«Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық



жүктеу 0,92 Mb.
Pdf просмотр
бет32/34
Дата10.11.2018
өлшемі0,92 Mb.
#18797
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34

126

127


                                                                                  

Б.ШАХМАНОВА, 

                                     Мәлік Ғабдуллин атындағы

№ 3 көп тілде оқытатын 

мектеп-гимназиясы.

Көкшетау қаласы



АҚЫНДАРДЫҢ АҚЫНЫ - МАҒЖАН

Би. «Қыз қуу». Фанфар (2  жүргізуші ортаға шығады.)

1-жүргізуші:  -Қайырлы  күн  құрметті  ұстаздар, 

қонақтар,  оқушылар!  Поэзия  әлемінде  айрықша  із 

қалдырған, өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең 

сырға,  ұшқыр  қиялға  толы  өлең  дүниесін  кейінгіге 

аманат етіп қалдырған  «Ақындардың ақыны-Мағжан» 

атты сыныптан тыс кешімізге қош келдіңіздер!

2-жүргізуші:  -«Мағжан-қазақ  поэзиясының  шолпан 

жұлдыздарының  бірі,  әрі  бірегейі.  Ол-артында  өшпес 

рухани мол мұра, өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырған 

ұлы ақын»,-дей келе, өміріне шолу(слайд) жасайық.

1-оқушы:-Мағжан  Бекенбаласы  Жұмабаев  1893 

жылы  Ақмола  губерниясының  Ақмола  уезіндегі 

Полуденовский болысында, қазіргі Солтүстік Қазақстан 

облысы,  Булаев  ауданы,  «Молодёжный»  совхозында 

дүниеге  келген.  Орташа  ауқатты  отбасынан  шыққан.

Ауыл  мұғалімінен  хат  танып,  сауат  ашады,  ал  1905 

жылы  Қызылжардағы  медресеге  оқуға  түседі.  1916 

жылы М.Жұмабаев Омбының мұғалімдер даярлайтын 

семинариясын  ойдағыдай  бітіріп,  туған  өлкесіне 

оралады.  Қазақ  даласында  «Алаш»партиясын  құруға 

қатысып, чех көтерілісін бастан кешеді, кейін Ақмола 

губерниялық «Бостандық туы» газетінде істейді.

2-оқушы:-М.Жұмабаев  өнімді  шығармашылық 

өнердің  адамы  екенін  Уфадағы  «Ғалия»медресесінде 

оқып  жүрген  кезінде,  1912  жылы  Қазан  қаласында 

«Шолпан»өлең  жинағы  шыққанда  оған  Ғалымжан 

Ибрагимов  көп  жәрдем  еткен.  Ақынның  өлеңдері: 

«Көкшетау», «Жазғы түндер», «Қысқы жол», «Қайың», 

«Орман», т.б.

1-жүргізуші:  -М.Жұмабаев-өлмес  махаббатты, 

заманның  қажет  мәселелерін  көркем  кестелеген,  сұлу 

сазды,  өрнекті,  мөлдір  лириканың  хас  шебері.  (әдеби 

монтаж)

1-оқушы «Махаббат не?» өлеңін мәнерлеп оқиды.



2-оқушы «Қазақ тілі» өлеңін мәнерлеп оқиды.

3-оқушы «Туған жер» өлеңін мәнерлеп оқиды.

4-оқушы «Туған жерім-Сасықкөл» өлеңін мәнерлеп 

оқиды.


2-жүргізуші: -«Қос ішектің бірін қатты,

                        Бірін сәл-сәл кем бұра

                        Нағыз  қазақ қазақ емес,

                        Нағыз қазақ-домбыра»-

дегендей, келесі кезекті қазақтың қара домбырасына 

берейік. Күй «Түркмен».

1-жүргізуші: -Сахналық көрініс «Абақтыда»

2-жүргізуші: -«Күндей күліп жарқырайды, шығады

                       Жақсы әуен жыр мен сәннің бұлағы

                       Түсінеміз әннің асыл ырғағын.

                       Көңілімнен тыңдаған жан ұғады»,-

дей келе, келесі тыңдайтындарыңыз «Әнім сен едің» 

әні.

1-жүргізуші:  -М.Әуезов  айтқандай  «Мағжан-



мәдениеті  зор  ақын.  Сондықтан  бүгінгі  күннің  бар 

жазушысының  ішінен  келешекке  бой  ұрып,  артқы 

күнге анық қалуға жарайтын сөз-Мағжанның сөзі деп 

білемін» дей келе, «Ақындардың ақыны-Мағжан» атты 

сыныптан тыс кешіміз аяқталды.

2-жүргізуші:-Көңіл  қойып  тыңдағандарыңызға 

рахмет!



128

129


Сыныптан тыс шара

Н.ҚАДЫРҚҰЛОВА,

№77 орта мектебі.

Қызылорда облысы,

Арал ауданы,

Құланды елді мекені



КӨШБАСШЫЛАР САЙЫСЫ

Мақсаты:  жасөспірімдер  ортасында  белсенді 

азаматтық  ұстанымы  бар  табысты  адам  бейнесін 

қалыптастыру үшін балалар қоғамдық бірлестіктерінде 

шығармашылық  жұмыс  істейтін  және  дарынды 

көшбасшыларды  анықтау  және  қолдау.  Көрнекілігі: 

интерактивті тақта, слайдтар,  мадақтама қағазы, тест 

тапсырмалары.

Сайыстың барысы:

1. Оқушылар ұжымын ұйымдастыру.

2.  Жүргізушінің  кіріспе  сөзі,  мақсатын  түсіндіру, 

әділқазылар алқасын сайлау.

3. Сайыскерлердің өзін-өзі таныстыруы.

4. Ойын ережелерімен таныстыру.

5. 4 кезеңнен тұратын зияткерлік-танымдық ойын.

І. Бәйге. ІІ. Полиглот. ІІІ. Дода. ІV. Жорға.

-Қайырлы  күн,  құрметті,  оқушылар,  ұстаздар 

ұжымы.  Бүгін  біздің  «Көшбасшылар»  сайысына  қош 

келдіңіздер!  Мінекей  көзді  ашып-жұмғанша  арайлы 

алтын күз де келіп жетті. Күз дегеніміз– жазира дархан 

даланың дастарқаны. Күз дегеніміз-байлық, молшылық. 

Күз дегеніміз-қауырт еңбек кезеңі. Жалпы алғанда біз 

үшін күз дегеніміз – мереке.

Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын,

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлік пенен ортақтассын.

Кім жеңеді жеңіске үміт алда,

Қобалжу бар, жүректе күдік бар да. 

Әділ қазы алқасы, атыңды ата,

Жүйріктерге арман мен бақыт сыйла.

Әділқазылар алқасын таныстыру.

Қазылар алқасы сіздердің бүгінгі ойындарыңызды:

-ұйымдастырушылық қабілеті;

-өзін-өзі ұстауы;

-шығармашылық қабілеті сияқты бағалау өлшемдері 

бойынша бағалайды.

Адам меңгермейтін білім бар ма?

Жойқын күшті тындырар күшің барда.

Оқы, үйрен, жас ұрпақ, бәрін меңгер,

Алға  қойған  мақсатың,  ісің  барда!-деп  бүгінгі 

сайысты бастайық. Қатысушыларды таныстыру.

-Ал,  сайыскерлер,  дайын  болсақ  бастайық. 

Баршаңызға сәттілік тілеймін.

Бірінші кезең. «БӘЙГЕ»

- Қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз,

Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз.

Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар,

Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз-

дей келе  біз  «БӘЙГЕ»  кезеңін бастайық.

1.  Жүргізуші  қатысушыларға  қарапайым  сұрақтар 

қояды, әр сауалға жауаптың екі нұсқасы ұсынылады.

2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай 

иеленеді.

3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгі 

жауаптар қабылданбайды.

1-сұрақ. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы 

кім? (А.Байтұрсынұлы)

2-сұрақ. Тәуелсіздік алған жыл. (1991)

3-сұрақ. 2014 қысқы олимпада қай елде және қашан 




жүктеу 0,92 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау