Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет4/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95

16
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Гүлнәр САЛЫҚБАЙ
Жұматай Жақыпбаевқа 
1
Қаңтарылды Ай,
Қалды жұтап жер мүлде,
Қаңырадық, қаралы әуен жамылып.
Жерден көкке жұлдыз ұшты,
Көрдің бе?
Бақа біткен аузын ашты аңырып.
Жоқтайды әлі Жердің беті
«Өлі» де,
Оның сәби сезіміне ашығып.
Ақын қайтты Аспандағы еліне,
Асықпайтын жүрісімен асығып.
Бақыт жайлы басталмай ән шынайы.
Бақшалардың басылмай тұр солығы.
Жылылықтың, сұлулықтың құдайы –
енді ешқашан толмайтұғын орыны.
...Қала.
Қара.
Көмір жолдар өкпелі,
Мұң шақпайсың ешбір жанға ұғар деп.
Жұлдыздарға қарай берем көктегі,
Жұмағамның жолдастары шығар деп...
2
Ғарыш жақтан бұйырмады маған дәм,
«Қағанатың» қалды қирап төменде.
Сіздей ақын тумайды енді адамнан,
Сіздей Аға болмайды енді өлеңде...
Алматыда «нояндарың» адасып, 
Ал адамдар арман қуып жүр әлі.
Бір құдірет қолын бұлғап, жаны ашып,
Сізге қарай тартады да тұрады.


17
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
Жоғарыдан жымиясыз -– 
Жайлы өңді...
Ләйлә өмірді, жирен атты сүйесіз.
Сіз бен біздей жақсы аға-іні қайда енді,
Ақындардың патшалығы – иесіз...
 
Жанат АЙМҰХАМБЕТОВА
 
 (марқұм Жұматай Жақыпбаевқа)
Қоңырқай күзде күмбірлеп даланың үні,
Қырқада қалды өксумен жаралы гүлі.
Шежіре шерткен ата-жер баурында тұрып,
Үзілді тағы...ақынның нала ғұмыры.
Табиғат неге тып-тыныш. Жыламай да тұр,
Жаутаңдайды тек өлең мүсінді құралай-бақыр.
Тағдырдың құрған торына мезгілсіз түсіп,
Қай ақын бұл күн дариға-ай, құламай жатыр?!
Ақынның жыры – қалды ғой айғағы мұнда,
Қайғы болмаса жылайын қайдағы мұңға.
Жарық дүниеде періште-махаббат деп соққан,
Үзілді ынтық жыр-жүрек Ләйлә-ғұмырға.
Шежіре жырлар шертіліп шығыс тілімен,
Танытқан Кенежиренмен жүрісті кілең.
Өлең әлемін, жымиып күлген сәтінде
Шуаққа бөлеуші еді ғой кіл ыстығымен.
Бауыры бүгін сөгіліп жыр алаңдай ма?!
Саясы қалың бәйтерек құлағандай ма...
Бұла мінезді, жомарт жүректі ақын еді ғой,
Жұмағаң қайда, дүние-ай, Жұмағаң қайда?!
 «Жас қазақ» , 14 мамыр, 1992 жыл. 


18
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Светлана БУРАТАЙ
МАҢҒАЗ ЕДІ...
Кезіксе де алдынан мың тығырық,
Көзі жайнап тұратын, мұрты күліп.
Дала иісі аңқиды өлеңінен,
Әкелгендей бір құшақ гүл-шұғынық.
Қарсы алдым, – деп, – Ойсазда дала таңын,
Ұсынатын күн сіңген алақанын.
Бөлім емес – өңір боп жұмыс орны,
Көксу бойлап жазған-ды «Саратанын».
Кей қабақтың елемей тырысқанын,
Өлшемейтін сағатпен жұмыс шағын.
Құмға сіңген судайын қабылдайтын,
Бастықтардың ескертіп, ұрысқанын.
Жұрт асыққан жерлерге жай баратын,
Ел көрместі – ол көріп, ой бөлетін.
Той-думанда қолға алса домбырасын,
Ақыл-көркі, әні-сәні сай келетін.
Әдеті еді қадамын жай басатын,
Жайыңды айтсаң – амалын ойласатын.
Жағымпаздың жанынан маңғаз өтіп,
Жоғарырақ орынға жайғасатын.
«Кеш келеді жұмысқа, ерте кетіп,
Алу керек бастыққа желкелетіп», –
деген күңкіл естісе жымиятын,
«Жіберген Әбен ғой, –деп, – еркелетіп».
Жырында сүйеніші Әбен еді,
Екеуі ерекше бір әлем еді.
Сабақты домбыраның қос шегіндей,
Әңгімесі жарасты, әдемі еді.
Сөзінен танып ақыл, қасиетін,
Жұрты көп ақылына бас иетін.
Соңында ұрпағы мен жыры қалды,
Тірлігінің жалғайтын қасиетін.
 «Жетісу», 20 қаңтар, 2005 жыл.


19
Өл е ң н і ң  К е н е ж и р е н і              Бі р і н ш і  б ө л і м
Әуезхан ҚОДАР
ЖҰМАҒҰЛ-ШОРА
(Жұматайға)
Асықпай қойды көктем де,
Көңілді немен жұбатам?
Барыммен ішкі жоқты емдеп,
Аспанға қарап құр жатам.
Қозы мен Баян –гүл күй ме?
Бөрідей Қодар – бөтен ұл.
Қозыны сүйсін дүние,
Бөріні сүйіп өтемін.
Махаббат неткен жасанды!
Ашудан таза жоқ сезім.
Періште болам қашанғы,
Садақсыз өтті оқ кезім.
Қыдырғандарға той – мәңгі,
Қыдырша саяқ, кідірдім.
Жоғалттым біраз формамды,
Балбал тасындай Сібірдің.
Өзіме-өзім тұғыр да,
Өзіме-өзім құлпытас.
Мен тоздым, болып ығырдай,
Көңілім ғана тұр тұтас.
Көңілім менің – шық қаса,
Таусылмас мәңгі жүз грамм.
Егерде көктем шықпаса,
Мен ойша оны тудырам.
Ұқпасын мені сағымдар,
Көгертсін мені кім атап?
Жұмақтың бұлбұл бағында,
Түсінсе болды Жұматай.
Мамырды бірге келтіріп,
Ләйләмен ләйліп күліп ап.


20
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Жортамыз екі бөлтірік,
Адамша сөйлер тілі бар.
Жаңғыртып мида Хаямды,
Шараптан таттық ойша біз.
Шайырлар үшін ғаламды,
Тәрк еткен, алып қойсаңыз.
САҒЫНЫШ
Жұмағұл-Шора, Жұматай, менің досым-ау,
Ақынның күпті тағдыры деген осы ма-ау?
Жат болдым жұртқа мен Айдың арғы жағындай,
Амалым да жоқ жағдайдан мына шошымау.
Жасыңнан сенің ассам да, қызық біткендей,
Болса да бәрі, қасиет пенен құт кемдей.
Оздым ба, әлде, қалдым ба артта, білмедім,
Қозғалтпай қойды нөпірлеп келіп жұрт сеңдей.
Жасына да жат, кәріге тағы жатпын мен,
Елде жоқ тілде жазылған жұмбақ хатпын мен.
«Дат! – дейді, – тақсыр!» Еш тақсыр датты бермейді,
Даттары оңға шешілген ешбір сәт білмен.
Ешбір іс оңға баспады...Бәрі дұрыс қой.
Батырдың орны қаза кездесер ұрыс қой.
Бұлардың берген астары маған у болды,
«Атпен жүр!» – дейсіз, ол да бір қате жүріс қой.
 «Ұлыны сыйла!» Ұлылар іші нас халық.
Ұлы досым бар дидарлы емес, маскалық.
Киіп ап маска ойнаймыз солғын партия,
«Бастаңыз, көке!» «Бастасақ, Қодар, басталық!»
 Бұ Қодар аты боп кетті маған табыттай,
Үндіше «абыз» бұл аттың мәні...Шабыт қай.
Ұқтырмақ мұны? Кетем-ау, сірә, опынып,
Әкемнің аты Әбдіраман екенін танытпай.
«Орыс» ем, енді қазаққа, міне, айналдым.
Жорғадай қазақ қазығына кеп байландым.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау