Qсут=АLпqγд/lср = Аlмпрqγд/lср
Жолаушы тасымалдаудың жолаушы-км өлшем бірлігіндегі тәуліктік жоспары (6.38) өрнектен анықталады:
Рсут=Qсутlср.
Бұл өрнекке жоғарыдағы өрнектегі Qсут мәнін қойсақ:
Рсут=ALпqγд.
Бұл жерден сыйымдылықты пайдаланудың коэффициентін анықтаймыз: γд=Рсут/ALпq=173145/10×210×97=0,85.
Жауабы: γд = 0,85.
Мысал 6.20. Ұзындығы lм=36 км болған қала маңындағы маршрутта аралық аялдамалардың саны nпо=12; аралық аялдамада тоқтап тұру уақыты tпо=1 мин; соңғы бекетте тоқтап тұру уақыты tко=6 мин; пайдалану жылдамдығы Vэ=24 км/сағ. Автобустың техникалық жылдамдығын Vт анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: lм=36 км; nпо=12; tпо=1 мин; tко=6 мин; Vэ=24 км/сағ. Табу керек: Vт − ?
Ш е ш у і . Техникалық Vт жылдамдықты анықтау үшін tр=lм/Vт+nпоtпо+tко
(6.29) өрнегін төмендегіше түрлендіру керек:
lм/Vт = tр –nпоtпо−tко;
Vт = lм/(tр –nпоtпо−tко).
Бұл теңдіктің оң жағындағы белгісіз болып тұрған рейс уақытының tр
мәнін Vэ=lм/tр (6.18) өрнегін түрлендіре отырып анықтаймыз:
tр =lм/Vэ=36/24= 1,5 сағ.
Рейс tр уақытының мәнін және есептің шартында берілген деректерді жоғарыдағы өрнекке қойып, анықтау қажет болған автобустың техникалық жылдамдығын Vт есептеп табамыз:
Vт = lм/(tр –nпоtпо−tко) = 36/[1,5−12×(1:60) –(6:60)] = 36/1,2 =30 км/сағ.
Жауабы: Vт = 30 км/сағ. Мысал 6.21. Қала аралық маршрутта бір күнде 11988 жолаушы тасымалданады. Маршрутта жолаушы сыйымдылығы q=37 болған тоғыз Икарус-211 автобусы қызмет етеді. Сыйымдылықты пайдалану коэффициенті γ=0,80; рейстегі жолаушылардың ауысымдық коэффициенті ηсм=3,0; автобустың маршруттағы жұмыс уақыты Tм = 15 сағ. Бір рейсті орындауға
қанша уақыт кететінін есептеп табыңыз[4].
Яғни, берілген: Qсут=11988 жолаушы; q=37; А=9; γ=0,80; ηсм=3,0; Tм=15
сағ.
Табу керек: tр − ?
Ш е ш у і . Бұл есепті шешу үшін (6.36) өрнегінен пайдаланамыз:
Qсут= Аnрqηсмγ,
мұндағы Q сут – жолаушы тасымалдаудың тәуліктік тапсырмасы, жолаушы;
А – автобустар саны, дана;
nр – рейстер саны;
q – автобустың жолаушы сыйымдылығы, адам;
ηсм – рейстегі жолаушылардың ауысымдық коэффициенті; γ – сыйымдылықты пайдалану коэффициенті.
Бұл өрнекті түрлендіріп, рейстер санын анықтаймыз:
Достарыңызбен бөлісу: |