ҚашықТЫҚтан оқыту факультеті


Шет елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі



жүктеу 0,84 Mb.
бет4/11
Дата04.06.2022
өлшемі0,84 Mb.
#38849
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Асанов курсовая работа

1.3 Шет елдердің шағын және орта бизнесті дамытудағы тәжірибесі


Карантинның алғашқы аптасы және оны белгісіз кезеңге ұзарту тәуекелі денсаулық сақтау жүйесіндегі көптеген проблемаларды ашты. Бетперделердің, медперсоналға арналған қорғаныш құралдарының жабдықтардың өте қатты тапшылығын және персоналдардың өздерінің жетіспеушілігін жабу үшін нақ осы медицинаға алғашқы қаржы құю қажет болды.
Бірақ келесі қадам халықты қаржылық қолдау үшін жедел тәртіпте дағдарысқа қарсы шаралар әзірлеу қажеттілігі болды. Экономикалық белсенділіктің тоқтауы – бұл іс жүзінде елдердің әрқайсысының бюджетіне бір сәтте соққы беру. Қазір бизнестің елеулі мемлекеттік қолдауды қажет ететіндігі айқын болды.
Көпшілік елдер шағын және орта бизнесті, сондай-ақ пандемияның нәтижесінде жұмыссыз қалған азаматтарды қолдауға миллиардтап доллар бөліп жатыр. Бұл бағыттағы жетекші АҚШ болды, әлемдегі ең бай ел үшін таңқаларлық емес. Өкінішке орай, қазір Штаттар экономиканы оңалту үшін Конгреспен бөлінген қаражат саны (ал бұл 2 трлн доллар) бойынша ғана емес, ауруға шалдыққан адамдар саны (2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 180 мың адамнан артық) бойынша да алда келеді. Әрі вирустың шапшаң таралуы жалғасуда.
Бизнесті және азаматтарды қолдау аясында түрлі елдерде қабылданған алғашқы кезектегі шешімдер:
Өз бетімен жұмыспен қамтылған азаматтарға және шағын бизнеске жеңілдікпен берілетін кредиттер, өтемсіз гранттар және басқалары түрінде көмек беру. Бұл санатқа сән индустриясындағы кәсіпорындар (салондар, шаштараздар), дизайнерлер, таксистер және басқалары кірді.
АҚШ-да көмек ретінде әрбір американдыққа 1200$ мөлшерінде беру туралы хабарланды. Бірқатар басқа елдерде осы әрекеттерді қайталады, мысалы Жапония, Греция.
Банкроттық шегіндегі компанияларды сатып алу және жеңілдікпен кредит беру. Ең алдымен мұндай көмек әуе компаниялары мен туристік бизнес өкілдеріне бағдарланды.
Іс жүзінде барлық елдер жекеше кәсіпкерлер мен шағын бизнес үшін міндетті әлеуметтік алымдарды, салық төлемдерін кейінге қалдыру мүмкіндігін көздейтін, салық демалысы туралы жариялады.
Жұмыссыздық бойынша жәрдемақылар ұлғайтылды және жұмыссыздық мәртебесін алу процедурасы оңайлатылды.
Төлемдерді кейінге қалдыру арқылы жеке және заңды тұлғаларға кредиттік демалыстар берілді.
Бірқатар елдерде, мысалы, Ұлыбританияда, Чехия мен Нидерландта мемлекет карантинге байланысты жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болған компаниялардың қызметкерлерінің жалақысына бюджеттен дотация бөлді.
Кейбір елдердің Үкіметі персоналды қысқартқан жағдайда өтемақы төлеуді өз мойнына алды. Бұл жұмыскерлерді қорғайды, олардың жұмыстан еш тиынсыз босамай, бірнеше айға жалақы түрінде өтемақы төлемдерін кепілді түрде алуын қамтамасыз етеді.
Кейбір елдерде мемлекет ата-аналарға, оларды жұмысқа шығудан алып қалу және карантиндік шектеулерді барынша қолдау үшін, балаларға күтім көрсету бойынша ақылы демалыс берді. Мәселен, Францияда мұндай демалыс екі аптаға дейін бюджеттің есебінен төленеді.
Швейцария ең бай елдердің бірі ретінде тіпті пандемияға байланысты өтпей қалған конференцияны және бұрын жоспарланған басқа да іс-шараларды бюджет арқылы өтеуге өзіне мүмкіндік берді.
Әрине, әртүрлі елдердің мүмкіндіктері де әртүрлі. Бизнесті және азаматтарды қолдауға ең ірі қаражатты АҚШ бөлді. Еуродақта бірыңғай жоспар туралы әлі айтуға болмайды, бірақ барлық елдер өздерінің ұлттық деңгейінде белсенді шаралар қабылдап жатыр. Түрлі елдердің мысалында олар туралы толығырақ айтамыз:
АҚШ. Салық демалысы (3 ай мерзімге дейін) туралы жарияланды, 2 трлн доллар бөлінді, 500 млрд – ірі және орта бизнесті, 350 млрд – шағын бизнесті және кәсіпкерлерді қолдауға, 300 млрд – бір реттік көмек ретінде жеке азаматтарға, тағы 300 млрд-қа жуығы – эпидемиямен байланысты жұмысын жоғалтқан азаматтарға өтемақыға жіберу жоспарланып отыр.
Германия. Шамамен 150 млрд евро бөлініп қойды және қажет болған жағдайда бұл соманы 800 млрд евроға дейін ұлғайту мүмкіндігі туралы мәлімденді. Іс-шараның дағдарысқа қарсы бағдарламаларының аясында кредиттер бойынша мемлекеттік кепілдіктер беру жоспарланған. Туристік, гастрономия және әуе тасымалы сияқты салаларға ерекше назар аударылған.
Италия. Мемлекет эпидемияның нәтижесінде түсім 25%-ға және одан көп қысқарған кез келген компанияға салықтық кредит беруге даяр екендігін білдірді. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар үшін салық декларацияларын тапсыру мерзімі ұзартылды. Үш негізгі бағыт: компанияларға тікелей ақшалай көмек, шағын және орта бизнесті кредиттеу, эпидемияның салдарынан жұмысынан айрылған азаматтарға көмек көрсету бойынша 25 млрд доллар жалпы сомасына дағдарысқа қарсы жоспар әзірленді.
Ұлыбритания. Мұнда шағын бизнесті қолдау, туризм және ритейлер саласындағы компаниялар үшін салықтарды төмендету, ойын-сауық саласындағы микробизнес үшін жылдық салық демалысы сияқты бағыттарды қамтитын, 37 млрд. доллар бөлінген бағдарламаның бар екендігі туралы мәлімденді. Шағын бизнес үшін гранттар көзделді.
Франция. Экономикалық дағдарыспен күреске бірнеше ондаған миллиард доллар бөлінді. Шаралар шағын және орта бизнес кәсіпорындарына кредиттер бойынша 90%-ға дейінгі мөлшерде мемлекеттік кепілдіктер беруді қамтиды.
Швейцария. Өзінің пандемиядан зардап шеккен компанияларына қолдау көрсету үшін жалпы сомасы 10 млрд. швейцар франкін бөлуге дайын, бұл АҚШ-ның 10,5 млрд долларының баламасы болып табылады.
Жапония. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін іс-шаралар жоспары енгізілді. Сондай-ақ медицинаны қаржыландыруға баса назар аударылуда.
Австралия. Шағын бизнес өкілдеріне қолдау көрсету және халыққа қосымша әлеуметтік төлем жасау туралы мәлімденді, туристік сала үшін жеке іс-шаралар жоспары әзірленуде.
Көршілес Ресейдегі шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары, шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және олардың өнімдерін өткізуге көмектесу болып табылады. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары: даму және қолдау инфрақұрылымының қалыптасуы; мемлекеттік қаржылық, материалдық-техникалық ресурстар мен ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ғылыми-техникалық әзірлемелер мен технологияларды пайдалануда жеңілдік жағдайын жасау; қызметті лицензиялау және тіркеудің жеңілдетілген тәртібін белгілеу, олардың өнімдерін сертификаттау; сыртқы экономикалық қызметті қолдау, шетелдермен сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және ақпараттық қатынастарды дамытуға жәрдемдесу.
Сонымен, шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудың шетелдік тәжірибесін зерттеу нәтижесінде Қазақстанда мемлекеттік қолдау нақты бағыттар немесе кәсіпкерлік қызметтің түрлерінде (мысалы, инновациялық қызмет) және сондай қызметтің белгілі бір субъектілерінде (мысалы, шағын кәсіпкерлік субъектілері) және сол арқылы кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін қолайлы ұйымдастырушылық және экономикалық жағдайлар жасайтынын тұжырымдауға болады.

жүктеу 0,84 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау