22
23
формасы және оны дамытудың негізі болып саналса, қазақ
тілі пәнінің алдына қоятын мақсаты - тілдің қоғамдық-
әлеуметтік мәнін түсінген, тіл қызметтерін жүйелі меңгерген,
сөз мәдениеті талаптарына сай білік-дағдылары жетілген
дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.
Бағдарлама оқушылардың қабілет-икемін ұштап,
шығармашылық ізденістерге кең өріс береді. Тіл білімі
саласының терминдерімен таныса отырып, оқушылар
теориялық білім қажеттігін сезіне алады және ғылым
баспалдағына жол ашады. Оқушылардың ынта-ықыласы
мен талабын, білім деңгейлерін ескере отырып, сөзжасамның
ғылыми-теориялық негіздері туралы толық мағлұмат
беріледі және сөз таптары туралы білім ұсынылады. Сөз
таптары жүйелі түрде бір-бірімен сабақтастырыла, жай
белгісінен күрделі белгілеріне қарай дамыта оқытылады.
Оқушылардың білімін тереңдету мақсатына құрылған
бағдарлама осы тақырыптар бойынша алған білімдерін
кеңейтеді. Тіл білімін зерттеуші К.Ахановтың «Грамматика
теориясының негіздерін» басшылыққа ала отырып, 6-сынып
материалын тереңдете оқыту басты назарға ұсталады.
Сөздердің морфологиялық құрылымын тереңірек зерделеп,
әр тақырыптың шығу тегі мен дамуын білуге жағдай
жасайды.
Оқулықта қосымша түрлерінің атаулары ғана айтылса,
тереңдеп оқу арқылы оның түрлеріне, мағыналарына терең
зерттеу жүргізіледі.
Сөз таптары тақырыбына қосымша ретінде 7-сыныптағы
оқылатын материалға бағдар ретінде грамматикалық
категориялар туралы түсінік беріледі. Себебі, сөз табының
жасалуы грамматикалық категориямен тығыз байланысты.
Бағдарлама оқушының таным деңгейіне сүйеніп,
теориялық білім негізін қалау мақсатына негізделді.
Пәнді оқытудың мақсаттары:
Оқушыға сапалы білім беру;
1. Оқушының теориялық білім негізін қалыптастыру;
2. Қазақ тілін оқытуда білім сапасын арттыратын жан-
жақты ізденіс қадамдарын жасау;
3. Жаңа технологиялар арқылы оқыта отырып, грамматика
теориясының мазмұнын игерту, сөздік қорын молайту,
сабақта оқылған тақырыппен үндестіре отырып, кез-келген
жерде қолдана білуге үйрету.
Пәнді оқытудың міндеттері:
Танымдық бағыт бойынша
- Сапалы білім негіздерін тәжірибемен ұштастырылған
теориялық білім арқылы нығайту;
- Мемлекеттік нормалар мен стандарттар аясында жүйелі
білім беру сапасын арттыру;
- Әр нәрсенің шығу тегіне, түбін зерттеуге, дамуына назар
аудара білуге үйрету;
Оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық
қабілеттерін жетілдіру;
-
Оқушының
лингвистикалық
дүниетанымын
қалыптастыру;
- Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы
қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім
негіздерімен қаруландыру.
Практикалық бағыт бойынша
- Қажетті білімді ұлттық құндылық түсініктері
негізінде беру және ұлттық тағылым, халық даналығы,
тарихи-әдеби мұралары, қазақ далаларының ұлылары
мен ақын-жазушыларының шығармаларына негізделген
тапсырмаларды пайдалану арқылы шығармашылық
ізденістерін дамыту;
- Берілген тапсырмалардағы негізгі мәселені танып,
талдап, қажеттісін ала білуге, өз бетімен білім алуға үйрету;
- Тығырықтан шыға білуге, икемділікке, тапқырлыққа
жетелеу;
- Іс-әрекетті ғылыми тұрғыдан бағалау, болжам жасау,
нәтижеге жеткізер жұмыс бағдарын таңдай білуге баулу.
- оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
- оқушылардың тілдік-эстетикалық талғамдарын
қалыптастыру
- жалаң сөздер мен күрделі сөздерге, сөз таптарына
қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту.
Бұл міндеттердің жүзеге асуы тілдік білімнің әр оқушының
лингвистикалық дүниетанымының қалыптасуына, әрі
олардың практикалық іскерлік дағдылардың базасы ретінде
қызмет етуіне негіз қалайды.
24
25
Міндетті деңгейге қойылатын талаптар:
-
талдау, пікір айта білу;
-
тарихи – мәдени, рухани мұраларды тіл арқылы
меңгерту.
Мүмкіндік деңгейге қойылатын талаптар:
-
қазақ тілінің (танымдық) халықтық сипатын
танытатын тілдегі сөздердің мағынасын, жұмсалуын, шығу
тегі мен морфологиялық құрылымын, сөз таптары мен
грамматикалық категориялардың ара қатысын терең меңгере
отырып, қазақ тілінің сөз байлығын, әр сөздің мағыналық
ерекшелігін жете танып, өмірде таңдап, талғап қолдана білу.
-
Ауызекі сөйлеу барысында, түрлі жазба жұмыстарын
орындау барысында сауатты сөйлеп, сауатты жазу машығын
қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже:
* Сөздің морфологиялық құрылымы туралы терең білім
алады;
* Теминдердің ғылыми түрде аталуын меңгеріп,
практикада қолдана алады;
* Күрделі сөздер мен сөз тіркестерін айыра білуге
дағдыланады;
* Қосымша түрлерін еркін айыруға үйренеді;
* Жаңа сөздердің жасалу тәсілдерін біледі және сөздерді
мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап
қолдана алады,
тұлғасына қарай айыра біледі;
* Сөз таптарын бір-бірінен ажырата біледі, қолданылу
орындарын анықтай алады;
* Қазақ тіліне қатысты терминдермен танысу арқылы
ғылымға жол салынады;
*Морфологиялық, фонетикалық, лексикалық талдауды
толық меңгереді;
* Өздігінен шешім қабылдап, өз шешімінің нәтижесін
бағалай алады;
Бағдарлама мазмұны
Кіріспе. 1 сағат
Сөздің морфологиялық құрылымы.
Теориялық бөлім.
Сөздердің морфологиялық құрылымы туралы жалпы
түсінік.
Жалаң сөз және оның морфологиялық құрылымы. 21
сағат
Теориялық бөлім. 10 сағат
Сөздің мағыналық бөлшектері туралы мағлұматтар.
Морфеманың мағынасы мен қызметі. Түбір морфема
мен негіз. Аффикстік морфемалар және олардың түрлері.
Деривациялық мағынадағы аффикстер. Инфикс және жалғау.
Септік жалғау. Жіктік жалғау. Тәуелдік жалғау. Аффикстік
морфемалардың түрлері.
Практикалық бөлім. 11 сағат
Сөз тудырушы жұрнақтар. Форма тудырушы жұрнақтар.
Туынды сөздер. Омонимдес аффикстер. Синонимдес
аффикстер. Антонимдік аффикстер.
Жалаң сөздердің морфологиялық құрылымынан өткенді
қайталау.
Күрделі сөз және оның морфологиялық құрылымы. 18
сағат
Теориялық бөлім. 5 сағат
Күрделі сөз және оның морфологиялық құрылымы.
Күрделі сөз туралы түсінік. Күрделі сөз бен сөз тіркесінің
шегін айқындау. Күрделі сөзге тән басты белгілер. Күрделі
сөздердің жасалуы және оның түрлері. Күрделі сөз және
оның морфологиялық құрылымы.
Күрделі сөз туралы түсінік. Күрделі сөз бен сөз тіркесінің
шегін айқындау. Күрделі сөзге тән басты белгілер. Күрделі
сөздердің жасалуы және оның түрлері.
Практикалық бөлім. 13 сағат
Күрделі - біріккен сөздер. Күрделі – құрама сөздер.
Күрделі – қос сөздер. Күрделі – қысқарған сөздер. Күрделі
сөздердің морфологиялық құрылымынан өткенді қайталау.
Грамматикалық категориялар және олардың сөз
таптарымен ара қатысы. 8 сағат
Теориялық бөлім. 6 сағат
Грамматикалық категориялар мен сөз таптары.
Грамматикалық
сан-мөлшер
категориясы.
Септік
категориясы. Жақ категориясы. Шақ категориясы. Рай
категориясы. Етіс категориясы.
Практикалық бөлім. 2 сағат