4
толық түсінеді, оның дұрыстығына күмәнданбайды, оны
практикада пайдалана алады.
Толық қабылдау: қабылданған, бекітілген, байланыс-
қан, бір сөзбен айтқанда, жүйеленген білімді қабылдау.
Бұл қабылдауларға тек оқушылармен түрлі бағытта (іс-
әрекетке ізденушілікке баулу жұмыстары) жұмыс жүргізу
негізінде қол жеткізуге болады.Көп оқушылар механикалық
қабылдау деңгейінде қалып қояды, алған білімін практикада
пайдалана алмайды. Сондықтан оқушылардың білімді
қабылдауын жоғарылатуда жобалау әдісін пайдалану тиімді
рөл атқарады. Жобалау(құрастыру) мақсат қоюдан бастап,
жаңа жүйе тиімділігін тексеруге дейінгі аралықты қамтиды.
Жоба әдісі 1920 жылдары Америкада жасалған, негізінен
белсенді оқуға негізделген. Бұл кезде оқушы белсенді
қызмет етеді, өзінің қызығушылығын танытады, білімін
практикада пайдалана алуына мүмкіндік туады. «Мәні бар
проблемаларды не үшін, қайда, қалай пайдалануға болады?»
деген сұрақтарға жауап іздейді, алған білімін пайдаланады,
жаңасын іздейді, мұғалім оған жол көрсетеді. Мұғалімнің
қызметі – оқушыны уақтылы дұрыс бағытқа, дұрыс
ақпарат алатын жаққа қарай бағыттау, ал оқушы қызметі
– өз бетімен, өз күшімен, әр түрлі білімдерін пайдаланып
проблеманы шешу, дұрыс қорытынды шығару. Шынайы
ізденіс үшін оқушыда байыптылық, аңғарымпаздық,
ойлылық, зерделілік, талдай, саралай білу, сыни көзқараспен
қарай білу дағдылары болу керек. Үстірт оқу, баға үшін
оқулықтағы немесе ұстаздарының айтқанын қайталап шығу
ізденіске жетімсіз. Осылайша проблеманы шешу жобалау-
зерттеу қызметіне айналады.
Жобалауға қойылатын негізгі талаптар: зерттеу не
шығармашылық бағыттағы мәні бар проблемаларды
таңдау; теориялық білім мен практикалық іс-әрекет жасау
5
белсенділігін көрсететін нәтижелер; оқушының іс-әрекеті;
жобаның құрылымы, ондағы кезеңдер нәтижелері; зерттеу
арқылы іс-әрекет жүйесін көрсету.
Іздену, зерттеу жұмысын проблема (жауабын тосып
тұрған немесе әлі де дұрыс шешілмеген, қарама-қайшы
пікірлер) туғызады делік. (Проблема (грек сөзі) – қиындық,
шешімін күтіп тұрган мәселе деген мағынаны білдіреді). Ең
алдымен, «Проблема деген не?» сұрағына ойлануға тура
келеді. «Кез келген «Неге?» деген сұрақтың барлығында
проблема жатыр» деп түсіну дұрыс емес.
Проблемаға негізінде жауабы дайын емес, беймәлім,
шешімін тілеп тұратын, яғни, жаңа өнімді, жаңа білімді
қажет ететін мәселелер жатады. Оқушы оны өзі шешіп,
өзі табуы керек. Дайын білімді қайталап айтып беруі
зерттеушілікке апармайды. Оқушыны оқулықтағы білім
мазмұнымен шектемей, қосымша құжаттарға, ғалымдар
еңбегіне, өз бетімен ізденуге, талпынуға бағыттау керек.
Оқушыны көркем шығарманы оқи отырып, оның
негізінде қандай проблема жатқанына, жазушы не айтпақшы
болғанына, қандай мәселелер көтерілгеніне, соның
айналасында ойлануға жетелеу керек. Мысалы, Мұхтар
Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шағын әңгімесінің өзі
проблемаларға толы. Осы сабақта оқушыларға мынадай
ойлар тастадым:
- Әңгімеде жас бала Ғазизаның Ақан болыстың мазағына
ұшырауы, жантүршігерлік сұмдық суреттеледі. Ғазиза осы
тағдырға неге ұшырады, кім кінәлі, тек Ақан болыс па?
- Жазушы не айтпақ болған, әңгіме негізіндегі ой нені
меңзетеді?
- Әңгіме неге табиғатты, боранды суреттеуден баста-
лады?
- Оқиғаға еш қатысы жоқ Күшікбай батыр неге
6
жазылған?
Әңгіменің ең соңына үңілдіріп, оқып бердім.
- Ғазиза сұмдардың қолынан қаза тапты.Ойлаңдаршы,
жазушы неге осылай аяқтаған? Басқаша аяқтауға болар еді
ғой.
Енді соның шешімін, жауабын іздеуге уақыт бердім.
- Шебер жазушы табиғаттың дүлей күші – боранды
суреттей отырып, әңгімеде баяндалған сұмдық оқиғаны
меңзетеді де, «Кім қатал, кім дүлей, боран ба әлде Ақандар
ма?» деген ой тастайды.
- Күшікбай батыр тарихын лирикалық шегініс арқылы
әңгімелей отырып, оны Ақандарға қарама-қарсы қоятын
сияқты. Нағыз ер кім? Соңғы демі қалғанша елін, жерін
жаудан қорғаған Күшікбай ма әлде қорғансыз сәбиді
қорлап жауыздық жасаған Ақан ба?
Әңгіме негізіндегі басты мәселе – қорғансыздар
проблемасы. «Жазушы қорғансыз Ғазизаны соңғы көрініс
арқылы қорғайды» деген жоба құрастырдық.
«Жетім» әңгімесі бойынша оқушылар проблемалық
сұрақтарды өздері дайындап, шешімін табуға ізденді:
- Әңгіменің басқа әңгімелермен үндестігі.
- Әңгімедегі қорғансыз, панасыз кім?
- Оның тағдыры қалай шешіледі?
- Жауыздық, қаталдық жеңіске жетеді, нәзіктік,
мейірімділік, мөлдір жастық, ар-ұят табанға тапталады, ана
жүрегі қан жұтады. Жетім жер жастанады. Осылайша ауыр
трагедияны көрсетуге автор нені мақсат еткен?
Тапсырманы жеке-дара орындаған соң оқушылармен
бірігіп, «Пікірталаста шындық көзі ашылады» деген қанатты
сөзді басшылыққа ала отырып, сыныпта пікірталас өткіздік.
Оқушылардың қабілеті, икемділігі, дарыны осындай
жұмыстарда көрінеді. Шығармашылық оқушылардың өз
7
беттерімен зерттеу, іздену, қорытынды жасау іс-әрекеттеріне
түрткі жасай отырып, оларды ғылыми ізденіске жетелейді.
Зерттеу – жаңа бір өнім, нәтижеге қол жеткізу
мақсатындағы ізденіс, танымдық іс-әрекет.
Жоба – бір нәрсенің, жаңа өнімді жасау үшін керекті
құжаттар, сызбалар жиынтығы, алдын ала жасалынған
жоспар, мәтін, нобайлар.
Оқушылардың зерттеушілік ізденіс нәтижесі туралы
сөз қозғағанда, мұғалімге мына маңызды жайтты ұғып алу
қажет: бұл жұмыстың барлық кезеңдерінде біздің күтетін ең
маңызды нәтижеміз – оқушының шығармашылық қабілетінің
дамуы, баланың жаңа білім, дағдыларын игеруі, зерттеушілік
әрекеті, ең маңыздысы – нәтиже, яғни, оқушылардың өзі
ойлап тапқан шығармашылық өнімі.
Оқушыны жобалау-зерттеушілік атынан қызметіне
жетелейтін қадамдар
І қадам
Сені не қызықтырады? Анық біле алмай жүрсең,
өзіңе-өзің мына сұрақтарды беріп, ойланып көр.
- Сені не қызықтырады? Қай сұрақтың жауабын
таба алмай жүрсің?
ІІ қадам
Өзіңді қызықтырған сұрақтар бойынша
материалдар жинақта, тізімін жаса. Кітапханаға
бар, ұстазыңнан көмек сұра.
Зерт-
теу
Зерттеулердің практикалық көрінісі. Ол
жаңа өнім, ғылыми жаңалықтардың
модель, схема, т.б түріндегі берілуі.
Практика жүзінде жоба иесі өз
жаңалығын, тапқан өнімін сол арқылы
нақты көрсетеді, жасайды. Теориялық
зерттеуден айырмашылығы да – сол.
Достарыңызбен бөлісу: |