Менің білім беру философиям



жүктеу 25,04 Kb.
Дата14.04.2023
өлшемі25,04 Kb.
#42169
образец макала


Менің білім беру философиям
Кез келген адамның, маман иесінің оқушыға немесе балаларға, білім алушыларға білім берерде, өмірдегі ең басты философиясы өзгеше және ерекше болады.
Өмірдің мәні - өмірдің өзінде, оны дұрыс түсінуде, дұрыс ұйымдастыра білуде, қоғамдық мақсат пен жеке мақсаттардың бір-бірімен байланысында, Отан, мектеп, жақындары, ата-ана алдындағы нақты міндеттерді орындау, жеке бас бақыты, тұрмыс қуанышы.

Менің білім беруші, педагог мамандығын таңдай отырып түсінгенім, педагогикалық сенімім келесідей - өзгеге жақсылық жасау іштей баланс жасау, өзіңді қайта құру, үлкен күштерді шығындау. Әр адамда өзінің рухани шыңына көтерілу жолы, өзінің самғауы, өзінің шынығу сәті болу керек. Әрбір адамды осыған әкелу-міне тәрбие маңызы осында.

Мен тәрбие беруші, мұғалім, ұстаз болғаныма қуанамын. Мұғалімнің тілі бал, жүрегі таза, еңбегі адал. Баланың қиялына қанат бітіретін, ойын өрістететін, шабытын шарықтататын, аңсаған арманын жақындататын жанның бірі. Мамандықтың жаманы жоқ, дегенмен, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мұғалімнің орны бөлек. Мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал, жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәрбиесіне байланысты. Ұстаз-мектептің жүрегі.

Білім ордасы-жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, халықтың биік рухы мен ғасырлар бойы жинақталған мәдени мұраларын келешек ұрпаққа жеткізетін орын.

Жақсы мұғалімге тән қасиеттердің негізгісі- балаларға деген сүйіспеншілік сезімінің болуы. Мектепті білім тірегі десек, ұстаз тәлім-тәрбие берудің негізгі ұйытқысы. Жағдай мәжбүрлегенде ғана емес, баланың дәл осы сәттегі және алдыңғы мінезіндегі өзгерістерді көре отырып, жағдайдан озып отыру керек. Яғни педагогикалық үрдіс балардың дамуынан алда және оптимистік болуы керек. Мұғалімнің өзінің шабыт көзі болуы қажет. Олар: балалар, әріптестеріміз, ізденіс.

Білім тәрбиелей ме? Жоқ, ол өз-өзінен тәрбиелемейді. Дәннің өздігінен емес, құнарлы топырақ пен нұрлы күн шуағымен өсетіні тәрізді, білім емес, осы білімді жеткізуші адамдар тәрбиелейді. Оқушыны кім және қалай оқытады-тәрбиелей отырып білім берудің ең негізгі шарты осында. Сол себепті барлық ұстаз, ең алдымен шәкіртінің ішкі қасиеттерін анықтауға, дарынын шыңдауға, сол арқылы өздері көздеген тәрбие бұлағынан сусындауға жағдай жасайтын , білім нәрін санасы мен жадына емес, бірінші кезекте олардың жаны мен жүрегіне сіңіретін құнарлы топырақ, сәулесін шашатын күн болса. Бала жүрегі айнадай тап-таза, мөлдір. Сол айнадан баланы көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарау қажет. Жақсы адам тек оны дұрыс тәрбиелегенде ғана қалыптасады.

М. Жұмабаев «Жас бала-жас бір шыбық, жас күнінде қалай исең, есейгенде сол иілген күйінде қалады» деп түйін жасайды.

«Адам дегеніміз-қандай адам болғандығы емес, қандай адам бола алатындығымен маңызды» дейді. Ізгілікті тәрбиелік қызметте мына бағыттарға басты назар аударғанымыз жөн: баланы зерттеу, баланың өзін-өзі дамытуына тәрбиелеу, баланың іс-әрекетін ұйымдастыру, әрбір баланың қоршаған ортада, қоғамда өзін- өзі дұрыс сезінуін қамтамасыз ету.



Ендеше, педагог-мұғалімнің басты мұраттарының бірі: баланың үнемі даму үстінде болатынын ұмытпау, оны жазалауға асықпау. Ұстаз баламен шынайы құрметке лайық қарым-қатынас құра білсе ғана үлкен табыстарға қол жеткізе алады.

Осы заманғы білім берудің стратегиялық мақсатын өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғарыдағы мақсаттарға жоғары оқу орындарында білім берудің Отандық және әлемдік тәрбиелерінде қалыптасып, өз қызметін оң атқарып келе жатқан білім мазмұнының негізгі құрылымын жобасын жүзеге асыруды қолданылатын жаңа педагогикалық технология арқылы жету көзделеді. Қазіргі уақытта модульдік оқыту технологиясын көптеген оқытушылар пайдалануда. Модульдік оқыту 1960 жылдардың аяғына қарай шет елдерде (АҚШта) дәстүрлі оқудың бір нұсқасы, бағыты ретінде пайда болды. «Модуль» латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Сонымен қатар модуль дегеніміз ірі блок, бөлінген, яғни оқу материалдарын, бөлшекке, блоктарға бөліп беру. Қазіргі уақытта қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Модульдік оқу технологиясының негізі білім алушының танымдық белсенділігін, танымдық іс әрекеттерінің әртүрлі іс әрекеттерін ойлау, зейін, қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және сөздік 130 байлықтарын дамыту. Айта кетер тағы бір тиімді жағы бірізділігі, жүйелілігі, дарынды оқушылармен жұмыс істеуге қолайлы. Модульдік оқыту технологиясымен оқытунұсқасында білімді толық игеруді негізге ала отырып, қазіргі дидактика талабына сәйкес, білім алушыларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу үрдісін диалогтік қарымқатынас негізінде құруға болады. Бұл оқу үрдісі мен оқытушының жұмысына мынадай өзгерістер туғызады: біріншіден, оқушы мен оқытушы оқудың ұйымдастырушысына айналады; екіншіден, мұғалім сабаққа алдынала зерттеу жасап, уақыттың көпшілігін сабақты даярлауға жұмсайды да, сабақ барысында тек бақылаушы, үйлестіруші қызметін атқарады. Ал дәстүрлі оқытуда білім беру процесі көп жағдайда білім алушының сабаққа «таза парақ» күйінде келіп, оқытушының оны сабақта біліммен«толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсінеді. Шәкірт сабақта ғана жаңа білім алып, сабақтан кейін оны бекітужұмысымен ғана айналысады. Инновациялық оқу оқыту барысында үйренушілер әрқашанда белсенді болып, өзіндік пікір қалыптастырып, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Қазіргі заманғы білім беру жүйесін құру оқытудың инновациялық нысандары мен әдістерін енгізу педагог қызметкерлердің тұлғасына және кәсіпттік құзыреттілігіне жоғарғы талаптар қоюда. Жаңа оқыту технологиясын меңгеруде оқытушылардың, педагог қызметкерлердің жан жақты білімі қажет. Қазіргі оқытушы педагогикалық процесте жүйелі жұмыс жүргізе алатын, педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін тез меңгере алатын, білім алушылармен ортақ тіл табыса алатын, білімді, іскер, шебер болуы керек. Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері өсіп келе жатқан жас тұлғаны жан жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы білім алушы тек тыңдаушы, орындаушы ғана болса, ал қазіргі білім алушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. Қазіргі білім алушы дүниетаным қабілеті жоғары, дарынды, өнерпаз, ізденімпаз, талапты, өз алдына мақсат қоя білу керек. Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану педагогикалық іс әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін жетілдірудің бірден бір жолы. Компьютерлік желілерді, интернет жүйесін, электрондық оқулықтарды, мультимедиялық технологияларды, қашықтан оқыту технологиясын пайдалану оқу орындарында ақпараттық коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға жағдай жасайды. Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңарту мен сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту әдістерінің 50ге жуық үлгілері ұсынылып, мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады.Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі теориялық негізде орындалуы, екіншісі тәжірибемен жүзеге келуі. Бүгінгі таңда қазақстандық ғалымдарымыз Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ш.Таубаева, М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек және т.б. ғалымдарымыздың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан жақты қарастырылды. Оқыту үрдісінде жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдану мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, рухани, адамгершілік, азаматтық сияқты көптеген адами қабілеттерінің қалыптасуына игі ықпалын тигізеді. Оқушының өз бетімен білім алуына, өзіндік ой пікірін қалыптастырып, қорытынды жасай білуін, өз білімін өзі бағалай білуіне, қисынды ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық іс әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қолданылған әдебиет:


1.Подласый И.П. Совершенствования методов обучения. в кн.: Выбор методов обучения в средней школе / под ред. Ю.К. Бабанской. Москва, 1991.
2.Бабанский Ю.К.Оптимизация учебно воспитательного процесса.Методические основы. Москва, 1982.
3.Курт Мередит, Джинни Стил, Чарлзь Тэмпл, Скот Уолтер. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал.Алматы, 2000.
жүктеу 25,04 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау