«Астана – бейбітшілік қаласы» Халықаралық конференция қатысушыларының үндеуі Біз, «Астана бейбітшілік қаласы»



жүктеу 257,7 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.11.2018
өлшемі257,7 Kb.
#20157


 

 

«Астана – бейбітшілік қаласы» 



Халықаралық конференция қатысушыларының үндеуі 

 

 

Біз,  «Астана  -  бейбітшілік  қаласы»  халықаралық  конференциясының 



қатысушылары,  Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевты  және  Қазақстан  халқын 

елордамыз - Астана қаласының 20 жылдығымен құттықтаймыз. 

Жиырма  жылдың  ішінде  Астана  тәуелсіз  Қазақстанның  саяси, 

экономикалық және мәдени орталығы ғана емес, сондай-ақ дипломатияның, 

бітімгершілік пен халықаралық дамудың басты орталығына айналды. 

Дәл  осы  жерде  2010  жылы  ӛткен  Еуропадағы  Қауіпсіздік  және 

Ынтымақтастық  Ұйымының  тарихи  саммитінде  мемлекет  басшылары 

«Ванкуверден  Владивостокқа  дейінгі  кеңістікте  келісілген  қағидаттарға, 

бірлескен  міндеттемелер  мен  ортақ  мақсаттарға  негізделген  еркін, 

демократиялық,  ортақ  және  бӛлінбес  еуроатлантикалық  және  еуразиялық 

қауіпсіздік қоғамдастығын» қалыптастыру идеясын ұсынды. Біз осы мақсатқа 

жету үшін барлық ЕҚЫҰ-ға қатысушы мемлекеттерді мақсатты түрде жұмыс 

істеуге шақырамыз. 

Астанада  ӛтетін  Әлемдік  және  дәстүрлі  діндер  кӛшбасшыларының 

съездері  XXI  ғасырда  бейбітшілікке,  әділеттілікке  және  қауіпсіздікке  қол 

жеткізу  үшін  дінаралық  және  ӛркениетаралық  диалогты  ілгерілетуге  үлкен 

үлес қосуда. 

Қазақстанның жас астанасында ӛңірлік қауіпсіздік пен ынтымақтастық 

үшін  маңызды  Азиядағы  ӛзара  іс-қимыл  және  сенім  шаралары  жӛніндегі 

кеңестің,  Шанхай  ынтымақтастық  ұйымының,  Тәуелсіз  Мемлекеттер 

Достастығының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Түркітілдес 

мемлекеттердің  Ынтымақтастық  Кеңесінің  саммиттері,  сондай-ақ  Орталық 

Азия мемлекеттері басшыларының алғашқы консультативтік жұмыс кездесуі 

ӛтті. Мұнда үлкен парламентаралық форумдар ӛтеді. 

Астана 

Сириядағы 



зорлық-зомбылықты 

тоқтату 


бойынша 

келіссӛздердің  алаңы  болып  табылады  және  халықаралық  күш-жігер  жақын 

арада Сирия жерінде бейбітшілікті қалпына келтіреді деген үміттеміз. 

Астананың  бітімгершілік  күш-жігері  Қазақстан  тұрақты  емес  мүше 

болып табылатын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің жұмысында кӛрініс тапты.  

Елордамызда жылдан жылға шетелдік дипломатиялық миссиялары мен 

халықаралық  ұйымдардың  ӛкілдіктері  кӛбейіп  келеді,  бұл  сондай-ақ 

Астананың  ӛңірдегі  жетекші  саяси  орталықтарының  біріне  айналғанын 

кӛрсетеді. 

Қазақстанның  астанасы  «Жібек  жолының  экономикалық  белдеуі» 

сияқты  экономикалық  ынтымақтастықтың  ауқымды  бастамаларын  ұсынған 

жерге  айналды.  Еуразиялық  экономикалық  одақты құру  туралы  шартқа осы 

жерде  қол  қойылды.  Астана  қаласында  Ислам  ынтымақтастығы  ұйымының 

Ғылым  және  технологиялар  жӛніндегі  бірінші  саммиті  ӛтті  және  «Ғылым, 

технологиялар, инновациялар және ислам әлемін жаңғырту» атты болашаққа 

бағытталған құжат – Астана декларациясы қабылданды.  




 

 



Астанада 2011 жылғы 28-30 маусымда Ислам ынтымақтастығы ұйымы 

Сыртқы істер министрлері кеңесінің (СІМК) 38-ші сессиясы ӛтті. Сол сәттен 

бастап  Қазақстан  осы  халықаралық  ұйымға  тӛрағалық  етуге  кірісті.  Бұл 

басқосуды  тарихи  оқиға  деп  атауға  болады,  ӛйткені,  онда  Ислам 

конференциясы  ұйымы  атауын  (ИКҰ)  Ислам  ынтымақтастығы  ұйымы 

(ИЫҰ)  деп  ӛзгерту  туралы  шешім  қабылданды  және  Адам  құқықтары 

жӛніндегі  тұрақты  комиссия  құрылды.  Алғашқы  рет  ИЫҰ-ның  Орталық 

Азиямен ынтымақтастық жӛніндегі іс-әрекет жоспары қабылданды. 

Астана  экономикалық  форумы,  Еуразиялық  Медиа  Форумы  және 

«Астана  клубының»  отырыстары  аясында  қазіргі  заманғы  адамзат 

ӛркениетінің  маңызды  мәселелері  талқыланып,  оларды  шешу  идеялары 

ұсынылады. 

 

Қазақстан  үкіметі  мен  Қазақстан  халқын  әлемдік  қауымдастықтың 



назарын  болашақ  энергетикасы  мәселелеріне  және  тұрақты  дамуына 

аударған  ЭКСПО-2017  Халықаралық  мамандандырылған  кӛрмесін  сәтті 

ӛткізуімен  құттықтаймыз.  Біз  ЭКСПО-2017  инфрақұрылымы  негізінде 

«Астана»  Халықаралық  қаржы  орталығын,  Жасыл  технологиялар  және 

инвестициялық  жобалардың  халықаралық  орталығын  және  IT-Стартаптар 

халықаралық  технопаркін  құруды  қолдаймыз  және  оларға  Қазақстан, 

Орталық Азия ӛңірі мен әлемнің игілігі үшін табысты жұмыс тілейміз. 

 

Осыдан  бір  жыл  бұрын  Астанада  және  Ӛскеменде  МАГАТЭ  Тӛмен 



байытылған  уран  банкі  үй-жайының  тұсаукесері  ӛтті.  Қазақстан  ядролық 

сынақтардан қатты зардап шеккен және ӛзінің ядролық зымыран әлеуетінен 

ӛз  еркімен  бас  тартқан  ел  ретінде ядролық  қарудан  азат  әлемге  қол  жеткізу 

идеясын жақтауға лайық деп санаймыз. 

 

Осы  барлық  оқиғалардың  астарында  Президент  Н.Назарбаевтың 



сенімділікті,  қауіпсіздікті  және  ӛзара  іс-қимылды  ӛңірлік  және  жаһандық 

деңгейде  нығайтуға  бағытталған  дәйекті  саясаты  жатыр.  Бұл  саясат  «Әлем. 

ХХІ  ғасыр»  манифестінде  ӛзінің  тұжырымдамалық  дамуын  алды,  онда 

адамзаттың  «соғыс  вирусынан»  мәңгілікке  құтылу  қажеттілігі  туралы 

айтылады.  

Мемлекеттер  арасындағы  барлық  даулар  бейбіт  диалог  және 

бейбітшілік  пен  қауіпсіздікке,  ӛзара  сыйластыққа  және  ішкі  істерге 

араласпауға  тең  жауапкершілік  қағидаттарына  негізделген  сындарлы 

келіссӛздер арқылы реттелуі тиіс.  

Біз  Еуразияның  жүрегінде  орналасқан  заманауи,  кӛрікті  әрі  қарқынды 

дамып  келе  жатқан  Астана  халықаралық  бейбітшілікті,  қауіпсіздікті  және 

амандық пен саулықты қалыптастыруда одан әрі маңызды рӛл атқаратынына 

сенімдіміз. 

  

Астана, 2018 жыл 5 маусым



 

жүктеу 257,7 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау