2) ГРМ ІІ және ІІІ санаттары үшін (0,12 ± 0,02) Θ;

2) Орташаланған глиссадтан жоғары:

1) ГРМ І санаттары үшін (0,12 + 0,02/ - 0,05) Θ;

2) ГРМ ІІ санаттары үшін (0,12 + 0,02/ - 0,05) Θ;

3) ГРМ ІІІ санаттары үшін (0,12 ± 0,02) Θ.

11. Номиналды мәнге қатысты ГРМ ығысу бұрышына әсер етуі шамадан көп емес қуатталуы қажет:

1) ГРМ І санаттары үшін ± 25%;

2) ГРМ ІІ санаттары үшін ± 20%;

3) ГРМ ІІІ санаттары үшін ± 15%.

Ескерту: Ығысуға номиналды әсер етуі (РГМ/град.) жартылай сектор глиссаданың шамасына қатысты дәл 0,0875 -ке РГМ мәні анықталады.

Бақылау


14. Автоматты бақылау жүйесі кез-келген төмендегі талаптардан туындаған кезде ГРМ І санаттары үшін ағымдағы уақытта 6 с –дан аспай және ГРМ ІІ және ІІІ санаттары үшін 2 с –ден аспай сәуле шығаруды тоқтатуды қамтамасыз ету және бақылау пункітіне ескертуі қажет:

1) Глиссаданың көлбеу бұрышының ауытқуы оның номиналды мәнінен 0,075Θ (төмен) аса және 0,1Θ (жоғары) аса шамасына қарай;

2) Сәуле шығару қуатының кемуі талаптары бойынша сол, ГРМ 3-8 тармағы бойынша талаптарына жауап беруді жалғастыру жағдайында 50% дейін;

3) Сәуле шығару қуатының кемуі екі жиілікті тасушымен ГРМ пайдалану кезінде әрбір жиілікті тасушы үшін 80% дейін;

4) Сәуле шығару қуатының кемуі сол, ГРМ 3-8 тармағы бойынша талаптарына жауап беруді жалғастыру жағдайында екі жиілікті тасушымен ГРМ ІІ және ІІІ санаттары үшін әрбір жиілікті тасушылар үшін 80% -тен 50% -ке дейін;

5) Белгіленген номиналды мәннен ығысу бұрышына әсер етуді өзгерту ± 25 % аса шамасына өзгерту.


3 – Параграф. Белгілегіш радиомаяктарының (БРМ) параметрлері
1. БРМ тасушы жиілігінің ауытқуы берілгеннен 0,01% аспауы тиіс (БРМ қайта енгізілгендер үшін± 0,005% )

2. Модуляциялаушы сигналдары жиілігінің ауытқуы олардың номиналды мәнінен ± 2,5% аспауы тиіс

3.Курс сызықтарында және глисссадта БРМ әрекет ету аймағы төмендегідей болуы қажет:

1) Жақындағы БРМ 300 м ± 100 м;

2) Алыстағы БРМ 600 м ± 200 м.

Конусты маркерлік радиошамшырақ пайдаланылады.

4.Әрекет ету аймағының шегінде өріс кернеулігі 1,5 мВ/м кем емес болуы тиіс.

5. БРМ әрекет ету аймағының шегінен оның ортасына өріс кернеулігінің өсуі ең көп дегенде 3 мВ/м құрауы қажет.

6.БРМ тану сигналы мынадай болуы қажет:

1) Жақындағы БРМ - үздіксіз беріліс 6 ± 15% секундына нүкте;

2) Алыстағы БРМ - үздіксіз беріліс 2 ± 15% секундына сызықша.

7.Автоматты бақылау жүйесі басқару пунктіне ескертулерді іске қосу және беру үшін төмендегідей жұмыстар жүргізу қажет:

1) шығу қуатының кемуі кезінде номиналды көрсеткіштен 50% артығырақ;

2) модуляция тереңдігінің кемуі кезінде 50% артығырақ;

3) модуляция немесе манипуляцияны тоқтату кезінде.
4-Параграф. DME, DME/N қашықтықты өлшеу жабдықтарының параметрлері


  1. DME қабылдау-жіберу әрекет ету аймағы мынадай болуы қажет:

  1. VOR-мен өзара әрекет етуі кезінде VOR әрекет ету аймағынан кем емес;

  2. ILS-мен әрекет етуі кезінде КРМ және МТА әрекет ету аймағынан кем емес;

  1. DME/N қабылдау-жіберу 960 - 1215 МГц жиілік диапазонына берілген тасушы жиілігінде жұмыс істеуі қажет.

  2. Қашықтыққа жауап беру радиоимпульстері келесі параметрлерден болуы тиіс:

1) 0,5 деңгейдегі импульстің ұзақтығы 3,5 ± 0,5 мкс тең болуы керек;

2) алдыңғы фронт 3 мкс артық болуы тиіс;

3) артқы фронт 3,5 мкс артық болуы тиіс.

4. ӘК бортында қашықтықты өлшегіштің пайдаланудың шекті көлемі DME/N, қашықтықты өлшегіш шекті көлемінен 150 м аспау керек, ал DME/N ILS жабдығымен өзара әрекет ету кезінде 75 м артық болуы тиіс (0,95 болғанда).

5. «Тәуелсіз» тану сигналы минутына 6 сөз жылдамдықпен және кем дегенде 40 секунд кезеңділігімен берілуі керек. Тану кодының топтарын тарату үшін қосудың максималды ұзақтығы 5 секундтан аспау керек, ал таратудың барлық кезеңінде ол 10 секундтан артық болмауы керек.

6. DME-нің ILS және VOR өзара әрекет ету жағдайында танудың «өзара әрекет ету» сигналы өзара әрекет ету құралының тану кодымен синхронды болуы тиіс.

Әрбір 40-секундтық аралық 4 немесе оданда тең кезеңдерге бөлінеді, және DME тану сигналы бір кезең ішінде ғана берілуі керек, ал өзара әрекеттесуші құралының тану сигналы – қалған кезеңдер ішінде берілуі керек.

7. DME автоматты түрде бақылау жүйесі аппаратураның жұмыс істеп тұрған жиынтығын өшіріп, резервті жиынтығын қосу керек (бар болған жағдайда) және жиынтықтар істен шыққан жағдайда радио сәлелендіруді тоқтату тиіс. Сонымен қоса басқару пунктерінде авариялық дабылдарды қамтамасыз ету қажет:

1) DME-де сұрату импульстарының тұрып қалуының өзгерістері ± 1 мкс (навигация) немесе ± 0,5 мкс (қону) және артық болған жағдайда;

2) бақылау құрылғысы істен шыққан кезде.


5-параграф. Барлық бағыттағы VOR радиомаягының азимуталды ӨЖЖ параметрлері
1. 0-ден 40 градусқа дейін орынның бұрыштары үшін толқындар ұзындықтары төрттен кем емес қашықтықта өлшенген азимут туралы ақпараттың шекті көлемі 95% болған жағдайда ± 2 градустан артық болмауы керек.

2. VOR жүйесінің пайдаланушылық шекті көлемі енгізілген, жер үсті радиомаягының жалпы шекті көлемі 95% болған жағдайда ± 3 градустан аспауы керек.

3. Радиомаяк жиіліктік диапазонынан 108 - 117,975 МГц. бекітілген, негізгі жиілікте жұмыс істеу керек. Жұмыс жиілігі бекітілген жиіліктен ауытқуы ± 0,002% аспауы керек.

4. Өзгерту сигналдар жиіліктері:

1) 9960 ± 100 Гц – түрлендірілген негізгі жиілік;

2) 30 ± 0,3 Гц - «ауыспалы фазалар» және «тірек фазалар»;

3) 1020 ± 50 Гц – маякты тану жиіліктеріне тең болулары керек.

5. ӘК бортында маякты анық, дұрыс және айқын түрде айыру белгісімен қамтамасыз етілуі тиіс, сонымен қоса маяктың негізгі навигациялық қызметімен (азимут жайлы ақпаратты тарату) қамтамасыз етуге тану сигналы әсерінің болмауы керек.

Тану сигналы екі немесе үш әріпті пайдалану арқылы және қайталау кезеңі 30 ± 3 секунд болатын, Морзе кодымен берілуі керек.

6. Бақылаудың автоматты жүйесі тоқтап қалулар жайлы тиісті дабылдарды басқару пунктіне беру тиіс және тіреу және ауыспалы фазаның сигналдарын алып тастау қажет немесе төмендегі шарттардың бірі пайда болған кезде маяктың сәулеленуін толығымен тоқтату тиіс:

1) шығарымды бақылау құрылғысын орнату нүктесінде азимут жайлы ақпараттың ± 10 жоғары қарай өзгерген жағдайда;

2) радио жиілік сигналдардың кернеу деңгейінің модуляцияларды құрайтын 15% төмендеуі, немесе түрлендірілген негізгі жиілігі, немесе 30 Гц жиілігі бар амплитуда бойынша модуляция сигналдары, немесе бақылау құрылғысының орналасу орнында оларды және басқаларды;

3) тану сигналы жоғалған кезде;

4) бақылау аппаратурасы істен шыққан жағдайда.


6-параграф. Бағытталмаған радиомаяктың (ПРС/NDB) параметрлері
1. Әуеайлақ ауданында ұшуларды қамтамасыз ететін NDB қолданылу аймағы 50 км кем болмауы тиіс.

2. Жеке NDB радиосәулелендіру ерекшеліктері негізді бөлмей, А2А және А3Е кластарына сәйкес болуы керек. А1А классының радиосәулелендіруіне рұқсат етіледі. Сонымен қатар, тану сигналын автоматты режимде берілумен қамтамасыз етілуі керек.

3. NDB жетекті радиостанция халықаралық Морзе коды арқылы тану сигналын тарату керек.

4. Тану сигналы минутына 6 реттен кем емес бірдей аралықта берілу керек.

5. ӘК бортында алынатын курстық бағыттардың шекті көлемдік мәні ± 5 градустан аспауы тиіс.

6. NDB жұмысын басқару, және оның жай-күйіне индикация жасау қашықтықтан және жергілікті режимде жүзеге асырылуы керек.

7. Радиостанцияларды автоматты түрде бақылау жүйесі 2 секунд уақыт ішінде аппаратураның жұмыс істеп тұрған жиынтығын өшіріп, резервті жиынтығын қосу керек (бар болған жағдайда), жиынтық (тар) істен шаққан кезде, станцияның радиосәулелендіруін тоқтату тиіс. Сонымен қоса, басқару пунктерінде авариялық дабылдарды келесі жағдайларда қамтамасыз ету керек:

1) белгіленгеннен 50% төмен негізгі қуаттылықты азайту;

2) 50% төмен негізгі амплитуда модуляциясының тереңдігін азайту;

3) тану сигналының таратылуын тоқтату.


7-параграф. Жерүсті функционалдық толықтыру жүйесінің (GBAS) параметрлері
1. Қонуға кіруді қамтамасыз ету кезінде функционалдық толықтыру жүйесінің GNSS (GBAS) қолданылу аймағы кем болмауы керек:

1) аймақтың бүйірлік бағытындағы, ҰҚЖ табалдырығында (глиссаданың тірек нүктесінде) басталатын, бастапқы ені 140 м, ҰҚЖ осінен әр жаққа, бұрышынан ± 35 градусқа, қонуға кірудің соңғы кезең траекториясының әр жағынан 28 км дейін және бұрышынан ± 10 градусқа 37 км дейін кеңейтілген;

2) бүйірлік аймақ шегіндегі тік бағытында, бұрышынан төбе жағына 7 градусқа немесе 1,75 Θ көлденең жазықтықта глиссаданың қиылысу нүктесінде басталып, ҰҚЖ табалдырығынан өтіп, төменгі жағынан бұрышы 0,45 Θ салыстырмалы өрісі немесе кіші бұрышы 0,3 Θ дейін. Ол глиссадаға кепілді түрде кіру үшін қажет.

GBAS қолданылу аймағы ҰҚЖ салыстырмалы табылдырығының 30м дан 3000м дейін болуы керек.

2. Қонуға әр кіру үшін 0,95 ықтималдылығымен нақты орналасқан орнын анықтау төмен болмауы керек:

1) Көлденең жазықтықтағы дәлдік 16 м.

2) Тік жазықтықтағы дәлдік 6 м.

3. Дабылдардың іске қосылу табалдырықтары:

1) (Д) алыс жердегі учаскілерде көлденең жазықтықта, артық емес:

2) ҰҚЖ табалдырығынан 7500 артық арақашықтықта - 69,15 м;

3) (0,0044 Д + 36,15) м – 7500 ден 873 м дейінгі шегінде (Д) қашықтықта;

4) 40 м - 873 тен 291 м дейінгі қашықтықта;

5) (Д) алыс жердегі учаскілерде тік жазықтықта, артық емес:

6) 43,35 м – ҰҚЖ табалдырығынан 7500 қашықтықтан артық емес;

7) (0,09596 Н + 4,15) м - 7500 ден 873 м дейінгі шегінде (Д) қашықтықта;

8) 10 м – 873 тен 291 м дейін қашықтықта.

4. GBAS деректерді таратудың берілген жиілігінен негізгі жиіліктен ауытқуы ± 0,0002% құру керек.

5. Әрекет ету аймағының шегінде алаңның қысымы 215 мкВ/м төмен емес немесе 0,350 В/м аспауы тиіс.

6. GBAS жалған алшақтықты дифференциалды түрде түзету үшін сигнализация табалдырығының ортаквадратты шамасы GPS үшін 0,4 м және GLONASS (ГЛОНАСС) үшін 0,8 м артық болмауы керек.

7. GBAS дифференциалды деректерді тарату жиілігі 2 Гц төмен болмауы керек.

8. GBAS 6 секунд артық емес уақытта авариялық сигнализацияны:

1) бүтіндігінің, үздіксіздігін немесе дайындығын жоғалту;

2) 80% дейін сәулелендіру қуаттылығының азаюын қамтамасыз етіп отыруы тиіс.
8-параграф. Әуеайлақтық шолу радиолокаторының (ӘШР) параметрлері
1. Әрекет ету аймағында жасалған қауіп мүмкіндігі 10-6 аспаған кезде, 15 м2 бетті бейнелейтің және қосымша ақпаратты алуда ӘК табу мүмкіндігі бастапқы арна бойынша 0,8 және екінші реткі арна бойынша 0,9-дан төмен болмауы керек.

2. ӘШР әрекет ету алшақтығы бастапқы арна бойынша 50 немесе 100 км (әуеайлақ ауданында ӘҚҰ үшін) және 160 км (аэроторап ауданында ӘҚҰ үшін), ал екінші реткі арна бойынша 160 км кем болмауы керек.

3. ААӨА-сыз (АШШИ – айнала шолудың шығарылым индикаторы бойынша) ӘШР бастапқы арнасының ақаулығы қашықтықтан мақсатқа дейін 2,0% аспау керек немесе алшақтық бойынша 150 м (қайсысы үлкен соған байланысты) және азимут бойынша ± 2 градустан аспауы тиіс.

4. ӘШР бастапқы арнаның ААӨА шыққан кездегі ортаквадратты қатесі алшақтық бойынша 150 м және 200 м (әрекет ету алшақтығы 50-100 км және 160 км) және азимут бойынша 0,4 градустан аспауы керек.

5. ӘШР бастапқы арнаның ААӨА шыққан кездегі ортаквадратты қатесінің мөлшері алшақтық бойынша 200 м және азимут бойынша 0,20 аспауы керек.

6. Бастапқы арна бойынша ӘШР рұқсат етілген қабілеттілігі қашықтықтан мақсатқа дейін 1% немесе алшақтық бойынша 230 м (үлкен мән беру) және азимут бойынша 7’ төмен болмауы тиіс.

7. ӘШР әрекет ету аймағы төмендегіде сипатталатын кеңістік шегінен кем болмауы керек:

Антеннадан 60*) км қашықтықта нүктеге дейін антенна арқылы өтетін көлденең жазықтыққа, 0,50 бұрышында, антеннадан тартылған шектеулі сызықпен тік жазықтықтағы антенна айналасында 360 градусқа айналудан пайда болатын кеңістік; антенна арқылы өтетін көлденең жазықтыққа 450 бұрышында антеннадан тартылған сол тік жазықтық желісімен қиылысқан нүктесінен 3000 м биіктікке дейін сол нүктеден жоғары өткізілген тік сызығы және антеннамен қиылысатын соңғы нүктесін қосатын сызық.

Ескерту:

1) Тік жазықтықта әрекет ету аймағын суреттейтің сұлба 1-суретте келтірілген.

2) ӘҚБ әуеайлақтық жүйелерінде пайдалануға арналған ӘШР үшін 160 км қабылдау жөн.

8. Екінші арна бойынша ӘШР рұқсат етілген қабілеттілігі (ААӨА шыққан кезде) алшақтық бойынша 1000 м және азимут бойынша 40 төмен болмауы керек.

9. ӘШР бастапқы және екінші арналарында сигналдарды өңдеу кезінде алынған ӘК координаттық белгілердің біріккен ақаулықтары алшақтық бойынша 500 м және азимут бойынша 8' артық болмауы керек.

10. Екінші ӘШР бойынша қосымша (ұшу) ақпаратын алу мүмкіндігі 0,9 кем болмауы тиіс.



11. Радиолокациялық ақпараттың жаңару кезеңі 6 секундтан аспауға тиіс.

Сурет. 1 Тік жазықтықтағы (маштабта емес) ӘШР әрекет ету аймағы

ӘШР пайдалануда жүргендер үшін екі жақты арна мен дәлдік ерекшеліктер бойынша әрекет ету алшақтығы сәйкестігіне рұқсат беріледі (ПТҚ талаптарына сәйкес 2-8 тармақшасы).

9-параграфы. Екі жақты көзбен шолу радиолокаторының тарассалық параметрлері (ЕШРЛ-Т)
1. ЕШРЛ-Т радиолокациялық ақпараттың жаңару кезеңі 10 секундтан аспуға тиіс.

2. Көзбен шолу аймағында ӘК-ні табу мүмкіндігі кемінде 0,9 және қабылдағыштың өз шуы бойынша жалған қауіп мүмкіндігі 10-6 аспайды, жабылудың нөлдік бұрыштары кезінде ЕШРЛ-Т әрекет ету аймағы келесі параметрлермен анықталады:

3.Өтінім дабылдарының қолданыстағы жиіліктері және А/С режиміне арналған өтінімдер бойынша басу 1030 ± 0,2 МГц болуға тиіс және бір-бірінен 0,2 МГц-тан аспайтындау ерекшеленуге тиіс, S - 1030 ± 0,1 МГц режимі болған кезде бір-бірінен 0,1 МГц-тан аспайтындай ерекшеленуге тиіс. Ақпарат дискретті кодпен беріледі.

4. ЕШРЛ-Т S - 1090 ± 1 МГц режимі болған кезде А/С режимінде 1090 ± 3 МГц жиілігінде дабылдарды қабылдауды және өңдеуді қамтамасыз етуге тиіс.


А/С режимінің өтінім сигналы екі негізгі Р1 мен Р3 импульстерінен және бірінші Р1 импульсінен кейін берілетін Р2 басу импульсінен тұруы керек. Р1 мен Р3 импульстерінің арасындағы аралық 2,0 ± 0,15 мкс құрайды.

5. А/С/S режиміндегі жалпы шақырулар өтінімі үш импульстен: Р1, Р3 және Р4 ұзақ импульсінен тұрады. Тек А/С режиміндегі жалпы шақыру импульсі Р4 қысқа импульсі қолданылатынын қоспағада, А/С/S режиміндегі жалпы шақыру импульсіне ұқсас келеді. Р3 және Р4 импульстері арасындағы аралық 2±0,05 мкс құрайды.

6. S режиміндегі өтінім Р1, Р2 және Р6 үш импульстен тұрады. Р1 және Р2 импульстерінің алдыңғы шеттерінің арасындағы аралық 2±0,05 мкс құрайды. Р2 импульсінің және Р6 фазаны синхрондық төңкерудің алдыңғы шетінің арасындағы аралық 2,75±0,05 мкс құрайды. Р6 импульсінің алдыңғы шеті фазаны синхрондық төңкеруге дейін 1,25±0,05 мкс-тен басталады. Р5 импульсі жалпы шақыру өтінімдерінде тек қана S режимінде, антеннаның бағыттылығы диаграммасының жанындағы және артындағы бағыттарымен сәулелендірілетін әуе кемелерінің жауаптарын алдын алу үшін қолданылады, бөлек антенна бағыттылығынның диаграммасын қолана отырып, таратылады және фазаны синхрондық төңкеруге симметриялы түрде орналасады. Р5 импільсінің алдыңғы шеті фазаны синхрондық төңкеруге дейін 0,4±0,1 мкс-тен басталады.

7. Р1 жән Р3 импульстерінің арасындағы аралық мыналарға сәйкес келуге тиіс:


А режимі үшін 8 ± 0,2 мкс және С режимі үшін 21 ± 0,2 мкс.

350. Импульстрдің шеттеріндегі және төмендеуіндегі амплитудадан 0,5 деңгейде өлшенген А/С режиміндегі Р1, Р2 және Р3 импульстерінің ұзақтығы 0,8 ± 0,1 мкс теу болуға тиіс.

8. А/С режиміндегі өтінім дабылдарының ең үлкен қайталау жиілігі 450Гц-тен аспауға тиіс.

9. S режиміндегі жауап импульстері бірінші берілетін импульстен 0,5 мкс ± 0,05 мкс еселенген белгілі бір аралықтан басталуға тиіс. Преамбула төрт импульстен тұрады, әрқайсысының ұзақтығы 0,5 мкс құрайды. Бірінші берілетін және екінші, үшінші және төртінші импульстердің арасындағы аралықтар тиісінше 1,3,5 и 4,5 мкс құрайды. Жауап деректері импульсінің блогы бірінші берілетін импульстің алдыңғы шетінен кейін 8 мкс өткен соң басталады.

10. Блоктауды алу негізінде тануды қолданатын Өтінім беруші тарататқан тек S режиміндегі жалпы шақырудың ең үлкен жиілігі төмендегідеу жауап беру мүмкіндігіне байланысты:

1) 3 дБ сәулелену аралығына арналған өтінімнің 1 : 3 тең жауап алу мүмкіндігі кезінде немесе секундына 30 өтінім, қай мән кішірек екеніне қатысты;

2) 3 дБ сәулелену аралығына арналған өтінімнің 0,5: 5 тең жауап алу мүмкіндігі кезінде немесе секундына 60 өтінім, қай мән кішірек екеніне қатысты;

3) 3 дБ сәулелену аралығына арналған өтінімнің 0,25 или менее: 10 тең жауап алу мүмкіндігі кезінде немесе секундына 125 өтінім, қай мән кішірек екеніне қатысты.

11. Өтінім және жауап бойынша жанындағы бағыттардың дабылдарын басу қамтамасыз етілуге тиіс.

12. Негізгі ӘК-нің антанна бағыттылығының диаграммасындағы негізгі бағытта болуы кезінде және бөгет жасайтын өтінім сигналдары болмаған кезде қосымша ақпаратты алы мүмкіндігі кемінде 0,98 болуға тиіс.

13. Цифрлық өңдеуден кейінгі радиолокатордың шығыуындағы қашықтықты өлшеу дәлдігі (ортаквадратты қате) мынадан төмен болмауға тиіс:

1) кәдімгі ЕШРЛ-Т үшін – 250 м;

2) моноимпульсті ЕШРЛ-Т үшін – 100 м.

14. Цифрлық өңдеуден кейінгі радиолокатордың шығыуындағы азимутты өлшеу дәлдігі (ортаквадратты қате) мынадан төмен болмауға тиіс:

1) кәдімгі ЕШРЛ-Т үшін – 15’;.

2) моноимпульсті ЕШРЛ-Т үшін – 8.

15. Цифрлық өңдеуден кейінгі ЕШРЛ-Т-ның рұқсат ету мүмкіндігі мынадан төмен болмауға тиіс:
     1) кәдімгі ЕШРЛ-Т үшін:

Қашықтығы бойынша – 1000 м;

Азимуты бойынша – 5о.

2) моноимпульсті ЕШРЛ-Т үшін:

Қашықтығы бойынша – 400 м;

Азимутыбойынша – 1,5о.

16. Қосымша ақпараты бар ӘК-ден жалған белгі немесе жалған қосымша ақпараты бар ӘК-ден жалған белгі беру мүмкіндігі бір азимутте екі ӘК табылған және олардың ара қашықтығы 4 км құраған кезде 10-3 аспауға тиіс.

17. ЕШРЛ-Т ақпаратты радиолокатордың көзбен шолу уақытының 0,5 аспайтын уақытына оны өңдеу кезінде бөгемеуі керек.

18. ЕШРЛ-Т-ның жұмыс істеу режимі 120 секундтан аспайтын уақытта белгіленеді.

19. ЕШРЛ-Т-ны автоматты бақылау жүйесі оның техникалық жай-күйі туралы ақпаратты басқару пунктіне жіберуге тиіс.

20. ЕШРЛ-Т шкафтарының АЖЖ сәулелену қуаттылығының ағынының тығыздығы 25 мкВт/см2 аспауға тиіс.
10-параграф. Автоматты радиопеленгатордың параметрлері (АРП)
1. Қуаттылығы 5Вт борттық радиостанцияны пеленгтеу қашықтығы 1000 м биіктікте 80 км және 3000 м биіктікте 150 км кем болмауы керек.

2. Диспетчердің жұмыс орнында АРП индикаторы бойынша пеленгтеу ақаулығы 95% ықтималдық кезінде 2,5 градустан (үлкен антенна базасымен доплерлік пеленгаторлар үшін 1,50) аспауы керек.

3. АРП жұмысын басқару, сонымен қоса оның жай-күйі индикациясы арақашықтық және жергілікті режимде жүзеге асуы тиіс.

11-параграф. Радиобайланыс құралдарының, объективті бақылау құралдарының параметрлері
1. Әуе радиобайланысының қабылдау-тарату жабдығы 118-137 МГц диапазонынан өзіне меншіктелген қолданыстағы жиілікте жұмыс істеу керек. Бұл кезде қолданыстағы жиілік торының қадамы 8,33 кГц немесе 25 кГц болуы керек. Таратушы құрылғының қолданыстағы тұрақсыз жиілігі 25 кГц жиілік торы үшін 8,33 кГц және ± 0,002% аспауы тиіс.

2. 50 Ом толқынды кедергісімен антенналық-фидерлік құрылғыға іске қосылған таратушының шығу қуаттылығы 5 вт төмен болмауы тиіс.

3. Байланысты тарату және қабылдау құралдарының АФҚ қума толқынның коэффициенті 0,5 төмен болмауы керек.

4. Сөйлеу арқылы берілетін хабарламалардың жиілік диапазоны қадамы 8,33 жиіліктер торы үшін 300-2500 Гц және қадамы 25 кГц жиіліктер торы үшін ін 300 - 2700 Гц болуы керек.

5. Сөйлеу сигналымен берілетін амплитуда модуляциясының тереңдігі 85% аспауы тиіс (А3Е класты радио сәулелендіру).

6. Сигнал/шуылды салыстыру кезінде қабылдағыштың дабыстардың шыққандығына сезімділігі, 5 дБВ тең, 3 мкВ төмен болмауы тиіс.

7. 600 Ом тең қабылдағышты жүктегендегі сигналдың НЧ деңгейі 0,25 - 1,5 В шегінде болуы керек.

8. Дыбыстық ақпаратты жазу мен тарату 300 - 3400 Гц диапазон жиілігінде таратылу керек.

9. Арнаның сигнал/шуыл арақатынасы 38 дБ төмен болмауы керек.

12-параграф. Ұшу алаңын шолатын радиолокациялық станцияның параметрлері (РЛС ОЛП /SMR)
1. Қатты жабыңдысы бар ҰҚЖ немесе РЖ орналасқан, 0,9 ықтималдылығы, 2 м2 төмен емес тиімді бейнеленген беткі жағымен ӘК және көлік құралдарын табуын қамтамасыз ету.

2. Айналма шолу режимінде, 2 км маштабта, қашықтық пен азимут бойынша рұқсат етілген қабілеттілік 15 м төмен болмауы керек.обзор

3. Көлденең жазықтықтағы әрекет ету аймағы оны орнатқан жерден бастап кем дегенде 150-ден 5000 м дейін ұзақтығы болуы тиіс. Бұл ретте шолу бұрышы 360 градусқа тең болуы керек. Радиолокатордың секторлы жұмыс режиміне рұқсат беріледі.

4. Координаттарды өлшеу қателігі аспауы тиіс:

1) қашықтық бойынша 10 м;

2) азимут бойынша 0,20.

5. Автоматты бақылау жүйесі жұмысқа жарамдылықты бақылауды және оның техникалық жай-күйі туралы ақпаратты басқару пунктіне беріліп отыруын қамтамасыз етуі қажет.

3-параграф._Жер_үсті_қозғалысын_басқарудың_автоматты_жүйесіне_қойылатын_негізгі_талаптары_(ЖҚБ_АЖ)'>13-параграф. Жер үсті қозғалысын басқарудың автоматты жүйесіне қойылатын негізгі талаптары (ЖҚБ АЖ)
1. Бақылау режиміндегі 1 деңгейдегі ЖҚБ АЖ әуеайлақтың жұмыс алаңы шегінде қамтамасыз етілуі керек:

1) ӘК, көлік құралдары мен объектілер/кедергілер жайлы позициялық ақпаратты 1 секундтан аспай кезеңмен жаңарту және қозғалыс бағытын анықтау қажет. Позициялық ақпараттың ұсынылған нақтылығы орналасқан орны және ± 10 қозғалыстың бағыты бойынша радиусы 7,5 м ауданына сәйкес болып келеді.

2) 3 секундтан аспайтын ауақытта ӘК және көлік құралдарын сүйемелдеу және таңбалауды сәкестендіру;

3) Бақылау келіп жатқан ӘК-ді жүйелерді өңдеу үрдісіне қосу мүмкіндігін (ол бар болған жағдайда) қамтамасыз ету керек және әуеайлақта қозғалысты реттеу мүмкіндігімен қамтамасыз ету тиіс.

Бақылаудың белгіленген ерекшеліктеріне жету үшін SMR-ға қосымша қозғалысқа қатысушылардың орналасқан жері жайлы ақпарат көзі пайдаланылады. Олар: ADS-B автоматты тәуелді бақылау жүйелері, мультилатеральді жүйелер, сенсорлы жүйелер және т.б.

2. 2 деңгейдегі ЖҚБ АЖ 1 деңгейдегі ЖҚБ АЖ барлық талаптарына қанағаттанарлық, сонымен қоса:

1) әуеайлақ ауданында әуе қозғалысын бақылау және әуеайлақ ауданында жер үсті қозғалысын бақылауға бір қалыпты көшу қамтамасыз етіледі;

2) ҰҚЖ көлік құралдарының және арнайы техниканың басып кіруі білінеді.



14-параграф. Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жұмыс орындарына (ӘҚБ АЖО) және әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне (ӘҚБ АЖ) қойылатын негізгі талаптар
1. Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жұмыс орнында (ӘҚБ АЖО) бейнеленеді:

1) әуе кемесінің орналасқан орны туралы деректер;



2) бақылау негізінде ӘҚБ үшін қажетті картографикалық ақпарат;

3) әуе қозғалысына қызмет көрсету кезінде ұшулар қауіпсіздігіне әсерін тигізетін тиым салынған аймақтар, ұшуларды шектеу аймақтары және қауіпті аймақтар;

4) әуе кемесінің ұшуды эшелондау және сәкестендіруге қатысты ақпарат;

5) әуе кемелердің орналасқан орындарын бейнелеуді қоса отырып, бақылаудың үздіксіз жаңартылған ақпараты.

2. ӘҚБ АЖО-да әуе кемелердің орналасқан орындарын бейнелеу келесі түрде ұсынылады:

1) әуе кемелердің орналасу орындарының жеке символдары, мысалы: БШРЛ(PSR), ЕШРЛ(SSR) және ADS-B өндірілген символдары, немесе біріктірілген символдар;

2) БШРЛ(PSR) өндірілген белгілері;

3) ЕШРЛ(SSR) өндірілген жауаптары.

Деректерді бейнелеу белгіленген жауапкершілік аймақтарымен шектеледі.

3. ӘҚБ АЖО ұшу қауіпсіздігіне байланысты, «тану» режимінде, 7500, 7600 және 7700 енгізе отырып, ЕШРЛ(SSR) арнайы кодтарын, сонымен қоса автоматтандырылған координаттарға қатысты ақпаратты бейнелейді.

4. ӘҚБ АЖО бақылау құралдарынан және (немесе) ұшу деректерін өңдеу жүйесінен алынған ақпаратты ұсыну үшін әріптік-цифрлық нысанда бейнеленген ілеспе формулярлары пайдаланылады.

5. Формулярлардағы ақпарат кем дегенде әуе кемесін тану деректерін (ЕШРЛ коды немесе әуе кемесінің тану индексі) және бар болған жағдайда ұшу биіктігі туралы (ЕШРЛ-дан «А» режимі, ЕШРЛ «С» режимі, ЕШРЛ «S» режимі және (немесе) ADS-B) алынған ақпаратты енгізу тиіс.

6. Әуе қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі (АҚБ АЖ) ӘҚБ АЖО-на қойылған барлық талаптарды қанағаттандырады, сондай-ақ:

1) жетілдірілген нысанда барлық іске қосылған көздерінің деректерін қабылдауға, өңдеуге және бейнелеу қабілеттілігімен қамтамасыз етеді;

2) ӘҚҰ қамтамасыз еткен кезде, пайдаланатын басқа автоматтандырылған жүйелерімен өзара әрекеттесу қабілеттілігімен қамтамасыз етеді, бейнеленетін деректердің нақтылығын және уақытылы берілуін арттыру мақсатында автоматтандырудың тиісті деңгейін қарастырады, сондай-ақ ӘҚҚ сабақтас органдарының іс-әрекеттерін үйлестіру үшін диспетчерге жұмыс жүктемесін және сөйлеу алмасу қажеттілігін азайтуды көздейді;

3) ұшулар қауіпсіздігіне байланысты хабарламалар мен ескертулердің көзбен шолуын, соның ішінде дауласу жағдайлардың туындағаны туралы хабарлауды, ең төменгі қауіпсіз абсолюттік биіктікке жету туралы ескертуді, ЕШРЛ байқаусыз қайталанған кодтары мен әуе кемелердің тану индекстерін және дауласу жағдайын болжауды қамтамасыз етеді;

4) ӘҚБ АЖ осындай бастапқы шолу радиолокаторы (БШРЛ/PSR), екінші шолу радиолокаторы (ЕШРЛ/SSR) сияқты бақылау деректерінің бейнеленуін қамтамасыз етеді. ADS-B ақпаратты бейнелеу ұсынылады.



Азаматтық авиацияда ұшуды     


және авиациялық радиобайланысты
радиотехникалық қамтамасыз    
ету қағидаларына 22-қосымша 
Тікұшақ айлақтардың радиотехникалық жабдығы
1-параграф. Тікұшақ айлақтарын (тікұшақ палубаларын) радиотехникалық жабдықпен жабдықтау
1. Ұшуларды қамтамасыз ету үшін теңіз қондырғыларында/кемелерде орналасқан тікұшақ айлақтарына (тікұшақ палубаларына) радиотехникалық жабдық орнатылады.

2. Ұшуларды қамтамасыз етуге арналған жабдық қондырғы/кеменің басқа да радиоэлектрондық құралдарымен біржолды жұмыс жағдайында жұмыс істейді. Жабдықтың әрбір типіне арналған әзірлеуші кәсіпорынның пайдалану құжаттамасы болуы керек.

3. Радиотехникалық жабдықты орналастыру, ерекшеліктері және құрамы төменде көрсетілген, және қондырғыда/кемеде пайдаланған тікұшақтарды негізге ала отырып, жобалау кезеңінде уәкілетті органмен келісілуі керек.Тікұшақ айлақтарының (тікұшақ палубаларының) радиотехникалық жабдығы Мемлекетаралық авиациялық комитетпен сертификатталған және жабдық типінің серификатына ие болуы керек.

2-параграф. Жетекті радиостанция/бағытталмаған радиомаяк (ЖРС/NDB)



4. Жетекті радиостанциясы (ПРС/NDB) қондырғы/кемеге тікұшақтарды қондыруға келтіру және кіру үшін арналған. ЖРС қос резервтеуге ие болуы керек.

5. Жетекті радиостанция типтік радиокомпаспен сигналдарды қабылдаған кезде радиостанцияның әрекет ету аймағы шегінде қамтамасыз ету арқылы сәулелендіру сипаттамасына ие болуы керек:

1) ақаулығы ±5 аспайтын жетекті радиостанцияның курстық бұрыштарының мәнін алу;

2) тану сигналдарын қанағаттанарлық түрде тыңдауға ие болу.

3) ЖРС Морзе кодымен таратылатын тану сигналына ие болуы керек.

6. ЖРС бақылаудың автоматтандырылған жүйесі авариялық дабылдарды келесі жағдайларда таратады:

1) антенналық контурдағы тогы 40% аспайтындай етіп төмендеген кезде;

2) модуляция тереңдігін 50% аспайтындай етіп азайған кезде;

3) тану сигналын таратуды тоқтатқан кезде.

7. ЖРС негізгі техникалық ерекшеліктері:

1) жиіліктер диапазоны 300 - 700 кГц;

2) шығатын қуаттылық 60 Вт төмен емес;

3 модуляция тереңдігі 85% кем емес А2А сәуелендіру класы ;

4) желіден қоректену (дизель - генератор) - (220 В ± 10) % (50 Гц ± 5) %

5) жетекті радиостанция арқылы командаларды тарату арнасын басқару органдарының бар болуы.

3-параграф. Әуе электр байланысының АЖЖ құралдары
8. Авиациялық әуе электр байланыс құралдары АСО (радиооператорымен) \ ТҚМ және тікұшақ экипажы арасындағы екі жақты, іздеусіз радиобайланысты қамтамасыз етеді.

9. Әуе электр байланыс құралдары қос резервтеуге ие болуы тиіс.

10. АЖЖ ауқымындағы әрбір арнада антенналық-фидерлік жүйесі (бұдан әрі - АФЖ) бар қабылдау және тарату құрылғыларының немесе қабылдау-тарату құрылғысының (трансивердің) негізгі және резервтік жиынтықтары көзделеді, радиобайланыс құралдары жиынтықтарының біреуі үшін химиялық ток көздерінен ұзақтығы кемінде 2 сағат болатын авариялық электрмен қамтамасыз ету көзделген.

11. Әуе электр байланысының құралдары «Қанағаттанарлықтан» төмен емес баға қою арқылы сөйлеудің мағыналық анықтығын қамтамасыз етеді.

12. Әуе электр байланыс құралдарының негізгі ерекшеліктері:

1) жұмыс түрі - A3;

2) жиілік торының қадамы 8.3 кГц, 25 кГц;

3) 6 дБ - 16 кГц деңгейде қабылдағышты өткізу сызығы;

4) жиіліктер диапазоны 100 - 150 МГц;

5) тарату қуаттылығы - 50 Вт төмен емес;

6) 150 м биіктікте 70 км кем емес әрекет ету қашықтығы.

13. Ұшуларға қызмет көрсетуге (қамтамасыз етуге) байланысты өндірістік қызметін қамтамасыз ету үшін қондырғылармен/кемелерге 3-4 бекітілген теңіз жиіліктерімен (арналармен)100 - 163 МГц диапазонның АЖЖ радиостанциясы орнатылады.

14. ТҚМ, тікұшақ экипажы мен АСО (радиооператоры) арасындағы екі жақты радиобайланыс үшін диапазонның АЖЖ толық жиынтығы бар тасымалды радиостанциясымен қамтамасыз етіледі.
4-параграф. ҚТ – электр байланысы
15. ҚТ электр байланыс құралдары авиациялық әуе байланысы үшін, өзге де қондырғылармен/кемелермен, жер үсті объектілермен өзара әрекет етуге арналған.

16. ҚТ радиостанцияның негізгі ерекшеліктері-2-12 МГц диапазонды:

1) жұмыс түрлері - А1, A3, А3Н, A3JAI;

2) жиілік торының қадамы 1 кГц;

3) ± 20 Гц жиіліктің тұрақсыздығы;

4) таратқыштың номиналды түрде шығатын шың қуаттылығы 50 - 400 Вт.

17. Диапазонның ҚТ радиостанциялары аппаратурасының жиынтықтарын резервтеу қамтамасыз етіледі.

5-параграф. Ішкі байланыс құралдары
18. Авиациялық мақсаттағы қондырғылардың/кемелердің ішкі байланыс құралдары қамтамасыз етіледі:

1) қызметтік-техникалық және тұрғын үй-жайларға қатты дауыс шығару командаларын бір жақты беру мүмкіндігі;

2) радиорубка, қызметтік-техникалық және тұрғын үй-жайлар арасында қондырғылар/кемелер АТС арқылы телефон байланысы;

3) авиациялық қызметтік-техникалық үй-жайларда ішкі қатты дауыс шығару командалық таратуларды қабылдау;

4) ішкі трансляциялау бойынша радиохабар тарату бағдарламаларын қабылдау;

19. Ішкі байланыс схемасы қондырғыны/кемені жобалау процесінде белгіленеді.

6-параграф. Дыбысты жазу құралдары
20. Дыбысты жазу құралдары АСО (радиооператормен) және барлық әуе электр байланыс арналарында тікұшақ экипажы арасындағы радиоауысымды магниттік тасымалдағышқа жазу үшін арналған.

21. Тікұшақтардың ұшуларын қамтамасыз ету бойынша өзара сөйлесулерін жазу арнайы магнитофонға жазылады (сөйлеу ақпаратын жеке құжаттандыру құралы).

22. Дыбыс жазу құралы магниттік тасымалдағышқа бір уақытта төрттен кем емес тәуелді арналарды жазуға мүмкіндік береді.


7-Параграф. Ұшуды ақпараттық қамтамасыз ету
23. Қондырғыда/кемеде ұшуды қауіпсіз орындау үшін радиооператорлар тікұшақ экипаждарын олардың сауалдары бойынша қажетті ақпаратпен қамтамасыз етуді мүмкіндік беретін жұмыс орнымен (ОАС (радиоператор) пультімен) жабдықталады.

24. Жұмыс орны радиорубкада немесе жеке үй-жайда – кемелік тікұшақтық командалық пунктте (КТКП) орналастырылады.

25. Ақпараттық қамтамасыз ету үшін келесі жабдық орнатылады:

1) радиооператор пульті;

2) жетекті радиостансасының жұмысын басқару және бақылау панелі;

3) жарық белгілері жабдығымен басқару панелі;

4) әуе электр байланысының ӨЖЖ радиостансасын басқару панельдері;

5) ішкі байланысты басқару панельдері;

6) метеорологиялық ақпаратты көрсететін құралдар (табло) (тікұшақ әуеайлағының аймағындағы (тікұшақ палубасындағы) желдің ұйытқуы мен бағыты, температура, қысым, ылғалдығы);

7) қисаю және қондыру дифферентінің, сондай-ақ тікұшақ айлағының (тікұшақ палубасы) тік жылжуының көрсеткіштері;

8) жазықтық көрерлікті және бұлттардың төменгі шегін өлшеу аспаптарының дистанциялық индикаторлар;

9) барлық мүдделі тұлғаларға қажетті (метеорологиялық, өндірісті және т.б.) ақпаратты телефон, интернет немесе факс арқылы жіберу үшін;

10) авиациялық сағаттар;

11) теңіз дүрбі.

26. Барлық аспаптар мен басқару пульттері ауыстырылусыз қол жетерлік көлемде (радиоператордың) АСЖ жұмыс орнында орналастырылады.

27. Басқару пульттері мен аспаптар (радиоператордың) АСЖ шағылыстыруды болғызбайтын жергілікті көмескі жарықпен жабдықталады.

АА ұшуды және авиациялық


электр байланысын радиотехникалық
қамтамасыз ету қағидаларына
23-қосымша

жүктеу 3,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау