«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет29/34
Дата10.11.2018
өлшемі0,92 Mb.
#18797
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

114

115


Орыс  тілі  пәнінің  мұғалімі    оқушылармен  жұмыс 

жасайды:  "Пришельцы из русского языка" 

Назовите предметы, изображенные на слайде.

Кровать,  бутылка,  ботинки,  спички,  конфеты, 

чайник, труба, сумка, ящик, тарелка.

Игра "Переводчик": переведите слова на казахский 

язык.  Сравните.  Кереует,  бөтелке,  бәтеңке,  сіріңке, 

кәмпит, шәйнек, тұрба, сөмке, тәрелке.

Вывод:  слова,  пришедшие  из  русского  языка  в 

казахский  язык,  претерпели  небольшие  изменения  в 

произношении и написании.

Араб,  парсы,  монғол  тілдерінің  сөздері  бірнеше 

ғасыр бойы қолданылу барысында өздерінің бастапқы 

қалпын  мүлде-өзгертіп,  қазақ  тілінің  заңдылығына 

бейімделіп,  біржола  кірігіп  кеткен.  Соңғы  жылдарда 

кірме сөздердің біразы қазақшаға аударылған. Мысалы: 

Слайд: самолет – ұшақ, вертолет – тікұшақ, коллектив – 

ұжым, герб – елтаңба, гимн – әнұран.

Ағылшын  пәнінің  мұғалімі  ойын  жүргізеді:  

“Crocodile” game. Children, you take a card, read the word 

and show it to your group.

Your task is to say the word.

Words are:

Telephone

Computer


A battery

Automobile

A disk

A calculator



Қазақ  тілі  пәнінің  мұғалімі  сөздікпен  жұмыс 

жүргізеді.

-  Ұшақ,  тікұшақ,  әнұран,  елтаңба  деген  қандай 

сөздер?


- Самолет, вертолет, герб, гимн ше?

- Бұдан нені аңғаруға болады?

- Кірме сөздер қазақшаға аударылады. 

Дұрыс  айтасың  кейінгі  жылдары  кірме  сөздердің 

қазақша  баламалары  қолданысқа  енген.  Ал  енді  осы 

кірме сөздердің жазылуында қандай ерекшелік болады 

екен?

Слайд:  Кі –тап, мұға – лім, емти- хан, та-рих.



-  Мына сөздердің жазылуынан қандай ерекшелікті 

аңғарамыз?

Кірме сөз - ана тілімізге шет тілінен енген сөз. Кірме 

сөздердің  көпшілігінде  буын  үндестігі  сақталмай, 

дауысты  дыбыстары  жуан-жіңішке  болып  араласып 

келе береді.

IV.  Топпен  жұмыс.  Тапсырма:  Мәтінмен  жұмыс. 

Мәтінді  түсініп  оқып,  әңгімелеу,  презентация  жасау. 

«Топтастыру» әдісі. 

Мәтін тақырыбы

Мәтін кейіпкерлері

Мәтіннің негізгі ойы

Мәтіндегі кірме сөздер 

1-топ. «Күй құдіреті» мәтіні.

2-топ. «Бәрі сенің қолыңда» мәтіні.

3-топ. «Өнерлі жігіт» мәтіні.

V. Сергіту сәті. Кірме сөздерге байланысты доппен 

ойын. VI. Сабақты бекіту. Коллаж жасау. 

а)  Үш  топқа  үш  мұғалім  түрлі  суреттер  таратады, 

үш топ үш тілде коллаж жасайды, мәтін құрастырады, 

жұмыстарын таныстырады, бірін-бірі бағалайды.

VII.  Сабақты  қорытындылау.  «Бес  саусақ» 

стратегиясы. VІІІ. Үй тапсырмасы: 174-жаттығу, «Кірме 

сөздер керек пе?» «Біздің өміріміздегі кірме сөздердің 

рөлі» тақырыбына шағын эссе жазу.

 

 



   

 



116

117


Ұстаз мерейі

П.ЖАУДАТОВА,

Қармақшы аудандық 

оқушылар үйі,

«Шешенік өнер» үйірмесінің жетекшісі.

Қызылорда облысы,

Қармақшы ауданы

МҰҒАЛІМ МАМАНДЫҒЫ 

ӘЛЕМДЕГІ БАРЛЫҚ 

МАМАНДЫҚТАРДЫҢ АНАСЫ

Адамның  басшысы  –  ақыл,  шолушысы  –  ой, 



жетекшісі – талап, қорғаушысы – сабыр, сынаушысы 

–  халық,  таусылмайтыны  –  арман,  ең  қымбаттысы 

–  ар  сақтау,  бәрінен  ардақтысы  –  өмір  сүру,  соның 

ішінде ең тәттісі – сыйластық.

                                                          Төле би Әлібекұлы.

Дүние  есігін  ашқаннан  бастап  адам  баласы  әр 

түрлі  мектептерден  өтеді.  Алғаш  аналық  мейірімнен 

басталатын  тағылым  мектебі,  білімнің  қайнарына 

жалғасып,  әрі  қарай  тізбектеліп  өтеді.  Әрқайсысы 

санаға  өзіндік  өрнегін  салып,  жүрегінде  өшпестей  із 

қалдырады.

«Табиғатың теңіздің  тұнық тереңіндей,

Балалықпен кетіппіз-ау іліміңді тере білмей.

Жүріп келесің қайнаған тіршіліктің буымен,

Шырайлы жүзіңнен бар мұңыңды білдірмей.

Ана-ұстаздар, маған бір сәт құлақ салыңыздаршы... 

Менің сіздерге айтар алғысым телегей-теңіз.  Сіздердің  

«көкем, айналайын» деп айтқан жылы сөздеріңіздің үні 

әлі күнге құлағымда жаңғырып тұрғандай. Жо-жоқ, мен 

барлығын ұмытпадым. Қолыма алғаш әліппе оқулығын 

ұстатып,    сол  сәтте  маған  мүлде  таңсық  болған 

мектеп,  сынып,  әдеп,  ізет,  өмір,  жақсы  мен  жаман, 

қайырымдылық, тағы да басқа сан мыңдаған ұғымдарды 

талмай  түсіндіріп,  санама  сәуле  құйғандарыңызды 

қалайша  ұмытайын?  Өздеріңіз  жайлы  ой  өрбітер 

болсам, мына парақтар маған жеткіліксіз болар еді-ау».

  Ойға-шуақ,  бойға  қуат  бітірген  асыл  ұстаздарыма  

жоғарыдағыдай  лебізімді арнай ойымды жалғастырайын. 

Расында,  мұғалім мамандығы-барлық мамандықтардың 

анасы. Бұлай деуіме негіз – бұрынғының ауыздыға сөз 

бермей, аяқтыға жол бермей сөйлеген  ділмар шешені 

де,  ел  билеген  патшасы  да,  ақылы  асқан  данасы  да 

ұстаз  алдын  көрген.  Барша  жанның  санасына  сәуле 

құйып, келешегіне бағыт берер жолбасшысы, зердесін 

ашар  шамшырағы  бола  білген  ұстаздар  қауымы  бүгін 

мен келешекті рухани сабақтастыратын дана тұлға дер 

едім. Алдында отырған тарыдай балапандарды оқытып, 

үлгілі  тәрбие  беру  жауапкершілігімен  қатар  олардың 

жеке тұлға болып қалыптасуы мен болашағына бағдар 

беру  міндеті  мойнына  жүктелген  ұстаздық  қызмет– 

ерен еңбек. 

     Әр бала мұғалімге қарап бой түзейді. Ұстазының 

киім  киісіне,  жүріс-тұрысына,  іс-әрекеттеріне  мән 

беріп, тіпті кейбірі болашақта өздерін мұғалім ретінде 

елестетіп  көретіні  хақ.  «Бүгінгі  өскелең  ұрпақ  нағыз 

білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, 

нағыз өз елін сүйетін, ұлтжанды азамат болуы керек», 

-  деп  атап  өтті,    ел  Президенті  Н.Ә.Назарбаев  өзінің  

«Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  Жолдауында.  Ел 

экономикасының өркендеуі тікелей білім мен ғылымның  

дамуымен  тығыз  байланысты.  Болашақ  тізгінін 

ұстайтындар  бүгінгі  өскелең  ұрпақ  болғандықтан  ұлт 




жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау