4. Педагог-психологтың құқықтары
4.1.Білім алушылармен жұмыс жасау әдістерін, әдістемелерін, оқу құралдары мен материалдарын өздігінен таңдауға және қолдануға;
4.2. Педагогикалық кеңес жұмысына қатысуға;
4.3.Кәсіби ар-ожданы мен абыройын қорғауға;
4.4.Психолог жұмысын бағалаған шағымдар және өзге де құжаттармен танысуға, оларға түсініктеме беруге;
4.5. Кәсіби біліктілігін арттыруға;
4.6.Тәжірибе алмасу мақсатымен кәсіби байланысты үнемі қолдауға;
4.7.Сәйкес келетін біліктілік санатына өз еркімен аттестациялануға және аттестациядан сәтті өткен жағдайда оны алуға;
4.8.Әкімшіліктің тапсырысы этикалық принциптерге, жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келмеген жағдайда, орындаудан бас тартуға.
5. Педагог-психологтың жауапкершілігі
5.1.Білім беру мекемесінің Жарғысын және ішкі тәртіп Ережелерін, мектеп директорының заңды өкімдерін және өзге де жергілікті нормативтік актілерді, осы Нұсқаулықта белгіленген лауазымдық міндеттерін дәлелді себептерсіз орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны, сондай-ақ берілген құқықтарын пайдаланбағаны үшін педагог-психолог айқындалған еңбек заңнамасы тәртібімен тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
5.2. Білім алушы тұлғаға қарсы физикалық және (немесе) психикалық
зорлық-зомбылықпен байланысты тәрбиелеу әдісі қолданылған жағдайда, бір рет болса да, сондай-ақ басқа да моральға сыйымсыз жат қылықтар жасағаны үшін еңбек заңнамаларына, ҚР «Білім туралы» Заңына сәйкес педагог-психолог қызметінен босатылуы мүмкін. Аталған жат қылыққа байланысты жұмыстан босату тәртіптік жауапкершілік шарасына жатпайды.
5.3.Оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда өрт қауіпсіздік ережелерін, еңбекті қорғау, санитарлық-гигиеналық ережелерді бұзғаны үшін педагог-психолог әкімшілік заңнамада көзделген жағдайларда тәртіптік жауапкершілікке тартылады.
5.4.Өзінің лауазымдық міндеттерін орындауымен (орындамаумен) байланысты білім беру мекемесіне немесе білім беру үдерісіне қатысушыларға залал келтіргені үшін педагог-психолог еңбек және (немесе) азаматтық заңнамада қарастырылған тәртіппен және шектелулерде материалдық жауапкершілікті мойнына алады.
Достарыңызбен бөлісу: |