Пән мұғалімі: Ахметқалиева Жанна Тасқалиқызы
Әдебиеттік оқу. 4-сынып.
Тақырыбы: Б.Соқпақбаев «Компас»
Мақсаты:
Білімділік: Оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене отырып, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.
Дамытушылық: Мәтінмен жұмыс істей алу дағдысын жетілдіру, оқып түйіндерін сұрақ-жауап арқылы өз ойын жүйелі айта білуін, талдай отырып қорытындысын айту және шығармашылық қабілеттерін дамыту
Тәрбиелік: Оқушыларды адам бойындағы жағымсыз қасиеттерден бойын аулақ ұстауға, адалдыққа, мейіріміділікке тәрбиелеу
Түрі: дәстүрлі
Типі: аралас
Пәнаралық байланыс: дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, ой-толғаныс, қорыту, салыстыру, пікірталас
Көрнекілігі: автор суреті
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру.
Психологиялық даярлық.
Көңіл-күйлерін сұрау
ІІ Үй жұмысы.
Ә.Табылды «Иман». Оқу. Түсінгендерін айту.
ІІІ Жаңа сабақ.
Кіріспе.
«Менің атым – Қожа» фильмінен алынған суреттерді оқушылар назарына ұсыну. Авторын сұрау.
Автортану. Бердібек Соқпақбаев (1924-1992) Алматы облысының Райымбек ауданында дүниеге келген. Қазақтың көрнекті балалар жазушысы. Оның «Чемпион», «Менің атым – Қожа», «Жексен», «Жекпе-жек» кітаптары балалардың сүйіп оқитын шығармалары. «Менің атым – Қожа» фильмі 1967 жылы халықаралық фестивальда арнаулы сыйлыққа ие болған.
Жұмбақ шешу.
Таба алмай оң менен солыңды,
Адассаң қапылыста.
Дәл сiлтер көрсетiп жолынды,
Шығысқа,
Батысқа. (Компас)
Компас — жер бетін бағдарлауға, географиялық немесе магниттік меридианның бағытын анықтауға арналған аспап. Кішкене деңгелек қобдишаның ортасында орнатылған тік үшкір иненің үстіне қондырылған магнитті болат тілі болады. Тілдің бір жағы үнемі Солтүстікті, екінші жағы Оңтүстікті көрсетіп тұрады. Қобдишаның сырты дөңгелегі градустарға бөлінген (360°), горизонт жақтарында Солтүстікті, Шығысты, Оңтүстікті, Батысты көрсетеді (С. В. Ю. З.) әріптері жазылған. Компастардың мынадай түрлері болады
Суретін көрсету. Компас туралы түсініктерін сұрау, пысықтау.
Жаңа сабақты баяндау.
Проблемалық сұрақ: «Балалар, Бодан әрі қарай не істейді деп ойлайсыңдар?» (Бодан компасты алады ма, алмайды ма?)
Жалғастыра баяндау.
Проблемалық сұрақ тастау: «Балалар, Боданның келесі әрекеті қандай болады деп ойлайсыңдар? (Компасты иесіне қайтарады ма, өзінде қалады ма?)
Шығарманы толық баяндау.
Оқулықпен жұмыс. Топтық жұмыс.
«Боданның ой арпалысы» деген атқа сәйкес келетін үзіндіні тауып оқы.
Әңгімеден табиғаттың көріністерін суреттейтін жолдарды тауып, оқы.
Шығармадан компастың қандай екенін сипаттап жазған тұстарын тауып, жаз.
Ой толғаныс.
«Егер Боданның орнында мен болсам, былай жасар едім...»
«Бодан компасты суға лақтырып жіберуге неге мәжбүр болды?»
Компастың суретін салыңдар.
Үйге тапсырма.
Әңгімені оқып, мазмұнын әңгімелеу.
Адалдық туралы 5 мақал-мәтел жазу.
Бағалау .Оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Қорытындылау.
1.«Боданның ой арпалысы» деген атқа сәйкес келетін үзіндіні тауып оқы.
2.Әңгімеден табиғаттың көріністерін суреттейтін жолдарды тауып, оқы.
3.Шығармадан компастың қандай екенін сипаттап жазған тұстарын тауып, жаз.
1.«Егер Боданның орнында мен болсам, былай жасар едім...»
2.«Бодан компасты суға лақтырып жіберуге неге мәжбүр болды?»
3.Компастың суретін салыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: |