Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет81/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95

273
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
құбылыс тардың, ұғымның, нәрсенің суретін, сыр-сипатын, кескін-
кейпін анықтау, аңғарту, елестету», – дейді академик З.Қабдолов 
[11.241]. Мұндағы «аңғарылып тұрған басқа бір құбылыс»– осы 
өнердің мәңгілігі. 
«Творчество үйі-87. Тамыз» деген жыр шоғырында қалам-
гер дарынсыздар бейнесіне тереңірек үңіледі. Оларды белгілі бір 
дәуірдің жемісі, келеңсіз әлеуметтік құбылыстардың нәтижесі 
ретінде бағалайды. Бұл жыр шоғырының, әсіресе, екінші өлеңін де 
дарынсыздардың типтік бейнесі айқын көрсетіледі. 
Көңілі көбең, көтермес сіркесі суды,
Кісікиіктей күнсізден іркесің сырды. 
Кеудесі қаптай жазғыштың ниеті жаман, 
Жазбаханасы етікші күркесі – сынды.
Жұрт түгел оның құлындай құлағы кесік,
Адырайған қордікі мына бір есік.
Машайықтарша қызылкөз пәледен қашқан 
Көрші боп қалған … көш жерге тынады көшіп.
«Залал да менде, ендеше, заман да менде», –
Деп келген кеще үңгірлік адамнан кем бе?
«Жаман айғыр – тайға қас»,
Қит етсе бір жас,
Табанда көрге тықпақшы, жамандап елге [25.16-17], – деген 
шумақтарда автор дарынсыздардың өнерге ғана емес, өмірлік 
кедергілерін, яғни халықтың талантты перзенттеріне жасар қысас-
тығын да айқындап бейнелеген. Осы топтағылардың қиянаты-
нан халық перзенттері өмірінің ерте үзілетінінің қалыпты жайтқа 
айналғанын Мұқағали тағдыры арқылы көрсетеді. Ақын, зерт теуші 
Әуезхан Қодар Мұқағали тағдырына арнап жазылған, біз жоға рыда 
цитата келтірген «Құты қашқан тірлік немесе болашақтан жауап» – 
деген мақаласында Ж.Жақыпбаевтың осы өлең жолдарын эпиграф 
етіп алуы тегін емес.
«Қуат боп, күш боп даритын жыр-әні қанға
Суда да бар ғой, дарынның сұрауы бар ма?
Ж.Жақыпбаев.
Бұл шумақтың эпиграф болу себебі, Жұматайдың осы өлеңінде 
тағы мынадай жолдар бар:
Келер де кетер талай жас, Мұқағали да 
Қорғансыз сәби ақынның соңғысы деп пе ең?
Мінекей, осы суреттемесінде Жұматай Мұқағали тағды 
рын 
қазақ ақынының типтік тағдыры ретінде саралайды, – дейді ол 
[53]. Ж.Жақыпбаевтың өнер тақырыбындағы шығармаларындағы 
қазақтың белгілі өнер қайраткерлерінің барлық бейнесі жөнінде 
осыны айтуға болады.


274
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
ТАРИХИ ТАҚЫРЫПТАҒЫ ӨЛЕҢДЕР
Жұматай Жақыпбаев туындыларының шырайын кіргізетін ең 
бір әдемі бояу – ондағы тарихи колорит екенін оның көзі қарақты 
оқырманы тез байқайды. Ақын кез-келген тақырыпты сөз етсе 
де, көбіне оны тарихи жады арқылы жырлауға бой ұрады. Туған 
жердің табиғатын суреттеп отырып оның өткеніне көз жүгіртеді. 
Немесе өзінің замандастарының іс-әрекетін арғы бабаларының 
жауынгер өр мінезі арқылы баяндайды. Кейде лирикалық меди-
тация негізінде кейіпкердің өзі сол ескі заман өкілі ретінде көрі неді. 
Бұған мысал ретінде біз жоғарыда ақынның серенада, альба тектес 
өлеңдерінде тоқталған едік. Ақынның суреттеу лирикасын 
дағы 
заттар мен құбылыстардың тарихи сипатта бейнеленетіндігі оның 
шығармашылығына тән бір ерекшелік болып табылады.
Ақын шығармашылығындағы лирикалық тұлға өзінің тарихи 
санасымен дараланады. Осы кейіпкер тұлғасы шығарма піші ні нің 
де ерекшелігін айқындайды. «Егер әрбір мекеннің, әрбір дәуір-
дің өзіндік колориті (couleur) болса, оны бейнелеу де қажет, өйт-
кені онсыз дәл сондай колориттің жеке адамдарда да болатын дығы 
сипаттала алмайды: заттар оларды сипаттайды, сондай-ақ тип-
тік тұлғаны толық бейнелеу үшін натюрморт ең басты қажет тілік 
болады», – дейді А.И.Белецкий [55. 209-210]. 
Зерттеушінің бұл пікірі эпикалық туындыларға ғана емес, 
лирикалық шығармаларға да қатысты деп есептеу керек және 
шы 
ғармадағы заттық әлем суреттеу объектісі болумен бірге, 
бейнелеу құралдарына негіз болуы арқылы да өзіндік колорит 
бере алатындығын да қаперге алғанымыз дұрыс. Ж.Жақып-
баев өлеңдеріндегі теңеу, эпитет, метафора, т.б. тілдік көріктеу 
құралдарына негіз болған заттық атаулар архаизм, историзм дер ден 
жасалуы кейіпкер санасының тарихи қасиетін танытуға, оның мінез 
ерекшелігін даралауға қызмет етіп тұрған детальдар екенін аң ғару 
қиын емес. Бұл да ақын өмірімен байланысты құбылыс. 
Ж.Жақыпбаев сияқты хас таланттар кеңестік идеологияны 
қабылдай алмады. Сондықтан олар бұл ортада өзін өгей сезінді, 
халқымыздың өткен өмірінен ғана рухани жақындық тапты. Дәл 
Жұматай сияқты ғұмыр кешкен Мұқағали тағдырын сөз еткен 
мақаласында Ә.Қодар бұл жайттың сырын былай түсіндіреді: 
«Мұқағали сырты бүтін, іші түтін заманның сыртқы бүтіндігіне 
сене қоймайды. Бірақ бүтіндей жамандыққа, жаппай зұлымдыққа 
қия алмады. Өзінің халі солай болғасын ол өзге жұртты да өзіндей 
көрді. Оған бүкіл тірлік (әрине, өз замандастарының тірлігі) мән-
мағынасын жоғалтқан жасанды, жоғарыда айтылғандай, құты 
қашқан тірлік ретінде елестей берді. Мінеки, осындай дүдәмал, 
екіұшты, әзәзілдеу кезеңде ақын өз-өзін сақтауға тырысты. 


275
А қ ы н ә л е м і       Үш і н ш і б ө л і м
Онысымен шектелмей ол өзін-өзі жоғалған қазына, талан-таражға 
түскен құндылық ретінде сезініп, қолдан ұшырған бақ құсын 
іздеді. Бұдан біз ақынның сол ұлтық болмысын байқаймыз» [53]. 
Зерттеушінің «өзін-өзі жоғалтқандай» көрінген ақын түйсігін ұлттық 
болмысынан айырылып бара жатқан халық өкілінің сезімі ретінде 
бергендігі байқалып тұр. Ал «талан-таражға түспеген құндылық» 
тарихи өткеніміздің еншісі еді. Демек, Жұматайдың лирикалық 
тұлғасындағы тарихи сана ерекшелігінің болуы кездейсоқ нәрсе 
емес екен. 
Көркемдік тілдік құралдардың тарихи колоритпен берілуін 
ақынның пейзаждық лирикасына қатысты, ал шығармадағы уақыт 
пен кеңістікті көне замандарға тән етіп беруін серенада, альба 
сипатындағы өлеңдеріне байланысты біз жоғарыда айтып өткенбіз. 
Әрине мұндағы тарихи тақырып басты орында емес, қосалқы 
орында көрінеді.
Мәселен Жұматайдың лирикалық тұлғасы бойындағы өшпес 
махаббаттың асқақ идеалына айналған Ләйлаға деген сезім тұнығы 
да көне замандар кескінімен байланыстырыла беріледі. «Ел ескерер 
ерлігім жоқ не түрлі» деп басталатын өлеңде лирикалық кейіпкер 
сүйіктісінің сезімін жаулап аларлық қасиеттердің барлығы баба-
лар заманында қалып қойғанын, өзінің ондай ерліктерді қайта лай 
алмағандықтан да мұндай қарымта ықыласқа лайықты емес екенін 
айтып шағынады. Қадырғали Жалайыри секілді халық тарихын 
жаза алмағаны, Сыба, Сартық нояндар сияқты жарты әлемге билік 
жүргізу құдіреті жетпегенін, Уәйс сұлтан Жалайыридай нота ойлап 
таппағандығы себепті ғажап сұлулық иесінің жүрегін жаулап ала 
алмағандығы күйінішпен жырланады. Мұнда да қазақ бол мысы-
ның ақын өмір сүрген заманда әбден ұсақтап кеткендігі жөнінде 
жеткізілген ащы шындық бар. Сондықтан да асқақ махаббат иесі 
боларлық биікке көтеріле алмаған кейіпкер бейнесі арқылы автор өз 
заманының шындығын да танытып өткен.
Тақ түгілі жақсы орындық тимеген
Бұл өмірге келдім, Ләйлә, не біліп?!
Бір бөлімді бес-алты жыл билеп ем,
Кетіп қалдым бір кещеден жеңіліп [25.270]. 
немесе
Бабамның тек өткір тентек назымен, 
Әлем қазақ санасын деп бұл мені, 
Қаңғып жүріп екі-үш жинақ жазып ем,
Ол жөнінде мелитса да білмеді [25. 170-171], – деген шумақтардан 
осы ой анық көрінеді. Өлеңнің басты тақырыбы махаббат бол-
ғанымен, тарих мәселесі де туындыда елеулі орын алып тұр. Ақын 
бабалар ісін баяндаумен халқымыздың өткен ғасырлардағы зор 
даңқын, ал өз басының мүшкіл халін суреттеумен оның бүгінгі 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау