«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет5/34
Дата10.11.2018
өлшемі0,92 Mb.
#18797
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34

14

15

иаздақы  –  жазықтағы;  иакадақы  –  жағадағы;  авдакі  – 



үйдегі; алігдегі – қолындағы; тағдаки – таудағы» /2/. 

 

-Ғы,  -гі  қосымшасы  көбіне  уақыт,  кеңістік 

мәнінде  жұмсалатын  сөздерге  жалғанады.  Сондықтан 

болар,  жатыс  септігіндегі  сөздерге  жалғануға  табиғи 

бейімділігі бар. Себебі, жатыс септігі кеңістік қатынасты 

білдіретін септіктердің қатарына жатады /3/.

 

-Ғы, -гі қосымшасы жоғарыда аталған  А.Ысқақов 

еңбегінен басқа да ғалымдар еңбектерінде негізделген 

сын  есім  тудырушы  аффикс  ретінде  көрсетіледі. 

Айталық,  1967  жылы  жарық  көрген  академиялық 

грамматикада да  осы ізбен берілген. Алайда,  -ғы, -гі 

қосымшасының  үнемі  сөз  жасамайтыны  жайлы  да 

пікірлер  болып  отырды.  А.Ибатов  «иолдақы,  көкдакі  

сөздеріндегі -қы, -кі қосымшасы туынды сын есімдер 

тудыратын  жұрнақ.    Бірақ  соған  қарамай,  бұл  дәл 

осылай  айтылуында    түбір  сөзге  тікелей  жалғанбай, 

түбір тұлға мен өзінің аралығына жатыс септіктің –да, 

-де жалғауларын қосып айту арқылы өз табиғатындағы 

жаңа  лексикалық  тұлға  жасап,  белгілі  бір  түбір 

сөзден  екінші  бір  сөз  тудырушы  жұрнақ  сипатында 

емес,  сөздің  айтылуындағы  қызметімен  тікелей 

байланысты функционалды сөз түрлендіруші қосымша 

морфемалардың  қызметін  атқарып,    сол  мақсатта 

қолданылып тұр»,- деген пікір айтады /4/.

 

Түркі  тілдері  бойынша  осы  қосымшаның 



тілдік  табиғатына  байланысты    ой-пікірлер    мынадай  

теориялық бағыттарға саяды.

 

1)  -ғы,  -гі  қосымшасы  қатыстық  сын  есім 



тудырушы аффикс;

 

2) қатыстық форма;



 

3) септік жалғауы;

 

4) екі функциялы.



 

Ы.Маманов  ауылдағы,  қолыңыздағы,  Үсендегі 

сөздеріндегі  -ғы,  -гі    қосымшасы  жатыс  септігіне 

жалғанғанда  оның  сөздік  мағынасын  өзгертпей,  тек 

қана  грамматикалық  мағына  үстеп  тұрғандығын 

былай  дәлелдейді:  «Біріншіден,  -ғы,  гі  қосымшасы 

жатыс септігіне жалғанғанда, оның сөздік мағынасын 

өзгертпейді,  тек  қана  грамматикалық  мағына  үстейді. 

Былайша айтқанда, жатыс септігіндегі сөздер мекендік, 

мезгілдік  мағына  білдірсе,  оған  -ғы,  -гі  қосымшасы 

жалғанғанда оның сөздік мағынасын да (лексикалық), 

грамматикалық формасының (жатыс септік) білдіретін 

мағыналарын  да  (мекендік,  мезгілдік)  өзгертпей, 

тек  функциялық  мағына  үстейді.  Яғни,  синтаксистік 

қызметін өзгертеді. Жатыс септігіндегі сөздер сөйлемде 

толықтауыш,  пысықтауыш  қызметінде  жұмсалса, 

оған  -ғы,  -гі  морфемасы  жалғанып,  анықтауыш 

қызметінде жұмсалады. Екіншіден, -ғы, -гі қосымшасы 

жатыс  септігіндегі  сөздерге  түгелдей  жалғанып, 

грамматикалық  абстракция  жасайды.  Үшіншіден, 

сөз тудырушы қосымша жалғанған сөз белгілі бір сөз 

табына  тән  лексикалық  бүтін  болып  қалыптасады  

да,  сөздік  құрамға  енеді.  Ондай  сөздер  тіл  білімінде 

туынды түбір деп аталады. Ал жатыс септігіндегі -ғы, 



гі  қосымшасы  жалғанған  сөздерді  туынды  түбірдің 

қатарына қосу тілдік фактіге бүтіндей қайшы» /5/.

              Ғалым    -ғы,  -гі  қосымшасы  түбір  сөздерге 

жалғанғанда,  сөз  тудыру  қызметін  атқарып,  сөздік 

құрамға  енетін  туынды  түбір  сөздер  жасайды.  Ал 

грамматикалық    формаларға    жалғанғанда,  форма 

тудыру қызметінде жұмсалып, жалғанған сөзіне екінші 

бір грамматикалық мағына үстейтінін негізге алып, екі 

түрлі қызмет атқарады деген қорытынды жасайды.



16

17

 



Ы.Маманов 

жоғарыда 

сөз 

болған 


қосымшалардың  сөзжасамдық,  форма  жасаушылық 

қызметтерін  анықтауда  олардың  көпшілігін  форма 

жасаушы қосымшалар қатарында көрсетсе, ал -ғы, -гі 

қосымшасын екі функциялы аффикс деген пікір айтады. 

Демек,  ғалымның  пікірінше,  бұл  қосымша  түбір 

сөздерге  жалғанғанда  сөз  жасаса,  жатыс  септігінен 

кейін  жалғанғанда  форма  ғана  тудырады.  Бұл  пікір                           

Қ.Шаяхметовтің  зерттеуінде  де  осындай  сипат  алған.             

Қ.Шаяхметовтің  пікірінше  де,  -ғы,  -гі  қосымшасы 

мезгіл,  мекен  мәнді  зат  есімдер  мен  үстеулерге 

қосылып,  сөз  жасаушы  функция  орындайды,  мұнысы 

оның  бірінші  функциясы.  Ал  ілік  септігі  мен  жатыс 

септігінен соң жалғанғанда форма жасаушы қызметте 

болады.  –Ғы,  -гі  аффиксін  меншіктілік  қатынасты 

білдіретін  грамматикалық  форма  деп  анықтайды. 

Ғалым  –нікі  құранды  аффикс  құрамындағы  –ғы,  -гі 

тұлғасы мен –дағы, -дегі құрамындағы –ғы, -гі тұлғасын 

бір  ғана  тәуелдік  жұрнақтар  деп  көрсетеді.  «Екеуінің 

айырмасы  семантикалық  қана  түрленіс  шамасында.

Нікі  –  меншіктілік,  тәуелділік  ұғымын  иеленушімен, 

субъектімен тікелей байланысты білдірсе, -дағы, -дегі 

аффиксі  сол  формалық  мәнді  уақыт-мезгілге,  мекен-

орынға  байланыстыра  білдіреді.  Меншіктілік  мән 

кейінгіде жатыс септік жалғауы арқылы сәл бәсеңдеген, 

сөйтсе  де,  жалпы  грамматикалық  дәрежелері  бір 

ыңғайда.  Сондықтан  -нікі  аффиксі  иелік-меншік 

формасына,  -дағы,  -дегі  аффиксі  мезгіл-меншік 

формасына  қызмет  ететін  тәуелдік  жұрнақтар  дейміз 

/6/.  Түркологияда  мұндай  тұжырымды  Я.  Г.Гулямов, 

С.Усманов, Ф.А.Ганиев, М.А.Хабичев сияқты ғалымдар 

қолдайды.

 

Сонымен  жоғарыда  айтылған  пікірлерді 



саралай  келгенде,  -ғы,  -гі  қосымшасы  үш  түрлі 

формада кездесетінін байқаймыз. Бірі –түбір сөздерге 

жалғанатын -ғы, -гі қосымшасы, екіншісі - -нікі формасы, 

үшіншісі -дағы, -дегі формасы. Бұлардың ішінде –нікі 

қосымшасы қазіргі қазақ тілінде тек жіңішке вариантта 

қолданылып, жалғаулар сияқты дауыстылар үндесіміне 

бағынбайды. 

        Ы. Маманов -ғы, -гі тұлғасының түбір сөздерге, 

яғни,  мекен,  мезгіл  мәнді  сөздерге  жалғануында 

сөз  тудырушы  функция  орындайды  деп  көрсетеді. 

Түркологияда  бұл  мәселе  бойынша  да  пікір  алалығы 

бар. Бір топ ғалымдар оның түбір сөзге жалғануында 

да  сөз  тудырушы  қызмет  атқара  алмайды  деген  пікір 

айтады.  Алайда,  қазіргі  таңда  -ғы,  -гі  қосымшасы 

жалғанған түбір сөздер туынды түбір ретінде, басқалай 

айтқанда, жаңа лексикалық бірлік ретінде танылып жүр. 

Олар (мысалы, қысқы, жазғы, таңертеңгі, кешкі, бүгінгі, 

ертеңгі,  т.б.)  сөздіктерде  реестрлік  қатарда  беріледі. 

Қыс  –  зат  есім  болса,  -ғы,  -гі  жалғанып  (қысқы)  сын 

есім жасалады. Сондай-ақ -ғы, -гі тұлғалы түбір сөздер 



-лы, -лі, -сыз, -сіз  сияқты қатыстық сын есім тудырушы 

жұрнақ деп жүрген қосымшалардан ерекшелігі – олар 

сапалық  сынға  ешқашан  өтпейді.  Мысалы,  қысқы 

сөзін  шырай  категориясымен  түрлендіре  алмаймыз 

(қысқылау,  қысқырақ,  аса  қысқы  емес).  Олай  болса, 

мынадай қорытынды шығарамыз. –Ғы, -гі қосымшасы 

Ы.Маманов  көрсеткендей,  мезгіл,  мекен  мәнді  зат 

есімдер мен үстеу сөздерге жалғанғанда сөзжасамдық 

қызмет  атқарады.  ал  жатыс  септігінен  кейін 

жалғануында форма жасаушылық қызмет орындайды. 

Бұл - -ғы, -гі қосымшасы екі функциялы деп анықтаған 

ғалымдар пікірімен үндес.




жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау