Тм = Тн – То = 18,25 – (15:60) = 18,25 – 0,25 = 18,00 сағ.
Жауабы: Тм = 18,00 сағ.
Мысал 6.14. Автобус парктен сағат таңғы сағат 4:30 да шығып, 22:30 да қайтып оралды. Үзілісте 1 сағ болды. Маршрутта 16,75 сағ болған болса, автобустың нөлдік жүріске жұмсаған уақытын анықтаңыздар[14].
Яғни, берілген: tвых=4 сағ 30 мин; tвоз=22 сағ 30 мин; tпер=1 сағ 00 мин;
Тм=16 сағ 45 мин.
Табу керек: То − ?
Ш е ш у і . (6.7) өрнегін пайдаланып, берілген деректер бойынша, алдымен автобустың нарядтағы уақытын тауып аламыз:
Тн = tвоз – tвых– tпер= 22,50 – 4,50 – 1,00 = 17,00 сағ = 17 сағ 00 мин.
Енді автобустың нарядтағы уақытын біле отырып, (6.8) өрнегін түрлендіру арқылы, нарядтағы уақыт пен маршруттағы уақыттың айырмасы ретінде нөлдік жүріске кеткен уақытты анықтаймыз[4]:
То = Тн – Тм = 17,00 – 16,75 =0,25 сағ = 0 сағ 15 мин.
Жауабы: Тм = 0 сағ 15 мин.
Мысал 6.15. .ПАЗ-3203 автобус ұзындығы lм=14 км болған қалалық маршрутта np=25 рейс жасады: техникалық жылдамдық Vт=28 км/сағ; аралық аялдамалар саны nпо=20; аялдамада тұру уақыты tпo=0,4 мин; бекетте тұру уақыы tкo=4 мин; нөлдік жүрісінің ұзындығы Lо=7,0 км. Маршруттағы Тм және нарядтағы Тн уақытын анықтаңыз.
Яғни, берілген: lм=14 км; nno=20; tпo=0,4 мин; tкo=4 мин; np =25 рейс; Vт=28 км/ сағ.
Lо=7,0 км.
Табу керек: Тм және Тн − ?
Ш е ш у і . Алдымен (6.29) өрнегін пайдаланып автобустың рейс уақытын тауып аламыз:
tр = lм/Vт+nno tпо+ tко.
Мұндағы lм – маршруттың ұзындығы, км;
Vт – автобустың техникалық жылдамдығы, км/сағ;
nno− маршруттағы аралық аялдамалар саны;
tпо – автобустың аралық аялдамада тоқтап тұру уақыты, сағ;
tко – соңғы бекетте тоқтап тұру уақыты, сағ.
Tр = lм/Vт+nno tпо+ tко= 14:28+20×0,4:60+4:60 = 0,5+0,133+0,667=0,3 сағ = 18 мин.
Енді tр=Тм/nр (6.10) өрнегін түрлендіре отырып, анықтау қажет болған автобустың маршруттағы уақытын анықтаймыз:
Тм = nр tр = 25×0,3 = 7,5 сағ.
(6.8) өрнекке назар аударсақ, анықтау қажет болған нарядтағы уақыт Тн маршруттағы Тм уақыт пен нөлдік жүріс уақытының То қосындысынан тұратынын көреміз: Тн=Тм+То. Бұл теңдеудегі нөлдік жүріс уақыты бізге белгісіз. Оны төмендегі өрнектен анықтаймыз:
То = Lн/ Vт = 7,0:28 = 0,25 сағ= 15 мин.
Сонда нарядтағы уақыт:
Тн = Тм + То = 7,5 + 0,25 = 7,75 сағ =7 сағ 45 мин.
Жауабы: Тм = 7,5 сағ; Тн =7,75 сағ.
Мысал 6.16. Ұзындығы lм=6 км болған қалалық радиалдық маршрутта nno=16 аралық аялдама бар, оның әрқайсысында автобустың тоқтап тұру уақыты tпo=0,5 мин, соңғы бекетте тоқтап тұру уақыты tкo=4 мин. Егер автобус
15 сағатта np=30 рейс жасаған болса, оның техникалық жылдамдығын Vт
анықтаңыз[4].
Яғни, берілген: lм=9 км; nno=16; tпo=0,5 мин; tкo=4 мин; np=30 рейс; Тм=15
сағ.
Табу керек: Vт − ?
Ш е ш у і . Автобустың техникалық жылдамдығын Vт (6.15) өрнегінен
анықтайды:
Достарыңызбен бөлісу: |