273
Бұл сөйлемнің дұрыс аудармасы былай болуы керек:
Әскери
адамдар кәдімгідей-ақ шошып қалды.
3. Он чувствовал себя прескверно – ол өзін жаман сезінді (оның
көңілінің хошы жоқ еді).
4.
Смотри за собой и береги детей – өзіңе қара және балаларды
сақта (өзіңді күт және балаларға бас-көз бол).
Мағынасына қарай аударуға мысалдар
Кез келген аудармаға қойылатын басты талап біреу: аударма
материал оқыған адамға түсінікті болуы керек. Осыған орай сәтті
шыққан аудармалардан (сөз тіркестерінен, сөйлемдерден) бірер
мысал:
1.
Общество всеобщего благоденствия – Барша жұртты
жарылқайтын қоғам.
2.
Соперничество и конкурентная борьба – Бақастық пен
бәсеке күресі.
3.
Действительные результаты воспитания – Тәрбиенің
шынайы нәтижелері.
4. Некоторые работники допускали благодушие и медли-
тельность – Кейбір қызметкерлер арқасын кеңге салып,
жайбарақаттық көрсетті.
5.
Мы проявляем серьезную заинтересованность – Біз мейлінше
мүдделі болып отырмыз.
6.
Он ставит палки в колеса – Ол тегершікке таяқ қыстырып
отырады.
7. Они не остановятся на достигнутом – Олар қол жеткен
нәтижені місе тұтпайды.
8.
На началах обоюдной выгоды – Екі жаққа да тиімді негізде.
9.
Умный смиряется, глупый надувается – Ақылды келіседі,
ақымақ керіседі.
Дәл аударылмаған немесе мағынасы бұрмаланған сөздер
мен сөйлемдерге мысалдар
1. Во многих странах резкую реакцию вызвала договоренность
США, ФРГ, Франции и Англии прибегнуть к мерам экономического
давления на Италию – Италияға экономикалық қысым жасау
шараларын қолдану жөніндегі АҚШ-тың, ФРГ-ның, Франция мен
Англияның уағдаластығы көптеген елдерде
аса күшті реакция
туғызды.
274
Бұл жерде
аса күшті реакция туғызды деген тіркес химиялық
элементтің зертханалық әрекетіне ұқсап кетіп тұр. Сондықтан
мұны
қым-қиғаш пікірлер туғызды деген дұрыс.
2.
Мы рады видеть Вас в полном расцвете сил и способностей –
Сіздің күш-қайратыңыз бен қабілетіңіз толық гүлдеген
қалпыңызда көруге қуаныштымыз.
«Күш-қайрат» пен «қабілетті» «гүлдеді» деуге бола қояр ма
екен? «Кемеліне келген» немесе «толысқан» демей ме?
3.
Можно уверенно сказать, что благодаря совещанию
по безопасности и сотрудничеству Европа поднялась на
солидную ступень выше, чем до него –
Қауіпсіздік
пен
ынтымақтастықтың арқасында Европа бұрынғыдан едәуір
жоғары сатыға көтерілді деп сеніммен айтуға болады.
Аударма жатық сияқты, алып бара жатқан ешқандай қате
де жоқ, тек бір сөздің аудармасы дәл емес. «До него» деген
«бұрынғыдан» деп алынған. Түпнұсқасына жүгінер болсақ, «до
него», т.е. «до совещания» деп мерзімі нақты көрсетіліп тұр ғой.
Сондықтан «бұрынғыдан» дегеннің орнына «кеңеске дейінгіден»
деп алған жөн.
4.
Хорошо понимая все это, мы в Казахстане считаем своим
долгом делать все от нас зависящее, чтобы поскорее был положен
конец нагромождению средств уничтожения, чтобы начался
процесс сокращения вооружений – Мұның бәрін жақсы түсіне
отырып, біз Қазақстанда қырып-жоятын құралдардың тау-
төбе болып үйілуін неғұрлым тезірек жою үшін, қару-жарақты
қысқарту процесі басталуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауды
борышымыз деп санаймыз.
Бұл арада «біз Қазақстанда» деген екі сөз сөйлем ішінде дұрыс
орналастырылмағандықтан қырып-жоятын құралдар Қазақстанда
тау-төбе болып үйіліп жатқан сияқты болып теріс мағына
туып тұр. Егер де осы екі сөздің орындарын ауыстыра қойып,
«Қазақстандағы біздер» деп алсақ айтайын деген ойымыз айқын
болып шыға келер еді.
5.
Как средства широкого международного общения – Кең
көлемді араласу құралы.
Бұл жерде әңгіме орыс тілі туралы болып отыр. Тіл әрқашан
да қатынас құралы деп алынып келе жатқан жоқ па? Ендеше бұл
жерде де «қатынас құралы» деп алынуы керек.
276
Аударма жайындағы қанатты сөздер
Аудару дегеніміз бір тілдің кұралдарымен мұнан бұрын өзге
тілдің құралдары арқылы бейнеленген нәрсені дәл де толық
бейнелеу.
(А.В.Федоров)
Аудармада өзіңнің түсініп қана қоюың жеткіліксіз, өзгелердің
де түсінуі шарт. Аударма екі бөлікке бөлінеді: мағынаны түйсіну
және оны жеткізу.
(М.Ледерер)
Аударма түпнұсқаның бейнелегенін ғана емес, оның қалай
бейнеленгенін де дәл солай бейнелеуге тиіс.
(Я.И.Рецкер)
Аударма – тілдердің ұштасуы, билингвизм құбылысы.
(Ж.Мунен)
...Аударатын тіл (шығыс тіл) мен аударылатын тілдегі (кіріс тіл)
мәтін «бір ғана мағынаны білдіреді» немесе аударма үдерісінде
«мағына ауысуы» болады деген пікірдің негізі жоқ. Мағына, біздің
ойымызша, белгілі бір тілдің өзіндік «қасиеті».
(Дж. Кэтфорд)
Әрине, аударма – кілемнің астарлы беті болып қала береді.
(Л.Н.Толстой)
Сөзбе-сөз аударудың қырсығынан құтқаратын дұрыс жолдың
бірі ―
аудармашының тіл байлығы, сөз қоры.
(Р.Хайруллин)
Аударма тіл өнерінің барлық қасиеттерінің өлшем-таразысы
емес. Сол сықылды, бүкіл тіл мәдениетінің негізі аударма бола
алмайды және болмайды да.
(Р.Хайруллин)