|
Астана қаласы Білім басқармасыӨзара ынтымақтастық қарым-қатынас
|
бет | 17/29 | Дата | 18.12.2023 | өлшемі | 1,76 Mb. | | #44798 |
| phpgYF8eN org-DSTENELK-RAL-kaz-yaz---psihologtara-arnalan-1Өзара ынтымақтастық қарым-қатынас.
6.1.Педагог-психолог директордың бекітуімен жасалған 40-сағаттық жұмыс аптасы кестесіне сүйене отырып жұмыс істейді.Жекеше және топтық жұмыстарға дайындыққа,алынған деректерді өңдеуге,талдауға,қорытындылауға
және есеп беру құжаттарын толтыруға, сондай-ақ кәсіби құзыреттілігін арттыруға жұмсалатын аптаның 12 сағатын құрайтын уақытта психологтың міндетті түрде білім беру мекемесінде болуы талап етілмейді;
6.2. Өз жұмысын әр оқу жылына жоспарлайды.Жұмыс жоспары жоспарлаған кезеңнің басталуынан бес күннен әрі аспайтын мерзімде директормен бекітіледі;
6.3. Жұмысы туралы бес жазба парақтан аспайтын көлемдегі жазбаша есепті оқу жылы аяқталғанға дейін 10 күн ішінде директорға тапсырады;
6.4. Білім беру мекемесі басшысынан нормативтік-құқықтық және ұйымдастырушылық-әдістемелік сипаттағы ақпарат алады, сәйкес түрдегі іс-құжаттармен танысқанын растап, қол қояды;
6.5. Кәсіби іс-әрекетіне сәйкес іс-құжаттар жүргізеді.
Лауазымдық нұсқаулықпен таныстым: ___ аты-жөні толығымен (қолы)
Күні: «______» 20_____ ж.
ҚОСЫМША 2
Психологиялық қызмет құжаттары
Форма № 1
Перспективтік (жылдық) жоспарлау
Жылдық жоспар – білім беру мекемелеріндегі психологтың оқу жылындағы кәсіби қызметінің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын басты құжат.Психологтың жұмысын жоспарлауы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметтің мақсаты мен міндеттеріне және өзі қызмет атқаратын білім беру мекемесі әкімшілігінің сұраныстарына негізделеді. Жоспарды құруда ҚР Конститутциясы, ҚР «Білім беру туралы» Заңы, «Бала құқықтары туралы Конвенция» және ҚР БжҒМ нормативтік құжаттарына сай бала құқығының басым бағыттары мен қызығушылығы ескеріледі.
Педагог-психологтың жылдық жоспары Білім басқармасының психологиялық кабинетімен келісіліп жасалады. Жоспарды білім беру мекемесінің ( мектепт/ колледж) басшысы бекітеді.
Жылдық жоспарда іс -әрекет түрлері бойынша негізгі іс- шараларды бөліп көрсету схемасы ұсынылады
Ағартушылық жұмыстарына-әдістемелік бірлестік отырыстарын, ата -аналар жиналыстарын, семинарларды ұйымдастыру және лекциялар жүргізу жатады.
Сараптамалық жұмысқа- қандай да бір шешім қабылдауда жағдаятты психологиялық тұрғыдан түсіндіруді талап ететін әкімшілік жанындағы отырыстарға, комиссияларға, консилиумдарға қатысу жатады.
Жобалау әрекеті - психолог және мұғалімдердің бірлескен білім беру бағдарламасын жобалауы белгілі бір жас кезеңімен байланысты бала дамуына сипаттама беретін жасерекшелік -нормативтік моделі негізінде құрастырылады.
Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысқа келесі іс -әрекеттер жатады:
- іс -әрекетті талдау және жоспарлау;
- біліктілікті арттыру курстары;
- инструментарийге іріктеу үшін ғылыми және тәжірибелік әдебиеттерге
талдау жасау;
- дамыту және түзету бағдарламаларының әзірлемелерін жасау;
- ғылыми тәжірибелік семинарларға, конфренцияларға қатысу;
- әдістемелік бірлестік отырыстарына қатысу;
- кабинетті реттеу және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|