tр = toб/2 = 0,8/2 = 0,4 сағ = 24 мин.
Анықталған мәндерді жоғарыдағы өрнекке қойып, маршруттың ұзындығын есептеп табамыз:
lм = Vc(tр – tкo) = 25(0,4 – 2,4:60) = 9 км.
Жауабы: lм = 9 км.
Мысал 6.27. Маршруттың ұзындығы lм=30 км; автобустың пайдалану жылдамдығы Vэ=20 км/сағ; қозғалыс интервалы i=20 мин. Маршрутқа қажет автобус санын анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: lм = 30 км; Vэ = 20 км/сағ; i = 20 мин. Табу керек: А − ?
Ш е ш у і . Маршрутқа қажетті автобустың санын табу үшін қозғалыс интервалын (мин) анықтайтын i=tоб60/А (6.12) өрнекті пайдаланып, оны автобус санын анықтайтындай етіп түрлендіреміз:
А = tоб60/i.
Бұл теңдіктің оң жағында белгісіз шама бар, ол – айналым рейсінің уақыты – tоб. Оның мәні рейс уақытын екіге көбейту жолымен табылады:
toб = 2tр.
Бұл өрнектегі рейс уақытының tр мәнін Vэ=lм/tр (6.18) өрнегін түрлендіру арқылы анықтаймыз:
tр = lм/Vэ= 30/20 = 1,5 сағ.
Бұл мәнді орынына қойып, айналым рейсінің уақытын анықтаймыз:
toб = 2tр= 2×1,5 = 3,0 сағ.
Анықталған айналым рейсінің уақытын жоғарыдағы өрнекке қоя отырып, маршрутқа қажетті автобус санын есептеп табамыз:
А = tоб60/i = 3,0×60/20 = 9.
Жауабы: А = 9.
Мысал 6.28. Әкімшіліктің шешуімен қалалық, радиалдық маршруттардың барлық аялдамаларында автобусқа мініп-түсуге ыңғайлы алаңшалар жасалғанының нәтижесінде, жылжымалы құрамның бір рейстегі аялдамаларда тоқтап тұруға кеткен уақыты 18 минуттан 6 минутқа қысқарды. Маршруттың ұзындығы 15 км; көлік құралының маршруттағы жұмыс уақыты 16,0 сағ; техникалық жылдамдығы 25 км/сағ; соңғы бекетте тоқтап тұру уақыты 6 мин екені белгілі болса, бір автобустың бір күнде орындайтын рейстер саны мен қатынас жылдамдығы қаншаға артатынын есептеп шығарыңыздар[4].
Яғни, берілген: tпо1 = 18 мин; tпо2 = 6 мин; lм = 15 км; Tм = 16,0 сағ; tкo= 6
мин;
Vт = 25 км/сағ. Табу керек: ∆ nр − ?, ∆ Vс − ?
Ш е ш у і . Қатынас жылдамдығын табу үшін Vт=lм /tдв (6.16) өрнегін
түрлендіріп, автобустың қозғалыстағы уақытын табамыз:
tдв= lм / Vт =15/25=0,6 сағ.
Маршруттағы бір рейске кеткен уақытты tр=tдв+tпо+tко (6.10) өрнегін түрлендіру жолымен анықтаймыз:
tр1= 0,6 +18:60+6:60 =1,0 сағ;
tр2= 0,6 +6:60+6:60 =0,8 сағ.
Бір күндегі атқарылған рейстер санын (6.33) өрнегінен анықтаймыз:
nр1 = Tм/ tр1 = 16,0 /1,0 =16 рейс;
nр2 = Tм/ tр2 = 16,0 /0,8 =20 рейс.
Сонымен, іс-шаралар жасалғаннан кейін рейстер саны
∆nр= nр2− nр1=20−16 = 4 бірлікке артқан.
Енді іс-шаралар жасалғанға дейінгі және одан кейінгі автобустың қатынас жылдамдығын есептеп табамыз:
Vс1 = lм/( tр1– tко) =15/(1,0 – 6:60) = 16,67 км/сағ;
Vс2 = lм/( t2р– tко) =15/(0,8 – 6:60) = 21,43 км/сағ.
Демек, іс-шаралар жасалғаннан кейін қатынас жылдамдығының артуы
∆Vc=Vс2 – Vс1=21,43 −16,67 =4,76 км/сағ қа тең.
Жауабы: ∆nр=4; ∆Vc=4,76 км/сағ.
Мысал 6.29. Жолаушылардың тілегін ескере отырып, қалалық тангенсиялдық маршруттағы жолаушы көлігінің қозғалыс интервалы 10 минуттан 6 минутқа азайтылды. Қозғалыс интервалы 10 минут болған кезде маршрутта «Волжанин-5285» маркалы 15 автобус жұмыс істеген болса, қозғалыс интервалы 6 минут болғаннан кейін дәл сол маркалы 20 автобус жұмыс істейді. Олардың бір күнде тасмалдаған жолаушылар саны Qcут=72000, автобустың жолаушы сыйымдылығы q=51, жолаушылардың ауысымдық коэффициенті ηсм=4, маршруттағы жұмыс уақыты Tм=20 сағ екені белгілі болса, автобустың сыйымдылықты пайдалану коэффициентінің қалай өзгергенін анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: i1 = 10 мин; i2 = 6 мин; А1 = 15 авт; А2 = 20 авт;
Qcут = 72000 жолаушы; q = 55; ηсм = 4; Tм = 20 сағ.
Табу керек: ∆γ = (γ2 – γ1) − ?
Ш е ш у і . Автобустың сыйымдылықты пайдалану коэффициентін (6.21) өрнегінен анықтайды:
γ = Qр/q ηсм.
Бұл теңдіктің оң жағындағы белгісіз болып тұрған бір рейсте тасымалданған жолаушы санын (Qр) төмендегі өрнектен анықтайды:
Qр = Qавт/nр = Qcут/Аnр.
Бұл жерде рейстер саны (nр) белгісіз. Оның мәнін анықтау үшін i=tоб60/А
(6.12) өрнекті пайдаланып, рейс уақытын анықтап алу керек:
i=tоб60/А= 2tр60/А
Бұл өрнекті түрлендіріп, бірінші және екінші варианттар үшін рейс уақытын анықтаймыз:
tр1= А1i/2×60 = 15×10/2×60 = 1,25 сағ;
tр2= А2i/2×60 = 20×6/2×60 = 1,00 сағ.
Енді автокөліктің маршруттағы уақытын оның бір рейсті орындауға кеткен уақытына бөліп, рейстер санын анықтауға болады, яғни бірінші және екінші варианттар үшін орындалған рейстер саны:
nр1 = Тм/tр1 = 20/1,25 = 16 рейс;
nр2 = Тм/tр2 = 20/1,0 = 20 рейс. Бір рейстегі тасымалданған жолаушылар саны:
Qр1 = Qавт /nр1 = Qcут/Аnр1= 72000/15×16 = 300 жолаушы;
Qр2 = Qавт /nр2 = Qcут/Аnр2= 72000/20×20 = 180 жолаушы.
Енді қозғалыс интервалы өзгергенге дейінгі және одан кейінгі автобустың сыйымдылықты пайдалану коэффициентінің мәнін анықтаймыз:
γ1 = Qр1/q ηсм = 300/55×4 = 1,36; γ2 = Qр2/q ηсм = 180/55×4 = 0,82.
Автобустың сыйымдылықты пайдалану коэффициентінің өзгеруін анықтаймыз:
∆γ = γ2− γ1 = 0,82−1,36 = −0,54.
Жауабы: ∆γ =−0,54.
Мысал 6.30. Алты ПАЗ-3204 автобусы қалалық, сақиналы маршрутта бастапқы А1 бекеттен шығып, төрт перегон жүріп, соңғы А2 бекетте 7 мин тоқтап тұрады. Перегондардың ұзындығы lп1=0,6; lп2=0,8; lп3=0,7; lп4=0,9 км. Жылжымалы құрам кері бағыттағы қозғалыста ұзындығы lп5=0,7; lп6=0,9; lп7=0,7; lп8=0,6 км болған төрт перегон жүріп, бастапқы бекетке қайтып оралады. Әрбір аралық аялдамада тоқтап тұру уақыты tпо=1 мин; техникалық жылдамдық 22 км/сағ. Маршруттағы автобустың рейс уақытын, айналым рейс уақытын және қозғалыс интервалын есептеп табыңыздар?[4]
Яғни, берілген: А=6; tко=7 мин; lп1=0,6 км; lп2=0,8 км; lп3=0,7 км; lп4=0,9 км;
lп5=0,7 км; lп6=0,9 км; lп7=0,7 км; lп8=0,6 км; tпо=1 мин; Vт=22
км/сағ.
Табу керек: tр − ?, tоб − ?, i − ?
Ш е ш у і [ 4 ] . Рейс tр уақытын (6.10) өрнектен анықтайды:
tр=tдв+tпо+tко.
Бұл жерде автобустың қозғалыстағы tдв уақыты белгісіз. Оны анықтау үшін Vт=lм/tдв (6.15) өрнегін төмендегіше түрлендіреміз:
tдв = lм/ Vт. Желінің сұлбасын келтіреміз (6.2-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |