Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет26/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   95

106
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
«Жамиғат кинематография министрі Олжас Сүлейменовты 
іздемеп еді»- дейді оның сырлас-мұңдас замандастарының бірі 
Бақытжан Момышұлы. – Халыққа Жазушылар одағының бірінші 
хатшысы Олжас Сүлейменов те керек емес еді, тіпті, осы есімді 
депутат та, өкілетті елші де қажетсіз-ді, жұртымыз көш бастар 
көсемге зәру еді. Адамзат қазынасына барып құятын ауқымы кең, 
мақсатын анықтар ұлттық ілімнің авторын іздеп едік» («Заман 
Қазақстан», 19.04.1996ж.).
Дұрыс айтады! Сол екі көзімізді төрт қылып, іздеп жүрген ұлттық 
іліміміз О.Сүлейменов шығармаларында тұнып жатқан жоқ па? 
Ұлт көсеміне тақ керек пе еді?! Қытайды өркениет өріне бастаған 
Дэн Сяопин «Ұлы жебеуші» Маоның тұсында, ћәм одан кейін де 
мемлекеттегі басты билікті қолына ұстаған жоқ қой? Ресей адам 
құқы жөнінде жаћан дүниеге жар салған Андрей Сахаровты әзер 
дегенде депутат сайлап, КСРО депутаттарының съезінде мінбеден 
қол шапалақтап қуып шыққан жоқ па еді. Қазір мұнда сол рух 
пайғамбарының орны үңірейіп тұр... «Егер мен жазуды тоқтатсам, 
адамзат та, әлемдік ақыл-ой да ештеңе жоғалтпас еді, – дейді 
Б.Момышұлы. – Бірақ О.Сүлейменовтың қаламы үнсіз қалса, біздің 
күніміз не болады?»
Аталы сөз!
Олжастың орысша сөйлеуі қазақтың ғаламға тіл қатуы бо лып тұр!
Графоман қазақша сөйлегенше, Олжекеңдер орысша сөй лесін; 
өйткені ол ойсыраған ойыңның орнын толтырып, ит мініп, ирек 
қамшылаған ұлттық рухыңды аспанға көтереді! Оның орыс ті ліндегі 
өлеңдерінің төркін жұрты Шалкиіз бен Қазтуғандардың жырау лық 
поэзиясында жатыр.
– Кітап құрып барады! – дейді Олжас.
Иә, кітаптар мен кітапханаларға қауіп төніп тұр. «Шекспирді 
тумаған мәдениет Ньютонды да туа алмайтынын (О.Сүлей менов. 
«Қасиетті латын», «Заман-Қазақстан», 10.04.96 ж.) күндердің бір 
күні түсінерміз әлі. Бірақ, ертең тым кеш болып жүрмей ме деген 
сауал өзегімізді өртеп барады!
Күні кеше өзіміз күптеп-көмектесіп, қолдан жасаған тексіз 
миллионеріміз өз ұлты мен мәдениетіне тіксіне қарайды.Оларға 
Құрманғазы мен Тәттімбеттен гөрі батыстың поп-музыкасы, Абай-
дан гөрі эстрада жұлдызы Алла Пугачева бір табан жақын. Тек сіз-
дік ұлттық тектілігіміздің түбіне жете ме деп қорқамын! Ойы мыз-
дан тойымыз көп. Той мен ас дүбірлей жөнеліп еді, аяқ асты нан 
айтыс ақындары дейтін айқайшыл топ пайда бола кетті. Қайда 
барсаң да еститінің – мақтау мен марапат. Бұлардың гөй-гөйіне 
құлақ салсаң, қазақтың басына бозторғай жұмыртқалайтын 
 
заман орнап тұрғандай.


107
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Ұлттық поэзия – үнсіз.
Олжас – Италияда.
Мұқағали мен Жұмекеннің , Жұматайдың да асын беріп тастадық. 
Тірісінде ешкім де өз елінде пайғамбар бола алмайды деп кім айтса 
да дұрыс айтқан екен дейсің.
Фактінің аты – факт.
Құлағыңа Лермонтовтың бір шумақ өлеңі келеді: «Хош, Ресей 
сорынан арылмаған...» Абай айтады: «Туған жер, өлген мола жібер-
мейді, әйтпесе, тұрмас едім осы маңда...»
Енді Олжасты тыңдаңыз: «Мы – не рабы, рабы не мы, ибо рабы 
– немы...»
Бүгін болмаса ертең, біз болмасақ бізден басқа екінші бір 
толқынның құлағына шалынбай қоймайтын әуендер бұл. «Мені 
де шпион боп өтті деңіз, ақыннан сақта құдай деп тілеңіз; 
болашақ ұрпақтардың құлағына біздер де бір нәрсені жеткіземіз» 
(Е.Евтушенко) деген өлең кешегі коммунистік үстемдіктің кезінде 
туған ғой. Болашақ ұрпақтардың құлағына біздер де бір нәрсені 
жеткізуге міндеттіміз. Жеткіземіз!
Олжастың ең сүйікті сөзі: «Айналайын».
«Кружись, айналайын, Земля моя!» дейді ол. Кіндік қаны 
тамып, кір жуған Алашыңды туған анаңдай сүйіп, қала берді 
қалған адамзаттың сұлулығы мен ұлылығына тәнті болудың қандай 
қасиетті ћәм қандай қасіретті құбылыс екенін паймдау үшін де 
Сүлейменовты қайта-қайта оқу керек бізге. Қазақтың ұлттық, 
мемлекеттік идеологиясының халқымыздың рухани қазанында 
қайнап, сорпа бетіне шығар қаймағын содан сүзіп алуға болады. 
Онда не жоқ дейсің: Ұжымды ұлт болуға өте-мөте қажет нарт мінез 
намыс, бір ру, бір аймақта тұйықталмай, ғаламдық өркениетпен 
біте қайнасатын шынайы интернационализм, өзіміздегі және 
өзгедегі пенделік – тоғышарлық – тышқандық психологияға қарсы 
ымырасыз күрес дейсіз бе, прогресшіл адамзат зәру болып отырған 
көкейкесті мәселелердің бәрі де баршылық.
Өзгеше ойлай білетін ұлт зиялылары билік басындағы лардың 
ашса – алақанында, жұмса – жұдырығында болған кезде мұндай 
ұлттың маңдайдағы соры бес елі болады. Олжас коммунистік жүйе 
кезінде қазақта диссидент болған жалғыз тұлға, жампоз азамат! Бұған 
куә оның «АзиЯ»-сы. Кеңес өкіметі кезінде осы кітапты қолтығына 
қыса барып, Мәскеуде қара базарға саудалап, Алматыға біраз ақша 
арқалап қайтқандар да болған... Біз өз ақыл-ойымызды арзан 
күнкөріске сатып жүргенде бізден гөрі ертерек ел болған озық ойлы 
орыс халқы Бердяевтері мен Бродскийлерін құныға оқып жатқан. 
Орыс интеллигенциясының ат үстінде ұйқы қашырып, қоңыр 
салқын төске алған ығайы мен сығайы бұл кезде мұхиттың арғы 


108
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
жағында жүрген-ді. Эмиграцияда тігерге тұяғы болмаған жұрт біздің 
қазақ ћәм қазаққа ұқсас «күштілері сөйлесе бас иетін шыбындап» 
(Абай) қамшыдан көз ашпаған бодан жұрт; ел-жұрты үшін еңіреп 
шет жұртта тентіреген Мұстафа Шоқайдан басқа кіміміз бар еді?!
Ел егемен болғалы еңсеңді көтеріп қарасаң қазақ зиялы ла рының 
көпшілігі халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдап, әбден қа жыған 
сыңайда. Орыстың патшалық және коммунистік отаршыл 
ды-
ғымен алыса-алыса арқа еті – арша, борбай еті – борша болғандай 
көйітеді-ау кеп... Мұндай типтерге қарап Олжекеңнің ішек- сілесі 
қата күлуге моральдық құқы бар. Бірақ күлмейді. Ішінен қан жы-
лайды ол. «Ақынның жүрегін жаралау оп-оңай» – дейді әулие қарт 
Карл Маркс.
Адам-Ата мен Һауа-Ана жұмақтан қуылып, оның тұла бойы тұң-
ғышы қанішер Қабыл туған бауыры Әбілді ұрып өлтіргеннен бері 
ақын атаулының жүрегі – шұрқ тесік.
Адамзаттың алғашқы ақыны кім екен?
Кім болса да ол да өз ажалынан өлмеген болуы керек...
Әлі есімде, 1989 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесінің сайлауы кезінде 
О.Сүлейменов өз кандидатурасынан бас тартты. Ақынның мұнысы 
несі? Үш жүз жылдай бодандықтың бопсасында келе жатқан қазақ 
халқының жүрекжарды сөзін шаршы топтың алдына қасқая шығып, 
кім айтады енді?!
Сөйтсе, оны біреулер «бауырлас орыс халқын ұнатпайды-мыс», 
«ұлтшыл» деп айыптаған көрінеді. Олар қалың қара орман 
дай 
орыстың ішіндегі орысы – Ю.Гагариннің қазаға ұшыраған же-
рінде «Адамға табын, Жер, енді» деген осы Олжастың сөзі қашаулы 
тұрғанын қайдан білсін...
– Сүйем сені, жаным, Олжас! – деп жазды ол туралы орыстың 
адуынды ақын қыздарының бірі Римма Казакова.
– О, менің қыршын бауырым, қыпшақ Олжас! – деп жыр толғады 
Сергей Марков оның уыздай жас кезінде.
Сайлауға санаулы күндер қалғанда Мәскеудің орталық теле-
дидары бір көрініс көрсетіп жатты. Тілші бір әйелмен сұхбат жүргі-
зіп тұр.
– Мен Сүлейменовке дауыс бермеймін! – дейді ашулы әйел.
– Неге? – дейді тілші таңқалған сыңай танытып.
– Ол біз секілді сауыншыларды сүймейтін көрінеді...
 Теледидардан жергілікті радио да қалысқан жоқ. Хабар жүргі-
зуші журналист Сүлейменовтың сайлау алдындағы бағдарла ма сына 
тоқтала келіп, оның болашақ депутаттың бағдарламасы екеніне 
күмән келтіреді. Әрі қарай – музыка...
Дегенмен, осы тоталитарлық қоғам тұсындағы сайлауда да Олжас 
жеңіп шықты. Тобыр жер құшты. Халық жеңді.


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау