Ата-аналар мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты анықтау және жақсарту



жүктеу 102,88 Kb.
бет14/17
Дата26.08.2022
өлшемі102,88 Kb.
#39123
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Ата-ана міндеті,жұмыс

I “Қабылдау – қабылдамау” /бас тарту/: 3, 4, 8, 10, 12, 14, 15, 16, 18, 20, 23, 24, 26, 27, 29, 37, 38, 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 49, 51, 52, 53, 55, 56, 60.
II. “Тәртiптiң әлеуметтiк қалаулығының бейнесi”: 6, 9, 21, 25, 31, 33, 34, 35, 36.
III. “Симбиоз”: 1, 5, 7, 28, 32, 41, 58.
IV. “Авторитарлық1 гиперәлеуметтiлiк”: 2, 19, 30, 48, 50, 57, 59.
Ү. “Жолы болмаған кiшкентай” : 9, 11, 13, 17, 22, 28, 54, 61.

Сауалнама құрылысы.


Сауалнама 5 шкаладан тұрады.
1. “Қабылдау-керi қайтару” Бұл шкала балаға деген интегралдық, эмоционалдық қарым-қатынасты айшықтайды. Шкаланың бiр полюсiнiң мазмұны : ата-анаға бала қандай болса, сол қалпы ұнайды. Ата-ана баланың жекелiк сипатын сыйлайды.
Ата-ана баламен көп уақыт өткiзедi, оның қызығушылықтары мен жоспарларын мақұлдайды. Шкаланың басқа полюсiнде ата-ана өз баласын сәтсiздiкке жиi ұшырауға бейiмделген нашар адам ретiнде қабылдайды. Оған баласының төмен қабiлеттерi, ақылының аздығы, жаман әдет-қылықтарға бейiм болуы салдарының өмiрде ешбiр жетiстiктерге жетпейтiн тәрiздi болып көрiнедi. Көбiнде ата-ана балаға ашу-ызасы келiп, өкiнiш, тiтiркену, ренiш сезiмдерiн бастан кешiредi. Ол балаға сезiмдерiн бiлдiредi және оны сыйламайды.
2.“Кооперация” – ата-ананың қарым-қатынасының әлеуметтiк тiлектiк бейнесi” Бұл шкала мазмұны былай ашылады: ата-ана баланың iсi мен жоспарларына қызығушылық бiлдiредi. Балаға барлық жақтан көмек көрсетуге тырысады. Қолдау жасайды. Ата–ана баланың интеллектуалдық, шығармашылық қабiлеттерiн жоғары бағалайды. Оны мақтан тұтады. Ол баланың инициативасын өздiгiнен жұмыс атқаруын қолдайды, онымен тең болуға тырысады. Ата–ана балаға сенiмдiлiк артады, дау –дамай туғызатын сұрақтарда оның көзқарасын ұстануға тырысады.
3.“Симбиоз” – бұл шкала баламен қарым-қатынаста тұлғааралық қашықтықты айшықтайды. Бұл шкала бойынша жоғары ұпай алса ата-ана баламен симбиотикалық қарым-қатынасқа жетуге ұмтылған деп есептеуге болады. Бұл тенденцияның мазмұнын былайша суреттеп айтуға болады: ата-ана өзiн баламен бiр бүтiн екенiн сезiнедi, баланың барлық қажеттерiн қанағаттандыруға ұмтылады, оны өмiрдiң келеңсiздiктерi мен ауыртпалықтарынан қоршайды.
1Авторитарлық – латын тiлiнен аударғанда қазақша өктемдiк, әмiршiлдiк деген мағынаны бiлдiредi.
Ата –ана баласы үшiн әрдайым мазасызданады, оған баласы кiшкентай және дәрменсiз болып көрiнедi. Алдында баланың жеке өздiк жұмыс атқаруына ырық бермегендiктен, уақыт өте келе, ендi жағдайлар еркiмен бала өздiгiнен жұмыс атқара бастағанда ата- ананың мазасыздану жағдайлары.
4.“Авторитарлық гиперәлеуметтi” Баланың тәртiбiн бақылаудың бағыты мен формасын айшықтайды. Бұл шкала бойынша жоғары ұпай алса, ата-ана қарым-қатынастарда авторитарлық белгi айқын көрiнедi: Ата-ана баладан сөзсiз тыңдау мен тәртiптi талап етедi. Ол балаға барлық жақтан өз еркiн байлайды, оның көзқарасын ұстануға жағдайы жоқ. Бала өз еркiн бiлдiрген үшiн қатаң түрде жазаланады. Ата–ана баланың әлеуметтiк жетiстiктерiн бүтiн қадағалайды және одан әлеуметтiк жетiстiктердi талап етедi. Мұнда ата-ана баланы, оның жеке дара қабiлеттерiн, ойын, сезiмдерiн жақсы бiледi.
5.“Кiшкентай сәтсiз бала” – ата-ананың баланы түсiну және қабылдау өзгешелiктерiн айшықтайды. Бұл шкала бойынша жоғары ұпай алса, ата-ана қарым-қатынастарда баланы жетiлмеген деп санауға ұмтылу, оған жеке және әлеуметiк жағдайы жоқтығын жазып қою байқалады
Ата–анаға шынайы жаспен салыстырғанда бала кiшкентай болып көрiнедi. Баланың қызығушылығы, ойы, сезiмдерi ата-анаға бала /детский/ сияқты болып көрiнедi. Бала бейiмделмеген, сәтсiз, жаман әдет-қылықтарға бейiм тұратын болып көрiнедi. Ата-ана өз баласын сенiмсiз, оның сәтсiздiгi мен бiлiктiлiгi жоқтығына налиды. Осыған орай ата-ана баланы өмiр қйындықтарынан қаумалауға тырысады және оның iс-әрекеттерiн қатаң бақылауға алады.
Бұндай жағдайда егер I, IҮ және Ү стильдегi отбасыларымен жұмыста II және III стильдегi отбасыларын көмекшi, ақылшы, кеңесшi ретiнде бiрлесе жұмыс атқаруға болады. Адам мiнез-құлқын кемел шақта әрине түзетудiң еш жолы тиiмдi болмас, бiрақ бала тәрбиелеуде аз-маз кеңестiң падасы болмаса, артығы болмайды.
I, Ү стильдегi тәрбиеленетiн балалардың ата-аналарына.
Мiнез-құлқы бұл топқа жататын бала қай iстi де өзiнен гөрi басқалар жақсы атқаратындай көрiп тұрады. Өзiне, өз қабiлет қарымына күмәнмен қарайды, мүмкiндiгiн төмен бағалайды. Дұрыс, тiптi өте жақсы тындырған жұмысының өзiн мұны түгенше менен де қатырып атқарар едi, - деп ойлайды. Қиындау, күрделiлiеу тапсырмадан үнемi тайсақтап, ретi келсе оңайлау, жеңiлдеу жағына ойысқысы кеп тұрады.
Мұндай баланы қалай да ыңғайын тауып, мақтап отыру керек, өйткенi iстеген iсi еленбеген сайын оның өзiне, өзiнiң қолынан бiрдеңе келетiнiне сенiмi кеми бередi. Ал қолдау, қуаттау жеткiншектiң көңiлiне ешкiмнен олқы емеспiн, қайта көп нәрсенi басқалардан артық атқара аламын деген сенiм ұяалатады, өмiрге нық қадам басуына жәрдемдеседi. Мақтау бұндай бала үшiн ауадай қажет. әйтпесе оның табансыз, берекесiз адам боп өсуiне өзiңiз жол ашуыңыз әбден мүмкiн.
Дегенмен, әрине, қиындықтан қашпайтын қаламын деп, балаға /жеткiншеккке/ шамасы келмейтiн тапсырма беруге болмайтыны анық. Өйткенi өзiне сенiмсiз баланың жан-дүниесi жараланғыш келедi. Сәтсiздiктiң оны мүлдем жасқап бұрынғыдан бетер жасытып тастауы мүмкiн.

II стильдегi тәрбиеленетiн балалардың ата-аналарына.


Бұндай балалар өзiне сенiмдi, қабiлеттi балалар жатады. Басқалардың қыруар уақыт жұмсап, қиналып атқаратын жұмысын, ол /олар/ аса бiр азапқа түсiп, әреленбей-ақ тындырып кете бередi. Және қашанда өзгеден озық, сапалы орндайды.
Мұндайда дарынды жеткiншектердi барынша абайлап, мүмкiндiгiнше сараң мадақтау жөн. Себебi артық мақтау онсыз да өзiне өзi сенiмдi баланы мүлдем дандайсытып жiберуi мүмкiн. Мұның ақыры оның не нәрсенi де қолдың ұшымен жеңiл-желпi атқаруына, өз қабiлетiнiң деңгейiнен көрiне алмауына соқтыру ғажап емес. Сондықтан мұндай мiнез-құлықтығы баланы көрiнген нәрсе үшiн көтермелеу, мадақтау артық. Оны өзiмшiлдiктен сақтандырып, өзгелерге қол ұшын беруге ынталандырған дұрыс.
Келесi ұсыныс кез келген стильдегi отбасында кездесетiн балалардың ата-аналарына:
Бұған тияанақты, ұқыпты балалар жатады. Олар жеңiл-желпi шаруаны да, күрделi, қиын шаруаны да зор ынта қойып, мүлтiксiз, мiнсiз орындауға тырысады. Өзiнiң қолынан қандай iстiң де келетiнiн, небiр ауыр тапсырманы да атқарып шыға алатынын дәлелдеуге ынталы болады. Олар салдыр-салақтыққа, жауапсыздыққа төзбейдi. Қатар-құрбыларын былай қойғанда ата-анасының iстеген iсiне сын көзбен қарайды, көңiлi толмаған нәрсенi жасырмайды.
Бiрақ жақсылығын жақсы деп, көтерiп, қанаттандырып қою мұндай балаға да көптiк етпейдi. Негiзi оларды тапсырманы орындау /орындағасын ғана емес/ кезiнде көтермелеген, қолдаған дұрыс. Бұл оның күш-жiгерiн орынсыз ысырап етпей, маңызды нәрсеге ғана көңiл қоюына жәрдемдеседi. Мәнді мен мәнсiздi ажырата бiлуге, өнетiн, керектi iстiң соңына түсуге баулиды.
Жалпы тиянақты, ұқыпты баланы тапсырманы ойдағыдай орындамаған күннiң өзiнде мақтап, қолпаштап қою жөн. Себебi ол не iстесе де бар мүмкiндiгiн салып iстейдi /шама-шарқы солай болғаны үшiн айыпты емес қой!/ Ал жан салып атқарған жұмысына мiннен басқа ештеңе айтылмаса, қай баланың да тауы шағылып, меселi қайтып қалатыны белгiлi.

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң”


тақырыбындағы ата-аналар жиналысының жасалымы



жүктеу 102,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау