Мақсаты: Педагогикалық бiлiмдi насихаттау, ата-аналарға баланы дұрыс тәрбиелуде ақыл-кеңес беру.
Қатысушылар: мектеп психологы, 8-9 сыныптың ата-аналары мен сынып жетекшісі.
Мұғалiмнiң кiрiспе сөзі
Қош келдiңiздер, құрметтi ата-аналар! Бүгiнгi жиналысымызды бастамас бұрын, ең алдымен бiр-бiрiмiздiң көңiл-күйлерiмiздi бiлiп алайық /ата-аналар кезектесiп өз айтып шығады, бiрақ-та бастайтын мұғалiм/
Мұғалiм: -Менiң көңiл-күйiм жақсы. Бүгiн жиналыстың қандай дәрежеде өтетiнiн ойлап, ептеп қобалжу, толғаныстамын. Сондықтан сiздердiң белсендi қатысуларыңызды сұраймын. Бiздiң жиналысымызға педагог-психолог қатысады. Түсiнiксiз сұрақ болса, педагог-психологтан кеңес алуға болады. Бiздiң жиналысымыздың тақырыбы “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” Бұл жиын пiкiр алмасу формасындағы дөңгелек үстел төрiнде өтедi.
Ал ендi сiздер бүгiнгi тақырыпты өздерiңiз қалай түсiнесiздер, бiр-екi ауыз сөзбен айтып өтсеңiздер /ата-аналар өз пiкiрлерiн айтып кетедi/
Сiздердiң ойларыңыз дұрыс. Сондықтан ата-аналардың, мұғалiмдердiң мақсаты: “Адамға ең бiрiншi бiлiм емес, тәрбие берiлуi керек, тәрбиесiз берiлген бiлiм – адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өмiрiне апат әкеледi” /Әл-Фараби/ Менiң ойымша, ата-аналар мен мұғалiмдер бiрлесе отырып қана балаларға дұрыс тәрбие бере алады.
Ендi құрметтi ата-аналар, қазiр сiздердiң алдарыңызға бiрнеше психологиялық жағдаяттар ұсынылады. Сiздер мұқият тыңдап, бұл жағдаяттарды шешуге ат салысыңыздар
а/ бейнетаспадағы жағдаят /пiлдер қанша өмiр сүредi?.../
Кiлтi: бұл сұрақтың жауабын бiлмесеңiз /бiле тұра/ шыныңызды айтыңыз және оның жауабын қай оқулықтан, энциклопедиядан қарастыру керектiгiне бағыт берiңiз.
ә/ Қазiр сiздердiң алдарыңызңа бiрнеше жағдаяттар үлестiлiдедi. Бұл жағдаяттарға сiздер жұптаса отырып, жауап бересiздер. Мәселен, үш-үштен отыруға болады. Дайындықа 3 мин уақыт берiледi.
Жағдаяттар:
Қызы көптен берi алғысы келiп жүрген аяқ киiмдi шешесiмен сатып алуға дүкенге бару керек. Бiрақ қызы үйге белгiленген уақытта оралуға ұмытты.
Кiлтi: Маған өте ыңғайсыз. Мен сенiмен дүкенге барып аяқ-киiм сатып алу үшiн жұмыстан ертерек сұранып, асықтым. Ал сен келген де жоқсы
Қонақтар келгенге дейiн дастархан жаю үшiн қызы оны үтiктеп қоямын деп уәде бердi. Ол күнi бойы түк бiтiрмедi. Ал қонақтардың келуiне бiр сағат уақыт қалды. Қызы болса жұмысты бастайын деп те ойламайды.
Кiлтi: Мен шаршадым. Күнi бойы қонақтар келгенге дейiн барлығын үлгерейiн деп, жұмыс iстедiм. Ал сен болсаң дастарханды үтiктеудiң керек /айқайламай жайлап айту керек./
Бала теледидар көрiп, оны бар дауысын қояды. Теледидардың дауысы сонша, көршi бөлмеде әңгiмелесiп отырған ата-анасына бөгет жасады.
Кiлтi: Мен өз-өзiмдi жайсыз сезiнiп тұрмын. Маған сенiң әкеңмен сөйлесу керек. Ал бұл шу бiздi есiмiзден айырғалы тұр.
Әкесi газет оқығысы келдi, бiрақ баласы оның тiзесiне мiнiп бөгет жасады. Әкесi шамырқануда. /ызылынуда/
Кiлтi: Мен бiр уақытта газет оқып, бiр уақытта ойнай алмаймын. Мен жұмыстан келе, бiраз оңашаланып газет оқып алайын. Осы кезе сен де бiр жаңалық оқып ал. Сонан соң екеуiмiз ойнаймыз. Келiстiк пе
Бала дастархан басына бетi-қолын жумай кiр-қожалақ қалпында жетiп келдi.
Кiлтi: Сен әлi күнге дейiн есеймегенсiң бе? Бұлай тек қана кiшкентай балалар ғана жасайды.
Бала күнi бойы көңiл-күйi болмай, мұңайып, ренжiп жүр.
Кiлтi: Берi кел, ренжуiңді қой! Сен бүгiн тым бiр түрлiсiң...
/ жағдаяттар талқыланып болған соң/
Рахмет! Сiздерге берiлген жағдаяттарды дұрыс шештiңiздер. Қорытындылай келегенде, балаға ұрыспай, дұрыс түсiндiру керек. Қандай жағдаят болса да қойылған сұраққа жауап бiлмесеңiзер, бейнетаспадағы жағдаят секiлдi ұялмай шынын айту керек.
– Ал ендi келесi бөлiмiмiз “Ролдiк ойын”. Мұнда сiздерге тапсырма берiледi. Ал сiздер бұл тапсырманы өзара ролге бөлiп алып, осы жерде көрсетулерiңiз керек. Баға беру үшiн сарапшылар тобын құрайық. /ата-аналар арасынан бiр-екеу, педагог-психолог/ Дайындыққа 5 мин уақыт берiледi.
Ұлы киноға баруға ақша сұрайды, әкесi оған бермейдi. өйткенi ол сабағын әзiрлеген жоқ. Ал шешесi баласын сабағын даярлауға көндiрудiң орнына, оған ақша бередi де, онымен қоймай бұның әкесiнен құпия болуын ескертедi.
Қызына шешесi ыдыс-аяқ жууды тапсырады. Ал қызы оны “Iстемеймiн” дейдi. Шешесi қайткенде де “Iстейсiң” дейдi. Жанжал үлкейе бередi. Қызы жылай бастады. Бұған әкесi ашуланып, түкке тұрмайтын нәрсеге бола айқай шығарып, баланы ренжiтпеу керектiгiн шешесiне айта бастайды.
Кiлтi: бiрiншi жағдаятта бала шешеiсiнiң көмегiмен сабағын әзiрлемейдi. Ал екiншiде қыз әкесiнiң қолдауына сүйенiп, үй iшi жұмысын орндауынан бас тартады. Әке әр уақытта қатал, ал шешесi әр уақытта қайырымды, барлығын да кешiрiмдi келедi. Бала қатал әкенiң көзiнше – жұп-жуас, ал шешенiң көзiнеше ойына келгенiн барлығын да iстейдi. Бала iс-әрекетi екi жартыланып, оның мiнезi бұзыла бастайды.
Анасы баласынан сұрайды:
Мектеп бiтiргесiн қандай мамандыққа барасың? деп
Баласы:
Мен мұғалiм де болғым келмейдi, дәрiгер де болғым кемейдi.
Анасы:
Баласы:
Бизнеспен айналысуды қалаймын.
Әкесi:
Баласы:
Кiлтi: мамандық таңдағанда баланың бiлiмiне, икемiне, қабiлетiне, ынтасына назар аудару қажет.
“Баланы тәрбиешiнің дәл өзiндей қылып шығару емес, келешек заманына лайықтап қып шығару керек”
/М.Жұмабаев/
IҮ. Рефлексия.
Бүгiнгi жиналыста бәрiмiз көп мәлiмет алдық, сiздердiң алдарыңызда сұрақтары бар бiр парақ қағаз жатыр. Сол сұрақтарға назар аударып, жауап берсеңiздер.
Бүгiн
Мен __________________________________________________ түсiндiм
Мен___________________________________________________ сезiндiм
Менiң ойымша ____________________________
Мен өзiмде
Менi ______________________________ қызықтырды
Ұсыныс
Ү. Қорытынды.
Құрметтi ата-аналар! өз көңiл-күлерiңiзге қарай, алдарыңыздағы жатқан түстердiң бiреуiн таңдап алып тақтадағы себетке салсаңызадар. Сонымен, өздерiңiз көрiп тұрғандай, себетте жиналған түске қарағанда, сiздердiң көңiл-күйлерiңiз жағымды екенiн байқатады. Бүгiнiгi жиналыстың соңында мен сiздерге өз тарапымнан /төмендегiдей/ қысқа-нұсқа кеңестердi айта кетуді жөн көрдiм.
Ата-ана баласына:
сену керек
мақтау керек
үнемi көмектесу керек
мұғалiммен байланыста болу керек
Отбасы тәрбиесiнiң ерекшелiгi мен кемшiлiктерiнiң анализi
Отбасының жалпы мiнездемесi:
Отбасының құрамы : толық, формальдi толық, толық емес
Отбасының мiнездемесi: гормониялық, проблемдық
Отбасының типтiк жағдайы :
эмоционалдық комфорт;
беймазалық жағдай;
эмоциональды-психологиялық жағдайы және нервтi-психикалық күштенуi;
Отбасы тәрбиесiнiң стильi :
“Қабылдау- қабылдамау“
“Кооперация”
“Симбиоз”
“Авторитарлық гиперәлеуметтi”
“Жолы болмаған кiшкентай”
Отбасы тәрбиесiнiң бұзылуы :
басымды гиперпротекция;
бiрге iлiктесiп жүретiн гиперпротекция;
гиперпротекция;
эмоционалды бас тарту;
жоғары моральдiк жаупкершiлiк;
Мектеппен қарым-қатынас : тығыз қарым-қатынаста, эпизодтық байланысты ұстанады, байланыс кездей соқ мiнез танытады, ата-аналар байланыстан қашқақтайды, тәрбиеге керi әсерiн тигiзедi
ІІ. Ата-аналар тәрбиесiнiң ерекшелiгi :
Ата-аналар балалардың дұрыс дамуына жағыдай жасайды
қалыпты тұрмыстық жағыдай;
сабақ қарау орнын ұйымдастыру;
үй кiтапханасын құру;
ойын орнының баршылығы;
санитарлы-гигиеналық режимiнiң сақталуын бақылау;
Ата-аналар балаларының танымдылық қызығушылықтарын дамытуы
баламен радиоақпаратты бiрге тыңдайды;
телебағдарламаларды бiрге көрiп талқылайды;
кiтап оқиды, оқыған кiтаптары жөнiнде әңгiмелеседi;
баланың сүйiктi iстерiне қолдау жасайды;
Ата-аналар оқу, үй еңбегiн ұйымдастыруда көмек көрсетедi
Балалардың отбасында нақты еңбек мiндеттерi бар
Ата-аналар бала тәрбиесiндегi педагогтардың ұсыныстарын орындайды
Ата-аналар өз баласының тәрбиеленуiнде кемшiлiктер көрмейдi
Отбасы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда мұғалiмдерге жәрдемседi
Ата-ана бала тәрбиесiнде қиындық көрмейдi
ІІІ. Отбасы тәрбиесiнің жетiспеушiлiгi Жетiспеушiлiктiң себептерi
отбасы жағдайының жоқтығы /микроклимат, денсаулығы/;
бiр келкiлiк талаптардың болмауы;
өз баласының психологиялық ерекшелiктерiн бiлмеуiнен;
ата-аналардың бiлiмдiк мәдениет психолго-педагогтiк деңгейiнiң төмендiгi;
балада бақылаудың, қараусыздықтың болмауы;
педагогтық емес әсерлердi қолдануы;
баланың дәрiптеушiлiк бағасы дұрыс емес;
педагогтардың ұсыныстарын орындамауы;
баланың өз мүмкiндiктерiне сенбеуi;
отбасының тәрбиелiк мүмкiндiктерiн жоғары деп санауы;
басқа себептер;
Достарыңызбен бөлісу: |