Бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдарының үлгiлерi бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 Қаулысы «Бiлiм туралы»



жүктеу 65,5 Kb.
Дата29.01.2020
өлшемі65,5 Kb.
#27685

Бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдарының үлгiлерi бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 110 Қаулысы


      «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi Заңының 4-бабының 26) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:


      1. Қоса берiлiп отырған Бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдарының үлгiлерi бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi                                К. Мәсiмов

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 110 қаулысымен  
бекiтiлген    

Бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдарының үлгiлерi бойынша
ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдарының үлгiлерi бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 26) тармақшасына сәйкес әзiрленген.


      2. Қағидалардың меншiк нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдарына ауыстырудың және қайта қабылдаудың тәртiбiн айқындайды.
      3. Бiлiм алушыларды курстан курсқа, бiр бiлiм беру ұйымынан екiншiсiне, бiр оқу нысанынан екiншi нысанға, бiр тiлдiк бөлiмнен екiншi тiлдiк бөлiмге, бiр мамандықтан екiншi мамандыққа ауыстыру жүзеге асырылады.
      Студенттердi құқық қорғау және арнайы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына ауыстыру көрсетiлген уәкiлеттi органдардың басшылары бекiтетiн ережелермен реттеледi.
      4. Күндiзгi және кешкi оқу нысанында бiлiм алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтiнiштерiн бiлiм беру ұйымының басшысы жазғы және қысқы демалыс кезеңiнде кезектi академиялық кезең басталғанға дейiн бес жұмыс күнi iшiнде қарастырады.
      Сырттай оқу нысанында бiлiм алушылардың ауыстыру және қайта қабылдау туралы өтiнiштерiн бiлiм беру ұйымының басшысы қабылдаушы бiлiм беру ұйымының кезектi емтихан сессиясы басталғанға дейiн бiр ай бұрын қарастырады.
      5. Бiлiм алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау кезiнде оқудың алдыңғы академиялық кезеңiнде оқыған жұмыс оқу жоспарындағы пәндердiң академиялық айырмашылығы анықталады.
      6. Жұмыс оқу жоспарының пәндерiндегi академиялық айырмашылықты бiлiм беру ұйымының басшысы оқу карточкасының немесе транскрипттiң көшiрмелерiнде немесе оқуын аяқтамаған тұлғаларға берiлетiн анықтамада (бұдан әрi - Анықтама) көрсетiлген оқыған пәндерiнiң тiзбесi, академиялық сағаттардың немесе кредиттердiң бағдарламалары мен олардың көлемi негiзiнде анықтайды.
      7. Бiлiм алушыны шетелдiк бiлiм беру ұйымынан ауыстыру және қайта қабылдау кезiнде меңгерiлген оқу бағдарламалары (академиялық анықтама, транскрипт және т.б.) туралы құжат, сондай-ақ белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасында нострификациялау рәсiмiнен өтуi тиiс бiлiм берудiң алдыңғы деңгейiн аяқтағаны туралы құжат ұсынылады.
      8. Жұмыс оқу жоспары пәндерiндегi академиялық айырмашылықтарды жою үшiн бiлiм алушылар академиялық кезең iшiнде барлық оқу сабақтарының барлық түрiне қатысады, ағымдағы бақылаудың барлық түрiн тапсырады, қорытынды бақылауға жiберiлгендiгi туралы рұқсат алады.
      9. Белгiленген мерзiмде жойылмаған жұмыс оқу жоспары пәндерiндегi академиялық айырмашылық кейiннен академиялық берешек ретiнде ескерiледi.

2. Бiлiм алушыларды бiлiм беру ұйымдарының үлгiлерi
бойынша ауыстыру және қайта қабылдау тәртiбi

Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң
бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру
ұйымдарындағы бiлiм алушыларды ауыстыру және қайта қабылдау

      10. Техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiмнiң бiлiм беру бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарында (бұдан әрi - бiлiм беру ұйымдары) бiр мамандықтан екiншi мамандыққа немесе оқудың бiр нысанынан екiншiсiне ауысу бiлiм беру ұйымы басшысының бұйрығымен жүргiзiледi.


      11. Егер бiлiм алушы бiлiм беру ұйымымен бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы жеке шарт (бұдан әрi - шарт) жасаса, онда оның басқа бiлiм беру ұйымына немесе бiр мамандықтан екiншiсiне ауысуы үшiн аталған шарттың өзгертiлуi немесе бұзылуы қажет.
      12. Бiрiншi курстың бiлiм алушысын ауыстыруға бiрiншi семестрдi аяқтағаннан кейiн ұқсас мамандықтар бойынша рұқсат етiледi.
      13. Басқа бiлiм беру ұйымына ауысуға ниет бiлдiрген бiлiм алушы бiлiм алып жатқан бiлiм беру ұйымы басшысының атына еркiн нысанда ауысу туралы жазбаша өтiнiш бередi және ауысуға мөрмен бекiтiлген жазбаша келiсiм алып, өзi қалаған бiлiм беру ұйымының басшысына өтiнiш бiлдiредi.
      Қабылдаушы бiлiм беру ұйымы басшысының атына жазылған ауысу туралы өтiнiшке ауыстыратын бiлiм беру ұйымы басшысының қолымен куәландырылған бiлiм алушының сынақ кiтапшасының (немесе үлгерiм кiтапшасының) көшiрмесi қоса тiркелуi қажет.
      14. Ауыстыру туралы мәселе шешiлген жағдайда бiлiм алушыны қабылдайтын бiлiм беру ұйымының басшысы оның оқу сабақтарына рұқсат беру, оқу жоспарындағы айырмашылықтарды тапсыру туралы бұйрық шығарады, бұрын бiлiм алушы оқыған бiлiм беру ұйымына оның жеке iс құжаттарын жiберу туралы жазбаша сұрау жолдайды.
      15. Бiлiм беру ұйымдарының бiлiм алушылары қатарына қабылдау туралы бұйрық бiлiм алушының бұрын оқыған бiлiм беру ұйымынан жеке iс қағаздары алынғаннан кейiн шығарылады.
      16. Бiлiм беру ұйымдарында бұрын бiлiм алған тұлғалар сол немесе басқа бiлiм беру ұйымына қайта қабылдана алады.
      Қайта қабылдаудың мiндеттi шарты бiлiм алушының бiр семестрдi аяқтауы болып табылады және қайта қабылдау туралы мәселе оның жеке өтiнiшi негiзiнде ғана қаралады.
      Бiлiм алушыларды бiрiншi курсқа қайта қабылдауға бiрiншi семестрдi аяқтағаннан кейiн тиiстi немесе ұқсас мамандықтар бойынша рұқсат етiледi.
      17. Оқу ақысын төлемегенi үшiн семестр кезiнде оқудан шығарылған ақылы негiзде оқитын бiлiм алушы төлемақы бойынша қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған сәттен бастап төрт аптаның iшiнде оқуға қайта қабылдануға құқылы, бұл ретте бiлiм беру ұйымы төлемақы бойынша қарызын өтегенi туралы құжатты ұсынған жағдайда үш жұмыс күнi iшiнде бiлiм алушыны қайта қабылдайды.
      18. Бұрын басқа бiлiм беру ұйымдарында бiлiм алған бiлiм алушыларды оқуға қайта қабылдауға: курстар мен мамандықтар бойынша оқытудың тиiстi оқу топтары болған жағдайда; оқуды аяқтамаған тұлғаларға берiлетiн Анықтамада (немесе бiлiм алушының сынақ кiтапшасында) көрсетiлген оқу пәндерiнiң қабылдаушы бiлiм беру ұйымының жұмыс оқу жоспарының оқу пәндерi тiзбесiнен айырмашылығы төрт оқу пәндерiнен артық болмаған жағдайларда рұқсат етiледi.
      19. Жұмыс оқу жоспарының пәндерi мен оқу сағаттарындағы айырмашылықты бiлiм беру ұйымы басшысының оқу iсi жөнiндегi орынбасары белгiлейдi. Оқу жоспары пәндерiндегi айырмашылықты жоюдың тәртiбi мен мерзiмi бiлiм беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекiтiледi.
      20. Бұрын бiлiм алған бiлiм алушы басқа бiлiм беру ұйымына оқуға қайта қабылданған жағдайда бұрын оқыған бiлiм беру ұйымының басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негiзiнде бiлiм алушының жеке iс құжаттарын жiбередi, бұл ретте Анықтаманың, сынақ кiтапшасының көшiрмесiн және жiберiлген құжаттарының тiзiмдемесiн өзiнде қалдырады.
      21. Оқуға қайта қабылдану үшiн бұрын бiлiм алған бiлiм алушы өзiнiң оқуын жалғастырғысы келетiнiн бiлдiрiп, бiлiм беру ұйымы басшысының атына өтiнiш, бередi, бұл ретте қайта қабылдау туралы өтiнiшке Анықтама қоса берiледi.
      22. Ұсынылған Анықтама негiзiнде бiлiм беру ұйымы курсты және пәндердiң айырмашылығын анықтап, оқуға қайта қабылдау туралы өтiнiштi берiлген уақыттан бастап екi апталық мерзiмде қарауы қажет.

Жоғары оқу орындарында бiлiм алушыларды ауыстыру
және қайта қабылдау

      23. Ауысу немесе оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшiн мiндеттi компоненттiң бес оқу пәнiн құраса, сол курсқа жүзеге асырылады.


      24. Бiлiм алушыны курстан курсқа ауыстырудың мiндеттi шарты бiлiм алушының жоғары оку орны бекiткен ауысу балынан төмен емес үлгерiмнiң орташа балын (GPA) жинақтауы болып табылады.
      25. Бiлiм алушыны жоғары оқу орындарына ауыстырудың немесе қайта қабылдаудың мiндеттi шарты оның бiрiншi академиялық кезеңдi көлемi кемiнде 15 кредиттен тұратын жеке оқу жоспарына сәйкес толық аяқтауы болып табылады.
      Бұл ретте бiлiм алушы оқудан шығарылған мерзiмiне қарамастан кез келген оқыту нысанына, кез келген мамандыққа және кез келген жоғары оқу орнына ауыса немесе қайта қабылдана алады.
      26. Бiлiм алушыны ауыстыру және қайта қабылдау кезiнде оқу курсы пререквизиттердi есепке ала отырып анықталады. Меңгерiлген кредиттердi қайта есептеу тиiстi бiлiм беру бағдарламасын меңгеру үшiн қажеттi бiлiм беру траекториясына сәйкес жүргiзiледi.
      27. Пәндердегi айырмашылықтарды анықтау кезiнде қорытынды бақылау нысанындағы айырмашылық ескерiлмейдi.
      Сынақ бiлiм алушының оқу жетiстiгiн бағалаудың әрiптiк жүйесi бойынша, ең төменгi D (1,0; 50-54%) және ең жоғарғы A (4,0; 95-100%) аралығындағы диапазонда сәйкестендiрiледi.
      28. Бiлiм алушыны курстан курсқа ауыстыру жазғы емтихан сессиясының қорытындысы (аралық аттестаттау) бойынша жазғы семестрдiң нәтижелерiн және алынған ауысу балдарын ескере отырып жүзеге асырылады.
      29. Бiлiм алушыны курстан курсқа ауыстыру жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
      30. Белгiленген ауысу балын жинаған және академиялық қарызы бар болған жағдайда келесi курсқа ауыстырылған бiлiм беру гранты бойынша бiлiм алушы бiлiм беру грантын сақтай отырып, академиялық қарызын ақылы негiзде жояды.
      31. Қайта оқу курсына қалдырылған бiлiм беру гранты бойынша бiлiм алушы осы гранттан айырылады және одан әрi ақылы негiзде оқиды.
      32. Бiлiм беру гранты бойынша бiлiм алушы бiлiм беру грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыса алады.
      Жекелеген ЖОО-лар үшiн бекiтiлген мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша нысаналы орынға, сондай-ақ бөлiнген квота шегiнде педагогикалық мамандықтарға түскен бiлiм алушыларды бiлiм беру грантын сақтай отырып басқа ЖОО-ға ауыстыруға жол берiлмейдi.
      33. Мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысы бойынша бiлiм алатын докторанттар мен магистранттарды бiр жоғары оқу орнынан екiншiсiне ауыстыруға бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органның мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын қайта бөлуi арқылы жол берiледi.
      34. Бiлiм алушыны бiр ЖОО-дан екiншiсiне ауыстыру рәсiмi мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет бiлдiрген бiлiм алушы бiлiм алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтiнiш бередi және ауысуға мөрмен бекiтiлген жазбаша келiсiм алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтiнiш бiлдiредi;
      2) қабылдаушы ЖОО басшысының, атына жазылған ауысу туралы өтiнiшке оқу iсi жөнiндегi проректор мен офис-регистратор қол қойған, мөрмен бекiтiлген трансткрипттiң ұлттық бiрыңғай тестiлеудi немесе кешендi тестiлеудi тапсырғандығы туралы сертификаттың бiлiм беру грантының иегерi куәлiгiнiң (егер грант иегерi болса); оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтiнiштiң (басшының қолымен және мөрмен) көшiрмелерi қоса тiркелуi қажет;
      3) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған құжаттар негiзiнде салыстыру ведомосын жасау арқылы оқу жоспарындағы пәндер айырмашылықтарын анықтайды және меңгерген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгiлейдi, бiлiм беру бағдарламасына сәйкес меңгерiлген кредиттердi қайта есептейдi және тiркеу бөлiмiнiң келiсiмiмен бiлiм алушының жеке оқу жоспарын бекiтедi;
      4) факультет деканы (институт директоры), оқу бөлiмiнiң (оқу-әдiстемелiк бөлiм немесе басқарма) бастығы, ЖОО басшысының оқу iсi жөнiндегi орынбасары қойған бұрыштамаларға сәйкес ЖОО басшысы бiлiм алушыны ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
      35. Бiлiм алушы ауысатын ЖОО-ның басшысы бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бiлiм алушы бұрын оқыған ЖОО-ға оның жеке iс қағаздарын жiберу туралы жазбаша сұрау жiбередi.
      36. Бiлiм алушы бұрын оқыған ЖОО-ның басшысы мұндай сұрауды алғаннан кейiн «(ЖОО атауы) ауысуына байланысты оқудан шығарылды» деген мазмұндағы оқудан шығару туралы бұйрық шығарады және бұйрық шыққан күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бiлiм алушының жеке iс қағаздарын қабылдаушы ЖОО-ның мекен-жайына жолдайды.
      Бiлiм алушы оқыған ЖОО-да транскрипттiң көшiрмесi, сынақ кiтапшасы, студенттiк билетi және жiберiлетiн құжаттардың тiзiмдемесi қалады.
      37. Бiр ЖОО-дан екiншiсiне бiлiм беру гранты негiзiнде бiлiм алушыны ауыстыру кезiнде қабылдаушы ЖОО-ның басшысы бiлiм алушыны қабылдау туралы бұйрықтың, көшiрмесiн оның атына жазылған бiлiм беру гранты куәлiгiнiң көшiрмесiмен бiрге бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi органға және тиiстi бюджеттiк бағдарлама әкiмшiсiне ЖОО-ның қаржыландыру көлемiн түзету үшiн ұсынады.
      38. Бiлiм беру гранты бойынша бiлiм алушы бiр ЖОО-дан екiншiсiне бiр курсқа төмен ақылы негiзде ғана ауысуы мүмкiн.
      39. Бiр ЖОО-дан екiншiсiне ақылы негiзде оқу үшiн бiлiм алушыларды ауыстыру бiлiм алушы мен қабылдаушы ЖОО арасында шарт жасасу арқылы жүргiзiледi.
      40. Бiлiм алушыны бiр мамандықтан екiншiсiне, бiр оқыту нысанынан екiншiсiне ауыстыру ақылы негiзде оқу үшiн ғана жүзеге асырылады.
      41. Бiр ЖОО iшiнде бiлiм алушыны ақылы негiзде бiр мамандық пен оқыту нысанынан екiншiсiне ауыстыру шартқа тиiстi өзгерiстер енгiзу арқылы жүргiзiледi және ЖОО басшысының бұйрығымен ресiмделедi.
      42. Оқу жоспарларындағы пәндер бойынша академиялық айырмашылықты жоюдың тәртiбi мен мерзiмi факультет деканының (институт директорының) өкiмiмен ресiмделедi және ағымдағы оқу жылындағы бiлiм алушының жеке оқу жоспарына орналастырылады.
      43. Оқудың құнын төлемегенi үшiн оқудан шығарылған ақылы негiзде оқитын бiлiм алушы қарызын өтеген жағдайда оқудан шығарылған күннен бастап төрт апта iшiнде қайта қабылдана алады.
      44. Бiлiм алушылар қатарына қайта қабылдау және оку жоспарларындағы пәндердiң айырмашылықтарын жою тек ақылы негiзде жүзеге асырылады.
      45. Оқуға қайта қабылдау рәсiмi мынадай тәртiппен жүзеге асырылады:
      1) бiлiм алушы өзiнiң оқуын жалғастырғысы келген ЖОО басшысының атына қайта қабылдау туралы өтiнiш бередi. Қайта қабылдану туралы өтiнiшке анықтама (түпнұсқа) қоса берiледi;
      2) факультет деканы (институт директоры) ұсынылған Анықтама негiзiнде салыстыру ведомосын жасау арқылы оқу жоспарындағы пәндер айырмашылықтарын анықтайды және меңгерген пререквизиттерге сәйкес оқу курсын белгiлейдi, бiлiм беру бағдарламасына сәйкес меңгерiлген кредиттердi қайта есептейдi, тiркеу бөлiмiнiң келiсiмiмен бiлiм алушының жеке оқу жоспарын бекiтедi;
      3) факультет деканы (институт директоры), оқу бөлiмiнiң (оқу-әдiстемелiк бөлiм немесе басқарма) бастығы, ЖОО басшысының орынбасары қойған бұрыштамаға сәйкес ЖОО-ның басшысы бiлiм алушыны қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.
      46. Егер бiлiм алушы басқа бiлiм беру ұйымына қайта қабылданған жағдайда, бiлiм алушы бұрын оқыған ЖОО басшысы қабылдаушы тараптың жазбаша сұрауы негiзiнде бiлiм алушының жеке iс парағын жiбередi, бұл ретте Анықтаманың көшiрмесiн, оқу карточкасын, сынақ кiтапшасын, студенттiк билеттi және жiберiлген құжаттардың тiзiмдемесiн өзiнде қалдырады.
      47. Оқу кезеңiнде пайда болған ауру нәтижесiнде берiлген мамандықта оқуға тыйым салынғаны туралы дәрiгерлiк-консультативтiк комиссияның қорытындысы бар бiлiм беру гранты бойынша бiлiм алушы бiр мамандықтан екiншiсiне бос орындарға бiлiм беру гранты бойынша ауысады.
жүктеу 65,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау