Тақырыптың өзектілігі
«Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп баланың жан-жақты тұлға ретінде дамуы отбасынан басталады. Отбасы қоғамда баланы тәрбиелеудің басты, әрі алғашқы институты болып келеді. Ал бала өз әке-шешесіне қарап, оларды өзінің болашағы үшін үлгі етеді. Яғни өз-өзін бағалауы, жауапкершілгін, қоршаған ортамен қатынас етуін, ұжымда өмір сүру ережелері мен тәртібін және т.б. қасиеттерді отбасынан алады. Сондықтан отбасының тәрбиелік функцияларды сәтті орындауы көптеген факторларға тәуелді болады. Олардың бірі ата-ананың психологиялық-педагогикалық мәдениеті. Ата-ананың психологиялық – педагогикалық мәдениетінде баланы отбасында тәрбиелеудің адамзаттық жинақталған тәжірибесі көрініс алады. Бұл қасиет отбасы өмірінің қалыптасуына жағымды әсер етіп, әке мен ананың педагогикалық іс-әрекетінің негізі болу үшін, дәстүрлі қателерді жібермеуге және дәстүрлі емес, стандартты емес жағдайларда дұрыс шешім табуға көмектеседі.
Мақсат: ата-аналар мен балалардың өзіндік ерекшеліктерін зерттеп, сұрақ қою арқылы ата-ананың балаға қатынасын, тәрбиелеуде қолданатын әдіс-тәсілдерін, мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі бірлескен іс-әрекетінің ерекшеліктерін анықтап, оны жетілдіруге көмек жасау.
Міндет:
Тәрбие мақсатына жету үшін сәйкесті икемдерге ие болу.
Ал ата-ананың баласын қолдап, көңіл бөлуі оның қоршаған ортада дұрыс бейімделіп, әлеуметтенуіне жағдай жасау.
Қоршаған ортаның жаман және жақсы жақтарын да ата-анасы ашып, түсіндіру.
Ата-ананың психологиялық, педагогикалық білімдерінің бала тәрбиесіне деген маңыздылығын түсіндіру.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: әңгіме, сауалнама, анкета, кеңес беру, ролдік ойын, топтық талдау, дамытушылық жаттығулар.
Ата-аналар кодексi
Ата-ана құқығы:
Ата-аналар комитетiнiң құрамына дауыс беру және сайланғандардың бiрi болу.
Ата-аналар комитетiнде қарастырылатын мәселелердiң iшiне өз ұсыныстарын енгiзу.
Мектеп әкімшілігі және мұғалiмнiң келiсiмiмен жеке сабақтарға қатысып, мектептегi педагогикалық процестiң жақсартуына өз үлесiн тигiзу.
Отбасы намысы мен бала құқығын қорғау.
Проблемалық жағдайлар, дау-дамайлар бойынша психологқа, мектеп әкімшілігіне жолығу.
Баланы оқыту түрiн таңдау.
Жекелеген мұғалiмдер мен оқушыларды марапатталуына ұсыныс беру.
Достарыңызбен бөлісу: |