10
11
сүйіктісі жайында неше түрлі толғаныстарға беріліп,
психологиялық дағдарысты сәттерді бастан кешіру
бас кейіпкердің басындағы ауыртпашылықтың бояуын
қоюлата түседі. Оның көкірегін жалын ата жарып
шыққан «Әттең, дүние...» сөзі романның тақырыбына
айналған. Осы кездейсоқ өлім болмаса, жүрекке салмақ
салатын ауыр өкініш те орын алмас еді. Әлеуметтік
астары жоқ кездейсоқ қазаның оқырманды қатты
тебіренте қоймауы заңды да.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі Германия халқының
жүдеу-жадау өмірі, жеңіске жетіп, өздерінің жерін басып
алған Кеңес әскерлеріне деген көзқарасы, байырғы
тұрғындардың өздеріне тән салт-дәстүрі өлшеулі болса
да, романда көрініс тауып отырады.
Жазушы бас кейіпкердің сүйіктісі Инганы асқан
сұлу ретінде көрсете отырып, ақылды да білімді қыз етіп
бейнелейді. Он жеті-он сегізге жаңа келген, автордың өз
сөзімен айтқанда, «уыздай жап-жас неміс қызы» (9-бет)
тарихтан, өнер мен әдебиеттен жақсы хабардар, көпті
көрген Можан капитанның өзін оқытып жіберетіндей
дәрежеде. Екеуара әңгімелесулер арқылы неміс және
қазақ халқының ұлы адамдарының есімдері аталып,
ақын-жазушыларының жекелеген шығармаларына
талдау жасап жатады. Осы арада роман авторы жазушы
Елеукеновке әдебиеттанушы ғалым Елеукеновтің
жәрдемге келгенін де аңғару қиын емес.
Және бір қызығы Германияда жүрген санаулы
адамдар арқылы ғана естісе де, Инга қазақ халқының
салт-дәстүрін, мақал-мәтелдерін біліп алған болып
шығады. Қазақстанда туып, Қазақстанда өсіп-өнген
басқа ұлт өкілдерінің кейбірі бүгінгі таңда да қазақтар
туралы түк білмейтіндігін еске алсақ, Можанның
маңайында жүрген немістердің қазағуар болып шығуы
көңілге күдік те келтіреді. Өз буларына өзі пісіп жүретін
Европаның асқақ ұлттары үшін шынтуайтына келгенде,
азиялықтың бәрі бірдей, ондай артта қалған өлке
жұрттарын білуге деген ынталары да бола бермейтіні-
өмір шындығы.
Романның назар аударатын көркемдік жетістіктерінің
бірі жазылу стилі, тілдік қолдану сипаты деуге
болады. Шығарма бастан-аяқ жатық, бір машықтан
ауытқи бермейтін көркем тілмен жазылған. Жекелеген
фразеологиялық
тіркестер
мен
түсініктердің
қалыптасқан нормадан шығып, ауа соғып жататыны
болмаса, оқыған кезде әрі жеңіл, әрі көркем әдеби
тілдің сорабы адастырмайды. Философиялық түйінге
айналуға жарайтын махаббат жайлы түрлі пайымдаулар
да тосындығымен назар аударып отырады.
«Асылы сюжет оқиғаның дамуы ғана емес, сол
оқиғаға қатысқан адамдардың характер қақтығысы
да ғой» (2,56) деген болатын Т.Тоқбергенов қазақ
романдары жайында сөз қозғаған бір мақаласында.
Ш.Елеукенов романындағы оқиға да, көркем кеңістік те
қазақ әдебиеті үшін типтік құбылыс емес. Оған дәлел -
оқиғаның жат елде өтуі, бас кейіпкердің неміс жеріндегі
теміржол бекетінің коменданты болуы және өзінің
жазушылық өнерге жақындығы. Осы арада соғыстан
кейін осы елде нақ осы қызметті атқарған жазушы
Қалмұхан Исабаевтың өмір кезеңі еске түседі. Өзінің
сол жылдардағы тіршілігі туралы Қалекең «Комендант
жазбалары», «Жолдас комендант», «Жұмбақ үй»,
«Соңғы тәулік», «Комендант» тәрізді роман, повесть,
әңгімелер жазғаны белгілі. Қ.Исабаевтың аталған
шығармаларында көрініс табатын Ильменау қаласы,
Тюрингия алқабы және т.б. топонимикалық атаулар осы
«Әттең, дүние» романында да ұшырасып жатады.
12
13
Шығармадағы бас кейіпкердің портреті мынадай:
«Орта бойлыдан төмендеу, шымыр, ширақ денесі
майсыз, таразы. Ұстарамен тақырлап алдыртқан ақ
құйқа басы маңдайлы, шықшытты келген бүкіл бет
әлпетінде қоңқақ мұрын жоталанып тұрады. Шаралы
дөңгелек көзін қасындағы кісіге тура қарап отырып
сөйлегенде, бұның ықшамдау денесіне сәйкес келмейтін
зор дауысына таң қаласың» (1,6).
«Қазір хобби деп жүр ғой, менің қызметтен босаған
кездегі ермегімнің бірі – сурет салу. Жүрген-тұрған
жерлерімнің көңіл төрінен шыққандарын қағазға
түсіремін» (1,19).
Осы келтірілген портретіне және суретшілігіне
қарап, романның бас кейіпкері Қ.Исабаев емес пе екен
деген ой туады. Өйткені осы сипаттардың бәрі аталған
жазушының бойынан табылып жатады. Бірақ қалай
болған күнде де Можан романда жалаң деректі кейіпкер
емес, толыққанды көркем персонаж болып шыққан.
Бір сөзбен айтқанда, Ш.Елеукеновтің «Әттең,
дүниесі» қазіргі қазақ романдары қатарына өз үнімен,
өзіндік жатық жазылу машығымен келіп қосылған,
психологиялық сипаты басым туынды деген дәлелді
тұжырым жасауға болады.
Әдебиеттер:
1 Елеукенов Ш.Р. Әттең, дүние...-А.: Атамұра, 2005.
– 336 бет.
2 Тоқбергенов Т. Тоғыз тарау. Әдеби сын. Жазушы,
1974. – 224 бет.
ӘОЖ 81.1 Ғ.ШӘРІПЖАНОВА,
Алматы энергетика және байланыс
университетінің доценті, ф.ғ.к.
-ҒЫ, -ГІ ҚОСЫМШАСЫ
Мақалада сөз формасын жасаудағы –ғы, -гі қосымшасының
функциялық ерекшелігі қарастырылады.
Түйін сөздер: қосымшалар, тіл білімі, жалғау, септік.
Бұл қосымшаның сөзжасамдық және форма
тудырушылық сипаты Ы.Маманов еңбектерінде арнайы
қарастырылған. Қазақ тілінде бұл қосымша қатыстық
сын есім тудырушы аффикс ретінде қаралып келді.
Ол екі формада кездеседі: бірі – мезгіл мәнді сөздерге
тікелей жалғанып, сын есім тудыруы (қысқы, жазғы,
күзгі, көктемгі, биылғы, бүгінгі, т.б.); екіншісі - -да,
-де жатыс септігінен кейін жалғануы (үйдегі, даладағы,
мектептегі, т.б.). А. Ысқақовтың жоғары оқу орындарына
арналған «Қазіргі қазақ тілі» оқулығында осы аталған
екі жағдайы да сын есім құрамында қарастырылып, бір
қатарда көрсетіледі. «Мекендік ұғым білдіретін кейбір
зат есімдерге, үстеулерге, сондай-ақ жатыс және шығыс
(сирек) септік формаларындағы есімдерге қосылып,
мағыналары солардың лексикалық мазмұндарына
қатысты туынды қатыстық сын есім жасайды. Мысалы:
ауызғы, төргі, түпкі, ішкі, ... баладағы, кітаптағы,
сөйлегендегі, орталықтағы, зауыттағы, цехтағы, т.б.
/1/.
Бұл тұлға өзі жалғанған сөзіне мекендік,
мезгілдік мағына береді. Ертедегі жазба ескерткіш
нұсқаларында -ғы, -гі аффиксінің жатыс септігімен
келген формасы түбірлерге тікелей жалғанған түріне
қарағанда кеңінен қолданылған. Мысалы, «даңқы