«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



Pdf просмотр
бет5/33
Дата20.11.2018
өлшемі1 Mb.
#21907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

16
ұстаз  түлегіне  алға  бастырар  талап  сыйлайды»  дейді 
дана      халқымыз.  Тәуелсіз  еліміздің  ертеңгі  болашағы  
білімді  ұрпақтарды  тәрбиелеу  мұғалімдерге  бұрынғыдан 
да  зор  жауапкершілікті,  замана  ағымына  бейімділікті, 
жанқиярлықты  талап  ететінін  осы  саладағы  педагогтар 
қауымы  жақсы  түсінеміз.  «Ана  тілін  армансыз  бойға 
сіңіріңіздер,  өйткені  бабаларымыздың  ғұмыр  тәжірибесі, 
дүниетанымы,  мінез-құлқы,  өзіндік  болмыс-бітімі  осы 
тілде  қаттаулы  жатыр»  деген  Нұрсұлтан  Әбішұлының                                                                                                       
сөзін басшылыққа алуды мақсат етейік.
Нұрила ОМАРОВА,
№136 Темірбек Жүргенов атындағы 
қазақ орта мектебінің мұғалімі.
Қызылорда қаласы.
ЖАңА ТЕХНОЛОГИяНЫ  
САБАҚТА ПАЙДАЛАНУ
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңының 
8-бабында  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі 
–  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық 
желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен.  Қазіргі  ақпараттық 
қоғамда  өндірістің  дамуының  негізгі  құралы  болып 
ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді.  Сондықтан 
білім  беру  саласы  да  өзінің  дамуы  үшін  жаңа  қадамдарға 
баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде 


17
дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың 
жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа  технология  –  педагогтың  мүмкіндігін  күшейтетін 
құрал,  бірақ  ол  мұғалімді  алмастыра  алмайды.  Компьютер 
мүмкіндіктері  психология  мен  дидактика  тұрғысынан 
талданып,  керек  кезінде  педагогикалық  талаптарға  сай 
қолданылуы керек.
Білім беру жүйесіндегі қайта құрулардың негізгі субъек-
тісі  –  мұғалім.  Қазіргі  мектепке  шығармашылық  ізденіс 
қабілеті  дамыған,  жаңа  педагогикалық  технологияларды  
жете  меңгерген,  мамандық  шеберлігі  қалыптасқан 
мұғалімдер қажет.
Компьютерді  мұғалім  қосымша  материалдар,  әр  түрлі 
анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі 
құрал ретінде пайдалана алады. Мұғалім 
– 
ақпараттанушы 
емес,  оқушының  жеке  тұлғалық  және  зияткерлік  дамуын 
жобалаушы.  Ал  бұл  мұғалімнен  жоғары  құзырлықты, 
ұйымдастырушылық  қабілеттілікті,  оқушыларды  қазіргі 
қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеу, олардың 
зерттеушілік дағдыларын дамыту бағыттарын талап етеді.
Жаңа  ақпараттық  технологиямен  орындалатын  қызмет 
өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, 
адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ  үшін  кітаптың  маңызы  қандай  болса,  компьютер    
де  оқушы  үшін  қоршаған  әлемді  танудың  табиғи  құралы 
болып  табылады.  Олай  болса,  барлық  сабақтарды  
компьютерлердің  қуаттануымен  жүргізуді  үйрену  –  бүгінгі 
күннің  кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану 
өз  білімін  көтеру  тиімділігін  де  арттырады.  Бұл  бірінші 
кезекте  сандық  түрде  жазылған  ақпараттарды  пайдалану 


18
кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. 
Қазіргі  кезде  көптеген  әлемге  танымал  энциклопедиялар, 
сөздіктер электронды түрге айналдырылған. Компьютердің 
көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен 
бірге  қашықтықтан  оқыту  үрдісі  де  дамып  келе  жатыр. 
Ол  үшін  Интернет  желісіне  қосылған  компьютер  керек. 
Қашықтықтан  оқыту  кезінде  тапсырманы  және  онымен 
бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы 
келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді немесе 
бірлескен  телеконференцияларға  қатысады.  Оқытудың 
бұл  түрі  анағұрлым  арзан  әрі  қалаған  уақытында  оқуына, 
тапсырмаларды орындауына мүмкіндік береді.
Жаңа  технологияны  бәсекеге  қабілетті  ұлттық  білім 
беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік 
білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге 
ие болып отыр.
Жаңа  технология  есептеуіш  техникасымен  жұмыс         
істеуге,  оқу  барысында  компьютерді  пайдалануға, 
модельдеуге,  электрондық  оқулықтарды,  интерактивтік 
құралдарды  қолдануға,  интернетте  жұмыс  істеуге, 
компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.
Оқушылардың 
жаңа 
технологиялар 
көмегімен 
қалыптасатын  және  жүзеге  асырылатын  ойлау  қабілеті 
бұрынғы технологиялар арқылы берілетін ойлау жүйесінен 
өзгеше  болатындықтан,  тек  ойлау  қабілеті  түсінігі  ғана 
емес,  жаңа  жағдайда  психикалық  қызметтердің  басқа 
жақтары  да  қайта  қарастырылуы  тиіс.  Осының  бәрі  жаңа 
ақпараттық  және  педагогикалық  технологиялар  жасау 
саласында,  білім  парадигмасын  құруда  тың  инновациялық 
жұмыстар жүргізуді талап етеді. Компьютерлік техниканың 
дидактикалық  мүмкіндіктерін  педагогикалық  мақсаттарға 


19
қолдану білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен 
әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.
Жаңа  технологиялардың  көмегімен  оқушылардың 
білімін  жетілдіру  мен  оқу  сапасын  арттыруға  болады.  Қай 
халықтың,  қай  ұлттың  болсын  толығып  өсуіне,  рухани  әрі 
мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп қазығы 
да – мектеп. Қазақ мектептерінің білім деңгейін көтеру және 
онда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы 
оқу-тәрбие  үрдісін  тиісті  деңгейге  көтеру  педагогикалық 
ұжымның жүйелі жұмыстарының нәтижесінде ғана жүзеге 
аспақ.
Сонда  бүгін біз  сабақта  жаңа технологияларды қалай 
пайдаланып жүрміз?
Бүгінгі шәкірт – ертеңгі ел тізгінін ұстар тұлға, мемлекеті-
міздің болашағы. Қазіргі кезде жас ұрпаққа сапалы білім мен 
саналы  тәрбие  беруге  мемлекеттік  деңгейде  мән  берілуде. 
Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың    Қазақстан  халқына 
жолдауларында  «...ұлттың бәсекелестік қабілеті, алдымен, 
оның  білім  деңгейімен  айқындалатыны»  атап  көрсетілген. 
«Білім алудың жолы көп, соның ең төтесі – жақсы мектеп, 
білімді  мұғалім»  деп  Халел  Досмұхамедұлы  айтқандай, 
жақсы  мектепті  білімді  мұғалімсіз  елестету  мүмкін 
емес.  Алайда  мұғалім  білімі  бүгінгі  таңда  мұғалімнің 
күнделікті  оқу  үрдісіне  қолданатын  әдіс-тәсілдеріне,  жаңа 
технологияларды  таңдап,  нәтижеге  қол  жеткізе  алуымен, 
өз  білімін  үздіксіз  көтеріп  отыруымен  де  айқындалады. 
Мұғалімнің  білім  деңгейін    көтере  отырып,  жалпы  оқу-
тәрбие жұмыстарының  сапасын арттыруға болады. Сондай  
мақсатта      мектепте  әрбір    ұстаздың  өз  білімін  үнемі 
жетілдіріп, әдістемелік шеберлігін шыңдауына көңіл бөлініп 
отырады.  Оқушыларды  сапалы  оқыту  мен  тәрбиелеуде, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау