Компанияның инновациялық әлеуетін арттыру мәселелері



жүктеу 26,04 Kb.
Дата04.01.2022
өлшемі26,04 Kb.
#31480
Мақала инновациялық әлеует


Компанияның инновациялық әлеуетін арттыру мәселелері
Қазіргі қоғамда экономиканың стратегиялық дамуының басты факторы инновациялық әлеует болып саналады. Индустриалды елдердің дамуы өніріс саласындағы компаниялардың инновациялық әлеуеті мен экономикалық өсудің алғышарты екендігін көрсетті. Жалпы инновациялық әлеует ұғымына тоқтала кететін болсақ, шетелдік ғалымдардың пікірі бойынша, атап айтқанда, Е.П.Маскайкин мен Т.В. Арцер еңбектерінде инновациялық әлеуетті өндірістік, технологиялық, еңбек, қаржылық, ұйымдастыру-басқару және интеллектуалдық әлеуеттердің жиынтығы ретінде қарастырады 1. Барлық компанияларда әртүрлі пропорцияда инновациялық әлеует түрлерінің барлығы бар, алайда бұл кезде олардың барлығы инновациялық қызметті жүзеге асырмайды. Өзінің инновациялық әлеуетін тиімсіз пайдаланушы компаниялардың өз орнын нарықта алдыңғы қатарлы кәсіпорындарға босататыны сөзсіз. Соңғылары жаңа идеяларды, жаңашылдықтарды қолдана отырып, өндіріс шығындарын қысқарта алады, қосымша пайда таба алады, бәсекелік артықшылықтарын күшейтіп, нарықтағы өз үлесін сақтай немесе ұлғайта алады.

Соңғы уақытта көптеген компаниялар инновациялық әлеуетін өздерінің стратегиялық басымдықтарының бірі деп санайды. Инновациялық әлеует бұл кезде экономика субъектілерінің инновациялық қызметті жүзеге асыруға қабілеттілігі мен дайындығы шарасы ретінде қарастырылады. Бұл кезде қабілеттілік бұл әлеует компонетттері құрылымының болуы және тепе-теңдігі, ал дайындық – инновациялық-белсенді қызметті қалыптастыру үшін әлеуеттің даму деңгейінің жеткіліктілігі ретінде түсіндіріледі. 

Компаниялардың инновациялық әлеуеті мен инновациялық әлеуетімен байланысты мәселелерді шешу компания қызметінің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауын қамтамасыз етеді, жаңа нарықтарды игеруге, жаңа жұмыс орындарын ашуға көмектеседі. Сондықтан мысал ретінде, қазақстандық компаниялардағы инновациялық әлеуетін арттыру мәселелеріне шағын зерттеу-сараптама жүргізетін болсақ, компаниялардағы инновациялық әлеуетін арттыру мәселелерінің артықшылықтарына келесілерді жатқызуға болады:

–   өндіріс саласындағы компаниялардың университеттер, академиялық институттар мен басқа да ғылыми мекемелердің дамыған желісінің болуы;

–    шағын және орта кәсіпкерлік саласындағы компаниялардың дамуына үлесін қосатын мемлекеттік қолдау саясатының болуы.



Ал кемшіліктеріне жатқызуға болады:

–   көптеген компаниялардағы қазіргі заман талабына сай менеджмент пен маркетинг жүйесінің болмауы;

–    инновациялық қызметпен айналысатын мамандардың төмен үлес салмағы;

–   отандық компаниялардың инновациялық әлеуетті арттыру мәселелеріне араласу деңгейінің төмендігі;

–    отандық ғылыми жасаулардың төмен бәсекеге қабілеттілігі мен шетелдік ескі технологиялар мен жабдықтарды сатып алуы.

–    шектеулі қаржылық және материалдық мүмкіндіктер.



Мүмкіндіктеріне:

–   өңдеуші сала кәсіпорындарының жоғары ғылыми сыйымдылықпен дамуы;

–    жергілікті кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігін ынталандыру;

–   жоғары технологиялық салаларға қаржылық және менеджерлік ресурстардың ағымы мен қызығушылығының жоғарылауы.



Қатерлерге:

–    компаниялардың сапалы инновациялық дамуының «тоқтауы»;

–    инновациялық үдерісті тиімсіз ұйымдастыру;

–   жаңа идеялардың, технологиялардың шетелге «кетуі» және қазақстандық ғалымдардың шетел мемлекеттері үшін интеллектуальды донорларға айналуы.



Демек, компанияның инновациялық әлеуетін арттыру мәселелеріне қатысты зерттеулер жасалынып, көбірек назар аударылса, онда отандық компаниялар нарықта тиімді бәсекеге түсуге, жаңа тұтынушыларды тартуға, қаржылық нәтижелерді жақсартуға мүмкіндік беретінін байқауға болады. Компанияның инновациялық әлеуеті оның технологиялық деңгейіне тәуелді болатыны белгілі. Компанияның инновациялық әлеуетін арттыру мәселелерін қарастырғанда маңызды база ретінде инновациялық әлеуеттің элементтері болуы мүмкін. Ол элементтерге келесілерді жатқызуға болады: инновациялық-бағытталған бөлімшелердің болуы, мамандар құрамы, қаржылық ресурстар, материалды-техникалық қамтамасыз ету, интеллектуальды меншік, ұйымдастырушылық-басқарушылық көрсеткіштер, инновациялық әлеует мәселелерін бағалау өлшемдері. Төмендегі кестеде инновациялық әлеуетті арттыру мәселелерін бағалау өлшемдері көрсетілген     (кесте 1) 2.
Кесте 1  - Инновациялық әлеуетті арттыру мәселелерін бағалау өлшемдері

Инновациялық әлеуетті арттыру мәселелерін бағалау өлшемдері

Өлшемдер сипаттамасы

Инновациялық мақсат пен инновациялық стратегияның сапасы

Инновациялық стратегияның инновациялық әлеуетке, сыртқы ортаның мүмкіндіктері мен қатерлеріне, мақсаттарына сай келуі

Инновациялық әлеуетті қолдану деңгейі

Басшылықтың қажетті әлеуетті: ресурстарды, ақпаратты, мамандарды және басқаларды тиімді қолдану қабілеті

Тартылатын инвестициялар деңгейі

Қолайлы инвестиция көздерін анықтау

Инновациялық өзгерістерді жүргізу кезінде қолданылатын әдістер мен бағыттар

Инновациялық қалыптасуларды ендірудегі белсенділік, нақты бәсекелік артықшылықтарды алуға бағытталған әдістер мен тұжырымдамаларды қолдану

Бәсекелік стратегия жағдайының сипаттамасына фирма әрекетінің сәйкестігі

Ортаның жағдайы мен объектінің (инновацияның) жағдайын ескере отырып сәйкес стратегиялық жағдайды қолдану: реактивті, белсенді және жоспарлы-болжамдық

Инновациялық стратегияны жасау мен жүзеге асырудың жылдамдығы

Инновациялық өзгерістерді жүзеге асыру мен инновациялық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша интенсивті іс-әрекеттер

Инновациялық белсенділіктің жүзеге асырылатын деңгейінің негізділігі

Белсенділік деңгейінің фирманың өзінің және сыртқы ортаның жағдайына сәйкестігі

Ескерту: Самаликова А. М., Баймуратов С. Ж. Инновациялық әлеуетті зерттеудің теориялық негіздері // Молодой ученый. — 2016. — №8.9. — С. 19-22.

  Дамыған индустриялы елдер компанияларының технологиялардан, құрал-жабдықтардан, мамандар даярлаудан, өндірістерді ұйымдастырудан көрініс табатын жаңа ілімдер үлесі 80%-ына дейін жетеді екен. Бұл елдер компанияларында инновациялық әлеуетін арттыру мәселелерімен айналысу нарықтық бәсекелестіктің өзекті факторы, өндіріс тиімділігін арттырудың және тауарлар мен кызметтер санасын жақсартудың негізгі құралы болып отыр. Қазіргі уақытта отандық компаниялар өндіріс пен ғылым арасында байланысорнатып, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған ғылымды көп қажетсінетін жаңа технологияларды және ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру инновациялық әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық кауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Отандық компаниялардың ғылыми-технологиялық саясаты инновациялық үдерістерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге өнеркәсіптегі жаңа қайта бөліністерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты жоюға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған. Компаниялардың инновациялық әлеуетін арттыру үшін кәсіпкерлік секторды қалыптастырмай инновациялық қызметті дамыту мүмкін емес. Соңғы жылдар ішінде өнеркәсіп өндірісі көлемінде және жұмыспен қамтылу санында шағын бизнес секторының үлесі өзгеріссіз қалып отыр және тиісінше 2,8-3,2% және 12,4-14,0%-ды құрап отыр, бұл индустриясы дамыған елдердегіден бірнеше есе аз 2. 



Инновациялық дамуда маңызды орынды шағын бизнес алуы қажет. Шетелдік тәжірибе көрсеткендей шағын инновациялық бизнес өте жылдам өседі және салыстырмалы аз инвестицияларды қажет етеді. Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар барлық инновациялардың жартысын қамтамасыз етеді. Шығынның бір бірлігіне инновациялар саны шағын фирмаларда орташа фирмаларға қарағанда 4 есеге жоғары, ал ірілерге қарағанда 24 есеге жоғары.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Самаликова А. М., Баймуратов С. Ж. Инновациялық әлеуетті зерттеудің теориялық негіздері // Молодой ученый. — 2016. — №8.9. — С. 19-22.

2. Кокурин Д.И. Инновационная деятельность/ Д.И.Кокурин.-М.:Экзамен, 2001. -575с. Николаев А.И. Инновационное развитие и инновационная культура // Наука и наукознание. -2001.-№2.-С.54-65
жүктеу 26,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау