Vт = lм/ tдв,
мұндағы lм – маршруттың ұзындығы, км;
tдв – автобустың қозғалыстағы уақыты, сағ.
Автобустың қозғалыстағы уақытын табу үшін (6.10) өрнектен пайдаланамыз:
tр=tдв+ Tпо+ tко,
мұндағы tр – рейс уақыты;
tдв – автобустың қозғалыстағы уақыты;
Tпо – автобустың аралық аяламаларда тоқтап тұрған уақыты;
tко – автобустың соңғы бекеттерде тоқтап тұрған уақыты.
Осы өнекті түрлендіріп, автобустың қозғалыстағы уақытын анықтаймыз:
tдв = tр – Tпо− tко,
мұндағы Tпо – автобустың аралық аяламаларда тоқтап тұрған уақыты. Оны төмендегі өрнектен анықтаймыз:
Tпо = nnotпo =16×0,5 = 8 мин.
Бір рейске жұмсалған tр уақыт маршруттағы Тм уақытты рейстер np
санына бөлгенге тең (6.10):
tр = Тм/np = 15/30 = 0,5 сағ =30 мин.
Сонда қозғалыстағы уақыт:
tдв = tр – Tпо− tко = 30 – 8 – 4 = 18 мин = 0,3 сағ.
Осы мәнді (6.15) өрнегіне қойып, техникалық жылдамдықты анықтаймыз:
Vт = lм/tдв= 9/0,3 = 30 км/сағ.
Жауабы: Vт = 30 км/сағ.
Мысал 6.17. Автобустың маршруттағы уақыты Тм=24 сағ; бұл уақыт ішінде әрбір автобус nр=32 рейс жасайды. Егер пайдалану жылдамдығы Vэ=20 км/сағ екені белгілі болса, маршруттың ұзындығын lм анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: Тм=24 сағ; np=32 рейс; Vэ=20 км/сағ. Табу керек: lм− ?
Ш е ш у і . Маршруттың ұзындығын Vэ=lм/tр (6.18) өрнегін түрлендіру арқылы анықтаймыз:
lм = tр Vэ, мұндағы lм – маршруттың ұзындығы, км;
tр – автобустың рейстегі уақыты, сағ.
Бұл жердегі әлі бізге белгісіз болып отырған tр рейс уақытын (6.10) өрнегінен анықтаймыз:
tр= Тм /nр=24/32=0,75 сағ.
Енді осы мәнді lм=tр Vэ өрнегіне қоя отырып, маршрут ұзындығығын табамыз:
lм = tрVэ=0,75×20=15 км.
Жауабы: lм = 15 км.
Мысал 6.18. Ұзындығы lм=15 км болған қалалық радиалдық маршрутта бір күнде 2400 жолаушы тасымалданып, 7200 жол-км жұмыс орындалған. Рейстегі жолаушылардың ауысымдық коэффициенті ηсм мен көліктегі орташа жүрісін анықтаңыздар[14].
Яғни, берілген: lм=15 км; Qсут=2400 адам; Р=7200 жол-км. Табу керек: ηсм − ? lср − ?
Ш е ш у і . Р= Qlcр (6.14) өрнегін түрлендіріп, көліктегі орташа lcр жүрісті табамыз:
lcр=Р/Q=7200/2400=3 км.
Енді (6.20) өрнегінен жолаушылардың ауысымдық коэффициентін анықтаймыз:
ηсм= lм/lср=15/3= 5.
Жауабы ηсм= 5, lcр=3 км.
Мысал 6.19. Қалалық маршрутта күніне 173145 жол-км тасымалдау жұмысын орындайтын он Икарус-260 автобусы қызмет көрсетеді. Әрбір автобустың тәуліктегі өнімді жүрісі 210 км. Егер автобустың жолаушы сыйымдылығы 97 адам болса, жолаушы сыйымдылықтың динамикалық коэффициентін анықтаңыздар[4].
Яғни, берілген: Рсут= 173145жол-км; А = 10 автобус; Lп= 210 км; q = 97. Табу керек: γд − ?
Ш е ш у і . Сыйымдылықты пайдаланудың динамикалық коэффициенті нақты тасымалданған жолаушы санының автобус номиналдық сыйымдылығына қатынасымен анықталатын шама болып табылады (2.1):
γ= Qф/q.
Бір автобустың тәуліктік жолаушы тасымалдау тапсырмасы (жолаушы) (6.37) өрнектен анықталады:
Достарыңызбен бөлісу: |