Мектебі
|
«Мойылды НОМ» КММ
|
Күні
Қатысушылар
|
08/06/22
1-9 сынып оқушылары
|
Мұғалім
|
Жалгасбаев Ж.М
|
Сабақтың тақырыбы
|
«Біз және экоәлем»
|
Мақсаты
|
өсіп келе жатқан ұрпақты табиғи ресурстарға ұқыпты қарауға тарту
|
Міндеті
|
суға ұқыптылықпен қарау;
ауаны сақтау;
жерді ластанудан сақтау
|
Түрі
|
Сайыс,танымдық сабақ
|
Көрнекілігі:
|
– табиғи ресурстарына қатысты экологиялық тұрғыдан саналылықты тәрбиелеу, нақты айтқанда:
Табиғат туралы қанатты сөздер, слайдтар, түрлі суреттер, мақал мәтелдер, жұмбақтар.
|
Басы
|
Кіріспе сөз:
Табиғат - қоғамның қорғаны. Алғашқы қауымнан қазіргі ғарыш дәуіріне дейін адам баласының өмір сүруге қажет барлық мұқтажын табиғат өз қазынасымен жомарттықпен өтеуде. Өміріне, экономикалық –географиялық жағдайына, тарихи дамуына қарай қазақ халқы табиғат қойнауында бірге өсіп, біте қайнасып келе жатыр.
Мұндай жақындық оларды табиғатың бауыры, жанашыры етіп жіберген. Халықтың табиғатты қадірлеп-қастерлеуге сезімін бүкіл өмір тағылымынан кездестіреміз.
Балалар табиғат дегенде ойымызға не келеді?
Табиғат — ол Өсімдік. Өсімдік — бұл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл-жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда — тамақ, шөлдегенде — сусын, ыстықта — көлеңке сая, суықта- пана, ауырғанда — дәрі, ренжігенде — қуантатын табиғаттың сұлу көркі — гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті — жасыл желек, орман.
|
Ортасы
|
Экологияға қатысты дүниежүзілік мерекелерді білеміз бе?
11 қараша – Халықаралық энергия үнемдеу күні
11 қаңтар – Халықаралық қорықтар және ұлттық парктер күні
11 ақпан – Халықаралық ізгілік эко-білім беру күні
22 наурыз – Дүниежүзілік су күні
15 сәуір – Халықаралық эко-білім күні
22 сәуір – Дүниежүзілік Жер күні
5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
16 қыркүйек – Халықаралық озон қабаты күні
6 қазан - Дүниежүзілік Мекендеу жерлерін қорғау күні
Бүгінгі тақырып табиғатқа, Жер экологиясына, оның ішінде Қазақстан экологиясына яғни біздің өлкеміздің экологиясына арналғанын ұққан
шығарсыңдар.
1-топ: Өлкеміздегі судың тапшылығы экологиялық мәселесіне SWOT талдау жаса.
2-топ: Өлкеміздегі полигонның зардабы экологиялық мәселесіне SWOT талдау жаса.
— Балалар, қазір біз Қазақстанның әсем табиғаты туралы және оған тиіп жатқан зардаптар туралы видеофильм көреміз.
(талдау жұмысын жүргізу)
— Келесі кезекті тапсырмаларға береміз.
1-жағдаят. Арман бақ ішінде келе жатыр еді, терек бұтақтарын сындырып, жатқан балаларды көрді де, тұрып қалды…
Сұрақ:
1. Арман не істеді деп ойлайсыңдар?
2. Арман қандай бала?
3. Бұтақ сындырып жатқан балалар қандай екен?
2-жағдаят. Серік достарымен бірге ауыл сыртындағы бұлаққа келді. Ол бұлақтың көзінің қалдық шөптер, босаған ыдыстар мен қоқыстардан бітеліп қалғанын көрді…
Сұрақ:
1. Серіктің әрекеті қанда болады деп ойлайсыңдар?
2. Серіктің бойынан қандай қасиеттерді көруге болады?
3. Бұлақтың көзінің бітеліп қалуына кімдер кінәлі деп ойлайсыңдар?
|
ортасы
|
«Менің викторинам»
Онлайн тест командалық сайыс
Топқа бөлу: жалпы топтан 4 лидер таңдалады
Әр лидер жалпы топтан кезектесіп өзіне команда жинайды.
Тест барысы:
Топтық тест
Жұптық тест
Капитандар сайысы
Оқушылар төрт топқа бөлінеді әр топ бір ұялы телефон арқылы тестқа қатысады.
Тест сұрақтары:
Жалпы сұрақ,дүниетану,технология,тарих,табиғаттар жер су аттары т.б
|
Соңы
|
«Тірі табиғаттын ластануы» слайд көрсету.
Осы табиғатымызды сақтап қалу, кейінгі ұрпаққа қалдыру біздің азаматтық борышымыз. Ендеше осы істе сендер қандай үлес қосар едіңдер?
1. «Бір, ағаш кессең, он, ағаш ек» — жасыл желек бағдарламасына ат салысамыз;
2. «Судың да сұрауы бар» — суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз,
ластамаймыз
3. Орман-тоғайды, бақтарды күл — қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.
4. Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
Қорытынды
Қорыта келгенде, адамның табиғатсыз тіршілік ете алмайтынына көз жеткіздік қой дейміз. Табиғатты сүйе білу үшін табиғат туралы мол білу керек. Ал мол білім — кітапта, әр пәнді жақсы оқуда. Қашанда табиғатқа қамқорлық керек. Оған қалай болса, солай қарайтын адамдар қайда да болса кездеседі. Мысалы: сөндірілмей тасталған шырпы, темекі тұқымы жайқалып тұрған орман тоғайды құртып жіберуі мүмкін. Ал бір, ағаштың өсуіне қаншама көп жылдар керек екендігін біз білеміз. Мұндай жағымсыз қылықтардан өзімізді аулақ ұстайық, табиғатты аялайық! Табиғатты сүйе білмеген, туған жерін, елін-де сүйе алмайды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |