«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет33/35
Дата20.11.2018
өлшемі1,33 Mb.
#22204
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

128

129


Қазақ әдебиеті: озық тәжірибе, ортақ әдіс

Мархабат АЛМАҒАНБЕТОВА,

№136 Т.Жүргенов атындағы 

мектеп-лицейдің мұғалімі. 

Қызылорда қаласы.



«ҰЛПАН» РОМАНЫНЫҢ ҰЛАҒАТЫ

(9-сынып)

Мақсаты:  сұрақтарға  жауап  беру,  кейіпкерлерді  талдау, 

образдар  жүйесін  жасау,  Ұлпан  бейнесін  үлгі  ету,  ақылдылыққа, 

ұстамдылыққа  тәрбиелеу.  Түрі:  меңгерту  сабағы.  Әдісі:  әңгіме 

сағаты. Көрнекілігі: интерактивті тақтада сұрақтар жасырылған 

кесте.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі;

2.Үй  тапсырмасын  сұрау:  а)  «Абай  жолы»  романындағы 

әйелдер  бейнесі;  ә)  «Менің  кейіпкеріме»  пікір;  б)  Абайдың  өсу 

жолдары; в) Абай өскен орта.

3. Жаңа сабақ.

Ғабит  Мүсірепов 

–  шығармашылығындағы  аяулы,  асыл,  қа-

сиетті аналар образын бейнелеуге ерекше назар аударған суреткер 

жазушы. Романның өзіне келетін болсақ, бұл роман үш бөлімнен 

және жиырма төрт тараудан тұрады. «Ұлпан» романында тоқсанға 

жуық  образдар  бар.  Шығарманың  оқиғасы  XIX    ғасырда  қазақ 

даласында  болған  тарихи  шындықтарға  негізделген.  Романның 

Ұлпан,  Есеней,  Мүсіреп  тәрізді  кейіпкерлері 

–  өмірде  болған 

адамдар. Романның атына лайық оның ең басты кейіпкері - әрине, 

Ұлпан.  Ұлпан 

–  романтикалық  характер.  Тарихи  адам  өмірінің 

шындығын  жазушы  асқан  дәлдікпен  суреттеп,  өз  ортасының 

оқшау шыққан  адам екенін танытып, қаһармандық қасиеттермен 

әрлейді.  Қарапайым  қазақ  қызының  іс-қимылы  да,  сөзі  де  бір 

көргеннен ірі танылады.

Батырдың  ерке  қызы  шаңырақтың  берекесі,  үйдің  киесі 

болып,  яғни,  жоқтың  өзі  бар,  аздың  өзін  көптей  етіп  отыратын, 

он  саусағынан  өнері  тамған  Несібелі  ананың  қызы  -  Ұлпанға 

ұяда  көрген  тәрбиесінің  арқасында  Есеней    ғана  емес,  бүкіл  ел 

қызыққан, сүйсінген. Ұлпан ата-анасының  тұңғышы мен жалғызы 

болғандықтан өте еркін өскен.«Ұлпан» романын жазардан бұрын 

жазушы  сол  Ұлпан  тұрған  ауылға  1941  жылы  Қызылжардан 

келеді.1928 жылы күзде Қызылордадағы қызметке келеді. Үлкен 

ағасы  Хамит  Қожабай  көлінің  маңындағы  Лебяжі  темір  жол 

станциясына алып келеді. Осы станция Сибан зиратының маңынан 

өткен.  Сол  кезде  зират  аралап  жүрген    Исахмет    деген  молдаға 

кездеседі.  Ұлпан  зиратының  маңында  болады.1974  жылы  роман 

дүниеге  келеді. Романда 100 жылдық тұрмыс суреттеледі. «Осы 

шығарманы  Ұлпан  рухына,сондай  бейнелерге  арнадым»  дейді 

автор.


Ұлпан кім? 

1. жас болса да,ақылды; 2. өжет, батыл; 3. ел бірлігін ойлаушы, 

бітімгер; 4. үлкен ақыл иесі.

Кейіпкерлер: Ұлпан, Есеней, Есеналы, түрк Мүсіреп, Мүсіреп, 

Шынар, Торсан, Жәуке, Несібелі, Біжікен, Артықбай.

Негізгі оқиға желісі: Ұлпанның ақылдылығы арқасында бүкіл 

Сибан елінің ел қатарына қосылуы. Ұлпанның ерен еңбегі, ақылды 

жомарттығының арқасында ел анасы атанып, дүниеден бақытсыз 

болуы.

Оқушылар төмендегідей романға жоспар құрады.



Сюжеттік  жоспар:  1.  Артықбайдың  үйіне  Есенейдің  келуі; 

2.  Ұлпанды  құтқаруы;  3.  Ұлпанды  айттыруы;  4.  Той  қамы;  5. 

Есенейдің билік құруы; 6. Ел қарызын өтеуі; 7. Орыс үйіне келуі; 

8.  Тіршілік  белгісі;  9.  Есенейдің  құлауы;  10.  Ақнар  атануы;  11. 

Күйеу; 12. Тірі азар; 13. Ұлпанның дүниеден өтуі.

Жоспар бойынша әңгімелеу.



Бағалау:  интерактивті  тақтадан  ұяшықтар  арқылы  дайын-

далған  сұрақтарға  оқушылар  жауап  береді.  Романды  оқымаған 

оқушы жауап бере алмайды.

Үйге  тапсырма:  романның  2-3  бөлімдерін  оқу.  «Байлық  еш 

адамға опа бермес» дегенді қалай түсінесің? (өзіндік көзқарасын 

романмен байланыстыра отырып жазу).



130

131


Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 120 жылдығы

Алмагүл СМАҒҰЛОВА,

Сәкен Сейфуллин атындағы 

№7 мектеп-гимназиясының мұғалімі.

Балқаш қаласы.



ЖАЛЫНДАП ӨТКЕН ЖАС ҒҰМЫР

Мақсаты:  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  туғанына  120 

жыл  толуына  орай  ақынның  өмірі  мен  шығармашылығымен 

таныстыра  отырып,    оқушы  бойында    оқу-білімге 

құштарлығын  ояту.  Көрнекілігі:  Сұлтанмахмұт  Торайғыров 

шығармашылығына буклеттер, слайд топтамалары.

Кеш барысы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі.

І бөлім. Ақынның өмір жолы.

Оқушылар  Сұлтанмахмұт  Торайғыровтың  өмір  жолы  

туралы жинаған мәліметтерін ортаға салады.



Рахат:  -  Ақынның  өмірі  де  ұмтылыс  пен  ізденіске  толы 

болды.  Әлеуметтік  оқиғалардың  шиеленісті  дәуірінде  өмір 

сүрген  ол  өз  заманының  сыры  мен  қайшылықты  шындығын 

тануға тырысып бақты. Сол жолда не қилы өмір өткелдерінен 

өтті. «Жігіттікке асығу»қасиеті оған бала кезден тән болуы да 

осыны аңғартады.



Назым:  -  Сұлтанмахмұт  Торайғыров  1893  жылы  28 

қазанда  Омбы  уезінің,  Шағырай  облысында,  Қарауыл  Шабар 

ауылында туған. Әкесі Шоқпыт атанған кедей, момын, ақкөңіл 

адам болған. Шаруасыз, күйсіз Шоқпыт Қарауыл еліндегі бай 

жездесін паналап, соның малын баққан .

Ұлан:  -  Сұлтанмахмұттың  екі  жасында  шешесі  өліп, 

болашақ  ақын  жетімдік  пен  жоқшылықтың  тақсыретін 

бірдей көріп өседі.Әйелі өлгеннен кейін Шоқпыт өзінің туған 

жері  –  Павлодар  облысының  Баянауыл  ауданына  көшеді. 

Сұлтанмахмұттың балалық шағы осында өтеді.

Гүлназ: - Әкесі Шоқпыттың қөмегімен алты жасында хат 

таныған Сұлтанмахмұт біраз уақыт ауылда Әлі, Тортай, Мұқан 

деген молдалардан сабақ алды . Солардың ішінде Мұқан молда 

ғана жас баланың ынта-жігерін, әдебиетке құмарлығын түсініп, 

көмектеседі. Өзі де  аздап өлең жазатын. Шығыс әдебиетінен 

хабары  бар  Мұқан  Сұлтанмахмұттың  ақындық  талабын 

құптайды. Өзінің шәкірттік өлеңдерінің бірінде ақын оны:

                        Әкемнен «Әліпбиді» үйде оқыдым,

                        Үйреніп намаз, сабақ жат оқыдым.

                        Әлі молда алдында дәл екі жыл 

                        Әр түрлі ескі кітап бір шоқыдым. 

                        Тортайдан екі жылдай сабақ алдым,

                        Ол байғұс аяған жоқ ойда барын.

                        Ғылымның орны бас пен көкіректе ,

                        Бүйір шығып, қампия тоймас қарын. 

                        Мұқаннан екінші жыл сабақ алам,

                        Ұйықтасам да, көңілім оқуға алаң.

                        Лепес қып өзі бастан ақын бол деп,

                        Дұғасын ықыласпен берді маған. 

Арман:  -  1908  жылы  Сұлтанмахмұт  Баянауылдағы 

Әбдірахман молданың медресесіне түсіп, онда екі-үш жылдай 

оқиды. Өз үйінде жатып оқыған баланы молда малай орынына 

жұмсайды,  оның  үстіне  қатал  ұстап,  әр  түрлі  сылтаулармен 

ұрып-соғатын  болады.  Молданың  надандығын,  қаталдығын 

айтып,  Сұлтанмахмұт  сықақ  өлеңдер  шығарады.  Молда  оны 

одан  әрі  жазалап,  өлең  жазуына  тыйым  салады.  Осындай 

қаталдыққа шыдамаған Сұлтанмахмұт оқуды тастап кетеді.

Әсел:-Жасынан  әр  түрлі  молда  алдын  көріп,  олардан 

жарытымды  білім  ала  алмаған  Сұлтанмахмұттың  дін  мен 

молда  жайлы  көзқарасы  осы  кезден  қалыптаса  бастағанға 

ұқсайды.  Ол  молдалардың  надандығын,  ескі  діни  мектептің 

балаға  ешнәрсе    үйрете  алмайтын  схолостикасы  мен  қатал 

тәртібін алғашқы өлеңдерінің өзінде-ақ («Орынымыз медресе 

оқып жатқан»,«Дін», т.б.) қатты сынға алады.



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау