21
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Жайлауым қайда, қалың ел қайда, бос орын...
Зулап өтуде машиналары байлардың.
Гораций қайда бассүйек мұңлы ұстаған,
Ескерткіш қойған өзіне ойша – құс талап.
Ескерткіш маған керек те емес, себебі,
Ұсталар бітті, ақындар көп боп ұстадан.
Ақынға деген бітпейтін бізде борыш бар,
Ақынды сыйлап, ел болды, әне, орыстар.
Ақынды жою дәстүрің болса, жол болсын,
Билікте жүрген әкімсымақтар менен «болыстар».
Жұмағұл-Шора, Жұматай, менің Жұм-ағам,
Қазақ жоқ маған өзіңнен артық ұнаған.
Алпысқа биыл толады екенсің, он бес жыл,
Жұмақта жүрсің арылып барлық күнәдан.
Ішпейсің онда, шекпейсің онда, жазбайсың.
Абайша айтсақ, шыбыны да жоқ жаздайсың.
Мінсіз ең...Енді мінсіздігіңізге зәруміз,
Христос ақын, оралшы бізге азбай шын.
Тіріліп тағы, жинашы қайта қағанат,
Жиренің қайда, болмайды саған шабан ат.
Серіксіз, доссыз өлімші болдым, Жұм-аға,
Өлуден гөрі тірілу – жақсы аманат.
Өзіңсің мұны аманат қылған, әмірім,
Өзіңсің басқан бар нәзіктіктердің тамырын.
Тағдырың сенің жас ақындарға көшуде,
Тірілші, кәне, «мамырың келді, мамырың!»
22
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
Кәдірбек ҚҰНЫПИЯҰЛЫ
ТЕР
Жұмағаңа – Жұматай Жақыпбаевқа
Бір терім бар бойымда алынбаған, –
деп шештім де, ақбоздай арындаған
асқақ қалпым – ешкімге жалынбаған,
қойып кеттім қалаға жалындаған.
Қалдырғандай артыма үш кенжені,
Кетіп қалдым,
Көзім де түк көрмеді,
... Жұмағаңның үйінде ӨЛЕҢ тыңдап,
Алматыда маңдайым шып терледі.
Жұмағаңның үйінде таңға «шіреп»,
Өлең болып ӨЛЕҢ-ге жалғасып ек.
Сол жолы ғой, Жыр-аға жымиып ап,
Маңдайымнан иіскеді алғаш рет.
«Шикарный екен», – деп жазғандарың,
Әр сөйлемнің Жұмағаң созғанда әрін,
Шықпай жүрген Кегенде кермек тердің
Сездім мен самайымнан қозғалғанын.
Жары болар жасаған жарағанның,
десек-дағы, бақидан...
бағаландың.
Ащы терін ала алмай ерте кеттің
Өзің қосқан майданға аламанның.
Уақытта есеп жоқ арындаған,
Қала тұр күйіп-жанып жалындаған.
Маңдайда мөлдір тамшы жылтырайды:
Бір тер бар біздің бойда алынбаған.
23
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
«АҚЫН ЖҰМАТАЙ ЖАҚЫПБАЕВ» АТТЫ
МОНОГРАФИЯҒА ҚОСЫМША
БІРІНШІ ӨЛЕҢ
Ақын Жұматай мен ару Ләйлә Сарноқайда
дүбірлі той үстінде жолығып қалыпты деседі жұрт.
Айтуларына қарағанда бұл өзі бертінде болған оқиға.
Ақындар айтысының абыройы аспандап тұрған кез
болса керек, өйткені жұрт ақын мен арудың ақтық
жүздесуінде мынадай айтыс болған десіп жүр.
ЛӘЙЛӘ:
Жалған-ай,
Қанатымның ұша-ұша талғаны-ай!
Ақындар да шалымды жұрт айлаға,
Періште деп жүрген оны қай дана?
Сылқымым-ай, үйленіп ап Зәйдаға,
Өлең жазып жүрсің бе әлі Ләйләға?
ЖҰМАТАЙ:
Айтатұғын сөз көп еді ойымда,
Көп өтініш кетер болды-ау мойында.
Сен – Сара боп, мен – Біржан боп кездестік,
Әттең, мынау Сарноқайдың бойында.
Тәңірім-ай, айтса болып тұрғаны –
Жүрегімді аттай солықтырғаны.
Мен – Жұматай, сен – Ләйлә боп жүргенде,
Жолықтырса – қалай жолықтырмады?!
Жалған-ай!
Қанатымның ұша-ұша талғаны-ай!
ЛӘЙЛӘ:
Жалған-ай!
Тағдырымның бұ да басқа салғаны-ай?
Біржан болып іздеп пе едің Сараны?
Кеңістікте кездесер жер бар әлі:
Мен де сенше Аспан жаққа ұшам ба?
Маған да бір қанат бітіп барады...
24
Жұ м а т а й Ж а қ ы п б а е в
ЖҰМАТАЙ:
Жалған-ай!
Қанатымның ұша-ұша талғаны-ай?
Қолына елдің тигені де – өзіне,
Тіршілігі, күйбеңі де – өзіне!
Кенежирен жұлдызға ұқсап аққанда
Дүниеден түк түспейді көзіме.
Өңімдегі түссің деп ем – нандың ба
Қанатты аққу құссың деп ем –
Нандың ба?!
Аспанға ұшсаң, Сарноқайың бұлдырап
Ноқат болып жатпас па еді алдыңда?
Муза құсым, көздерінен жас тамған
Мені әкетті... бас айналды сасқаннан.
Ел, бекетке... мемлекетке, бәріне
Аң-таң қалып жүрмін бүгін Аспаннан!
Таңғажайып әлем ғой бұл түстен де,
Айналасың күшті елден де күшті елге.
Анда-санда жерге қайтқым келеді
Алабұртып сен көзіме түскенде...
ЕКІНШІ ӨЛЕҢ
Көңілімді көптен тескен бір арман,
Көз жасымды шыңыраудан шығарған.
Анда-санда даусыңды естіп тұрайын,
Өңшең алтын дыбыстардан құралған.
Жұматай.
Сарноқайда жаз бойы қар жатады,
Неге тағдыр адамды зарлатады.
Зайда.
Қазақ кенде болмағанмен ақынға,
Түптеп келсең, түбі түркі затында –
Алатауда аңыз көшіп жүр бүгін
Бір үйдегі екі шәйір хақында.
Басқа ұлыстың үні өктем боп ұлтында,
Тұрған кезде талшық мұң боп құлқынға.
25
Өл е ң н і ң К е н е ж и р е н і Бі р і н ш і б ө л і м
Сарноқайдың тұлпарларын жырлады,
Атомдар мен моторлардың жұртында.
Қандай-қандай ақын туған жұртымда!
Алтыннан жел есетұғын айдары,
Алашымдай асқақ болу қайда әлі:
Екі ақыны жырлады да бір үйде,
Бір бұтақта егіз бұлбұл сайрады.
Ақындарға адамзаттан кешірім,
Сұлулыққа ғашық болса несі мін?
Сұлулыққа ғашық болып екеуі
Ләйлә ару деп қойды оның есімін.
Жеті өзенге құйып кейде тасып кеп,
Жерден құс боп кетіпті ұшып, асып көк,
Біреуі еркек, біреуі әйел болса да
Өксіп өтті Ләйлә аруға ғашық боп.
Қонған бұтақ кем болмай-ақ тақтан да,
Сайрайды-ай кеп бірге оянып ақ таңда.
Тыңдапты ұйып үнін Алаш – анасы
Балалары ұйқысырап жатқанда.
Ләйләні іздеп, кеңістікте ойы ағып,
Омырауы көз жасына боянып...
Арғы жағын енді айтпай-ақ қоялық.
...Таңқалады естісе сол әуенді, –
Біздің әулет ұйқысынан оянып!
Арғы жағын енді айтпай-ақ қоялық.
Достарыңызбен бөлісу: |