Арнау өлеңдер естеліктер зерттеу Шығармалары Арнау өлеңдер, естеліктер, зерттеу ббк 84 Қаз-7 ж 21



жүктеу 31,96 Kb.
Pdf просмотр
бет29/95
Дата14.05.2018
өлшемі31,96 Kb.
#13535
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   95

115
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
– Я пишу стихи ногами! – дейді ол. Қалай түсінсеңіз – олай 
түсініңіз. Қазақ шәйірлерінің көпшілігі өлеңін жүрегімен-ақ 
жазады. («Жүрегімде сенсің алтын Отаным», «Жүрегіммен сүйемін 
мен өзіңді» деген сияқты). Бірақ олардың «жүрегінен» шыққан өлең 
біздің жүрегімізге жетпей жатады. 
… Иә, сонымен, Хрущевтің «жылымығы» зыр етіп өте шықты 
да, Брежневтің тоқырауы келді. Бұл патшаның заманында еркін 
ой, ешкімге басын ие қоймайтын өр рухқа қарсы абалаған айқай, 
шаптыққан шабуыл бола қойған жоқ. Бар болғаны сол – үндемей 
қойды! Оны біздің қазақ «ит үреді – керуен көшеді» – дейді! 
Вознесенскийдің атын ауызға алу үшін ЦК-ның идеология бөлімінің 
өзінен рұқсат алатындай жағдай болған! Оның әрбір жинағының 
дүниеге келуі кеңес өкіметіне қарсы жасалған саяси акция ретінде 
қарастырылушы еді!
Поэзияның қас дұшпандары осы кезде қулыққа көшті: «Возне-
сенский, Евтушенко, Ахмадулиналардан басқа ақын жоқ па – бар». 
Халтуршиктер мен графомандарды тауып алып, енші үлестірген дей, 
лениндік, мемлекеттік сыйлықтарды үлестіру басталды!
2115
поэтов наших федераций,
пускай напишут за меня,
они не знают деградации,–
деген өлең осы кезде туған. Өлең емес – мысқыл ғой бұл! 2115 
деген цифр ойдан тумаған, жазушылар одағының анықтамасынан 
алынған екен!
Поэзияға деген халық құрметі осы кезеңде сап басылды. Әлі 
күнге дейін орнына келмей жүр.
Бірақ Вознесенскийдің әрбір жинағы жарық көрген сайын 
поэзияның босағадағы басы төрге шығып, қалың жұрт оның сол 
жинақтарын қолына шам алып іздейді. Қолына шам алып іздегенде 
тауып алса жақсы ғой. Жоқ! Бітті…
Дәлдүріштердің кітаптары шаң басып тұр.
Бізде де солай!
Кейін қайта құру заманы келіп, елдің бәрі бұлбұлша сайрай 
жөнелгенде Вознесенский былай депті:
Все пишут я перестаю,
О Сталине, Высоцком, о Байкале,
Гребенщикове и Шагале
Писал когда не разрешали.
Я не хочу попасть в струю».
Франция поэзия академиясы мен Америка және Бавария 
академиясының мүшесі болғаннан кейін ғана ақын ретінде әзер 
мойындалып, оған 1987 жылы ССРО Мемлекеттік сыйлығы берілді. 


116
Жұ м а т а й  Ж а қ ы п б а е в
Біздің Мұқағалилер көзі тірісінде мұндай мәртебеге ие бола алмай, 
мына дүниеден баз кешіп кетті. Өлең-поэмаларын былай қойып, 
Дантенің «Тәңірінің тәлкегі» тәржімасын бағалауға шама-шарқымыз 
жеткенде ол арақ ішіп, ауырмай-ақ, қасіретті де қасиетті қазақтың 
төрінде қасқайып отырар ма еді, қайтер еді. Әлем поэзиясының 
інжу-маржаны «Тәңірінің тәлкегін» әлемдік өркениеттің өрінен 
көрініп отырған Жапон жұртының өзі әлі күнге дейін өз ана тілінде 
оқи алмай отыр ғой…
Өз еліміздің өрге құлаш ұрған талантты да қанатты ұлдарын 
қалайша қадірлеп, қастерлеуді орыс жұртынан үйренуіміз керек. 
Кейде олар да данасын дарынсызына талатып, ерінің еңсесін 
түсіретін орашолақтыққа ұрынып жатса да, орыстар өз ұлтының 
рухын тап басып тануға келгенде дәл біздің қазақтай тоң мойын 
емес. Оның себебі тереңде жатыр. Бұл ұлттың зиялы қауымының 
қалыптасып, елі мен жерінің тізгінін ұстағандармен тайталасқанына 
қаншама заман өтті десеңізші. А. Вознесенский оны: « Есть русская 
интеллигенция!» деп мақтан тұтады. Біздің зиялы қауымымыз 
мына жарық дүниеден Абай көшіп, оның соңынан іле-шала Ахмет, 
Жүсіпбек, Міржақып, Мағжандар келген кезде енді ғана етек жеңін 
жауып, төрге ұмтыла бергенде қыршынынан қиылған! Оның орнын 
басқан – кеңес зиялылары, диамат пен истматтан миы шіріген 
өңшең қасқалар ғой, шіркін…
Вознесенский Русьтің рух пайғамбарларын төрткүл дүниеге 
түгел көрсетуге әзір. Оның мақтаны қазекеңнің мадақ-марапатынан 
мүлде бөлек: ол Пушкин, Толстой, Достоевский, Третьяковтардан 
бастап, қазіргі Третьяков галереясының директоры Ю.К. Королевке 
дейін тізіп шығып, соңсоң адамзаттық ауқымға шыға жөнеледі: 
Габриель Гарсиа Маркес, Пабло Неруда, Федерико Лорка... осылай 
кете береді.
Мұндай рух пайғамбарлары біздің Алаш топырағында да жетіп 
артылады. Скифтердің тұңғыш патшасы, елдің басын қосып, 
мемлекеттің мерейін асырған Тарғытайдан бастап, түркі дүниесіндегі 
Ишпақай, Мойыншар, Елтеріс, Күлтегіндер, ақылы кемел Таныкөк, 
Асан Қайғылардың аралығында қаншама тұлғамыз бар, шіркін! 
Біреулер, тіпті, Заратустра мен Будданың төркін жұртын біздің 
елден іздеп жүр. Арманда кеткен арыстарымызды айтпағанда, бет-
жүзін біз болмасақ та әкелеріміз көрген Әлихан Ермеков, Қаныш  
Сәтбаев, Әлкей Марғұлан, Евней Бөкетовтардың өзі қандай?! 
Олардың да тірісінде көрген көресіні өз алдына бір жыр.
«Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» дейтін Абай 
уағызына құлақ ассақ, рулық, ұлттық томаға тұйықтықты тәрк етеміз 
де, бүкіл адамзаттық Жиделібайсынға ат басын тіреуіміз керек. Ол 
жерде аяғын алшаң басып кімдер жүр? Мәселе – осында. Онда 


117
Б е к з а т б о л м ы с       Е к і н ш і б ө л і м
ұлы жырау Гомерден бастап, ойға шомған Аристотель, шежіреші 
Плутарх, дарға асылған Иса, бұ дүниеден опа таппай о дүниені сүзіп 
өткен Данте жүр! Осы рух патшалығына иісі қазақтан алғаш ат басын 
тіреген – Абай! Бұл рух патшалығының ататексіз космополитизмге 
жұлдызы қарсы. Оғаң барсаң, тек қазақтың ұлттық болмыс бітімімен 
барасың! Әйтпесе, ол есігі түгілі тесігінен қаратпас. Ал, Абай болу 
екінің бірі, егіздің сыңарының маңдайына жазылмаған. Ол үшін 
Сократ пен Аристотельдерден бастап, Хожа Хафиз, Сағди, Фердауси, 
Пушкин, Мицкевич, Гетеге дейін мыйыңнан сүзіп өткізуің керек!
Адамзат ақындары мен Алаш ақындарының тағдыр таланы ұқсас. 
Пушкин дуэльде мерт болса, біздің Абай қазақтың қайғы-қасіретін 
көтере алмай, пайғамбар жасына тұяқ іліктірместен фәниден бақиға 
аттанды. Байрон кіндік кесіп, кір жуған жұртынан ат тонын ала 
қашып, бөтен ел, бөгде жерде қаза тапса, біздің Қасым соғыстан 
солдат шинелін сүйретіп келіп, ит пен құс, бұралқы мен бұзақы 
жүрген Алматыдан пәтер таба алмай, жасына жетпей жер құшты!
Қуғын-сүргінді Вознесенский де көрген. Новосибирскіде 
бір қонақ үйге тоқтап, көше аралап қайтып келсе, жүгін сыртқа 
шығарып тастапты.
– Мұнысы несі? – дейді ақын аң-таң қалып.
– Сізді шпион деп жатыр! – дейді кезекші.
Ата жұрты оны кеудесінен итерсе американ, француз, неміс дейтін 
өрелі жұрт оны алақанына ұстады. Оның сүйікті оқырманының бірі 
– сенатор Р. Кеннеди.
Ақын музасына арбалғандардың бірі ћәм бірегейі – әйел затының 
падишасы Жаклин Кеннеди.
Оның достары – ғаламзат ақыл-ойы мен мәдениетінің асқақ 
тұлғалары Ж.П.Сартр, Р.Рашанберг, Л.Арагон, В.Высоцкий.
Хрущев оған жұдырығын түйіп, Брежнев оны мүлде кісі ғұрлы 
көрмесе, АҚШ президенті Рейган ақынды Ақ үйге шақырып алып, 
оңаша сұхбаттасады. Соңынан риза көңілмен суретке түседі.
Поэзия – Періште-рух. Әзәзілдер қолына таяқ алып, өз бесігінен 
тырқырата қуғанда ол өзгелердің шаңырағынан пана табады да, 
кейін өз елі – өлең төсегіне қайтсе де бір оралмай қоймайды!
Мен ақын шығармашылығына егжей-тегжейлі тоқталмай 
отырмын. Оның геройлары орысқа керек шығар, бірақ қазақ 
жұрты оған орыстан да зәру: мәселен, орыстың мүйізі қарағайдай 
ұлдарының бірі Тарковскийді бала кезінде қақпа аузына тығып қойып 
соққылайтын бұзақыны алайықшы («Тарковский на воротах»). 
Біржан салға қамшы ала жүгіретін одыраңбай поштабаймен қазақ 
халқының бетке ұстар ұлын қойша бауыздаған қазан төңкерісіне 
қандай ұқсас типтер! Немесе отыз жетінің ойранында аяғы ауыр 
О.Бергольцті ішінен тепкілеп, кейін одан кешірім сұрайтын тергеуші 


жүктеу 31,96 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   95




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау