«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет31/34
Дата10.11.2018
өлшемі0,92 Mb.
#18797
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

122

123


найзағай  күркірімін!»  атты  поэзия  кешіне  қош 

келдіңіздер! 

2-жүргізуші:  -Біз  сонау    өткен    ғасырдың 

60-  жылдарындағы  қазақ  поэзия  әлемінің  көңіл 

көкжиегіне  көз  жіберіп,  ой  жүгіртсек,  бірнеше 

талантты  ақындар  тобы  асқақтай  көрінеді.  Олар 

Мұқағали,  Төлеген,  Меңдекеш  сияқты  ақындар. 

Бұл  ақындардың  әрқайсысы  өлең  өнеріне    өз 

ерекшелігімен келген жандар. Солардың бірі-Төлеген 

Айбергенов.

1-жүргізуші:  Ақын  Төлеген  Айбергенов  1937 

жылы  туысқан  Қарақалпақстан    елінің    Қоңырат 

ауданында  дүниеге  келген.  Болашақ  таланттың 

туған  күні-  табиғаттың  тамаша    мезгілі    көктемнің 

алғашқы  мерекесі  8-  наурыз,  яғни,  ақын  көгілдір 

көктем  күнінде  дүние  есігін  ашқан.  Сондықтан  да 

жүрегінде  сағыныш саздары асқақ арманмен ұласып 

жатқандығын көре аламыз. Төлеген Низами атындағы 

педагогика    институтының  қазақ  тілі  мен  әдебиеті 

факультетін  бітіріп,  кейін  мұғалімдік    қызмет  пен  

мерзімді баспасөздерде қызмет атқарады.

(Ақынның 

жастық 

шағындағы 



суреттері 

көрсетіледі)

2-жүргізуші: Төлегеннің  есейе келе көңілі атамекен 

Қазақстанға  ауа  берді.  Оның  арманы-Қазақстан 

жерінің гүлденуі, халқының болашағы, қуанышы мен 

шаттығын көру болады. Төлегеннің туған елге деген 

ыстық ықыласы, іңкәр сезімі, сағыныш сазға  толы 

жүрегі    «Қазақстан»деп  соқты.  Ақыры    ер    жеткен  

соң  бұл  сезімдердің  күші  Атамекенге  алып келді.

(Ақынның  Алматыдағы  естелік    суреттері  

көрсетіледі.)

«Аруана-бауыр  дүние»,  «Атамекен»,  «Менің 

Республикам» өлеңдері оқылады.

1-жүргізуші: Ақынның асқақ арманы  орындалып 

Қазақстанға    келген  соң  шабыты    шалқып,  арманы  

тасып  Атырау  мен  Алтай    арасына    туған  елінің 

келбетін көруге  сапарға  шықты. Оның  «Маңғыстау 

саздары» деген өлеңдер циклі сол  сапарларда туған 

еді.

«Сырласу», 



«Мұнарлар», 

«Шевченко-мұнай 

ордасы» өлеңдері оқылады.

2-жүргізуші:  небәрі  30-ақ  жасында    тамаша  

туындыларымен  оқырман  ойынан  шығып,  қысқа 

ғұмырында  мәңгілік  жыр  қалдырған  ақын  өлеңдері 

өзінің  өміршеңдегін  жоймақ  емес.  Оған  дәлел-

күнделікті өмірде, мереке, жиын, тойларда айтылатын 

ақын туындылары. «Бір тойым бар», «Ақ қайыңдар»,  

«Қаратау», «Көктем», «Ұстазға» өлеңдері оқылады.

1-жүргізуші:  -Ана!  Дүниедегі  ең  қасиетті  ұғым.

Ақын көктем  мезгілінде, аналар  мерекесінде дүниеге 

келгендіктен де ана тақырыбында жырламауы мүмкін 

емес. Анаға Төлегендей теңеу беріп, суреттей алған 

ақын өмірде сирек кездесетіні анық. «Ана», «Анама», 

«Апаларым» өлеңдері оқылады.

2-жүргізуші: ақын Төлегеннің бойында  ақындық  

талант пен  адамгершілік  асыл қасиеттердің белгісі, 

достық  пен  туысқандық,  әсем  көктем  көріністері 

сұлу  сөзбен  өрнектелген.  (Төлеген  Айбергеновтің  

отбасылық  суреттері)  «Адамдар»,  «Мені  ізде» 

өлеңдері оқылады. 

1-жүргізуші: Төлеген өлеңдерінде  өмірін өлеңмен 

өрнектеген ақын болып көрінсе,өмірде де отбасында 

үлкен  көшбасшы  көсем,  досқа    құшағы  кең,  пейілі 

ашық,  ұлағатты  ұлы  істерді  жасауға    жаны  құмар, 

замандастарына,  ортасына  сыйлы  азамат  болған.



124

125


Ақынның  мұндай  қасиеттерін  естеліктерден  көре  

аламыз.  Салтанат  Төлегенқызының  «Әке,  сені 

сағындым»,  Мұхтар  Шахановтың  «Оның  тойы  

тарқамайды» өлеңдері оқылады.

Тынышбай  Рахимовтың  «Сағыныш»,  Сырбай 

Мауленов  «Өлеңмен  жаралған  жан»  өлеңдері 

оқылады.

(Төлегеннің    қаламгер    достарының,  Салтанат 

Төлегенқызының естелік суреттері)

2-жүргізуші:  тума    талантты  ақын  асыл 

армандарын, асқақ жырларын толық жаза алмай 1967 

жылы  Қарақалпақстан  астанасы  Нөкіс  қаласында 

көз  жұмды.Аяулы  ақынның  қабірі  осы  қаланың 

іргесіндегі «Сарша» деген қорымда, басына ескерткіш 

белгі  қойылған.  Ұлы  ақын  өмірден  өткенмен  оның  

өлеңдері  болашақ  ұрпақтың  жадында  сақталумен 

қатар  кейінгі    буын    ақындарға  үлгі-өнеге  болады. 

(Т.Айбергеновтің зираты көрсетіледі).

Мұқағали Мақатаев «Төлегенге», Мұхтар Шаханов 

«Айбергенов  шыңы»,  Тұманбай  Молдағалиев 

«Төлегенге»,  Қуандық  Шағытбаев  «Төлегенге», 

Жарасқан Әбдірашев «Ақын кетіп барады», Есенғали 

Раушанов «Ташкент», өлеңдері оқылды.

1-жүргізуші:  қаламгерге  деген  туған  халқының  

ыстық  ықыласы мен оның шығармашылығына берген 

бағалары да осал емес. Бұл күнде Төлегеннің баспа  

беттерінен  әр  жылдары  жарық  көрген  жинақтарын 

оқырман    қауым  іздеп    жүріп  оқиды.  Төлеген  тек 

поэзия жанрында ғана емес  проза жанрына да   қалам  

тербеген.  Оған  дәлелге  «Темірқазық»  атты  очеркін 

алып қарауға болады. Кітап көрмесімен таныстыру.

(Ақынның әр жылдары баспа  беттерінде  жарық 

көрген  туындылары  таныстырылады)

2-жүргізуші:  Ақын  өз  өмірінде  сый-сияпаттан  

да  кенде  қалған  жоқ.  Елімізде  Төлеген  Айбергенов  

атында  Алматы  қаласында    мектеп    бар,  ауыл-

қалаларда көше аттары берілген.

1-жүргізуші:  ақынның  өміршең  өлеңдері  мен  

оның  сөзіне  жазылған  әндер  бүгінгі  күннің    биік 

өнер  сахнасынан  түспей,  талғампаз тыңдармандар 

көңілінен  лайықты орын алып  келеді.

Өнердің  қос  таланты  Шәмші  Қалдаяқов  пен 

Төлеген  Айбергенов  Атырау  мен  Маңғыстау  

даласында  жасаған арман сапарында туған «Жаңарған 

Маңғыстау»,  «Ақ  ерке  Ақжайық»  өлеңдері    қазақ 

даласында  мәңгі  шырқалып  келеді.  Ән:  «Жаңарған 

Маңғыстау», «Ақ ерке Ақжайық». (Т.Айбергенов пен 

Ш.Қалдаяқовтың  ақын әндерін бірге  шырқар кезінен 

естелік суреттер).

2-жүргізуші:  қазақ  әдебиетінде    өзіндік  

талантымен  танылған  ақын  өлең құрылысында  да 

ерекше  құбылыс әкелді. Қазақ өлеңдері көбінесе 7,8 

және11 буынды болып келсе, Төлеген 18-19 буынды 

өлеңдер жазған.Сонымен қатар Төлеген өз жырларын 

басынан аяғына дейін, соңынан басына дейін жатқа 

айтатын болған. Бұл да  дарындылықтың белгісі емес 

пе?

1-жүргізуші: Иә, Төлеген Айбергенов жүз жылда, 



тіпті  мың  жылда  бір  туатын  дарын,  көркем-сөздің 

құдіретті иесі. Олай болса Төлеген өлеңдері болашақ  

ұрпақ  санасында  ұмытылмақ  емес.  Ақынның  өзі 

айтпақшы «Мен марттағы найзағай күркірімін» деп 

ол нөсер жырларын өз ғұмырында ұрпақ ғұмырына 

жетерліктей төгіп өткен.

 

 

   



 


жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау