- Сындарлы оқытудың оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудағы ролі
-
-
- Шығармашылық – адамның өмір шындығына, өзін – өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, ойлау қабілетінің ең жоғарғы қасиеті. Әрбір адам бала кезінен өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап бір іс - әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, ән айтады, өлең жазуға, әңгіме жазуға талпынады, билейді, музыкалық құралда ойнайды, т.б). Бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт - бағдар бере алмайды.
- Мақсатым: Өз бетінше білім алып,өз ойын еркін aйтa aлaтын, өмірде кездесетін кез-келген кедергіден сыни тұрғыдaн ойлaнa отырып, өз бетінше шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
- Бастауыш сынып оқушылары жалпы алғыр, шапшаң, сезімтал, ештеңені жасырмай, нені болса да ашық, еркін айтады. Жаңа, өзі білмейтін іске деген қызығушылық басым болады. Олар мұғалімнің жетегіне тез ілескіш, үлкендердің ой – пікіріне қатты сүйенеді. Сондықтан баланың шығармашылығын дамытуда ұстаз көп еңбек сіңіруі керек.
- Оқушы мүмкіншілігіне сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.
- Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.
- Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау
- Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.
- Мұғалім өз ісіне іздемпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.
- Кездесетін қиындықтар
- мен қарама – қайшылықтарды
- есепке алып зерттеу
- Шығармашылыққа үйрету жолдары:
- Шығармашылықты тежейтін сезімдер:
- * Ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл – күй тудыру үшін баланың назарын бір нәрсеге бағыттау
- *Әрбір шығармашылық тапсырманың мазмұны баланың жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай үйлестіру және
- қолайлы жағдай жасау;
- *Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, сапалы түрде қалыптастырып отыру
- 1. «Сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген қорғаныш сезімі
- 2. Өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі,
- 3. Жалқаулық.
- Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолы: жағдай жасау, қолдау және дұрыс бағыт беру.
- • Оқушыларды қатармен отырғызамыз ;
- • Тыныштықты сақтауды талап етеміз ;
- • Бір-бірімен қарым-қатынас жасауға
- мүмкіндік болмайды ;
- • Тек мұғалім сөйлеп, сабақты мұғалім басқарады ;
- • Жаңа сабақты мұғалім түсіндіреді ;
- • Оқушының жауабы соңына дейін тыңдалмайды ;
- • Оқушы білімін мұғалім бағалайды , ал оқушы болса , сол бағаны қанағат етеді .
- • Оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын құрылады ;
- • Оқушыларға бірін-бірі оқытуына мүмкіндік беріледі ;
- • Өз ойын ашық айта алады ;
- • Мұғалім тек жаңа тақырыпты ашуға ықпал етіп, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға жетелеп отырады ;
- • Әр оқушының пікірі құнды екенін ескере отырып,олардың ішкі уәждерін соңына дейін тыңдайды ;
- • Оқушылар өзін-өзі және топты бағалауды үйренеді .
- Қазіргі кезде бүкіл әлемде сындарлы оқыту теориясы кеңінен қолданысқа енуде. Оның мақсаты : балаға дайын білімді бермей, оқытудың жаңа - әдістерін қолдана отырып, өз бетінше білім алуға, алған білімдерін өмірде пайдалана білуге үйрету.
Оқытудың жаңа тәсілдері сабақта - Ана тілі
- Балаларға белгілі тақырыпта әңгіме оқып, оқушыларға басқаша аяқтауға кілт боларлық сюжет ұсыну;
- Әңгіменің, ертегінің сюжетін бастап беру, аяқтауды оқушыларға тапсыру;
- Ертегіні ұжым болып тыңдау;
- Ұнатқан кейіпкерлеріне мінездеме беру;
- Қиялдау арқылы сурет салғызу, ролмен ойнату;
- Арнайы тақырыпта пікірталас тудыру.
- Тақырып, жоспар ,тірек сөздер бойынша шығарма, мәтін құрастыру
- Мәтін бойынша мақал құрастыру
- Берілген мәтіндегі бір көріністі көз алдарыны елестету
- Табиғат құбылыстарына заттарға жұмбақтар құрастыру
- Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қою
- Рөлге бөліп оқу
- Автор туралы толық мағлұмат жинап, реферат жазғызу т.б
- Шығармашылықты дамытуда мұғалімге бірден-бір керегі – дұрыс, тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап пайдалану. Жаңа технологияларды қолдану арқылы біраз нәтижеге қол жеткізуге болады. Мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді, түрлі іс-әрекетке бағыттайды. Оқушы не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен көргенді жақсы көреді. Оқушылардың қызығуын арттыру жақсы ұйымдастырылған сабаққа байланысты. Сондықтан әрбір сабақта бұрыннан белгілі мәліметтерді қайталай бермей оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет, мысалы:
- Қазақ тілі
- Шығармашылық қабілетті бүкіл сабақта дамытуға болады. Қазақ тілі сабақтарында әр түрлі тапсырмаларды түрлендіре беріп отырудың пайдасы көп. Мысалы: Хабарлы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр, немесе тірек сызба арқылы сөйлемдер құрастыр деген сияқты тпсырмаларды үнемі беріп отырса, оқушының ой қиялының дамуына әсері тиеді. Бастауыш буында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс – әрекет және ойын арқылы бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор.
- Математика
- Оқушылардың шығармашылық іс -әрекеті мен іздемпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, жалпылай алу, логикалық икемділіктер – салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру математика пәнін оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп.
- Математика пәнінде кез келген геометриялық фигуралардан түрлі заттар құрастыруға болады. Мысалы:
- Шығармашылық есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байқампаздыққа, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болу керек.Мысалы:
- Төрт бұрышта төрт мысық отыр. Әр мысыққа қарама – қарсы үш мысықтан отыр. Мысықтар нешеу?
- Үстел үстінде 5 майшам тұр еді. Ердос оның 4-еуін өшіріп тастады. Үстел үстінде неше майшам қалды?
- Барлығы неше тік төртбұрыш және неше үшбұрыш?
- - Бала оқулық көлемінен шығып, ойланады
- - Шығармашылық жұмысын қорғап, өз бетінше шешім шығаруға дағдыланады
- Топтық жұмыс кезінде бірін - бірі тыңдауға үйренеді
- - Өз бетінше жұмыс жасауға, ізденуге, өз пікірін айтуға үйренеді
- Мұғалім мен оқушы арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады
- Оқушылардың жеке қабілеттері ашылады
- Алған білімін өмірде пайдалана білуге үйренеді.
- Көрсетілген әдіс-тәсілдер бастауыш сыныптарға тиімді екендігіне көзім жетті. Осыларды пайлану арқылы оқушының білімге деген қызығушылығын оятып, терең ойлау қабілетін, белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана бағынатын болса, енді ол сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналды. Оқушылардың тілін, ойын, еркін сөйлеуін дамытып, топпен жұмыс істеу кезінде бір-бірін тыңдай білуге үйренеді. Әрбір мұғалімнің басты міндеті: оқушының жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, талантын, шығармашылығын ашу. «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім , оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады.» деп ұлы ғалым К.Д.Ушинский айтқандай мұғалім үнемі ізденіс үстінде болуы керек.
-
-
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға, рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |