2.3 «Грандстрой» ЖШС мысалында аймақтағы шағын және орта бизнестің негізгі мәселелері
«Грандстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 17.01.2012 жылы тіркелген.
Мүлік Серіктестікке меншік құқығы ретінде тиесілі.
Фирмалық атауы:
«Грандстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Қысқартылған атауы:
«Грандстрой» ЖШС.
Серіктестіктің орналасқан жер және мекен –жайы: пошталық индексі 080000, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 9 үй [22].
Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес серіктестік заңды тұлға болып табылады, серіктестік шаруашылық есеп принциптерімен жұмыс істеп, өзін - өзі қаржыландыруда қолданады, оның дербес мүлкі, дербес балансы, банкілік есеп шоты, өзінің дөңгелек мөрі, эмблемасы, фирмалық бланкісі, басқа реквизиттері бар. Өз атынан келісімшартты жасайды, мүлік алуға құқықты және оған өзінің жеке құқығы мен міндеттері де бола алады.
Ендігі кезекте кәсіпорынның қызметі көрсеткіштерін талдап өтейік.
Бухгалтерлік баланстың, 01.01.2020-01.01.2022 жылдардағы пайда мен залал туралы есептің негізінде компанияның техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізілген (9 кесте).
9 кесте
01.01.2020-01.01.2022 жылдардағы «Грандстрой» ЖШС-нің қаржы-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
01.01. 2020 жыл
|
01.01. 2021 жыл
|
01.01. 2022 жыл
|
Ауытқулар
|
сомада
|
%
|
сомада
|
%
|
01.01.2021/ 01.01.2020
|
01.01.2022/ 01.01.2021
|
Сатудан түскен табыс, мың.теңге
|
1123074
|
1721944
|
2731813
|
598 870
|
53,3
|
1 009 869
|
58,6
|
Жұмыс істеушілердің орташатізімдік саны, адам
|
113
|
122
|
142
|
9
|
8,0
|
20
|
16,4
|
Негізгі құралдардың орташажылдық құны, мың.теңге
|
94857
|
110528
|
240263
|
15 671
|
16,5
|
129 735
|
117,4
|
Еңбек өнімділігі, мың.теңге
|
9938,7
|
14114,3
|
19238,1
|
4 176
|
42,0
|
5 124
|
36,3
|
Қорқайтарымдылығы
|
11,84
|
15,58
|
11,37
|
4
|
31,6
|
-4
|
-27,0
|
Қорсыйымдылығы
|
0,08
|
0,06
|
0,09
|
0
|
-24,0
|
0
|
37,0
|
Таза табыс, мың.теңге
|
-39 121
|
315 594
|
750 814
|
354 715
|
-906,7
|
435 220
|
137,9
|
Активтердің айналымдығы (рет)
|
2,2
|
2,4
|
1,5
|
0
|
8,0
|
-1
|
-35,1
|
Қысқа мерзімді активтердің айналымдығы (рет)
|
2,7
|
2,8
|
1,8
|
0
|
3,9
|
-1
|
-36,6
|
Қысқа мерзімді активтердің бір айналымдылық ұзақтығы (күн)
|
134
|
129
|
203
|
-5
|
-3,7
|
74
|
57,7
|
Сату рентабелділігі, %
|
-11,2
|
10,3
|
11,5
|
21
|
-192,0
|
1
|
12,4
|
Активтер рентабелділігі, %
|
-7,5
|
34,3
|
28,8
|
42
|
-560,6
|
-6
|
-16,2
|
Меншікті капитал рентабелділігі, %
|
-33,0
|
64,6
|
60,5
|
98
|
-295,5
|
-4
|
-6,3
|
Е с к е р т у - «Грандстрой» ЖШС мәліметтерінен алынған
|
«Грандстрой» ЖШС-нің техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне жүргізілген талдаудан мынадай қорытынды жасауға болады: талданатын кезеңде түсімнің өсуі байқалады. Мәселен, 01.01.2020 жылмен салыстырғанда 01.01.2021 жылы түсім 598 870 мың теңгеге (53,3%) ұлғайған. 01.01.2022 жылы түсім 1 009 869 мың теңгеге (58,6%) ұлғайған. Өсудің себебі – компания ұсынатын өнімге тапсырыстардың ұлғаюы болып табылады.
«Грандстрой» ЖШС-гі қызметінің нәтижесінде кезең соңында таза пайданың 435 220 мың теңгеге (137,9%) өсуі байқалады, бұл өткізілген өнім көлемінің өсуімен байланысты.
Активтердің айналымдылық коэффициенті (ресурс қайтарымы) кәсіпорын активтерінің бір жылдың ішінде бірден көп толық айналым циклін жасайтындығын көрсетеді. Тиісінше бұл циклдің ұзақтығы бір жылдан аз, яғни осы кезеңнің ішінде ұйымдағы бар активтердің құнына тең түсім түседі.
Сонымен, «Грандстрой» ЖШС-нің түсімі ұлғаяды, бірақ шығыстар бірнеше есе жылдам ұлғаяды, бұл болашақта кәсіпорынның пайдасының өзгеруіне әсерін тигізуі мүмкін. Кадрлардың тұрақтылығы мен еңбек өнімділігінің жоғарылығын оң сәттерге жатқызуға болады. Кәсіпорын пайдалы және рентабельді болғанмен, түсімнің жалпы көлеміндегі таза пайданың үлесін бірден екі бағыт бойынша ұлғайтуға шаралар қабылдау қажет: түсім көлемін ұлғайту және өзіндік құны мен шығындарын төмендету.
Экономикалық көрсеткіштердің негізінде «Грандстрой» ЖШС-нің бухгалтерлік балансына талдау жүргізілді. Вертикаль талдау қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтайды және жалпы нәтижедегі түрлі позициялардың үлесін айқындайды. Горизонталь талдау көрсеткіштердің динамикасы туралы ақпарат береді.
01.01.2020-01.01.2022 жылдарға арналған активтердің құрылымы мен динамикасы 10 кестеде берілген.
10 кесте
«Грандстрой» ЖШС активтерінің 01.01.2020-01.01.2022 жылдардағы құрылымы мен динамикасы, мың теңге
Көрсеткіштер
|
01.01. 2020 жыл
|
01.01. 2021 жыл
|
01.01. 2022 жыл
|
Құрылым, %
|
Ауытқу/%
|
01.01. 2020
|
01.01. 2021
|
01.01. 2022
|
01.01. 2021
|
01.01. 2022
|
Ақша қаражаттары мен ақша құралдары
|
104 756
|
44 676
|
884 552
|
20,0
|
4,9
|
33,9
|
-57,4
|
1879,9
|
Қысқа мерзімді дебиторлық берешек
|
170 638
|
336 608
|
1079 687
|
32,5
|
36,6
|
41,3
|
97,3
|
220,8
|
Қорлар
|
141 750
|
416 801
|
297 867
|
27,0
|
45,3
|
11,4
|
194,0
|
-28,5
|
Ағымдағы салық активтері
|
0
|
126
|
-20054
|
0,0
|
0,0
|
-0,8
|
|
-16015
|
Басқа да қысқа мерзімді активтер
|
-100
|
0
|
132
|
0,0
|
0,0
|
0,0
|
-100
|
|
Барлық қысқа мерзімді активтер
|
417 044
|
798 211
|
2 242184
|
79,4
|
86,8
|
85,9
|
91,4
|
180,9
|
Бірлескен кәсіпорындарға салынған инвестициялар
|
4 100
|
4 100
|
6 000
|
0,8
|
0,4
|
0,2
|
0,0
|
46,3
|
Негізгі құралдар
|
103 848
|
117 207
|
363 318
|
19,8
|
12,7
|
13,9
|
12,9
|
210,0
|
Барлық ұзақ мерзімді активтер
|
107 948
|
121 307
|
369 318
|
20,6
|
13,2
|
14,1
|
12,4
|
204,4
|
Баланс
|
524 992
|
919 518
|
2 611502
|
100
|
100
|
100
|
75,1
|
184,0
|
Е с к е р т у - «Грандстрой» ЖШС мәліметтерінен алынған
|
Деректерді талдай отырып активтердің жалпы шамасының 01.01.2022 жылы қысқа мерзімді активтердің өсуіне байланысты 1,8 есе ұлғайғандығын айтуға болады. Қысқа мерзімді активтердің үлесі талданатын кезең бойы ұзақ мерзімді активтерден басым болған (79,4%, 86,8% және тиісінше 85,9%). Бұл ұйымның қаржысының көпшілік бөлігінің шаруашылық қызметіне тартылғандығы туралы мәлімдейді. Төмендеу себебін айқындау үшін баптардың қайсысының активтерге көбірек ықпал ететіндігін анықтау қажет. Қысқа мерзімді активтердің ақша қаражатының өсуіне байланысты 187 есеге ұлғайғандығын және кредиторлық берешектің 22 есе өскендігін көрсетті. Аталған баптар активтерде елеулі меншікті салмаққа ие-33,9% және тиісінше 41,3%.21,9 %-ға. Аталған баптардың өсуіне құрылыс қызметтерін сатудың ұлғаюы, өткізу нарығының кеңеюі және ірі келісім-шарттардың жасалуы себеп болды.
«Грандстрой» ЖШС-нің 01.01.2020-01.01.2022 жылдардағы дебиторлық және кредиторлық берешектерін бағалау 11 кестеде келтірілген
11 кесте
«Грандстрой» ЖШС-нің 01.01.2020-01.01.2022 жылдардағы дебиторлық және кредиторлық берешектері, мың теңге
Көрсеткіш
|
01.01. 2020 жыл
|
01.01. 2021 жыл
|
01.01. 2022 жыл
|
Үлес %
|
Ауытқу/%
|
01.01. 2020
|
01.01. 2021
|
01.01. 2022
|
01.01. 2021
|
01.01. 2022
|
1 жылға дейінгі мерзімге дебиторлық берешек
|
170 638
|
336 608
|
1079687
|
100
|
100
|
100
|
97,3
|
220,8
|
– сатып алушылар мен тапсырыс берушілер
|
170 638
|
336 608
|
1079687
|
100
|
100
|
100
|
97,3
|
220,8
|
Кредиторлық берешек
|
206 521
|
160 665
|
74 213
|
100
|
100
|
100
|
-22,2
|
-53,8
|
КБ пен ДБ арасындағы айырма
|
35 883
|
-175 943
|
-1005474
|
Х
|
Х
|
Х
|
-590,3
|
471,5
|
КБ пен ДБ-тің арақатынасы
|
1,21
|
0,48
|
0,07
|
Х
|
Х
|
Х
|
|
|
Е с к е р т у - «Грандстрой» ЖШС мәліметтерінен алынған
|
Ұйымның бүкіл дебиторлық берешегі сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегіне тиесілі, аталған баптың зерттелген кезең ішіндегі өсуі 22 есе. 01.01.2022 жылы ең ірі дебиторлар – «Құрылыс-Шу» (389 234 мың теңге), «Build» ЖШС (213 846 мың теңге ) және «Стройинвест» ЖШС (172 076 мың теңге) болды. Елеулі бөлігі басқа да қысқа мерзімді дебиторлық берешекке тиесілі 7 766 мың теңге.
Шағын кәсіпорын жұмыскерлерін, басқарушыларын дайындау, қайта дайындау курстарында жоғары дәрежелі, нәтижеге жеткен білікті кәсіпкерлер ат салысуы керек. Сонымен қатар кәсіпкерлер кадрларын алдыңғы деңгейдегі өзіміздің және шетел кәсіпорындарында тәжірибеден өткізу керек, және де кәсіпкерлік-инкубаторларында. Кәсіпкерлерді дайындауын қаржыландыруда мемлекет тарапынан, әртүрлі қорлардан (мемлекет аралық), демеушілер және меценаттармен ғана емес, сонымен қатар коммерциялық негізде де қаржыландыру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |