Аударманың Өзекті мәселелері алматы, 2015



жүктеу 2,8 Kb.
Pdf просмотр
бет2/96
Дата25.05.2018
өлшемі2,8 Kb.
#17606
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96

5
де өз дәрежесінде қосу қажет. Ол үшін басқа тілдердегі әдебиет 
жауһарларын,  публицистикалық  шығармаларды  қазақ  тіліне, 
қазақ  ақын-жазушыларының  дүниелерін  басқа  тілдерге  аудару 
керек, оған білгір ұстаздар мен білікті мамандар қажет. Қазақ тілін 
ғылым  тілі  дәрежесіне  көтеру  үшін  термин  және  терминология 
мәселелерін тиянақтау керек, негізінен орыс тілінен аударылатын 
қазақ  ісқағаздарын  жүйелеу  қажет.  Сондай-ақ  жоғары  оқу 
орындарының  аудармашы  мамандығында  білім  алып  жүрген 
жас  ұрпаққа  ғылыми  теориялық  кітаптармен  қатар  практикалық 
дүниелер қажет. 
Қолдарыңыздағы  кітап  «Аударма  процесі  және  аударматану 
негіздері»,  «Ресми  ісқағаздары  және  оларды  аудару  мәселелері», 
«Термин  және  терминология  мәселелері,  терминдердің  аудары-
луы»,  «Тәжірибелі  аудармашылар  жазбаларынан»  атты  негізгі 
бөлімдерден және қосымшадан тұрады. 
Бірінші  бөлімде  тіл  білімінің  өзекті  де  күрделі  бір  саласы  – 
аударматану  ғылымының  теориялық  мәселелері,  аударма  жасау 
процесінің теориялық негіздері мен практикасы, аударма жасаудың 
техникасы,  әдіс-тәсілдері  мен  аудармаға  және  аудармашыға 
қойылатын талаптар, аударма саласының жанрлық түрлері туралы 
ғалымдардың  ой-тұжырымдары  сараланса,  екінші  бөлім  қазақ 
ресми  ісқағаздарының  қалыптасуы,  оның  ерекшеліктері  және 
олардың аударылуы тәрізді мәселелерге арналады.
Қазіргі  қазақ  лингвистикасының  да,  қоғамның  да,  ғылым 
салаларының  да  өзекті  мәселелерінің  біріне  айналған  термин, 
терминдерді қабылдаудағы қағидаттар, терминологияның термин-
жасам  проблемалары,  терминдердің  аударылуы  сияқты  келелі 
мәселелер үшінші тарауда кеңінен қозғалады. 
Сондай-ақ  төртінші  тарауда  берілген  тәжірибелі  аудармашы-
лардың мақалалары, кеңестері, аударма және аудармашы жайында 
айтылған  қанатты  сөздер,  қосымшада  берілген  ұйымдардың, 
облыстардың, қалалардың, қысқарған сөздердің қазақша-орысша 
жазылуы, орыс тіліндегі кейбір сөздер мен терминдерге ұсынылған 
қазақша баламалар практикалық тұрғыдан аудармашы мамандарға 
шынайы  көмек  ретінде,  қазақ  тілінің  әлі  де  болса  жеткілікті 
деңгейде «аяқ баса қоймаған салаларда» белсенді қолданылуына 
септігін тигізеді деген сенімдеміз. 


6
АУДАРМА  –  кез  келгенге  сыбаға  ретінде  беріле  сал-
маған,  тілдік  түйсігі  терең  дарын  иесінің  сыйы  саналатын 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ӨНЕР, өзегін талдырып, танбай, талмай 
еңбек  етуді  талап  ететін  КӘСІП.  Қолдарыңыздағы  осы  кітап 
сіздерге  титімдей  де  пайдасы  тиіп,  қажеттеріңізге  жарап  жатса, 
біздің  және  біздің  авторларымыздың  Сіздердің  алдарыңызда, 
ҚАЗАҚ  ТІЛІНІҢ  алдында  істеген  қызметінің  еш  кетпегені, 
шығармашылық  өнерге  қадам  басқан  шынайы  кәсіп  иесі, 
АУДАРМАШЫ!
 Құрастырушы


7
І АУДАРМА ҮДЕРІСІ ЖӘНЕ АУДАРМАТАНУ 
ҒЫЛЫМНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 
1.1.1 Аударма үдерісі жайында
Аударма  процесі  –  ұлт  пен  ұлттың  тілдік,  әлеуметтік,  саяси-
экономикалық  қатынастарына  әсер  ететін  күрделі  де  жан-жақты 
сала. Оның қызметін саралай келе, төмендегіше анықтама беруге 
болады:
– «Аударма» сөзінің астарында белгілі бір тілдегі сөйлеу тілін 
–  ауызша  немесе  жазбаша  мәтінді,  сөзді  басқа  тілде  қайталап 
жеткізу  саналады.  Аударма  процесі  (оның  нәтижесі)  қостілділік 
жағдайында,  яғни  бұл  қатынас  үрдісінде  екі  тілдің  қатысуы 
негізінде, демек тіларалық жағдайда өтеді. Сондықтан аударманы 
ауызша  немесе  жазбаша  мәтінді  тіларалық  қайта  құрастыру 
немесе трансформациялау деп анықтауға болады. Сонымен бірге 
аударма бір тілде айтылған ойларды (сезімдер мен эмоция) басқа 
тілдік  құралдармен  жеткізу  барысында  айқындалады  немесе  бір 
тілдегі  (негізгі  тілдегі)  материалды  басқа  тілдегі  (аударма  тілі) 
баламалық  мәтіндік  материалмен  ауыстыру  болып  табылады. 
Осылайша аударма процесі қостілділік жағдайының шартындағы 
психолингвистикалық қызметтің күрделі түрі саналады.
– Аударма – тіл қызметінің бір түрі ретінде бір тілде айтылған 
ойларды  басқа  тілдің  құралдарымен  соған  сәйкестікте  немесе 
толық  құндылықта  беру  процесі.  Сәйкестіктегі  және  толық 
құндылықтағы  аударма  түпнұсқаның  ерекшелігі  мен  мазмұнын 
дәл  және  толық  түрде  жеткізумен  бірге,  оның  тілдік  түрлерін 
барлық  құрылымдық  ерекшеліктерімен,  стилімен,  лексика  және 
грамматикасымен  қоса  есептегенде,  аударма  жасалатын  тілдің 
мінсіз үйлесімділігімен тиянақталады.
–  Қандай  да  бір  мәтінді  немесе  ауызша  сөйленген  сөздерді 
басқа тілдік құралдармен жеткізу.
–  Бір  тілден  екінші  тілге  аударылған  мәтін  (немесе  ауызша 
сөйленген сөз).
– Аудармашы қызметінің нәтижесі – мәтін.
–  Бір  тілде  айтылған  ойларды  (сезімдер,  эмоциялар)  басқа 
тілдік құралдармен жеткізу процесі.


8
- Бір тілде күні бұрын баяндалған сөз мағыналарын басқа тілдік 
құралдармен беру.
- Аталған сөз сөйлеу шығармасында мазмұндалған ақпаратты 
басқа тілдік құралдармен жеткізу.
- Соған сәйкес келетін құралдармен толық құнды ақпарат беру.
-  Аталған  тілде  ұсынылған  ауызша  немесе  жазбаша  мәтінді 
басқа тілде (ауызша немесе жазбаша) тіларалық қатынаста қайта 
тудыру және трансформациялау.
- Бір тілдегі мәтіндік материалды (негізгі түпнұсқа тіл) басқа 
тілдегі баламалы мәтіндік материалмен (аударма тілінде) ауыстыру.
- Сөйлеу тілі коммуникациясының қостілділік жағдайында өту 
процесі.
-  Коммуникация  қызметін  ұлғайтатын  сөйлеу  қызметінің 
түрі. Бұл негізгі сөзбен қабылдап пайдаланатын кодтар бір-біріне 
сайма-сай  келмеген  жағдайда  мәліметтерді  жеткізу  мақсатында 
жасалады.
-  Бір  тілде  жасалынған  мәтінді  басқа  бір  тілде  қайта  жасап 
шығару – ақпаратты қайта өңдеу процесі.
-  Белгілі  бір  өнер  шығармасында  мазмұндалған  әртүрлі 
ақпаратты  жеткізу  барысында  соған  сай  бейнелеу  құралдарын 
іздестіру,  сонымен  бірге  бастапқысына  түр  бойынша  (ішкі 
және  сыртқы)  мейлінше  толық  сәйкестіктегі  жаңа  мәтінді  табу 
ерекшелігі. Бұл әсіресе, көркем мәтінге қажетті жағдай.
-  Бастапқы  мәтін  мазмұны  мен  түрін  толық  сақтау  кезіндегі 
басқа  тілдің  құралдарымен  бір  тілге  келіп  түскен  ақпараттарды 
жеткізетін  қос  тілділік  жағдайындағы  сөйлеу  тіліндегі  қатынас 
процесі.
- Тіларалық коммуникация үшін қажетті мәліметтерді жеткізу 
мен қабылдауға бағытталған сөйлеу тілінің қызметі.
- Түпнұсқада бейнеленген шындықты қайта жасап шығу.
-  Сәйкестік  мағыналық  инварианты  арқылы  белгіленеді. 
Инвариант – тілдік бірлік құрылымы.
-  Аударма  тек  түпнұсқада  бейнеленгеннің  бәрін  жеткізіп 
қана  қоймауы  тиіс,  сондай-ақ  ол  онда  қалай  бейнеленгенін 
көркемдігімен жеткізуі тиіс.
-  Салыстырмалы  семантикалық  зерттеулер  және  т.б.  үшін, 
жайшылықта  қос  тілді  лексикография  үшін,  екі  немесе  бірнеше 


жүктеу 2,8 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау