«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет34/35
Дата20.11.2018
өлшемі1,33 Mb.
#22204
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

132

133


Молда көп «молда» деген атын сатқан,

Бас алмай өтірік соққан шариғаттан.

Өзі хат білмесе де «оқуы» көп,

Бас  айналған,  мылжыңнан  діңкең  қатқан,-  деп  дүмше 

молдаларды сынға алады.

Жантөре:  -  1911  жылы  Сұлтанмахмұт  бір  қыс  бойы 

Нұрғали  деген  мұғалімнен  оқиды.  Ол  жаңаша  оқыған  адам 

екен,  оқушыларын  пән  негіздерімен  таныстырып,  олардың 

білімге  деген  ынтасын  ұштайды.  Нұрғалидың  көмегімен 

Сұлтанмахмұт қазақ,татар тілдерінде шыққан көркем әдебиет 

кітаптары мен газет, журналдарды оқуға  дағдыланды. Болашақ 

ақын одан әрі оқуды армандайды.

Индира: - Сұлтанмахмұттың бұл тұста жазған өлеңдерінде 

ізденіс, ұмтылыс сарыны күшті. «Шығамын тірі болсам адам 

болып» деген өлеңінде ол:

«Шығамын тірі болсам адам болып,

Жүрмеймін бұл жалғанда жаман болып.

Жатқаным көрде тыныш  жақсы емес пе,

Жүргенше бұл өмірде  надан болып?!   

Мен – балаң жарық күннен сәуле қуған, 

Алуға Күнді барып белін буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін, 

Болмасам  толған  айдай  балқып  туған»,  -    деп,  ақындық, 

азматтық бағдарламасын  ұсынады.



Жанерке: - Сұлтанмахмұт «Ендігі бет алыс» өлеңінде:

               Тұрмысты үмітім көп жеңем деген,

               Жеңуге жігеріме сенем деген.

               Ырқыма менің жүрер қай дүние,

               Көнбесе өз ырқыма өзім денем.

               Әрине, шыдар-ақпын өлуге мен,

               Баспаспын жаман жолға көнуге мен.

               Ақтармын оқып жетіп адам атын,

               Басқаға жоқ ықылас бөлуге мен .

               Менде жоқ қажу, шаршау, ашу деген,

              Торығып болымсызға жасу деген.

               Ісіне құрт-құмырсқа ілтипатсыз,

               Ойымда тек сол белден асу деген.

              Шындықтың ауылын іздеп түстім жолға,

              Разымын не көрсем де осы жолда.

              Шаршармын, адасармын, шалдығармын,

              Бірақ бір табармын деп көңілім сонда,- деп жазады.

Өз  ойын  бекіту  үшін  ол  өлеңінде  Сократтың  «Адам  құл  өзін 

жеңіп  ұстамаған»  деген  сөзін  келтіреді.  Ақын  қиындыққа 

шыдап,ерлікпен төзе білсе, мақсатқа жететініне күмәнданбайды.



Камила: - Сұлтанмахмұт – тым ерте оянған  және халық, ел 

мұңын ерте түсініп жырлаған ақын. Осы бала жігіт (19-20 жаста) 

кезінде  жазған  өлеңдерінің  өзінде  ол  әлеуметтік  теңсіздікті, 

қазақ    халқының  қоғамдық  өмірінің  мешеулігін,  ескі  ауылды 

езіп-жанышқан  әдет-ғұрып  заңдарының қырсығын жіті көреді. 

Өз  дәуірінің  озат  ақыны  есебінде  аталған  ауыртпалықтардың 

серпілуін  аңсайды.

Күй: «Ерке сылқым».

ІІ бөлім. Ақынның шығармашылығын мәнерлеп оқу. 

(Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлеңдерін оқушылар жатқа 

оқыды).


Күй: «Балбырауын».

Мұғалімнің қорытынды сөзі: 

- Жарқын болашаққа сенім артқан ақын:

«Еңбек, бейнет тарауы

Рақатқа сарқылар.

Қыздырып күннің қарауы -

Надандық теңізі тартылар.

Орыны ортайып көгерер,

Қызығын  жайлап  ел  көрер»,  -  деп  кемел  болашаққа              

сеніммен қарай білді.



134

135


Жас маманға жәрдем

Бибігүл ӘБДІМАНОВА, 

«Теміртау технологиялық колледжінің» оқытушысы.

Қарағанды облысы,

Теміртау қаласы.

ЫҚШАМДЫҚ

(Жалғасы. Басы өткен нөмірде)

Шеберлік  –  таланттан  бастау  алатын  ғана  емес,  сонымен 

бірге,  өн  бойында  оның  жанды  өзегі  тұратын  да  құбылыс. 

Сол  себептен  де  бұған  жазушы  шеберлігі  шарттарының 

қай-қайсысы  да    тәуелді.  А.П.Чеховтың  сөз  қолданудағы 

ықшамдықты «талант қарындасы» деп есептеуі де сондықтан. 

«Қысқа жазу - таланттылықтың белгісі: «Жазу өнері – қысқарта 

білу  өнері»,  «Талантты  жазудың  үлгісі  -  шағындық»,  «Ұзақ 

нәрсе  туралы  қысқа  айта  алам».  Қағидаға,  тіпті,  афоризмге 

айналып  кеткен  осы  бір  сөздер  А.П.Чеховтың  хаттары  мен 

жазбаларында  жиі  кездеседі.  Бұл  –  аз  сөзділік,  яғни,  аз 

сөзбен  көп  мағына  аңғарту.  Бұның  ең  көне  де,  көрікті  үлгісі 

– мақал-мәтелдер. В.И.Дальмен бір әңгімесінде бұлар туралы 

А.С.Пушкин: «Біздің әр мәтелімізде қаншама байлық, қаншама 

мағына,  қаншама  мазмұн  тұр!    Неткен  алтын  еді  бұл»,-  деп 

таңданса, М.Горький жазушылар алдында сөйлеген сөздерінің 

бірінде: «Ең ұлы даналық – мақалдар мен өлеңдер, бұлар қашан 

да қысқа, ал бойларында ақыл мен сезім бірнеше томдық» - деп 

тамаша сипаттама береді.

Шынында  да,  «Талап  -  талмас  қанат»,  «Талапты  ерге  нұр 

жауар», «Оқу - білім бұлағы, білім - өмір шырағы», «Оқусыз 

білім жоқ, білімсіз күнің жоқ», «Өнерліге өлім жоқ», «Өнердің 

өрісі ұзақ», «Ашу - дұшпан, ақыл - дос», «Өлімнен ұят күшті», 

«Ер  жігіттің  екі  сөйлегені  -  өлгені»,  «Еңбек  түбі  –  береке, 

ынтымақ түбі – игілік,  тірлік түбі - бірлік» сияқты көптеген 

мақал-мәтелдерге ой, көз тоқтатып байқайықшы. Әрқайсысында 

қаншама терең мазмұн тұр! Сұп-сұлу мүсіндері қандай! Ендеше, 

қалайша бұларды алтынға баламасқа, сөздің көркі санамасқа! 

Әрине  мақал-мәтелдер,  мына  келтірілгендердей  мысалдар 

ықшамдық  үлгісі  болғанмен,  қысқа  жазу  үшін,  шығармадағы 

әр  сөйлем  дәйім  тек  осыларға  ұқсап  қана  құрылуға  немесе 

тек бастауыш, баяндауыштан тұратын бірыңғай жалаң я бірер 

сөзді  ғана  толымсыз  болып,  жал  құйрығы  күзелген  тайдай 

шолтаңдап тұруға тиіс емес екені белгілі. Себебі, сөйлем, бір 

жағынан,  жарыққа  шығарылмақ  ойдың  сипатына,  көлеміне 

қарай да тұлғаланатын категория. Ал қаламгердің тіл шеберлігі 

сол  ойды  шығармасының  жанрына,  мәтініне  қарай  қажетті 

тұстарда  аз  сөзді,  қысқа  етіп  не  артық  сөзсіз  және  сөздеріне 

кең, терең мағына сыйғызып жаза алуынан көрінбек. Мәселен, 

философиялық мәнді «Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: ыстық 

қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» немесе жай күйді баяндауға, 

суреттеуге арналған «Игіліктің әр мінезінен шошына жүретін 

кәрі би Боздақ өз ойындағы бір түйіншекті шеше алмай отыр», 

«Аян  қараңғы  бұрышта  бір  уыс  боп  бүрісіп,  екі  алақанымен 

бетін басып, солқылдап жылап отыр екен» деген сөйлемдердің 

әрқайсысына  осы  құрылымдары  жарасымды.  Сондықтан 

бірінші сөйлемді екінші не үшінші сияқтандыру оның стиліне 

лайықты емес, ал кейінгілері бірінші тәріздендіріп құру жалпы 

мүмкін емес.

Ал, салынған сурет, берілген мінездеме дегеніңіз! Бұлар, азат 

жол аяғында автордың «таңданғандайсың!» деп жазғанындай, 

адамды  шынында  да  қайран  қалдырғандай:  Игілік  сыртымен 

арыстан,  ішімен  қу  түлкінің  өз  құйрығын  мұзға  қатырғандай 

айлакер, зымиян болып шебер бейнеленген.

Мысал-тапсырмалар:

- Балаға байқап сөйлесең, Ақылға көнер.

Байқамай, шайқап сөйлесең, Көрсетер бір «өнер».

- Ағайын, барында аузыңды жалайды, 

Жоғыңда желкеңнен қарайды. 

- Өмір қартайса да,  Көңіл қартаймайды. 

- Тістейтін жылқы тісін көрсетпес.

- Жоғалған пышақтың сабы - алтын. 

 - Жыланға түк біткен сайын қалтырауық болады;

Жаманға мал біткен сайын бақырауық болады. 




жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау