4
5
Д) Қазақ хандығы іс қағаздарында, дипломатиялық
қарым-қатынас ісінде;
Е) Бай-шонжарлардың құқығын қорғауда.
3. Қазақтың ескі жазба тілі үлгілеріне қай шығарма
жатады, белгілеңіз:
А) Әбілғазы Баһадүр. «Шежіре түрік»;
В) Ы.Алтынсариннің шығармалары;
С) Тасқа қашалған ескі жазулар;
Д) Күлтегін ерлігі жайлы шығарма;
Е) М.Қашқари. «Диуани лұғат-ат-түрк».
4. Ш.Уәлихановтың хат-қағаздарының тілі қандай
жазу үлгісіне жатады, көрсетіңіз:
А) Араб жазуы; В) Қирилица;
С) Тасқа қашалған жазу үлгілеріне;
Д) Ескі қазақ жазба тіліне;
Е) Төте жазу үлгісіне.
5. Ескі қазақ жазба тілінің емле жүйесінің тым күрделі
болуының себебі не, анықтаңыз:
А) Төрт түрлі элементтердің аралас-құралас жүруінен;
В) Жеті түрлі элементтердің аралас-құралас жүруінен;
С) Жазылуы қиын сөздердің мөлшерден тыс көп
болуынан;
Д) Бес түлі элементтердің аралас-құралас жүруінен;
Е) Үш түрлі элементтердің аралас-құралас жүруінен.
6.Ескі жазба тілдің қолданылу аясы қандай болды,
белгілеңіз:
А) Халықтың белгілі бір әлеуметтік тобы ғана;
В) Қарапайым халық қолданды;
С) Бұқаралық сипат алды;
Д) Еш жерде қолданылмады;
Е) Жекелеген адамдар ғана қолданды.
7. Ескі жазба тілдің ілгерілеуіне қай газет-журналдар
атсалысты, белгілеңіз:
А) «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті;
В) «Шұғыла» журналы, «Қазақ» газеті;
С) «Сарыарқа» газеті, «Жетісу» журналы;
Д) «Күншуақ» журналы, «Айқап» газеті;
Е) Барлық журналдар мен газеттер.
8. «Жамиғ-ат тауарихы» шығармасының авторы кім?
А) Әбілғазы Баһадүр; В) Әбілқайыр хан;
С) Махамбет Өтемісұлы; Д) Қадырғали би Жалайыри;
Е) Мәшһүр Жүсіп.
9. Әбілғазы Баһадүрдің шығармасын көрсетіңіз:
А) «Хибат-ул-хакайқ»; В) «Диуани лұғат-ат-түрк»;
С) «Шежіре түрік»; Д) «Жамиғ-ат тауарихы»;
Е) «Кодекс Куманикус».
10. Оқулықта берілген «Махамбеттің хаты» дәлудің 19-
ында жазылған. Дәлу (арабша) қазақша қай ай, анықтаңыз:
А) наурыз; В) сәуір; С) маусым; Д) қаңтар; Е) ақпан.
11. «Махамбеттің хаты» қай стильде жазылған, белгілеңіз:
А) Ауызекі сөйлеу стилінде;
В) Қөркем шығарма стилінде;
С) Ресми іс қағаздары стилінде;
Д) Ғылыми стильде;
Е) Публицистикалық стильде.
12. Зерттеушілердің пікірінше, ескі қазақ тілі өзінің
бастау кезін қай ғасырдан алады, көрсетіңіз:
А) ХVІІІ ғасырдан;
В) Көне түркі дәуірінен;
С) VІІІ-ІХ ғасырдың орта кезеңінен;
Д) V-VІІІ ғасырдың орта кезеңінен;
Е) Орта ғасырдың орта кезеңінен (ІX-XІІІ ғғ.).
13. Абайдың қандай шығармаларының тілін ескі қазақ
жазба тілінің үлгісі деп тануға болады, белгілеңіз:
А) табиғат лирикаларының;
6
7
В) поэмаларының тілін; С) мысал өлеңдерінің тілін;
Д) қарасөз түріндегі шығармаларының;
Е) саяси тақырыптағы өлеңдерінің тілін.
14. Қазақ хандығы іс қағаздарында, дипломатиялық
қарым-қатынас ісінде қолданылған тіл:
А) Орхон-Енисей жазбалары; В) Ескі қазақ жазба тілі;
С) Төте жазу; Д) Латын тілі;
Е) Тасқа қашалған жазулар тілі.
15. Ескі қазақ тілінде қолданылған: «Хұрмәтлу, бек ұлуғ
мархабаттан болар еді, бутан ғайри не язайын, язғушы»
сияқты сөздер қай стильде қолданылған, көрсетіңіз:
А) Ауызекі сөйлеу тілінде; В) Іс қағаздар стилінде;
С) Көркем шығармада; Д) Ғылыми стильде;
Е) Баспасөз тілінде.
2. Тақырыбы: Қазақ тілінде пайдаланылған әліпбилер.
Мемлекеттің деңгейі қашанда азаматтардың білімі-
мен, мәдениет деңгейімен анықталады. Мәдениеттің
ұстанымдары халықаралық және ішкі ұлтаралық
бейбітшілік пен келісімнің негізінде жасалады. Мәдениет
– біз үшін еліміздің саяси жаңаруына ықпал етуші күш.
Н.Ә.Назарбаев
Диктор: - Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің
белгіленген тәртіп бойынша орналасқан жиынтығы. Ол
әріптердің рет тәртібін де білдіреді. Ұғымды белгілейтін
идеограмма жазудан, сөзді бейнелейтін логограмма жазудан
Әліпбилік жазудың жүйесі мүлде бөлек. Өйткені, Әліпбилік
жазу – жеке дыбыстарды бейнелейтін және сол арқылы
тілдегі сөздердің дыбыстық мағынасын беретін жазба
таңбалар жүйесі.
Жазу тілі – көптеген тарихи ақпарат көздері бойынша
өте бай қор болып есептеледі. Қандай жазу тілі болсын, бірі-
бірімен тығыз байланыста болған. Жазу тілі мен мәдениет
өзара тығыз байланыста дамып отырған. Олардың өзара
дамуы – бұл жаңашылдық емес. Мәдениет мың жылдар
бойы басқа мәдениеттермен де тығыз байланыста болып
гүлденіп, үздіксіз дамып келеді.
Бүкіл түркі халқына ортақ көне жазба нұсқаларды
айтпағанда, қазақ халқы басқа да түркі халықтары
сияқты ислам дінінің тарауымен бірге келіп енген араб
жазуын ертеден бастап қолданған.
1914 жылы араб жазуын қазақ тіліне сәйкестендіру
жолдарын баяндаған оқу құралы да жазылды. Бірақ
олардан тапқан пайда тым елеусіз болды, шешілмеген
түйін сол шешілмеген қалпында қала берді. Сөйтіп,
бір жағынан, ғасырлар бойы қолдануға тырысушылық
болса, екінші жағынан, латын әліппесіне көшудің
дайындықтары кең етек алды.
1928 жылдың басынан бастап, жаңа әліппеге көшу
дайындығы бұрынғы жылдардан едәуір қарқынды
жүргізілді. Осы бағытта айтылған пікірлерді жинақтай
келе, 1929 жылы заңды түрде бекітіп қабылданған, латын
графикасына негізделген әліппеде қазақ тілінде 29 дыбыс
бар, олардың тоғызы дауысты, жиырмасы дауыссыз деп
көрсетілді.