54
А) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»; Ә) «Жаз»;
Б) «Қыс»;
В) «Күз»; Г) «Жазғытұры».
11. Қай өлеңнен?
Қырдағы ел ойдағы елмен араласып,
Күлімдесіп, көрісіп, қүшақтасып.
Шаруа қуған жастардың мойны босап,
Сыбырласып, сырласып, мауқын басып.
А) «Жаз»;
Ә) «Күз»;
Б) «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай»;
В) «Жазғытұры»; Г) «Көлеңке басын ұзартып».
12. Абай Пушкинді аудару арқылы ұйқастың қай
түрін тапты?
А) қара өлең ұйқасы;
Ә) шалыс ұйқас;
Б) аралас ұйқас; В) шұбыртпалы ұйқас;
Г) кезекті ұйқас.
13. Ақын ел билеушілерінің типтік бейнесін қай
өлеңдерінде бейнелеген?
А) «Сегіз аяқ», «Жаз»;
Ә) «Көлеңке басын ұзартып», «Күз»;
Б) «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың»;
В) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Жазғытұры»;
Г) «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат», «Көлеңке
басын ұзартып».
14. Қай шығармадан? Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын.
А) «Желсіз түнде – жарық ай»;
Ә) «Адамның кейбір кездері»;
Б) «Өзгеге, көңілім, тоярсың»;
В) «Сегіз аяқ»;
Г) «Пайда ойлама, ар ойла».
15. Абай Лермонтовтан жалпы саны қанша шығарма
аударған? А) 17; Ә) 21; Б) 23; В) 25; Г) 27.
55
16. Ойшыл адамның өмірде көргені мен басынан
кешкен шерлі сырын танытатын шығарманы атаңыз.
А) «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат»;
Ә) «Өлсем, орным қара жер, сыз болмай ма?»;
Б) «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол»;
В) «Малға достың мұңы жоқ»;
Г) «Қалың елім, қазағым».
17. Абайдың қанша поэмасы бар?
А) 2; Ә) 3;
Б) 4; В) 5; Г) 7.
18. Абайдың қай поэмасының уақиғасы «Мың бір
түн» ертегісінен алынған?
А) «Ескендір»;
Ә) «Масғұт»; Б) «Әзім әңгімесі»;
В) «Еңлік-Кебек»; Г) «Ләйлі-Мәжнүн».
19. Еуропаға Александр Македонский деген атпен
белгілі қолбасшының өмірі жайлы аңыздар негізінде
жазылған поэмасын көрсетіңіз.
А) «Ескендір»;
Ә) «Масғұт»; Б) «Әзім әңгімесі»;
В) «Еңлік-Кебек»; Г) «Ләйлі-Мәжнүн».
20. Абай «Тегінде адам баласы, адам баласынан ақыл,
ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ» деп нешінші
қарасөзінде жазды?
А) Алтыншы сөзінде;
Ә) Отыз үшінші сөзінде;
Б) Он сегізінші сөзінде;
В) Жиырма бесінші сөзінде;
Г) Он тоғызыншы сөзінде.
21. «Қазақтың классикалық әдебиетінің атасы, қазақ
поэзиясының күншуақты асқар биігі» деген сөздің иесі
кім? А) Ахмет Байтұрсынұлы; Ә) Шәкәрім;
Б) Сәкен Сейфуллин; В) Мұхтар Әуезов;
Г) Зәки Ахметов.
22. Қай қарасөзінен? «Жас бала анадан туғанда екі
56
түрлі мінезбен туады».
А) Жетінші; Ә) Он сегізінші;
Б) Он тоғызыншы;
В) Отыз бірінші; Г) Отыз сегізінші.
23. Самородный сары алтын,
Саудасыз берсең алмайды
Саудыраған жезіне.
Саудырсыз сары қамқаны
Садаға кеткір сұрайды
Самарқанның бөзіне.
Көркемдік тәсілдің қандай түрі қолданылған?
А) ассонанс;
Ә) аллитерация;
Б) шендестіру;
В) қайталау;
Г) кейіптеу.
24. Күн жоқта кісімсінер жұлдыз бен ай,
Ол қайтсін қара түнде жарқылдамай.
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер, өзіне шырай беріп.
Құбылтудың (троптың) қандай түрі қолданылған?
А) ассонанс;
Ә) аллитерация;
Б) теңеу; В) кейіптеу; Г) риторикалық сұрау.
25. Халық арасына ән болып тараған аудармалары:
А) «Қараңғы түнде тау қалғып», «Татьянаның хаты»;
Ә) «Сегіз аяқ»; Б) «Көзімнің қарасы»;
В) «Бойы бұлғаң», «Айттым сәлем, қалам қас»;
Г) «Қор болды жаным».
26. «Қазақтың бас ақыны – Абай Құнанбаев. Одан
асқан бұрын-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін
ақын болған жоқ» деген сөздің авторы кім?
А) Шәкәрім;
Ә) Ахмет Байтұрсынұлы;
Б) Сәкен Сейфуллин; В) Мұхтар Әуезов;
Г) Мағжан Жұмабаев.
27. «Орынсызды айтпаған», «Арғы атасы қажы еді»,
«Тұл бойың ұят, ар едің» өлеңдерін кімге арнады?
57
А) Оспанға; Ә) Ақылбайға; Б) Әбдірахманға;
В) Мағауияға;
Г) Мекайлға.
28. Қай өлеңнен? Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой.
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой..
А) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»;
Ә) «Интернатта оқып жүр»;
Б) «Ғылым таппай мақтанба»;
В) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»;
Г) «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым».
29. Лермонтовтан аударған өлеңін табыңыз.
А) «Евгений Онегин»; Ә) «Шегіртке мен құмырсқа»;
Б) «Піл мен қанден»; В) «Жалау»; Г) «Бақа мен өгіз».
30. Пара беріп билікке қолы жеткен екіжүзді жемқор
болыстың бейнесін «улы сия, ащы тілмен» өлтіре сықақ
еткен өлеңін табыңыз.
А) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»;
Ә) «Түбінде баянды еңбек егін салған»;
Б) «Ғылым таппай мақтанба»;
В) «Көлеңке басын ұзартып»;
Г) «Болыс болдым, мінеки».
31. Абайдың өзі шығарған өлең-әндерінің саны
қанша?
А) 20 шақты; Ә) 25 шақты;
Б) 30 шақты;
В) 35 шақты; Г) 40 шақты.
32. Абай Пушкиннің атақты «Евгений Онегин»
романын қай жылы аударды?
А) 1880; Ә) 1883; Б) 1885; В) 1886; Г) 1889.
33. Қай өлеңнен? Атадан алтау, Анадан төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
А) «Қор болды жаным»; Ә) «Бойы бұлғаң»;
Достарыңызбен бөлісу: |