Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет28/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95

112
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
тимей қалған. Көрінген пенденің аяғы баса бермейтін киелі жер ол. 
Онда бір кезде Ленин мен Сталин жүрген… Оның үстіне сол жерге 
үкілеп ақынды шақырып жатыр ғой! Құдай өзі берді деген осы емес 
пе. Кеңес империясын көкке көтере мадақтаған Маяковский өзіне-
өзі қол салып, Мандельштамдар – атылып, Цветаевалар мили-
цияның кір-қоңын жуып күн көріп жүріп, ақыры асылып өлгенде, 
бекзада ханша ақын Ахматованың өзі қуғын-сүргінге ұшырап 
жүргенде кеңес әдебиетінің кілең игі жақсысымен бірге мұның да 
патша сарайына мейман болуы мәртебесін қалай асырмасын!
Президиумда – түр-түсі төрткүл дүниеге таныс көсемдер, 
империяның көш басылары: Хрущев, Брежнев, Суслов, Козлов ћәм 
Ильич… Мінбе президиумға арқасын төсеп, алыстау жерде тұр. 
Мұндайда кісінің сөйлегісі келеді. Көкіректе көп жылдан 
қордаланған шер-шеменді өзіңді түсініп, сөзіңе тұшынатын адамға 
айтқысы келеді. Тірі пендеден беті қайтпаған уыздай ақын 
ның 
жүрегі дүрс-дүрс соғып тұр. Екі көзі – Никита Сергеевичте. «Бұл 
кісі бізді түсінеді – деп ойлады ол ішінен, – бұл кісі Сталин емес –  
басқа адам!» 
Кенет жас ақынның ойын көзінен көріп қойғандай, көсем оны 
мінбеге шақырды!
Сүйікті ұстазы Пастернактың тағдыр-таланы есіне түсіп, 
именіңкіреп отырған оны осы тақырбас, кішіпейіл адамға деген 
ілтипат-құрмет қайраттандырып жіберді. Айтар сөз, ағытар сыр көп-
ті. Алқынған кеудесін басып, мінбеге жетті. Енді сөйлей бергенде 
арт жағында отырған алпауыттардың біреуі мұның сөзін қайта-қайта 
бөле бергені. Шабытына мініп, көк зеңгіріне шарықтағалы тұрған 
жас ақын оған онша мән бермей, сөйлеп жатыр. Оның ойынша, 
мұның сөзін бөліп жатқан – әлі саясат сахнасынан кете қоймаған 
кішкентай сталиндердің біреуі… Е., олар өздерінен басқа өзге 
біреудің сөзін қашан тыңдап еді? Әйтеуір, Никита Сергеевич ұйып 
тыңдап отырса болды ғой, басқасынан не үміт, не қайыр?
Бірақ микрофондағы кіжінеген дауыс құлағына бұрынғыдан 
айқын естіліп, ел назарын өзіне аудара бастады:
– Вознесенский! Вознесенский мырза?!
Албырт ақын абдырап тұр. Зілдей мойнын әзер бұрып, артына 
қарағанда ол өзіне көзімен атып жіберердей зілдене қарап, 
жұдырығын түйіп тұрған патшаны көрді.
– Вознесенский мырза! – деді Хрущев мұның әкесінің атын тағы 
бір мәрте аузына алып, 
– Кет! Сіз Кеңес өкіметіне жала жауып тұрсыз! Өз еліңіз ұнамаса 
өгей шешеңізге кетіңіз! (өгей шеше деп Батысты айтып тұр. – С.А.) 
Жөнел! Шелепин жолдас (қауіпсіздік комитетінің төрағасы. – С.А.) 
паспорт жазып береді! Немене, көңіліңіз бұзылып, венгр төңкерісін 
көксеп жүрсіз бе?!


113
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
Ақын жігіт аң-таң. Хрущев Венгр революциясы деді ме, жоқ, 
әлде, венгр контрреволюциясы деді ме? Мүмкін, тағы да ішіп алған 
шығар?! Ол да мүмкін. Өйткені ол бірде қып-қызыл мас болып, 
Біріккен Ұлттар Ұйымының мінбесіне шығып,оны аяғындағы 
топылайымен гүрс-гүрс ұрған кісі емес пе еді.
Енді кезек тобырға келді. Шопенгауэр мен Ницще иттің етінен 
жек көретін, Ленин мен Сталиндер абыройын аспанға көтерген 
атақты тобыр ғой – бұл. Біздің Абай да бұларды ұнатпаған-ды. 
– Құрысын! 
– Ұят-ай! – десті зал.
Алты жүзге тарта адам бір дауыспен осылай деді!
– Кремльге ақ көйлек, галстуксіз келіпті! Битник! – деді біреу. 
Ақын оның кім екенін таныды – Шелепин екен. «Битник» дегенді 
ол кезде екінің бірі, егіздің сыңары біле бермейтін.
– Битник!
– Ұят-ай! – десті зал оған қосыла айқайлап.
Абырой болғанда, Пастернактың бетін былш еткізгендей, 
«шошқа» деген жоқ, әйтеуір. Олай дегенде мына отырған елдің бәрі 
де қосыла жамырар еді. 
Вознесенский сасқанынан стакандағы суды ұстай алды. Қолы 
қалтырап қоя берген. Козлов оның қалтыраған қолына бар зейінін 
салып, рақаттанып қарап отыр. Ақындар алмағайып жерден сүрініп 
құлағанда әкімдер осылайша ләззатқа бөленеді!
Қара тобырды тыншытуды ойлаған ақын не істерін білмей, өлең 
оқи жөнелді.
– Өлеңің өзіңе! Білеміз ғой…
– Түс кәне!
Болары – болды. Ақын оқи жөнелді. Ол зұлымдық империя-
сындағы лагерлердің нарларында мұңға батып жүрген Муза сұлу 
хақында жырлады. Үкімет басшысы сол кезде айғай салған:
– Жансыз! («Агент» деген сөз қазақша аударылмайды екен).
Мұны айтқан Сталиннің жеке басына табынуды әшкерелеп, 
Гулагтың мың-миллиондаған тұтқындарының қолындағы темір 
шідерді шешкен Хрущевтің өзі еді!
Осы жиыннан соң кеңес әдебиеті ақсақалдарының бірі Илья 
Эренбург жас ақынның рухани құдіретіне аң-таң қалып: «Мына 
сұмдыққа қалай шыдадың, бауырым! Сенің орныңда кім болса да 
жүрек талмасына ұшырар ма еді, қайтер еді. Сол жерде қасқайып 
тұрмай-ақ аяушылық ет деп аяғына жығыла кетсең де біз сені 
кешірер едік қой!» – деген екен. 
Осы кезде бір журналист ұлынан жарты жылдай хабар-ошар ала 
алмай жүрген ақынның шешесіне телефон соғады:
– Сіздің балаңыз өзін-өзі өлтірді дейді ел… Рас па?
Ақынның анасы телефон-мелефонымен жерге құлап түсті.


114
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Вознесенскийдің трибунада абдырап, Хрущевтің оған жұды-
рығын түйе қарап тұрған суреттері ақынның «Аксиома – 
самоиска» атты (Мәскеу. СП «ИКПА») кітабында жарық көрді. 
Не деген ұқыпты, зерделі халық еді орыс жұрты! Қазақстан Жазу-
шылар одағының пленумында желтоқсан оқиғасының тігісін 
жатқызуға келген Колбиннің көзін шұқып сөйлейтін біздің Жұбан 
Молдағалиевтің сол тарихи сәттегі кескін-келбеті сақталған ба? 
Қайдағы… Вознесенский мен Хрущевтің арасындағы теке-тірес 
тоталитарлық жүйенің тасы өрге домалап тұрған тұста өткен. Жұбан 
мен Колбиннің жекпе-жегі демократия дейтін шарана дүниеге 
келген қайта құрудың кезіндегі жағдай. Екеуінің арасы жер мен 
көктей. Тап бір орыс пен қазақтың арасындай алшақ! Сурет де-
мекші, Алатаудың биігінен асып, Алаштың ақиығы атанған Мұқа-
ғали Мақатаевтың айбарлы үні эфирімізден естіле ме? Асқақ бейнесі 
теледидарыңыз бен киномыздан көріне ме? Қазақ радио 
сының 
алтын қорында сақталған бір поэмасынан басқа не қалды екен? 
Оның өзі «Большевиктер» поэмасы көрінеді! 
 Кеңес өкіметі кезінде осы жыртқыштың қызыл көзіне тай сал-
май тіке қарап, «Аз и Я» атты айбынды еңбегін шығарған Олжас-
тан басқа ту ұстар тұлғамыз болды ма?! Одан басқа шәйірлеріміз Ле-
нинге басын иіп, Брежневке жырдан шашу шашып, қағанағы – қа-
рық, сағанағы – сарқ болып жатқан-ды.
Олжас пен Андрейдің достығы өз алдына бір әңгіме. Бір-
бірін сонау алыстан танымаса алып бола ма; Вознесенский дің – 
Сүлейменовке, Сүлейменовтің – Вознесенскийге арнаған өлең-
дерін оқысаң арқаң шымырлайды. Андрей, тіпті, оған өкпелеп те 
жүреді. Адамзаттан асып, Алаштан туған осы ақынның кенет түркі 
тілін зерттеп, Шумер дүниесіне тастай сіңіп жоғалып, ұлы мәртебелі 
поэзияны соның жолына құрбан қылып жіберетіні орыс ақыны ның 
көңілін құлазытады. Біздің Олжас та маңдайы жарқыраған қасқа ғой: 
«Сендердің мәдениеттеріңде алтын ғасыр – ХІХ ғасыр болды. Біздің 
қазақ қазір бірден ХІХ ғасыр үшін де, ХХ ғасыр үшін де жанта л асып 
жатқан жоқ па» депті.
Ал, менің замандас ақындарым бүкіл ғаламдық мәдениетті тұла 
бойына қотарып, сіңіріп алғандай алшаң-алшаң басады!
Андрей Вознесенскийдің мамандығы – архитектор.
Хоббиі – математика мен сурет өнері, музыка.
Ол неміс фәлсафашысы Мартин Хайдагерді іздеп барып 
сұхбаттасады. Ал біздің шәйірлеріміз болса, шетінен ақылгөй, 
данышпан! Сыртынан қарап тұрсаң, бұларды Хайдагердің өзі іздеп 
келсе сауап болатын сықылды…
Андрей ертеректе біраз уақыт Флоренция мен Венеция архи-
тектурасының тылсым құпиясын көз майын тауыса зерттеген. 
Көкірегінде – француз архитекторы Корюзьенің сұлбалары…


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау