|
 Ата-аналар мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты анықтау және жақсартуАта-ананың балаға деген қарым-қатынасының
|
бет | 13/17 | Дата | 26.08.2022 | өлшемі | 102,88 Kb. | | #39123 |
| Ата-ана міндеті,жұмысАта-ананың балаға деген қарым-қатынасының
тест-сауалнамасы. (А.Я. Варга, В.В.Столин)
Ата –аналар қарым-қатынасы жөнiнде тест-сауалнамасы балаларды тәрбиелеу және олармен тiл табысу мәселелерi бойынша психологиялық көмекке жүгiнетiн, ата-аналар қарым-қатынасын анықтауға төселдендiрiлген психодиагностикалық құралы болып табылады.
Ата-аналар қарым-қатынасы балаға қатысты әр түрлi сезiмдердiң жүйесi олармен қарым-қатынасты жүзеге асыратын тәртiп стеориотипi баланың жеке тұлғалық және мiнез-құлқын түйсiну және түсiнiнуiнiң ерекшелiктерi ретiнде ұғынылады
-
Мен әр кезде баланың iшкi мұң-қайғысына ортақтаспын.
-
Баламның ойындағысының барлығын бiлу - өзiмнiң борышым деп есептеймiн.
-
Мен өз баламды сыйлаймын.
-
Маған баламның тәртiбi /нормалардан/ тиiстi ережелерден бiршама ауытқитын сияқты боп көрiнедi.
-
Егер де шынайы өмiрлiк мәселелер балаға зақым келтiретiн болса, оны бұлардан көбiрек аулақ ұстау қажет
-
Мен баланы өзiме жақын тарта алатынымды сеземiн.
-
Жақсы ата-аналар балаларды өмiр қиындығынан қоршаулап, аулақ ұқстайды.
-
Менiң балам маған жиi жағымсыз болып көрiнедi.
-
Мен өз балама көмектесiп отыруға тырысамын.
-
Баланы қорлайтындай қарым-қатынас оған үлкен пайда әкелетiн де жағдайлар болып тұрады.
-
Мен балама деген қарым-қатынаста өкiнiш сезiмдерiн бастан кешiремiн.
-
Менiң балам өмiрде ешбiр жетiстiктерге жетпейдi.
-
Менiң балам барлық жаман әдеттердi өзiне сiңiрiп алады.
-
Менiң баламды жақсы әдет қылықтарға үйрету қиын.
-
Баланы қатаң тәртiпте ұстаған жөн, сонда ғана инабатты адам болып өседi.
-
Басқа балалар менiң баламды жәбiрлейтiн секiлдi.
-
Менiң балам тек жек көрушiлiк сезiм тудыратын қылықтарды жиi iстейдi.
-
Менiң балам өз жасына қарағанда аздап жетiлмеген.
-
Балам менiң ашуымды тудыру үшiн өз-өзiн әдейi жаман ұстайды.
-
Мен баламның жолдастарының үйге келiп тұрғанын ұнатамын.
-
Мен өз баламның өмiрiне қатысып отырамын.
-
Менiң балама барлық жаман әдет-қылықтар жабысады да жүредi.
-
Менiң балам өмiрде сәттiлiктерге қолы жетпейдi.
-
Таныстарымның арасында балалар жөнiнде әңгiме қозғалса, мен баламның сондай ақылды және бейiмдi еместiгiне аздап ұяламын.
-
Мен өз баламды аяймын.
-
Мен баламды өзiмен жасты балалармен салыстырғанда, олар маған ойлы және өз-өздерiн ұстай бiлу жағынан ересектеу көрiнедi.
-
Мен шынайы ықыласпен барлық бос уақытымды өз баламен өткiземiн.
-
Мен баламның өсiп, ер жетiп келе жатқандығына өкiнемiн, оның бала кезiндегiсiн аса нәзiктiкпен еске аламын.
-
Мен балаға дұшпандық көзқараста болатындығымды жиi байқаймын.
-
Өмiрде мен жете алмаған барлық жетiстiктерге балам жетсе екен деп армандаймын.
-
Ата-аналар баладан тек өзiне бейiмделуiн талап етпей, өздерi де балаға қарай бейiмделуi қажет.
-
Мен баламның барлық өтiнiштерiн орындауға тырысамын.
-
Отбасы шешiмдерiн қабылдар кезде, баланың да ойын есепке алу қажет.
-
Баламның өмiрi менi қызықтырады.
-
Баламен керiсiп қалғанда, көп жағдайда оныкi жиi дұрыс болып шығатынын мойындаймын.
-
Балалар ата-аналарының да қателесетiндiгiн ерте бiледi.
-
Мен ылғи да баламен есептесемiн.
-
Мен балаға достық сезiммен қараймын.
-
Менiң баламның ерке-қыңырлығының негiзгi себебi-менмендiк, қиқарлық және жалқаулық.
-
Демалыс уақыттарында баламен дұрыстап дем алу мүмкiн емес.
-
Бастысы, балада бейқам, тыныш балалық шақ болсын, қалғаны /кейiн бола жатады/, қосалқы.
-
Маған кей кезде менiң баламның еш жақсы iстерге ыңғайы келмейтiн сияқты боп көрiнедi.
-
Мен баламның құштарын, құмарлықтарын бөлiсемiн.
-
Менiң балам кез келген адамның ызасын келтiредi.
-
Мен баламның кейiп, ренжуiн түсiнемiн.
-
Менiң балам менi жиi шамырқандырады /ашуландырады/
-
Баланы тәрбиелеу – жүйкеге тиедi /нервотрепка/
-
Балалық шақтағы қатаң тәртiп қайратты/мықты/ мiнездi дамытады.
-
Мен өз балама сенiңкiремеймiн.
-
Балалар қатаң тәрбиеде өскенiне кейiн /сосын/, алғыс айтады.
-
Мен кей кезде өз баламды жек көретiн сияқтымын.
-
Менiң баламның артықшылықтарынан гөрi, кемшiлiктерi басым.
-
Мен өз баламның қызығушылықтарын бөлiсемiн.
-
Менiң балам бiр нәрсенi өз бетiмен iстей алмайды, ал егер орындаса да ол мiндеттi түрде дұрыс болмай шығады.
-
Менiң балам өмiрге бейiмделмеген болып өседi.
-
Менiң балам маған қандай болса да ұнайды.
-
Мен баламның денсаулығын мұқият қадағалаймын.
-
Мен өз балама жиiрек таң қалып, мақтан етемiн.
-
Баламның ата-анасынан жасырған сырлары болмауы керек.
-
Мен баламның қабiлеттерi жоғары деп санамаймын және оны өзiнен жасырмаймын.
-
Мүмкiндiгiнше, бала өз ата-аналарына ұнаған балалармен достасуы керек.
КIЛТI:
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|