110
111
Кіріктірілген сабақ
Р.БАЙДАУЛЕТОВА,
«Өнер колледжі-музыкалық-
эстетикалық бейіндегі дарынды
балаларға мамандандырылған
мектеп-интернат» кешені» КММ.
Солтүстік Қазақстан облысы,
Петропавл қаласы
КІРМЕ СӨЗДЕР. ЗАИМСТВЕННЫЕ
СЛОВА. INTERNATIONAL WORDS
Мақсаты: білімділік-басқа тілден енген сөздер
туралы түсінік беру, мағыналарын түсіндіру, басқа
сөздерден ажырату; дамытушылық-ойлау қабілеттерін,
ауызекі сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту,
алған білімдерін жүйелі қолдана білуге баулу;
тәрбиелік- әдеби тілде көркем сөйлеуге тәрбиелеу,
тілді құрметтеуге баулу. Түрі: кіріктірілген сабақ.
Типі: жаңа білімді игеру. Пәнаралық байланыс: орыс
тілі, ағылшын тілі, тарих. Қолданылатын әдіс: «Миға
шабуыл» әдісі, топтастыру, сұрақ-жауап, әңгімелеу,
«бес саусақ» стратегиясы, т.б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі
қағаздар, суреттер, т.б.
Сабақтың барысы. I. Ұйымдастыру кезеңі: топқа
бөлу, топ басшысы, бағалау парағы. Оқушы зейінін
сабаққа аудару. II. Жаңа сабақ тақырыбын анықтау.
- Біз қазақ тілі сабағында қандай тарауды өтіп
жатырмыз?
- Лексика.
- Лексика нені зерттейді?
- Сөз және оның мағынасын. («Ұлы Жібек жолы»
видеофильмінен үзінді көру.)
- Балалар, осы фильмнен нені көрдік? Қай жері
есімізде қалды?
- Керуенді көрдік.
- Керуен қайдан келе жатыр? Олар не тасып жүр?
- Шет елдерден тауарлар тасып жүр.
- Қандай тауарларды тасып жүр? Мысалы: алтын,
мата, ыдыс.
- Қандай ыдыстар?
- Тәрелке, шәйнек.
- Міне, балалар, біз сендермен бірнеше сөздерді
атадық. Енді осы сөздерді қандай сөздер деп айтуға
болады? Ал бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай
аталады?
- Кірме сөздер. Дәптерге тақырыпты жазу.
Енді сабағымыздың мақсатын анықтап алайық.
Слайд.
- түсіну
- ажырату
- дамыту
- сөйлеу
- қолдана білу
- Балалар, сабағымыздың мақсаты-басқа тілден
енген сөздер мағынасын түсіну, басқа сөздерден
ажырату, тілімізді дамыту, қазақ тілінде еркін сөйлеу,
кірме сөздерді қолдана білу.
Орыс тілі пәнінің мұғалімі слайд арқылы сабақ
түсіндіреді.
-Корабельщики в ответ: "Мы объехали весь свет...
Торговали соболями....,черно-бурыми лисами...
конями, все донскими жеребцами...,
булатом, чистым серебром и златом.
112
113
В русском языке кірме сөздер переводятся
заимствованными словами.
-Как вы думаете, почему такие слова получили
название "заимствованные"?
На слайде кластер: Заимствованные-кірме сөздер
–слова-пришельцы–заимствовать–взять-брать,
перенимать. Вывод: заимствованными называются
слова, пришедшие из других языков.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі слайд арқылы сабақ
түсіндіреді.
-Children look at the board, please. There are words.
What are they? (Children tell the teacher these words.)
Telephone
Computer
A battery
Automobile
A disk
A calculator
Are they Kazakh words? Do we have these words in
Russian language?
Concluison:
they
are
international
words-
заимствованные - кірме сөздер.
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі: III.«Тапқыр болсаң,
тауып көр!» Карточкамен жұмыс.
- Кірме сөздер қазақ тіліне қай елден келді?
- Монғол, араб, парсы, орыс, т.б.
3. Қазақ тілі пәні мұғалімінің жаңа тақырып бойынша
түсініктерін толықтыру.
Қазақ тіліне енген кірме сөздердің тарихы өте ұзақ.
ІХ–Х ғасырдан бастап араб, парсы сөздері кірсе, ХІХ
ғасырдан бері қарай орыс тілі арқылы келген кірме
сөздердің саны өте көп.
Араб, парсы тілінен енген сөздер: оқушылар оқиды.
Слайд: адам, әлем, ғылым, қоғам, мектеп, білім,
тарих, әдебиет, мәдениет, пән, тәрбие, емле, т.б.
Тарихи дерек: Қазақ даласы Х-ХІІ ғасырларда араб
халифатының қарамағында болды. Ислам діні тарады.
Ислам мәдениетін жасауда қазақ жерінен шыққан
көптеген ақын, ғалым, ойшылдардың үлесі мол болды.
Әунасыр әл Фараби сияқты тұлғалар шықты. Поэзияда
парсы тілі, ғылымда араб тілі басым болғанына
қарамастан, Ахмет Иасауаи, Ахмет Иүгенеки, Жүсіп
Баласағұни, Махмұд Қашқаридай түркі даналары
еңбектерін өз ана тілінде жазды.
Монғол тілінен енген сөздерді оқушы оқиды.
Слайд: а) ел билеуге байланысты сөздер: ұлыс, нөкер,
жасақ, аймақ, жарлық, т.б.
ә) жер-су атаулары: Тарбағатай, Нарынқол, Нұра,
Баянауыл, Зайсан, Қордай, Алтай, т.б.
Тарихи дерек: 1219 жылы Шыңғысхан Қазақстанның
ескі қаласы Отырарды қоршауға алады. Отырар
тұрғындары қаланы алты ай бойы қорғайды. Тек бір
сатқын қаланы ашып бергеннен кейін ғана монғолдар
қаланы жаулап алады. Тек Отырар ғана емес, мұнан
кейін Сығанақ, Ашнас, Баршынкент, Үзгент қалаларын
тонап, халқын қырғынға ұшыратқан.
Жер-су атауларының шығу тарихын зерттейтін
ғалымдардың пікірінше Тарбағатай монғолдың
«тарбаған» (суыр) деген сөзінен шыққан, «тай» тау
деген сөз. Сонда Тарбағатай тауының мағынасы
«суырлы тау» деп түсіндіріледі. Алтай «заңғар тау,
алып тау» деген сөзден шыққан дейді.
Зайсан көлінің аталуын аштыққа ұшыраған көптеген
адамдардың өмірін тайдай тулаған балығымен сақтап
қалуымен байланыстырады. Сонда Зайсанның қазақша
аудармасы «игі, игілік, мейірбан» деген мағынаны
білдіреді.