Аязбай м. Д., Имандосов а. Т., Семернин а. Н. Жолаушылар тасымалын жобалау


Хронометраждық зерттеу жүргізудің шарттары



жүктеу 1,43 Mb.
бет44/55
Дата15.03.2022
өлшемі1,43 Mb.
#37823
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55
Aiazbai Sholaushlar tasmalyn shobalau.rar-конвертирован01

Хронометраждық зерттеу жүргізудің шарттары. Хронометраждық зерттеулер жүргізгенде төмендегідей бірқатар шарттарды орындау қажет[4]:

  • маршрутқа шығарылатын көлік құралдарының саны жоспарда көрсетілгенге тең болуы тиіс;

  • жол құрғақ болуы қажет;

  • әр түрлі жылжымалы құрам қолданылған жағдайда, өлшеулер динамикалық сапасы ең төменіне жүргізіледі;

  • зерттеуді бүкіл жұмыс күні бойында жүргізеді;

  • зерттеу жүргізу барысында қозғалыс кестесіне бақылау жасалмайды (жол жағдайына қарай тасымалдау қауіпсіздігін сақтай отырып, жылдамдықты жүргізушінің өзі таңдайды).



    1. Рейстің нормативтік уақытын есептеу

Өлшеулердің нәтижесі алдын ала дайындалған хронометраждық күзету карталарына жазылады. Соңында жинақталған деректер негізінде төмендегі формула жәрдемінде рейстің нормативтік уақытын есептейді[4]:


tр=(3tmin+2 tmax)/5 (7.1)
мұндағы tmin және tmax – хронометраж деректері бойынша рейске шығындалған ең аз және ең көп нақты уақыт, мин.
Есептеп табылған уақыттың мәнін үлкен бүтін санға дейін дөңгелектейді. Нормаларды тәуліктің сағаттары, аптаның күндері, жылдың маусымдары бойынша сараптап болған соң, түзету коэффициенттерін анықтайды. Рейстің тура және кері бағыттарындағы уақыт айырмашылығы 0,5 минуттан артық болған жағдайда әр бағыт үшін өзінің уақыт нормасын тағайындайды.

Хронометраждық зерттеулер жүргізгенде төмендегі операцияларды орындау талап етіледі[6]:



  1. Аялдамалар мен маршрут сұлбасын, жолаушылардың аялдамаларда мініп-түсуін анықтау.

  2. Қажетті құжаттарды, хронокарталарды, сағаттарды дайындау.

  3. Тәжірибелі жүргізуші басқаратын жылжымалы құрамның жүрісін күні бойы хронометраждық күзету жүргізу.

  4. Күзету материалдарын өңдеу және талдау, рейстің уақыт нормасын есептеу.

  5. Сынап көру рейстерін өткізу.

  6. Акт түзу және уақыт нормативін бекіту.

Қозғалыс уақытын нормалау жаңа маршрутты ашқан кезде жүргізіледі. Одан кейін жылына кемінде екі рет: күзде және көктемде қайта нормаланып отырылады. Бұдан басқа да төмендегі жағдайларда қозғалыс уақытының нормасын кезектен тыс қайта қарау жүргізіледі:

  • маршруттың желісін өзгерткенде;

  • қолданыстағы жылжымалы құрамның моделін өзгерткенде;

  • жол қозғалысының жағдайын өзгерткенде;

  • тағайындалған қозғалыс нормасына жүргізушілер шағым жасағанда.

Хронометраждық зерттеу нәтижесінде тағайындалған рейстің уақыт нормасы маршрут бойынша қозғалыс кестесін түзу үшін негіз болып табылады.
  1. ЖОЛАУШЫ КӨЛІГІНІҢ ЖЕЛІДЕГІ ҚОЗҒАЛЫСЫН РЕТТЕУ



    1. Қозғалыс кестесінің түрлері

Желі(маршрут) бойынша жолаушы көлігі міндетті түрде бекітілген қозғалыс кестесі бойынша қозғалуы тиіс. Қозғалыс кестесінің бірнеше түрі бар[4]: желілік кесте, жұмыстық кесте, диспечерлік кесте, ақпараттық кесте.

Желілік кесте. Желілік кесте негізгі құжат болып табылады, сондықтан көліктік кәсіпорынның техникалық және пайдалану қызметіндегі мамандарының барлығы өз жұмысын осы құжат негізінде ұйымдастырады.

Дұрыс түзілген желілік кесте төмендегілерді қамтамасыз етуі тиіс:


  • жолаушылардың көлікті мейлінше аз күтуін және көлікте аз уақыт шығындауын;

  • желінің(маршруттың) барлық перегондарында көліктің жолаушыға мейлінше бірқалыпты толуын;

  • реттелгендігі мен қатынас жылдамдығының жоғары болуын;

  • жүргізушілердің еңбек жағдайының талаптарға сай болуын қамтамасыз етуі қажет.

Жолаушы ағынының өзгеріп отыруына байланысты жазғы және қысқы маусымдары үшін, сондай-ақ аптаның жұмыс күндері мен демалыс күндері үшін бөлек желілік кестелер түзіледі.

Желілік кесте төмендегілерді қамтиды:



  • қозғалысты ұйымдастыру пункті (бастапқы, соңғы және аралық тоқтау пункттері, түскі үзіліс орны, ауысым ішіндегі үзіліс, жанармай құю, маршруттағы бақылау пункті);

  • көлік құралының желіге(маршрутқа) шығу кестесі (парктен шығу, маршрутқа келу, маршруттан кету, паркке оралу, түстік үзіліс, жүргізушілерді ауыстыру уақыттары );

  • әрбір рейс үшін көлік құралының аялдамаға келу және одан шығу кестесі;

  • желіде(маршрутта) бір күндегі орындалған рейстер туралы деректер (тәуліктің кезеңдері бойынша рейстің уақыт нормалары және бағыттар бойынша рейстер саны, нөлдік және өнімді жүрістері);

  • бір күндегі көлік құралдарының жұмысы туралы деректер (барлық және тәуліктің кезеңдері бойынша саны, ауысым бойынша шығу саны, қозғалыс интервалы, жалпы жүрісі, автомобиль-сағаты, пайдалану жылдамдығы).

Желілік кесте график және таблица түрінде жасалады.

Желілік кесте негізінде көлік құралының әрбір шығуына жұмыстық кесте түзіледі.

Жұмыстық кесте. Жұмыстық кесте көлік құралының әрбір шығуына желілік кесте негізінде түзіледі. Жұмыстық кесте қозғалыстың реттелгендігін сақтап отыру үшін линияға шыққан уақытта жүргізушіге беріледі. Жұмыстық кестеде төмендегі ақпараттар болады[4]:


  • гараждан шығу уақыты және қозғалыстың басталу пунктіне келу уақыты;

  • әрбір рейс үшін желі бойынша қозғалыстың басталу уақыты;

  • ауысымның, түскі үзілістің және отстойдың (күтіп тұрудың) уақыттары;

  • бақылау пункттерінің атаулары және әр рейсте одан өту уақыты;

  • қозғалыс аяқталатын пункт және уақыт;

  • гаражға келу уақыты.

Жұмыстық кесте әрбір маршрутқа шығулар үшін түзіледі.

Диспечерлік кесте. Әрбір бақылау пункіті үшін диспечерлік кесте түзіледі. Диспечерлік кестені маршрут бойынша көлік құралының қозғалысын бақылау үшін пайдаланады. Ол таблица түрінде жасалады, оның вертикалы бойынша барлық рейстер көрсетіледі де, горизонталы бойынша әрбір рейс бойынша келу және кету уақыттары көрсетіледі.

Ақпараттық кесте. Ақпараттық кесте жолаушылардың назарына арналған болып, соңғы бекеттер мен аралық аялдамаларға, автовокзалдар мен автостанцияларға іліп қойылады.

Бастапқы бекеттердегі ақпараттық кестелерде тәулік бойындағы әрбір рейс үшін қозғалыс басталуының дәл уақыты көрсетіледі. Аралық аялдамалардағы ақпараттық кестелерде қалалық және қала маңындағы желілер үшін осы аялдамадан өтетін автобустың желілік номері көрсетіледі, тәуліктің кезеңдері бойынша қозғалыс интервалы көрсетіледі; қала аралық желілерде – тәулік бойында көлік құралының келу және кету уықыты көрсетіледі[5].

Желі бойынша қозғалыс кестесі жүргізушілердің еңбегін ұйымдастыруға қойылатын талаптарға жауап беретіндей етіп түзілуі тиіс.

    1. Қозғалысты диспетчерлік реттеу

Диспетчерлік басқарудың маңызды мәселелерінің бірі жылжымалы құрамның желідегі(маршруттағы) жұмысының реттелгендігін қамтамасыз ету болып табылады. Қозғалыстың реттелгендігі – жолаушы тасымалдау жұмысының аса маңызды сапалық көрсеткіші болып табылады[6]. Егер көлік құралдары кестеде көрсетілген уақытта рейске шықса, олардың арасындағы қозғалыс интервалы барлық аялдамаларда бірдей сақталса және кестеге сәйкес

келсе, көлік соңғы бекетке дәл кестеде көрсетілген уақытта келсе, онда маршруттағы жолаушы көлігінің қозғалысы реттелген болып саналады.

Қозғалыстың реттелмегендігі жолаушылардың аялдамада күту уақытын арттырады, сондықтан олар қысқа қашықтықтарда көлік қызметін пайдаланудан бас тартады[4].

Қозғалыс реттелмеген жағдайда көлік маршрутта біркелкі бөлістірілмейді, көліктің бір бөлігі асқын жүктемемен жүрсе, екінші бөлігі азғана жолаушымен жүреді.

Нәтижеде тасымалдау жағдайы күрт төмендейді, жылжымалы құрам тез тозады, мекеменің табысы азайып, тасымалдау шығыны артады.

Қозғалыс реттелгендігінің бұзылуы төмендегі себептерден болады:


  • Жолдың тайғақтығына, жауын-шашынға, жолдағы көліктердің кептеліп қалуына, жүргізушінің тағайындалған жылдамдық нормасын сақтамауына т.с.с. байланысты көлік құралының іс жүзіндегі (фактический) режимінің кестеде тағайындалған режиміне сәйкес келмей қалуы.

  • Автомобильдердің линияға толық шықпауына, өз уақытында шықпауына, техникалық себептерден көліктің тоқтап тұруына т.с.с. байланысты маршруттағы көлік құралының санының жеткіліксіз болуы.

Аталған себептердің барлығы қозғалыс интервалының жоспардағы мәнінен артып кетуіне әкеп соғады, нәтижеде қозғалыс реттелгендігі бұзылады.

Сурет 8.1-Автобустардың желіге шығуын реттеу
    1. Желідегі қозғалыстың реттелгендік көрсеткіші

Қозғалыстың реттелгендігі туралы оның іс жүзіндегі интервалының жоспардағыдан ауытқуы бойынша бағалайды. Қозғалыс реттелгендігін бақылауды диспечерлік қызметі жүзеге асырады. Сандық тұрғыдан қозғалыс реттелгендігін төмендегі формула бойынша бағалайды[3]:




жүктеу 1,43 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   55




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау