282
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
келмейтін» [57], – деп еске алуында бұл ұйымның әдеби орта дағы
салмағын, әдеби процеске тигізген әсер-ықпалын аңғартарлық мән
жатыр.
Ж.Жақыпбаев өлеңдерінде тарихи тақырып жиі арала
сып
отырады. Ол ақынның өзін көне замандарға тән тұлға ретінде
бағалауымен тікелей байланысты болса, бұл бағалау жайдан-
жай емес, ақынның өз ортасына көңілі толмауынан шыққан.
Замандастарының: «Ол сол таза ортаның (жастар ортасы)
өкілдерінің дарынына сенетін, соларға ізгі, үлгі өнеге үйретті.
«Абаймен тұстас болғанымда ғой, мен бұдан гөрі бақыттырақ болар
ем: ол ұлы ақын, ұқсастығы жоқ тұлға, әрі Құнекеңнің ең асқақ
ұлы ғой, менің басымды төмендетпес еді», – деп күлетін. Өле ңінде
«Қият текті қағанмен тең дәрежем», «Құнанбаев Оспан құсап өсіп
ем» дейтінінің төркінінде осы ой жататын» [57], деген естелігінде
осы ақиқат көрінісі бар.
Ақынның тарихи тақырыптағы өлеңдерінен оның шығарма-
шылық концепциясының көп қасиеттері танылады, автордың
өмірлік көзқарасы, дүниетанымы мен білім деңгейі, т.б. жеке
басының қасиеттері айқынырақ бедерленеді.
МАХАББАТ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ӨЛЕҢДЕР
М.Жұмабаев шығармаларының ең бір әсерлі ең әрлі де нәрлі
бөлігі оның махаббат тақырыбындағы туындылары десек, артық
айтқандық болмас. Өйткені Жұматай шығармашылығының, оның
ақындық тұлғасының ерекшелігін танытатын ең алдыңғы кезектегі
қасиеті – ақынның осы махаббат тақырыбын жырлауы. Жұматай
Ләйләні жырлауымен әдебиет тарихында Лаура бейнесін қалдыр-
ған итальян ақыны Ф.Петраркаға ұқсайды. Бір бейнені мұнша
беріле, үздіксіз, өле-өлгенше жырлау әлем әдебиетінде сирек кезде-
сетін құбылыс болғандықтан да, Жұматайдың Ләйләсі бірден Лаура
бейнесін көзге елестетеді. Бұл сырттай ғана ұқсастық емес, ақын
және оның сүйіктісінің бір-біріне қатысты тағдыры және оларды
бейнелеуі жағынан да ол екеуі туыстасып отырады.
Петрарка мен Лаураның өмірлік байланысы жөнінде оның өмірін
зерттеушілер мынадай пікір айтады: «1327 жылы 6 сәуірде әулие
Клара шіркеуінде Петрарка әлем мәдениеті тарихына Лаура деген
атпен кірген әйелді кездестіреді. Шамасы, біз оның кім болғанын
ешқашан анықтай алмасақ керек. Бірақ Лаураның өмірде болғанына
және шындығында Петрарканың оны сүйгендігіне күмәнданудың
қажеті жоқ. Бұл махаббат оның бүкіл өміріне серік болды. 1348 жылы
Лаура өлді, бірақ Петрарка оны өлгеннен кейін де сүйді [60.49].
283
А қ ы н ә л е м і Үш і н ш і б ө л і м
Енді Жұматай мен Ләйләнің өмірлік байланысы жөнінде
ақынның жары ақын Зайда Елғондинованың естелігіне үңілейік:
«Жұматай Ләйләмен 1961-62 жылдары Талдықорған қаласында би
кешінде ең бірінші рет кездеседі. Талдықорған қаласындағы мал
дәрігерлік техникумның жатақханасында би кеші өтіп жа
тады.
Жұматай екі қолын қалтасына салып билеп жатқан жастарға қарап
тұрады. Кенет есік ашылып бір топ қыздар мен жігіттер сау етіп
кіреді.
Ортасындағы жүзі аса нұрлы қыз Жұматайға көз тоқтатып биге
шақырады. Ол кезде бокспен айналысып, «жергілікті чемпион»
атанып жүрген Жұматай биге шығуды ерсі көреді. Жігіттің өзіне
көз тоқтатып қарамай, ілтипатына ілтипатпен жауап бермегеніне
намыстанған қыз мойнындағы алқызыл шарфын жұлып алып,
Жұматайдың аяғына лақтырып жібереді.
– Егер ол менікі болмаса, мен өмір сүрмеймін, – деп орысша
сөйлеп, есіктен шыға жөнеледі. Сонда барып есін жиған Жұма тай
селк ете қалады.
Бұл ерте көктем кезі болса керек. Сол күннен бастап Ләйлә
Жұматайдың сыртынан бағып, оқ бойы жерден ғана бас изеп
амандасып жүреді. Кейін Жұматай Алматыға келіп КазГУ-дің
филфагына оқуға түседі. Жұматай өте сұлу болған. Оған өте көп
қыздар ғашық болады.
Ләйлә Жұматайды Алматыға да іздеп келеді. Ол келгенде Жұматай
бір топ қыздардың жанында тұрады. Ләйлә бата алмайды, алыс тан
көзімен амандасып өте шығады. Үшінші рет жазда, жазғы демалыс
кезінде Жұматайды ауылына іздеп келеді. Онда Жұматайдың ша-
шын алдырып тастап, ат жаратып жүрген кезі екен.
Ләйлә Мәскеуде оқып жүрсе керек. Жұматайдың немере інісінен
сәлем айтып, келе жатқанын білдіріп, күтіп алсын дейді. Бірақ
Жұматай шашын алдырып тастаған кейпінен ұялып, Ләйләны өтіп
бара жатқанда тек терезеден ғана көреді. Бар-жоғы үш рет көрген
қызға ақын өмір бойы ғашық болады.
Кейін Ләйләнің өмірден мезгілсіз өткенін естиді... Соңында із
қалдырмай, ақынды іштей сүйіп өткен Ләйләсінің бұл дүниеде жоқ
екенін білген Жұматай да бұл өмірде көп тұрақтай алмасын сезінеді.
Ақын жүрегінің трагедиясын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес еді.
Оны Жұматайдың соңғы өлеңдерінен сезінуге болады.»
Ақын мен сүйіктісінің өмірлік байланысы осынша
лықты
ұқсас болғандықтан оның шығармадағы көрінісі де солай болуы
тиіс. «Петрарка өзінің махаббатының өмірде болғандығын баса
көрсетті, өйткені Лаура шындығында өмірде болған (...)», –
дейді Р.И.Хлодовский [60.157]. Ал Жұматайдың Ләйләға арна ған
өлеңдерінде жоғарыдағы З.Елғондинованың естелігінде айтыл ған
өмір шындығының іздері сайрап жатыр және ақын оның өмірде
284
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
болғандығын айқын көрсеткісі келген ниеті сезіліп отырады. Тек бір
айырмашылығы – Петрарканың Лаураға арнаған «Өлең кіта бында»
(«Книга песен») «ешқандай оқиға, ешқандай фабула» [60.157]
болмаса, Жұматай өлеңдері түрлі өмірлік оқиғалардың көрінісі,
соның нәтижесі ретінде жазылған. Сондықтан мұнда фабулалық
желілер жеткілікті. Петраркада Лаура өлімі ерекше асқақтатыла
жырланса [60,157-158], Жұматайда:
Гүл іздеп жүріп күнінен айрылып қалған,
Әпенде көрсең сәлем айт, әпенде көрсең, [25.253] – деп немесе,
Өлеңнен келген Ләйләні менің
Өлеңім қалай тоқтатсын?! [25.258], – деген сияқты тұспалдар-
мен ғана береді. Мұның не жөнінде екенін ең сезімтал, ақын
өмірінің мәліметтеріне әбден қанық оқырман ғана аңғаруы мүмкін.
Жұматай үшін Ләйлә бейнесі тым асқақ, мәңгілік тұлға. Сондық тан
ол үшін өмір мен өлімнің шекарасын айырып жату орынсыз. Ақын
түсінігінде мына өмірден биік тұратын «эпостан келген» ерекше
тұлға қайтадан «мәңгілік өмірге» аттанған. Ол ақын үшін өмірде бар
кезінде де қол жетпес асыл болатын.
Петрарка шығармашылығын зерттеген Н.И.Девятайкина
мынадай ой айтады: «Ақын Лаураны табиғат аясында көрген
сәттерін бақытты кез ретінде жиі бейнелейді. (...) Лаура табиғатпен
келісімді байланыста болғаны, оның ең көркем бөлігіне айнал-
ғаны соншалықты, шөптер, төбелер, шыңдар, жұлдыздар онымен
мақтанады және онымен бақытты, донна олардың ортасында
болғанда, оның демі «төбешіктерге, талдарға, шалғынға жан біті реді»
(СХС ІV), масайраған, шат-шадыман шөптер» оның жүрер жолына
төселеді, басқан ізін махаббатпен сақтайды [61.93]. Жұматайдағы
төмендегі шумақтар да Ләйләні табиғатпен астастырып жіберіп тұр:
Ешкімге сенен бұрылмай,
Мен сенің нәзік өңіңнен
Алтынның құйттай нұрындай
Ғажайып бір нәр көріп ем [25.248]
немесе
Жұтқызбаған жұпарын жалбыз едің
Жалбыз едің, жанымның жалғызы едің,
Кербез күшпен келдің де билеп алдың,
Келбетіңмен кеудемнің жанды жерін [25.250].
немесе
Алдымнан менің жасыл тау, қызыл таң күлген,
Өспірім күнім, тәуелсіз, тентек шағымда
Қаратал жақта бетпе-бет келіп қалдым мен
Биқасап киген бетінде мең бар сағымға [25.251]
немесе
Көк сиқырын бүгін бір сәт аймағым
Достарыңызбен бөлісу: |