267
халықаралық қолданыста қалыптасып кеткен: автобус,
автомобиль, автономия, автор, банк, биржа, виза, диплом,
доктор, идея, капитал, кино, колледж, комиссия, комитет,
конструктор, маркетинг, менеджмент, медаль, министр, орден,
радио, редактор, редакция, сессия, студент, театр, университет,
филармония, фирма, цейтнот, чемпион, экономика, этнография,
этнос және әр елдің өзіне тән, көбінесе сол елдің өзінде ғана
қолданылатын: департамент, канцлер, кардинал, легион, лорд,
префектура, рейхстаг, сейм, хурал деген сөздер бар. Бұлар
қолданыста көп кездеспейтіндіктен, әрқайсысына балама іздеп
әуре болудың да керегі жоқ сияқты.
Енді әркімнің көкейінде жүр-ау осы деген талас тудыратын
даулы терминдер жайлы бірер сөз. «Творчестволық» сөзін
терминология комиссиясы «шығармашылық» деп бекітті, қазір
көпшілігіміз осылай жазып та жүрміз. Бірақ «шығармашылық»
сөзі барлық жерде бірдей «творчество» сөзінің дәл мағынасын
бере алмайтыны айқындалып отыр. С.И Ожеговтың «Толковый
словарь русского языка» сөздігінде бұл сөзге мынадай түсініктеме
берілген: «творчество – мәні мен мазмұны жағынан жаңа мәдени
немесе материалдық құндылықтар жасау. Көркем т., халық т.,
Пушкиннің т., жаңашылдардың т.». Осы тұрғыдан алғанда
әдебиет пен өнер, мәдениет пен білім салаларында оның мән-
мағынасы даусыз дейтін болсақ, ғылым мен техника, өнеркәсіп
пен өндіріс саласына келгенде үйлесе бермейтіндігі көзге ұрып
тұрады. Мысалы, конструктордың шығармашылығы, инженердің
шығармашылығы деген құлаққа біртүрлі естіледі. Бұл да баршамыз
болып ойланатын жайттың бірі.
Қазір газет-журналдарымыз бір сөздің өзін әртүрлі етіп алып
жүр. Мысалы, семья – отбасы, жанұя, үйелмен; микрорайон –
ықшам аудан; мөлтек аудан, шағын аудан; медсестра – медбике,
медбибі, мейіркеш, емшібибі, дәрігерлік сестра т.б.
«Семья» атауын терминком «отбасы» деп бекіткен. Дәл
мағынасы да осы. Қазақ «отбасың аман ба?» деп сұрамай ма? Ал
үй иесін «отағасы» дейді ғой.
Ал «микрорайонды» – «мөлтек аудан» деп алғанымыз жөн
сияқты. Өйткені шағын, ықшам сөздерінің қолданылу аясы
басқашалау. Мысалы, шағын кәсіпорын, ықшам киім деген сияқты.
268
Осы «мөлтек» сөзін бір кезде жазушы Қалихан Ысқақов енгізген
болатын. «Лениншіл жас» газетінің әдебиет бөлімін басқарып
отырған жазушы Қазақ университетінде оқып жүрген менің
«Аялдамада ашылған сыр» деген қысқа әңгімемді оқып шығып,
ұнатып алып қалып, газетке «мөлтек әңгіме» деген айдармен
берген болатын. Біраз газеттер қазір «мөлтек аудан» деп жазып
та жүр. Мысалы, Алматы қаласында қазір жеті аудан бар, ал
мөлтек аудандардың саны көбейіп келеді – «Ақсай», «Алмагүл»,
«Атырау», «Әйгерім», «Жетісу», «Жұлдыз», «Құлагер», «Орбита»,
«Таугүл» және 1-ден 12-ге дейін нөмірленген мөлтек аудандар.
«Мөлтек аудан» деген тіркес айтуға да жеңіл, қысқартуға да оңай
болар еді. Мысалы, микрорайон – м-н, мөлтек аудан – м-н деген
сияқты.
«Медсестраны» – «медбике» деген дұрысырақ болар еді деген
ой туындайды. Өйткені қазақ аты-жөнін білмейтін, бірінші көрген
адамын «бикеш» демей ме?
Бұларды тәптіштеп айтып отырған себебіміз, қазіргі кезде
қала тұрмақ алыстағы ауылдарда да тіліміз кесепатты түрде
шұбарланып барады. Ал қаладағы қазақтардың аузынан шығатын
сөздеріне келетін болсақ, қойыртпақтың дәл өзі. Көшеде болсын,
қоғамдық көлік ішінде болсын, мекемелерде болсын, бір сәт қызық
үшін қандастарымыздың бір-бірімен сөйлескендеріне құлақ түріп
көріңізші. Екі сөзінің бірі «нешауо, маладес, пожалыста, обшым,
знашыт, дабай, кәнешні, сәбсім, зірә, ужыс, ладна» деген тәрізді
не орысша емес, не қазақша емес тіркестерден құралады. Бүйте
берсек, біз бара-бар күнделікті тыныс-тіршілігімізде оңды-
солды араластырып айтып жүрген әлгі сөздердің бәрін түпкілікті
«иемденіп» алатын шығармыз, сірә.
Дей тұрғанмен, әрбір қазаққа ой салар деген үмітпен жоғарыда
біз келтірген, жұрт күнделікті қам-қаракет тіршілікте жиі
қолданатын кірме сөздердің ана тіліміздегі баламаларын ұсынып
көрелік (айтылатын ойдың мән-мағынасына қарай):
давай – ал жақсы, болсаңшы, бол тез және т.б.
значит – демек
конечно – әрине, әлбетте
кстати – айтпақшы
ладно – мақұл, жарайды
269
молодец – бәрекелді, жарайсың
ничего – шүкір, оқасы жоқ, ештеңе етпес, дәнеңе етпес
пожалуйста – мархабат, тілеуіңді берсін
срочно – шұғыл, тез
ужас, ужасно – масқара, бетім-ай және т.б.
Осылай деп қолданар болсақ, бұлардың орысша ұғымдардан
несі кем! Тек көбімізге құнттылық, мұқияттылық, ыждағаттылық,
кейде, тіпті, керек десеңіз, ар-намыс жетіспей жататыны ащы
шындық. Осылардың бәріне жеке-жеке тоқталып, әрқайсысына
анықтама беруге әбден болар еді. Біз мысал үшін күнделікті
тұрмыста аяқ басқан сайын кездесіп отыратын біреуін ғана тілге
тиек етіп көрелік.
Таңертең жұмысқа немесе оқуға келе жатқанымызда
көшеде немесе қоғамдық көлікте зәуде бір таныстарымызды
кездестіре қалсақ, содан жұмысқа келген соң ұжымымыздағы
әріптестерімізбен алдымен хал сұрасатынымыз анық қой. Сонда
«Хал қалай?», «Қалайсыз?» деген сұрақтарға көпшілігіміздің
«Ничего» деп жауап беретініміз жасырын емес. Немесе аралас-
құралас болып жүрген жандардың бірі байқаусызда оқыс іс-әрекет,
оғаш қимыл жасап қойып не аңдамай аузынан ағат сөз шығып
кетіп, ізінше бұл қылығына кешірім сұраса, «оқасы жоқ», «ештеңе
етпес», «ондай-ондай болады» деп түсіністікпен жұбатудың
орнына «ничего-ничего» дей саламыз. Бұл арада аузымыз солай
айтуға қалыптасып кеткенін өзіміз де байқамаймыз, керек десеңіз,
осылай сөйлеуді тіпті әдетке айналдырып алғанбыз. Мен хал
сұрасқан кезде өзім білетін екі кісінің аузынан «ничего» деп
жауап бергенді ешуақытта естіген емеспін. Бірі – белгілі де белді
жазушымыз Әбдіжәміл Нұрпейісов, екіншісі – ғалым, мемлекет
және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков. Мен осы кісілермен
кездескенде «Халіңіз қалай?» дегенде Әбекең ылғи да «шүкір
аллаға» дейді, ал Мырзекең «шүкір» дейді. Қандай жарасымды!
Таза сөйлегенге не жетсін, шіркін!
Мысалы, Германияда неміс тілін білмегендерді жұмысқа
алмайды. Бұл елге жұмыс іздеп көршілес Польшадан, Словакиядан,
Түркиядан, Чехиядан, т.б. елдерден келетіндер көп-ақ. Олардың
неміс тілін білетіндерінің ғана бағы жанады. Францияда осы елдің
азаматтары сөз арасында ағылшын сөздерін араластыратын болса,
Достарыңызбен бөлісу: |