«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет32/35
Дата20.11.2018
өлшемі1,33 Mb.
#22204
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35

124

125


ІІ  топ.  Себеп  бағыныңқы  сабақтастың  барлық  жасалу 

жолына бір-бірден мысал жазып келу.



ІІІ  топ.  Жаңа  сабақты  түсіндіруге  пайдаланылған 

мысалдардың  барлығына  сатылай  кешенді  талдау  /

синтаксистік/.

Бағалау.

Құттығыз ЖӘНІБЕКОВА,

№247 орта мектеп мұғалімі.

Қызылорда облысы,

Жаңақорған ауданы,

«Бесарық» бекеті.



САЛАЛАС ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ

(қайталау сабағы) 

Сабақтың  мақсаты: құрмалас сөйлемнің басты белгілерін 

білу,  құрылысын,  құрамын  ажырату,  тыныс  белгілерін  дұрыс 

қойып  жаза  білуге  үйрету.  Міндеттері:  а)  білімділік  -  басқа 

сөйлем  түрлерінен  негізгі  ерекшеліктерін  білу,  соған  сәйкес 

нақты  мысалдар  келтіру  шеберлігін  жетілдіру.  Құрмалас 

сөйлемнің  анықтамасын  тағы  бір  қайталап,  тиянақты  білу 

дағдысын  қалыптастыру;  ә)  дамытушылық:  ынта  қойып 

тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру, сөздік қорын, 

сөз байлығын дамыту. Талдау және салыстыра білу дағдыларына 

төселдіру. Сын тұрғысынан ойлауды жетілдіру; б) тәрбиелік - 

ұлттық  салт-дәстүрді  қадірлей  білуге,  еңбекті  сүюге,  жүйелі 

сөйлей  білуге  тәрбиелеу.  Көрнекілігі:  сызба,  интерактивті 

тақта, оқулық, кеспе қағаздар. Пәнаралық байланыс: тарих, 

әдебиет, өмір.



Сабақтың барысы: 

Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа назар аудару.

Бүгінгі  сабақ:  салалас  құрмалас  сөйлем    түрлері    туралы 

алған білімдерін тиянақтап, пысықтау.

Салалас  құрмалас  сөйлемдерді  мағыналық  түрлерін 

салыстыра отырып талдау жұмыстарын жүргізуді үйрету. 

Бүгінгі сабақ ұраны: «Еңбек ерлікке жеткізер, ерлік елдікке 

жеткізер».

1-тапсырма: Ойға қозғау салу. Тірек сөздерге түсінік беру. 

Құрмалас,  салалас,  тиянақты,  қарсылықты,  кезектес, 

жалғаулықтар, баяндауыштары, ыңғайлас, талғаулы.

 2-тапсырма: Семантикалық   картаны толтыру.

Сөйлемдер

Ыңғай-


лас

Қарсы-


лықты

Себеп-


салдар 

Түсін-


дірмелі

Талғау-


лы

Кезек-


тес 

Олардың 


бәрін үйіне 

апарды да, 

торға қамап 

қойды. 


     +

Бас болмақ 

оңай, бірақ 

бастамақ  

қиын.

+

Сізді ешкім 



шақырған 

жоқ, сондық-

тан сіз 

бармайсыз.

    +

Тұманның 



қалыңдығы 

сонша 


– түк те 

көрінбейді. 

+

Я алқымда 



булығып 

ашу тұрды, я 

көзінде жаңа 

бір үрей 

тұрды.

+

Кейде ашу,



кейде айла 

мен еп 


ойлады.

+

3-тапсырма. 

Өзіндік 

жұмыстар. 

Оқушының 

шығармашылығы.

Компьютерге орнатылған сөйлемді оқушылар толықтырады.



126

127


1.  Биыл  жайлауда  болдым      .......    ауылдағы  ағаларымның 

үйіне бардым.

2.Оның дауысы жақсы, .....  ән айтуды жақтырмайды. 

3. Биыл шөп қалың   шықты, ...... жаңбыр көп жауды.

4. Олар біресе тоқтап демалды, ....... күн ұзақ жүріп алды.  

5. Я болар жеріңді айт , ...... бізге килікпей тыныш жүр.

6. Қорыққаны  ...... –орнынан тұра алмай қалды. 

4-тапсырма. Тест сұрақтары. 

Ұяшықтарды таңдау. 

1. Көктем келді, дегенмен күн жылына қоймады.

А. Ыңғайлас салалас;               В. Себеп-салдар салалас;          

 С. Қарсылықты салалас;        Д. Түсіндірмелі салалас;         

Е. Талғаулы салалас. 



2. Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

А. Ыңғайлас салалас;                      В. Себеп-салдар салалас; 

С. Қарсылықты салалас;                Д. Түсіндірмелі салалас;

Е. Талғаулы салалас.



3.  1993  жылы  18  қаңтарда  тәуелсіз  Қазақстанның 

тұңғыш  Ата  Заңы  қабылданды,  алайда  ол  кейін  бірнеше 

рет толықтырылды. 

А. Ыңғайлас салалас;                     В. Себеп-салдар салалас; 

С. Қарсылықты салалас;                Д. Түсіндірмелі салалас;

Е. Талғаулы салалас.



4.  Мезгіл  кешкіріп  кетті  ,  сондықтан  амалсыз  қонуға 

тура келді. 

А. Ыңғайлас салалас;                      В. Себеп-салдар салалас; 

С. Қарсылықты салалас;                Д. Түсіндірмелі салалас;

Е. Талғаулы салалас.



5. Әйелдің жалғыз жетістігі бар: ол - дақ түспеген ары 

(Ж.Баласағұни).

А. Ыңғайлас салалас;                      В. Себеп-салдар салалас; 

С. Қарсылықты салалас;                Д. Түсіндірмелі салалас;

Е. Талғаулы салалас.



6. Ол біресе жылайды, біресе түк болмағандай күледі.

А. Ыңғайлас салалас;                      В. Себеп-салдар салалас; 

С. Қарсылықты салалас;                Д. Түсіндірмелі салалас;

Е. Кезектес салалас. 



7.  Ананың  сөйлеуге  шамасы  келмеді,  өйткені  қатты 

қорыққан болатын.

А. Ыңғайлас салалас;                      В. Себеп-салдар салалас; 

С. Қарсылықты салалас;                Д. Түсіндірмелі салалас;

Е. Талғаулы салалас.



5-тапсырма.  Сергіту  сәті.  Мақал-мәтелдің  жалғасын 

табу.  Тапқырлықпен жауап.

1.Жалғыздың үні шықпас, .................жаяудың шаңы шықпас.

2.Қоянды қамыс өлтіреді, ................. жігітті намыс өлтіреді.

3.Жақсы жаныңа жолдас,................ жаман малыңа жолдас.

4.Алтау  ала  болса  ауыздағы  кетеді,..............  төртеу  түгел 

болса  төбедегі келеді. 

5.Өнерлінің қолы - алтын, .................. өлеңшінің сөзі - алтын.

6.Ат жаманы жолда қалдырар,............жолдас жаманы қолда 

қалдырар.              

Сабақты қорыту:

Жай сөйлемдерді салалас құрмалас сөйлемдерге айналдырып 

жазу.

1. Сиырдың тұқымы да жақсы, .......



2. Мезгіл кешкіріп кетті .....

3. Жел саябырлаған сияқты, .......

4. Оның қорыққандығы сондай  - ....

5. Біресе басымен үйді нұсқап, .....

1...... бабы да келіскен екен.

2. ...... сондықтан амалсыз қонуға тура келді.

3. ...... бірақ аязы өтіп барады.

4. ...... не айтып, не қойғанын білген жоқ.

5. ..... біресе сақалымен шанада жатқан  әйелді нұсқайды. 

Үйге тапсырма: диктант жазуға дайындалу. Оқушыларды  

фишкалармен бағалау.




жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау