20
мұғалімдерді шығармашылық әрекетке баулуда, білім беру
саласындағы жаңалықтарды, озық іс-тәжірибелерді зерттеп,
оқып үйрену, жинақтау, тарату мақсатында іс-тәжірибелер
жүргізілуде. Сабақта жаңа технологияны пайдаланудың
өзіндік тиімділігі бар. Барлық сабақта бір технологияны
пайдалану мүмкін емес.
Бастауыш сыныптар, биология, география, тарих
сабақтарында дамыта оқыту технологиясын пайдалану
тиімді
(Л.С.Выготский,
Л.В.Занков,
Д.Б.Эльконин,
В.В.Давыдов). Баланы оқыта отырып жалпы дамыту, яғни,
бала бойында еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш
сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік,
т.б. қасиеттерді дамыту. Осының нәтижесінде әр оқушы өзін-
өзі ертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту
дамудың алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың
дамуға әсері зор. Дамудың тиімділігі үшін кешенді даму
жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның жүйелілігі
мен тұтастығы, теориялық білімнің жетекші рөлі, жоғары
қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел
ілгерілеу, оқу үрдісін баланың сезінуі, оқыту үрдісінің әр
түрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы жолындағы
жұмыстар болу керек. Л.В.Занков үш қағиданы жасақтады:
1) жоғары қиындық деңгейінде оқыту; 2) бірінші теориялық
білім,содан соң практикалық; 3) материалды меңгеруде
жедел ілгерілеу.
Д.Б.Эльконин
баланың
психикалық
дамуында
басты
іс-әрекет
түрлерін
кезеңдерге
бөлді.
1. Эмоционалды қарым-қатынас (1 жасқа дейін). 2. Заттық-
манипулятивтік іс-әрекет (1-3 жас аралығы). 3. Ойын
іс-әрекеті (3-6 жас аралығы). 4. Оқу іс-әрекеті (6-10 жас
аралығы).
21
5. Тұтас қоғамдық пайдалы еңбек (10-15 жас
аралығы). 6. Оқу-кәсіби іс-әрекеті (15-18 жас аралығы).
Тарих, география, химия, орыс тілі мен әдебиеті,
қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне проблемалық
(мәселелік)
оқыту
технологиясы
қолданылады.
Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық
және шығармашылық икемділіктерін дамыту керек. Атап
айтқанда: оқушының белсенділігін арттыру; оқу
материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;
оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап
қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру
мақсатында меңгереді; оқытудың бала өмірімен, еңбекпен
байланыстылығы;
оқушылардың
шығармашылық
қабілеттері, дағдылары, білімдерін дамытып түрткі
болатын эвристикалық сұрақтар жүйесі.
Бүгінде қоғамдық формацияның ауысуы білім беру
жүйесіне айтулы өзгерістер мен реформалар енгізгені
белгілі. Бұған жаңа білім стандартының жасалынуы,
төл оқулықтарымыздың жазылуы, мектептерді жаппай
компьютерлендіру, т.б. игі істер дәлел бола алады. Осының
бәрі ХХІ ғасыр табалдырығынан аттаған жас ұрпақты
ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті танитын, оны
өзгеге таныта алатын білімді, жан-жақты қалыптасқан,
әлемдік өркениетке қол соза алатын, бәсекеге қабілетті
дербес тұлға тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды. Осыған
орай Елбасының «Елдің ертеңін ойлау керек. ХХІ ғасырда
білімсіз өмір сүру мүмкін емес. Халықты салауатты да
сауатты өмірге бағыттауымыз керек» деуі де тікелей
ұстаздар қауымына жүктелер міндет зор екенін білдіреді.
22
Қазақ тілі: озық тәжірибе, ортақ әдіс
Айкөркем ЖҰМАҒАЛИ,
С.Жаңғабылов атындағы
орта мектептің мұғалімі.
Маңғыстау облысы,
Маңғыстау ауданы,
«Тұщықұдық» ауылы.
КӨП НҮКТЕ. СӨЙЛЕМ СОңЫНА
ҚАБАТТАСЫП ҚОЙЫЛАТЫН
ТЫНЫС БЕЛГІЛЕР
(9-cынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың көп
нүкте қойылатын орындар, көп нүктені қоюдың себептері
жөніндегі пунктуациялық дағдыларын қалыптастыру;
дамытушылық – түрлі тапсырмалар, танымдық ойындар
арқылы оқушылардың есте сақтау қабілетін, ынтасын
арттыру, ойлау қабілетін дамыту;
тәрбиелік – орындалатын
тапсырмалар арқылы оқушыларды елжандылыққа,
еңбекқорлыққа, жылдамдыққа үйрету, тіл өнерін құрмет-
теуге тәрбиелеу.
Типі: жаңа сабақты ұқтыру. Түрі: сайыс сабақ. Әдісі:
топтастыру, сұрақ-жауап, жаттығу.
Көрнекілік: интерак-
тивті тақта, компьютер, қима қағаздар.
Сабақтың жүрісі.
І. Ұйымдастыру.
ІІ. «Қайталау – оқу анасы». Сыныпты үш топқа бөлу.
І топқа. Пунктуация термині қандай мағына береді?
Нүкте дегеніміз не? Толық мәлімет беріңдер, мысалмен
дәлелдеп айтыңдар.
23
Cөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?
ІІ топқа. Сұрау белгісі қандай жағдайда қойылады?
Мысалмен дәлелдеңдер.
Сұраулы сөйлем дегеніміз не?
ІІІ топқа. Леп белгісінің қызметі қандай? Қандай
жағдайда қолданылады? Мысал келтір.
Лепті сөйлем мағыналарын айтыңдар.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сөйлем – адамдар арасындағы қарым-қатынасты
жүзеге асыратын құрал. Қарым-қатынасты туғызушы
жағдайлар әр түрлі болады. Жазуда да, сөйлеуде де сол
сөйлемдер арқылы көрінеді.
1-слайд. Сөйлемнің, жалпы мәтіннің тыныс белгілерін
қою үшін үш белгіге сүйену керек. Олар – сөйлемнің
құрылысына қарай негізделген грамматикалық ұстаным;
сөйлем және сөйлем құрамындағы сөздердің мағынасын
айқындаушы
мағыналық ұстаным және дауыс ырғағынан
тұратын
сөйлем интонациясы.
Сөйлемнің және сөйлем құрамындағы сөздердің
мағынасын ашып ерекшелеу үшін тыныс белгінің алатын
орыны ерекше.
2-cлайд.
Сөйлем соңына қойылатын
даралаушы қызмет атқарады.
нүкте (.),
сұрау белгісі (?),
леп белгісі (!),
көп нүкте (...)
Достарыңызбен бөлісу: |