Ата-аналар мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты анықтау және жақсарту



жүктеу 102,88 Kb.
бет17/17
Дата26.08.2022
өлшемі102,88 Kb.
#39123
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Ата-ана міндеті,жұмыс

Жалғыз бала

Бұл – үлкендердiң аймалаунда өсiп келе жатқан баланы тәрбиелеудегi маңызды педагогикалық мәселе. Жалғыз бала, оған ерекше көңiл бөлiнетiндiктен, өзiнiң барлық тiлегiнiң орындалатынына бiрте-бiрте үйренiп кететiнi жиi кездеседi. Үлкенде бетiмен кеткен баланың жөнсiз шолжаңдығын қолдап, қайткенде де оның тiлегiн орындауға тырыса отырып, баланы бұдан әрi қарай да бұза бередi. Мұндай шолжың өзiнiң айналасындағыларды сыйлаудан қалып, әдепсiз, дөрекi, қатал мiнез көрсете бастайды. Мұндай жағдайда ол - балалар қауымында болып, үйде де, мектепте де балалармен достасып, өзiнiң құрбыларының жақсы iстерiне қатысып, өзiне деген ұжымның ықпалын сезiнетiн болсын.
Бастапқы кезде ол, өзiнiң бойына сiңген әдетi бойынша, шолжыңдап, бұйыра сөйлеп, өзiне ерекше көңiл бөлудi, ең жақсы ойыншықтарды, ең жақсы ролдi беруiн талап етiп, құрбыларының қатарында өзiн ұстай бiлмейдi. Жолдастарынан тиiстi тойтарыс алғаннан кейiн, шолжың оларды үлкендерге жамандап шағым айтып, үлкендердi өз жолдастарына қарсы қойып, балаларды арандатады. Ал егер ол осыны iстей алса, балалар “тиiстi жазасын алса”, олар мұндай әдiлетсiздiктi кешiрмейдi, жалақордың балалар ұжымындағы жағдай қиындап, ал кейде тiптi, төзуге болмайтындай болады.
Ата-ана кейде мынадай қателiктердi де жiбередi: жалғыз бала отбасындағы еңбектiң қандайынан болса да босатылады, сөйтiп, ол әлсiз, жалқау, ерiншек, ырықсыз бола бастайды.
Үлкендердiң балаға үздiксiз қамқорлық жасауы – баланы дербестiгiнiң өсуiн тежеп, оның инициативасын басып отырады. Бұл – қайғалы жағдайға әкеп соғуы мүмкiн. Ол ерте ме, кеш пе өмiрдiң қиыншылық жағдайына кездеседi, бiрақ оларды жеңуге даярлығы жоқтықтан, өз қажеттiгi мен орынсыз тiлеген қанағаттандырудың жеңiл жолын iздестiредi, сөйтiп, ол – қоғам тұрмысының әдет-ғұрыптарына, нормалары мен заңдарына қайшы әрекетке барады.
Терiс тәрбиенiң болмай қалмайтын нәтижелерi - өзiмшiлдiкке дарашылдыққа, еңбек етуге даярлықтың жоқтығына әкеп соқтырады
Ондай болмас үшiн педагогикада - ата-ана балаларына ерекше, жайлы жағдай жасамауды ұсынады. Керiсiнше, ең жас кезiнен-ақ баланы құрбы-құрдастар ұжымының өмiрiне араластырып, өзiне-өзi қызымет етуге, шамасы келетiн үй iшiнiң жұмысына қатынасуға, өзiнiң құрбы-құрдастары мен үлкендердi сыйлап, олармен iлтипатты қарым-қатынас жасауды талап етiп, достық, жолдастық, ұжымшылдық сезiмге тәрбиелеу керек. Әрине бұны тек ата-ана тарапынан тек сөзбен не қатал талаппен емес, үлгi ретiнде өздерi де соны қолданса сол тәрбие.


Әке
Әке шешемен бiрге отбасының барлық тiршiлiгiн, отбасы тұрмысын және бала тәрбиесiн ұйымдастырады.
Өкiнiшке қарай, әке отбасының жалғыз қожасы ретiнде ғасырлар бойы қалыптасып қалған әдетi әлi түгелдей жойыла қойған жоқ. Кейде бiздiң отбасында аналардың өздерi үйдегi тәртiптi бiр қалыпты ұстау мақсатымен де әкенi “бос”, “басеке” т.б. етiп көрсетедi.
- Неткен оңбаған бала едiң. Тұра тұр бәлем, әкең келсiн, емiңдi берер! Осы сияқты сөздердi шешелерiнен жиi еститiн балалар бiршама баршылық.
Мұндай отбасында тәрбиелеуге байланысты ата-ана арасында еңбек бөлiсi байқалады. Анасы ертеден кешке дейiн балалармен бiрге болады, оларды күтедi, жиластырады, сондықтан анаға қыңырлық iстеуге де, оны тыңдамауға да болады. Ана айқайлап ұрысады, бiрақ онысы зiлсiз, үйреншiктi және қайтымды : лезде кешiрiп, еркелетедi. Ал ананы шектен тыс қатты ашуландырса, онда ол әкесiне айтады. Мәселе басқаша болады, егер әкенiң ашуына кез болсаң, құтылу оңай болмайды. Мұндай отбасы жөнiнде жұрт кейде: “Оларға не, олардың әкесi қатал адам, оның алдында шолжаңдай алмайсың”, деген сияқтыларды айтып жүредi.
Әкенiң балаларды қорқытып, оларға үстемдiк көрсету орынды ма? Бiз балаларымызды осындай қаталдыққа бейiмдеп үйретуiмiз керек пе?
Кейде балалар болмашы нәрсе үшiн таяқ жеуден қорқып түрі қатала түседi. Қатал әке көбiрек жұдырық жұмсайтындықтан, көп нәрсе оған айтылмай, құпия қала бередi. Күндердiң бiр күнiнде әке кенеттен өз балаларын бiлмегенiн, әлi бiлмейтiнiн аңғарады да: “бұларда бұл қалай пайда болды” деп таңданады, әкенiң үй шаруадағы еңбегiне назар аударып, оған тiкелей қатысу арқылы балалар, әсiресе ер балалар, ең алғаш еңбектiң тәрбие мектебiнен өтедi.
Әкесi жұбайына iлтипатпен, қамқорлықпен және сүйiспеншiлiкпен қараса, отбасы тауқыметi ананың көбiрек көтеретiнiн ескерiп, оған көмектессе... Әкенiң ер-азаматтығы және үлкен адамгершiлiк сезiмi осыдан айқын көрiнедi. Әке күштi адам, оған көңiл күйiнiң үлкен қасiреттерiн де айтуға болады. Ол оны түсiнедi, әдiл пiкiр айтады. Әкенiң жан дүниесi терең болған сайын оның балалармен арасындағы достығы берiк те кiршiксiз болады.


Қолданылған әдебиеттер
Ұлағат 2006 №3 (73-75 бет)


Мектептегі психология 2006 №1 (11-12 бет)


Овчарова Р.В Справочная книга школьного психолога 2-е издание. «Просвещение» 1996 (182-197стр.)


Ожегов С.И. Словарь русского языка «Русский язык» Москва 1991


Семья тәрбиесі «Мектеп» Алматы 1970 (45,161-162бет)


Словарь. Русско-казахский І-ІІ том. Алматы 2007.


Франк В. Сроварь Русский-англиский-казахский. Алматы 2000
жүктеу 102,88 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау