118
119
болу үшін, елдігіңді сақтау үшін ел жастарына жан
– жақты тәрбие берілуі керек. Осы тұрғыда дұрыс
тәрбиемен сусындаған, адал, шыншыл, парасатты ұрпақ
тәрбиелеу – ұстаздың ең басты мақсаты деп ойлаймын.
Қазіргі жаһандану заманында қоғам білімділігі мен
біліктілігі мол, өз ісіне асқан жауапкершілікпен қарай
білетін түрлі маман иелерін қажет етеді. Демек өздері
таңдаған мамандықтың иесі болу үшін де кәсіби білім,
білік дағдысын қалыптастыруы, оның теориясын
меңгеруі қажет-ақ. Әрине, ол үшін белгілі оқу орнының
табалдырығын аттап, тағы да асыл ұстаздың білім атты
сәулесімен нұрланып шығады.
Ақын Абай атамыз отыз сегізінші қара сөзінде:
«Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан
қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік,
үшінші – залымдық деп білесің. Надандық–білім-
ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп
болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік
– күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық,
жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады.
Залымдық – адам баласының дұшпаны», - дейді.
Даналықпен айтылған бұл сөздердің мағынасына
үңіле қарасақ, қаншама терең ойдың жатқандығын
байқаймыз. Қазіргі балаларға етене таныс бес асыл іс
пен бес дұшпан, қазақ жерінде алғаш мектеп ашқан
Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылығы» да,
тағы да басқа қоғам қайраткерлерінің қазақ баласы
үшін жасаған жақсылықтарын тізіп жеткізу мүмкін
емес. Жамандық атаулыдан жирендіріп, ізеттілік,
кішіпейілділік, қайырымдылық секілді ең асыл
қасиеттерді бала бойына білім берумен қатар дарыта
алған ұстаз – дана да дара ұстаз деп бағаласақ артық
айтқандық болмас.
Мұғалімдер туралы ойлай бастағанымда-ақ
кеудемде өз ұстаздарыма деген үлкен сағыныш маздады.
Кешегі күні мен де кішкене шәкірт болатынмын,
бүгінде жас мамандар қатарына қосылдым. Қызылорда
қаласындағы білімі мен тәртібі жөнінен дәрежесі
жоғары тұратын, батыр апамыз Мәншүк Мәметованың
атына берілген гуманитарлық колледжде білім алдым.
Ұстаздық мамандық бойынша қабілетімізді арттыру
мақсатында қаладағы түрлі мектеп қабырғаларында
тәжірибелерден өтіп, мектеп ұстаздары тарапынан
алғыстар мен жылы лебіздер естідік. Осының
барлығы бойыма қуат бітірді. Мамандығыма үлкен
сүйіспеншілікпен қарай бастадым. Әрбір мұғалімнің
бойында болуы тиіс төзімділік, мәдениеттілік,
сыпайылық, адамгершілік сынды асыл қасиеттерге өз-
өзімді үйретіп келемін. Қосымша білім беру ұйымында
еңбек етіп жүрген тәжірибелі ұстаздар қауымының
бір мүшесі болғаныма өзімді бақытты сезінемін.
Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруда
және шәкірттердің үйірмелерге қызығушылықтарын
арттыру жолында бар қажыр-қайратын сарп етіп
жүрген қосымша білім беру ұйымының ұстаздарын
ерекше атап өтуге болады. Қоғамдық шаралармен қатар
үйірмеге балаларды жинақтап, олардың әрқайсысының
бойындағы қабілеттерінің жаңа қырларын аша түсу
үшін бұл ұйымның үйірме жетекшілері педагогикалық
шеберліктерін тиімді пайдаланып келеді. Алдында
отырған оқушылардың үйірмеге деген ынтасын
жоғалтып алмас үшін жұмыстың түрлі формаларын
ұйымдастырып, ұстаздық қызметіне ыждақаттылықпен
қарай біледі. Себебі олар тәрбиелеген шәкірттер
болашақта еліміздің белгілі тұлғалары мен қоғам
қайраткерлері атанады.
120
121
«Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның
күрделі және қызықты, шым-шытырығы мол рухани
жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік
пен педагогикалық өнер – ол даналықты жүректен
ұға білу болып табылады» деп айтып кеткен Василий
Александрович Сухомлинский де дарынды мұғалім,
талантты ғалым әрі публицист болған екен. Демек осы
сан қырлы қасиеттер ұстаздар бойына дарыса, сол
ұстаздың қанатының астынан ұшқан шәкірттер асқан
дарындылар болады емес пе? Халық тыйымдарында
«Ата-анаңа, ұстазыңа бажырайып қарама, қатты
сөйлеме» деп айтылады. Ендеше ата-ананы қалай
құрмет тұтсақ, ұстаздарға да сондай құрмет көрсете
білейік, ұлағатты ұстаздар мерейін асыра жүрейік.
Иә, Елбасы айтқандай Қазақстан халқы білімге,
ғылымға құмар халық. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев
армандаған болашақ Қазақстан қандай?
Ол кез келген Қазақстан азаматы кез келген әлем
еліне барып жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті
ұрпақ тәрбиелеген – Қазақстан! Терезесі тең, керегесі
кең өркениетті Қазақстан! Ауылы мен қаласы қатар
өскен қуатты Қазақстан! Бұл – Қазақстан болашағы
білім мен ғылымда деген сөз!
Ғасыр ақыны
М.ҰЛЫҚПАНОВА,
Құмсай орта мектебі.
Ақтөбе облысы,
Мұғалжар ауданы
«МЕН МАРТТАҒЫ НАЙЗАҒАЙ
КҮРКІРІМІН!»
Мақсаты: оқушыларға Төлеген Айбергенов
шығармашылығын таныту, ақын өлеңдерінің
көркемдік ерекшелігін ұғындыру; Ақын өлеңдері
арқылы оқушыларды адамгершілік қасиеттерге баулу,
Отанын, туған жерін, туған тілін құрметтеуге және
сөз өнеріне сүйіспеншілікке тәрбиелеу; мәнерлеп
оқу дағдысын, логикалық ойлау қабілеттерін, ой
өрісін жетілдіру, оқушылардың әдеби көзқарасын
қалыптастыру.
Көрнекілігі:
интерактивті
тақта,
Төлеген
Айбергенов шығармашылығына арналған көрмесі,
музыкалық аспап.
Барысы.
1-жүргізуші: -О, адамдар, біргемін мен сендермен,
Ықыласыңа еш нәрсені теңгермен.
Сендер
менің бақытымның бұлағы,
Сендер менің дарыныма жол берген.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Қазақ әдебиетінде, қала берді қазақ қоғамында
ХХ ғасырда да, күні бүгінде де, ертең де өзіндік дара
орны бар ақын Төлеген Айбергеновтің 8-наурыз туған
күніне орай өткізілгелі отырған «Мен марттағы
АҚЫЛДЫҢ КЕНІ
Мәдениетті адам болып тәрбиеленуге
екі құдіретті күш әсер етеді - көркем өнер
мен ғылым. Бұл екеуіне де кітап бетінен
дидарласасың.
М.ГОРЬКИЙ